Ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ қорытындысы
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 20 желтоқсан 2009 жыл
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ, ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ
мәселелеріне арналған үздік жарияланымдарға
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры республикалық, облыстық, аудандық және қалалық БАҚ-да 2008 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейінгі кезеңде жарияланған және эфирге шыққан журналистік және ғылыми жұмыстарға 3 түрлі номинация бойынша Республикалық байқау өткізді.
1. Өңірлік, ауылдық Үкіметтік Емес Ұйымдардың бүгінгі жағдайы.
2. Ұлттық мәдениеттің жай-күйі.
3. Қазақ Еліндегі этносаралық қатынастарды нығайтудың жаңа механизмдері.
Бірінші номинация бойынша түскен материалдың саны — 9.
Екінші номинация бойынша түскен материалдың саны -7.
Үшінші номинация бойынша түскен материалдың саны -5.
«Аллажар-қолдау» қоғамдық корының жанында құрылған сараптамалық Кеңесінің шешімі:
Бірінші номинация бойынша,
1-ші орын (150 мың теңге) — Жаңабай Кемал, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Арал аудандық «Толқын» газетінде 26 қараша 2008 жылы жарияланған «Арал өңіріндегі Үкіметтік Емес Ұйымдардың қалыптасуы, өзіндік бағдары және даму мүмкіндіктері» атты журналистік сараптамасы үшін берілді;
2-ші орын (100 мың теңге) — Дархан Назар, «Ана тілі» газетінде 27 қараша 2008 жылы жарияланған «Тұралаған жұртқа тіреу күш; Ауылдағы Үкіметтік Емес Ұйымдарға қамқорлық қажет» атты сараптамалық мақаласы үшін берілді;
3-ші орын (75 мың теңге) — Әмре Әрін, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Қазақ» халықаралық интернет-газетінде жарияланған «Үкіметтік Емес Ұйымдар — қоғаы дамуының қозғаушы күші» атты мақаласы үшін берілді.
Екінші номинация бойынша,
1-ші орын (150 мың теңге) — Совет-Хан Ғаббасов, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 2008 жылы «Бала тәрбиесі» журналында жарияланған «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа көзқарасы» атты топтама ғылыми мақалалары үшін берілді;
2-ші орын (100 мың теңге) — Ғайыс Егембердиев, соғыс және еңбек ардагері, «Жетісу» облыстық газетінде 19 қаңтар 2008 жылы жарияланған «Тәмсіл тәлімі» атты мақаласы үшін берілді;
3-ші орын (75 мың теңге) — Тоқтар Бейісқұлов, ғалым-журналист, «Қазақ» халықаралық интернет-газетінде жарияланған «Тіл мәдениеті — рухани өркениет мәйегі» атты мақаласы үшін берілді.
Үшінші номинация бойынша,
1-ші орын (150 мың теңге) — Серік Әбдрешұлы Ерғали, журналист, «Қазақ» халықаралық интернет-газетінде жарияланған «Қазақстандағы этносаралық келісім мен құрылымдары» атты мақаласы үшін берілді;
2-ші орын (100 мың теңге) — Дастан Елдесов, журналист, 2008 жылы «Тасжарған» апталығында жарияланған топтама сараптамалық мақалалары үшін берілді;
3-ші орын (75 мың теңге) — Сәуле Мамытхан, радио-журналист, 2008 жылы 2-ші наурызда Қазақ радиосында берілген «Қазақ Еліндегі этносаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелері» атты саяси-сараптамалық хабары үшін берілді.
«Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев
Алматы қаласы, 15 желтоқсан 2008 жыл.
Поделиться в соц. сетях
The Ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ қорытындысы by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.