ЖАРКЕНТ қаласындағы Ы. АЛТЫНСАРИН атындағы мектепті 1970 жылы бітірген ТҮЛЕКТЕРДІҢ кездесуі
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 7 наурыз 2020 жыл
Бір кезде, Жаркент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті 1970 жылы бітірген ҰЛ мен ҚЫЗДАР болған, бүгін Алматы қаласының тұрғыны және АТА мен ӘЖЕ болған бірқатар КЛАСТАСТАР бас қостық.
Кездесу көңілді өтті. Он жыл бойы бірге өткізген балалық шақтың небір қызықтары еске алынды. Бізге тәрбие мен білім берген қымбатты ұстаздарды еске алдық.
Осыдан 50 — ақ жыл бұрын жап -жас болған, бүгін ӘЖЕ атанып немере тәрбиелеп жүрген класстастарын, мектеп қабырғасында қуалап, бантигін жұлып ойнаған кешегі жап — жас ұлдар, бүгін АТА статусында өз кластастарын ҚЫЗДАР МЕРЕКЕСІМЕН құттықтап гүл шоқтарын ұсынды.
Кездесу барысында, еліміздің өткені мен болашағы, ұрпақ тәрбиесі жайында әңгімелер айтылды. Алдағы болатын кездесулер талқыланды.
… КЕТЕРМІЗ БҰЛ ЖАЛҒАННАН, ӘЙТЕУІР БІР КҮН БӘРІМІЗ
ЕСТЕЛІК БОЛЫП АРТТА ҚАЛАР ТЕК СӨЗІМІЗ БЕН ІСІМІЗ
ҰСТАТСАҚ ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНА, АЯЛАП ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ
КӨМЕСКІ ТАРТПАС ЕШҚАШАН, ҚАЛДЫРҒАН БІЗДІҢ ІЗІМІЗ… — деп, кездесуді аяқтап,
ҰЛТЫМЫЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН — деген ТІЛЕГІМІЗ орындалсын десек,
» Қазақтың ұлдары сесті болсын, қыздары есті болсын !…» — деген батамен тарқастық.
Поделиться в соц. сетях
The ЖАРКЕНТ қаласындағы Ы. АЛТЫНСАРИН атындағы мектепті 1970 жылы бітірген ТҮЛЕКТЕРДІҢ кездесуі by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.