Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Ұлттық болмысын ардақтаған жапон халқының жетістіктері қазаққа үлгі болуы тиіс! (бейнесюжеттер)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 10 қыркүйек 2009 жыл.

    … Затшылдық көзін байлады,

    Адастырып айдады.

    ЖАН билемей, ТӘН билеп,

    Адамның соры қайнады - деп

    ХХ-ғасырдың басында-ақ, Еуропацентристік методологияға негізделіп, қалыптаса бастаған «кеңестік сана», ұлтымызды рухани дағдарысқа түсіретінін сезіп, күңіренген Шәкәрім ғұламаны коммунистер атып, денесін құдыққа тастағанымен қоймай, қазақтың бас көтерер басқа да арыстарын қырып-жойды.

    Басшылығы Әлемдік басым күштердің ықпалында болып, солардың «қол шоқпарына» айналған Кеңес өкіметі, сол жылдардағы нәубеттерден аман қалған 40 пайыз қазақты ұлттық болмысынан айыруға бар күшін салды. Бірақ залымдардың ойлағандары жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Алла жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.

    Егемендіктің 17 жылы бекер өткен жоқ, ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға өз деңгейлеріне сай үлес қосып келеді.

    Солардың бірегейі жазушы-ғалым Совет-Хан Ғаббасов ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесін тереңнен зерттеп, халқымыздың осы саладағы ғасырлық тәжірибелерін жинақтап, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім бабаларымыздың ілімін жалғастырып, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеп, ұлттық болмысымызды жаңғырту бағытында «Ұлттық психология және халықтық педагогика» атты монография, т.б еңбектерін жарыққа шығарды.

    Жақында Совет-Хан Ғаббасов ағамыз, тағы бір ұлтшыл Ел ағамыз Әділхан Батырбековпен бірге, шығыстық болмысты зерттеу мақсатында Жапон Еліне сапар шегіп қайтты.

    Болат Нәукенұлы, Совет-Хан Ғаббасов, Әділхан Батырбеков.

    Болат Нәукенұлы, Совет-Хан Ғаббасов, Әділхан Батырбеков.

    Осы сапардан алған әсерлерін Ел Ағаларының өз аузынан, төмендегі бейнесюжеттерден көріңіздер.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Бірінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 01

    Екінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 02

    Үшінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 03

    Төртінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 04

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Ұлттық болмысын ардақтаған жапон халқының жетістіктері қазаққа үлгі болуы тиіс! (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    11 Қыркүйек 2009 at 10:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 389 рет қаралған ...