Қазақ Елі мектептерінде «БІЛІМ КҮНІ» мерекесі болып өтті.(бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 қыркүйек 2009 жыл.
Қазақстанда 2,5 миллионнан астам мектеп оқушысы жаңа оқу жылын «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ — МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» атты тақырыппен өткен БІЛІМ КҮНІ мерекесімен бастады.
Ресми мәліметтер бойынша биыл 296 мың 584 бүлдіршін мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттады. Оқу жылының ерекшелігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп бағдарламасына “Дін тану негіздері” пәнін енгізіп отыр, ол 9 сынып оқушылары үшін міндетті факультативті курс ретінде жүргізілмек.
М.Базарбаев атындағы 138 өнер гимназиясында өткен БІЛІМ КҮНІ мерекесін көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Білім күні 138 гиназия директоры Әлия Еламанова Алматы 01 09 09
БІЛІМ КҮНІ домбырамен шырқалған ГИМН Жұмагелді Нәжмеденов
138 гимназияда өткен БІЛІМ КҮНІ Алматы 1 қыркүйек 2009 жыл
Есейіп кетсек те біз СІЗГЕ шәкіртпіз !!!
Әл-Фараби атындағы 145 мектептің 4 «ә» сыныбы жетекшісі Ұлман Досайқызы биылғы БІЛІМ КҮНІНЕ өзінің бұрынғы шәкірттерін шақырып, олардың бүгінгі бүлдіршіндерге қандай кеңес беретіндіктерін әңгімелетті.
Сынып сағатында ата-аналар атынан Бексырға Данышпанов ұстазға алғысын білдіріп, оқушыларға Қазақ Елінің тәрбиелі әрі білімді азаматтары болуларына тілек білдірді.
Әл-Фараби атындағы 145 мектепте өткен БІЛІМ КҮНІ мерекесін көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
145 мектеп БІЛІМ КҮНІ Ұлман Досайқызы Алматы 01 09 09 жыл
145 мектептің 4 ші Ә сыныбы Алматы 1 қыркүйек 2009 жыл
145 мектеп 4 Ә сыныбы ата аналарының тілектері Алматы 01 09 09
Поделиться в соц. сетях
The Қазақ Елі мектептерінде «БІЛІМ КҮНІ» мерекесі болып өтті.(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.