Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СҰРАНЫС тудырудың ЕҢ ТИІМДІ әрі ЕҢ ҮНЕМДІ ЖОЛЫ немесе БҮГІНГІ БИЛІКТІҢ «МАҚСАТЫ» НЕ ?!

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 11 сәуір 2016 жыл

    Егер алтын уақыттарын  өзге тілдерді жаттауға емес,

     білім алуға жұмсаған болса,

    төмендегі нәтиже бұдан да жоғары болар еді-ау… 

         2013 жылы «Алтын белгі» алған түлектердің 69,7 пайызы қазақ мектептерін тәмамдағандар екен. Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алғандардың 73 пайызы қазақ мектебінің оқушылары.
     
         Биылғы (2013 ж.) тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл – 86,68. Қазақ тілінде білім алғандардың орташа балы 87,02 болса, орыс тілінде білім алғандар 85,99 орташа балды құраған.
     

         Бұл сандардың өзі мемлекеттік тілде білім алушылардың білім деңгейі, ой-өрісі әлдеқайда жоғары болатындығын айғақтай алады. Ал, мұны есепке алып, қазақ мектептерін көбейтіп жатқан билік жоқ.

    ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ — АНА ТІЛІНДЕ !!!

    немесе

    ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СҰРАНЫС — осы тілде  БІЛІМ алуға МҮМКІНДІК көп БОЛҒАНДА ғана болады!!!

    Мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін және оның қолдану аясын кеңейту үшін:

    БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ, мемлекеттік 7 — аударма Ғылыми-Зерттеу Институтын (ҒЗИ) ашу дұрыс болар еді, деп ойлаймын.

    1- АҒЫЛШЫН тілі ҒЗИ
    2- ЖАПОН тілі ҒЗИ
    3- ФРАНЦУЗ тілі ҒЗИ
    4- ИСПАН тілі ҒЗИ
    5- АРАБ тілі ҒЗИ
    6- ҚЫТАЙ тілі ҒЗИ
    7- НЕМІС тілі ҒЗИ

    Бұл ҒЗИ — дың әр бірінде 500 немесе 1000-нан аса жоғары білікті аудармашы мамандар 1000 евро. жоғары жалақы алып істесе…

    Осы аталған елдердің ( білім, ғылым, өндірістік технология, мәдениет т.с.с.) әр түрлі салаларының ең үздік оқулықтарын, тәжірибелерін, жаңалықтарын жүйелі түрде қазақ тіліне аударып отырса…

    Және осының бәрін, жүйелі түрде, ғаламторға (интернетке) кіргізіп отырса…

    Қазақтарға қажет кез-келген ақпаратты АНА ТІЛІНДЕ ғаламтордан алуға мүмкіндік жасалса…

    Сол кезде қалада болсын, тіпті ең шалғай ауылда болсын (бала-бақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында, өндіріс орындарында, армияда, полицияда және ҒЗИ-да)

    Миллиондаған ҚАЗАҚТАР өз АНА ТІЛІНДЕ,
    қиналмай БІЛІМ АЛАР ЕДІ…

    және

    Бұл халыққа да, мемлекетке де
    ҮНЕМДІ және ТИІМДІ болар еді-ау, ҚАНДАСТАР !!!

     

    БҮГІНГІ «казахистандық» МӘҢГҮРТ БИЛІК

    жасап жатқан білім беру саласындағы реформалары 

    БҰЛ — ҰЛТҚА ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАУІП!

     

    ТІЛ петициясы

    ЕЛБАСЫҒА АШЫҚ ХАТ

    Руза Бейсенбай Павлодар, Казахстан
    ҚР президенті Н. Назарбаевқа
    ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевқа
    Сенат және мәжіліс депутаттарына
    БАҚ өкілдеріне
    Білім жүйесі, Қазақ елінің мектеп жасындағы ұрпағына кезекті эксперимент жүргізбекші. Сорақысы осы жолғысы тіліміздің мүлде өшуіне (бұл ұлт өшуінің алғышарты екені сөзсіз) қойылған төте жол. Себебі мектептерде енді 2 пән ғана қазақша – Қазақстан тарихы және қазақ тілі, қалған барша жаратылыстану пәндері ағылшынша өтпек, орыс тілі және дүние жүзі тарихы орысша өтпек.
    Бұл — ұлтқа деген қарусыз, аштықсыз, т.б. физикалық түрмен емес, бірақ нақтылы рухани геноцид деп бағалауға әбден болатын жаһандық шара. Өйткені барша мамандар, өте жуық болашақта (қазақ тілі мен Қазақстан тарихы мамандарынан басқалары) ағылшын тілді болмақ. Барлық ғылымның алғышарты жаратылыстану пәндері екені белгілі. Бұл қазақ тілі ғылымнан ығысады, алғашқыда қолдану аясы мүлде тарылып, соңынан тарих қойнауына кетеді деген сөз. Өйткені қоғамдағы қатынас — сол қоғамды құрап отырған мамандардың тілінде өтетіні анық.
    Осы орайда, бұның ҚР конституциясына мүлдем қайшы екенін, және Елбасымыздың 2 жолдауын: (- 2012-жылғы:: «қазақ тілі 2025-жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз.
    Сондықтан оған бей-жай қарай алмаймыз», — 2014-жылғы: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады»), еске сала отырып, ҚР барлық мектептердегі бастауыш сыныптардың мемлекеттік тілде болуын, орта мектептің 70 пайызынан кем емесі мемлекеттік, қалғаны сұраныс тілінде болуын талап етеміз.
    Шетел тілдері: ағылшын, неміс, т.б. тілдер пән ретінде, қажеттілік бойынша, гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша оқытылсын. Қазақ тіліне, әдейі, үркіту пиғылмен жасалып отырған қастандық — халықаралық терминдерді қазақылау доғарылсын.
    Өйткені әр дамыған толыққанды өмір сүре алатын тілдер – жүмыс тілі, яғни заманауи техника мен технологиялар тілі, – бұндай тілдердің белгілі құрамы, бұл көп болуы да мүмкін, халықаралық терминдегі кірме сөздер.
    Тек осы жолмен жүрсек қана, тарихта, өз ұлтын тілі арқылы жойған мемлекет ретінде қалмайтынымызға, керісінше ұлтымыздың алдындағы парызымызды әр азамат сезініп, дамыған мемлекеттердің ортасынан орнымызды ойып орнығатынымызға сенімдіміз.
    1 Бейсенбай тегі Р.З. павлодар қ., телефон 8701-182-52-65
    ПЕТИЦИЯҒА ҚОЛ ҚОЮ:
     

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СҰРАНЫС тудырудың ЕҢ ТИІМДІ әрі ЕҢ ҮНЕМДІ ЖОЛЫ немесе БҮГІНГІ БИЛІКТІҢ «МАҚСАТЫ» НЕ ?! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    11 Сәуір 2016 at 09:15 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 782 рет қаралған ...