Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «САПАЛЫ ҚАЗАҚ» қозғалысы АЛАШ арыстарының 21- ғасырдағы нағыз ІЗБАСАРЛАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ.

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 17 тамыз 2017 жыл

     

    ӘР БІР ҚАЗАҚ АРМАН ҚУЫП, МАҚСАТ ЕТЕ БІЛУІ КЕРЕК ҚАНДАСТАР !!!

    АХМЕТБЕК НҰРСИЛА: Дариға, арманым көп, неғылайын…

     

    МЕНІҢ МАҚСАТТАРЫМ: 

    Адамның 4 қажеттілігі: 
    Өмір сүру, сүю, білім алу, артыңа із қалдыру (Жить, любить, учиться и оставить след)


    ӨМІР СҮРУ

    1. Қаланың сыртынан ранчо салып, сонда тұру ,
    2. Мықты желісті жылқы мен жақсы бүркіт ұстау. Солармен қысты күндері аңға шығу
    3. Америка, Жапония елдеріне барып қайту
    4. Дұрыс тамақтану тәсілдерін толықтай меңгеру және ұстану
    5. Тізе артрозымды емдеп жазылу
    6. Түрникке кемінде 20 рет тартылу және 70 жасқа дейін сол деңгейде болу
    7. Роликпен түрегеп тұрған жағдайдан алдыға жатып, қайта тұра алуды меңгеру
    8. Шөбере көру
    9. 80 жасыма келгенде немерелеріммен Алатаудың 3 дос (3 брата) биігіне шығу
    10. От басымды Экологиялық таза тамақтармен қамтамасыз ету (Бақша егу)
    11. Жапония, Индия, Америка елдерін аралап шығу
    СҮЮ 
    12. Аға, іні, қарындастарымның және олардың балаларының кәсіптерін жолға қоюға көмектесу
    13. Немерелеріме Сапалы Қазақ идеясын сіңіріп, елге қызмет істейтін адамдар болып қалыптастыруға ықпал жасау
    14. Тәтемнің өмір жасын ұзақ болуына көмектесу. Жақсы жағдай жасау

    АРТЫМА ІЗ ҚАЛДЫРУ 
    15. Алаш идеясына толықтай берілген, өмірлік құндылықтары бір, ерік –жігерлері мықты, керемет білімді, еліме қызмет істей аламын деген жүрегі бар жастардан команда жасақтау. Олардың биік мақсаттарына қол жеткізуіне көмектесу
    16. Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарынан Сапалы Қазақ, Бизнес Бастау өкілдіктерін ашу
    17. Таза қазақ асын беретін ерекше кафелер ашу
    18. Қымыз және саумалмен емдейтін орындар ашу
    19. Қазақстандық бір мықта адам жайлы мотивациялық Кино түсіру..
    20. Алматы арена залына 10 000 адам жинап Мастер класс өткізу
    21. Алатауға бір дегенде 1000 адам апару
    22. 10 вирусный ролик жасап, әр қайсысына 100 000 просмотр жинау
    23. Этно ресторан, Этнофуд ашу (Қазақ фаст фуд) (Қазақтың байырғы тамақтарын дайындайтын)
    24. Сақтар моншасын ашу (Көне бабалар моншасы жаңғырту)
    25. Еat end GO жобасын ашып, бүкіл Қазақстанға тарату (Таза Қазақ асыннан жасалған фаст фуд)
    26. Нейробиология жайлы кітап жазып шығу (Адамның миын зерттейтін ғылым)
    27. Кемінде 8 кітап жазып шығу. Мотивация, ден саулық, бизнес туралы
    28. Әкем мен тәтем жайлы документальды кино түсіру
    29. Мотивациялық көркем кино түсіру
    30. Қазақтың музыкасын дәріптейтін топты бүкіл Қазақстанға танымал қылу. Жастарды бабалар сазын құрметеуіне үлес қосу
    31. Кемінде 1000 000 қазақтың Ерік жігер сабақтарын көруіне, үйренуіне қол жеткізу.
    32. Кемінде 100 бала бақшаға, 100 мектепке, 20 Жоғары оқу орнына барып Сапалы Қазақ семинарларын өткізу
    33. Қазақстанда интернет телеканал ашу
    34. Таза қазақ тілінде жұмыс істейтін Қазсауда порталының жұмысын дамытып, Қазақстанда #1 қылу. Бизнес, сауда тілін Қазақша сөйлетуге ықпал жасау
    35. Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебі арқылы 100 000 кәсіпкер дайындап шығару
    36. Қайырымдылық қорын ашып, кемінде 1000 мүгедек адамға жәрдем беру
    37. Дәрісіз емдеу орталығын ашып, Қытайдың, Қазақстанның үздік дәрігерлерінің көмегімен барлық қалаларда осындай орталықтар ашу
    38. Дұрыс тамақтану білімін зерттеп, үйреніп, қолданып кітап жазып шығу. Қазақстанның барлық қалаларынан дұрыс тамақтану орталығын ашу

    БІЛІМ және БІЛІКТІЛІК (Образование+Самосовершенствование)

    39. Ағылшын тілін еркін меңгеру
    40. Қобыз тартып үйрену.
    41. Скорочтение әдісін меңгеріп, минутына 300 cөз оқып үйрену
    42. Скоропечатание әдісін үйреніп минутына 300 сөз жазып үйрену
    43. Шаталовтың тәсілін үйреніп, ББ мектебінде 100% нәтиже көрсету
    44. Алаш ардақтыларынң өмірі жайлы кітаптарды түгел оқып шығу
    45. 1000 өлең жатап алу
    46. Мотивация беру машығын Тони Робинсонның деңгейіне дейін жеткізу
    47. Ерік жігер және Бақытты өмір сүру білімін терең зерттеп, өмірде қолдану.
    48. Тайм менеджментті толық меңгеріп, іс жүзінде күн сайын қолдану
    49. Cайт жасау білімін өте жоғары деңгейде меңгеріп, Қазақстанда үздік сайт жасай алатын маман болу

    ҰСТАНЫМЫМ: 
    Адамдық борышың –
    Халқыңа еңбек қыл.
    Ақ жолдан айнымай
    Ар сақта, оны бiл.
    Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
    Бiлiмсiз,
    Өнерсiз,
    Болады ақыл тұл.
    Мақтанға салынба
    Мансаптың тағы үшiн.
    Нәпсiңе билетпе
    Басыңның бағы үшiн.
    Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
    Жоба тап,
    Жол көрсет,
    Келешек қамы үшiн.
    Қайтадан қайрылып
    Қауымға келмейсiң.
    Барыңды,
    Нәрiңдi
    Тiрлiкте бергейсiң.
    Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
    Шын бақыт‚
    Осыны ұқ,
    Мәңгiлiк өлмейсiң!
    ШӘКӘРІМ.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «САПАЛЫ ҚАЗАҚ» қозғалысы АЛАШ арыстарының 21- ғасырдағы нағыз ІЗБАСАРЛАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ. by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    17 Тамыз 2017 at 10:23 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 440 рет қаралған ...