Ұлттық болмысымызды қалыптастырған — Қазақтың қоңыр үні. (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 20 қыркүйек 2009 жыл.
Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн,
Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
18 қыркүйек 2009 жылы сағат 11.00 Мәдени саясат және өнертану институтында «Тел қоңыр» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.
Қазақтың ғасырлар сынынан сүрінбей өткен ғажайып мұрасы – дәстүрлі музыкасы.
Қазақ халқының музыкалық мәдениеті өзінің терең тамырлы тарихымен де, философиялық синтезге толы мазмұнымен де, эстетикалық эмоциялық рухының асқақтығымен де өмір тіршілікті бейнелеуден жоғары рухани болмысында да айырықша орын алады.
Дәстүрлі музыка өнері туралы ой қозғағанда әуелі әр өңірдің өзіне тән болып келетін мақам-нақышына көңіл бөлінетіндігі сөзсіз.
Шүкір, қа¬зақ өнері кең арналы, сан тар¬мақты. Атақ-абыройымызды оның түрлі жанры бойынша бүкіл әлемге танытып жүрген дарынды жастарымыз қаншама дегендей. Бірақ, гәп мұнда емес. Бүгінгі біздің әңгімеміз халқы¬мыздың ұлттық дәстүрлі музыка өнері туралы болмақ. Інжу-маржанды, асыл жауһарды осы әлемнің қатпарларынан қазып шығарғымыз келеді.
Әр елдің өнерге деген ерек¬ше құрметі, халықтың мәдениеті жоғары деңгейде болуымен бірге, әр ұлттың ерекшелігі мен салт-дәстүрін сақ¬тап қалуын аңғартса керек. Қазақ халқының да берік дәстүрі, өнер мен мәдениеті ежелден қалыптасқан. Бізге дамыған 50 елдің қатарына өту мақсат болса, моңғолдар Қазақстан сияқты біз де көшімізді түзесек деп аңсайтын көрінеді. Мұндайда атамекенін аңсап, туған жердің тұғырлы тұлғасы мен түр-тұрпатын көруге жиналатын қандастар ойын білу, сағыныштың саумал сазына құлақ түру жаныңызға тылсым сыр ұялатады. Өздерінің өркениет көшін Еуропадан гөрі Азияның дамыған елдеріне қарай түзеген жұрттың Қазақстанға деген көзқарасы өте жоғары екені аңғарылып тұрды. Қаймағы бұзылмаған сонау алыста жатып шырылдаған ағайынның қазақтың ән-күйін ұзақ жылдар бойы сақтап келгеніне, сондай-ақ ел деп соққан жүрегіне қалайша сүйсінбессіз?!
Қазақ халқының мәдени-рухани әлемі туралы кез келген салиқалы ой-толғам, оның музыкалық мұрасына әсте соқпай өте алмайды.
Нағыз мәдениет, әсіресе рухани мәдениет тек қана ұлттық-этникалық төлтумалықта көрініс табады және сол төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамып, шыңдалады. Қазақ ұлтына ғана тән «қоңыр» сөзі әрауқытта қазақтың тілінде жағымды жайлылықты білдірсе, түс ретінде қазақтың рухани жан-дүниесіне, барынша үйлесетінін бәріміз жақсы білеміз.
Қазақ халқы әр сөзге қоңыр тіркесін бекер қоспаса керек. «Қоңыр күз», «қоңыр дауыс», «қоңыр салқын», «қоңыр күй», «қоңыр жел» т.б.
Ендеше кітаптың «Тел қоңыр» деп аталғаны да көп нарсені аңғартқандай.
Кітапқа негізінен Моңғолияның Баян Өлгей еліне арнайы құрылған экспедиция құрамының Алтын қордағы Моңғолия қазақтарының сыбызғышы мен домбырашылардың күйлерінің таспаға жазып алынған материалдары жарияланды.
Кітапта Моңғол қазақтарының бірқатар ән-күйлерінің партитуралары енгізіліп отыр.
Басылым дирижерлік, консерватория, музыка колледждері мен педагогикалық институттардың музыка факультеттерінің және музыка мектептерінің оқытушыларына, студенттері мен оқушыларына арналады.
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Жазушы Ғаббас Қабышев
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Өнертанушы ғалым Қайрғазы Төлен
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Өнертанушы Қалкен Әбдіғазы
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Композитор Мұсайып Құсайынұлы
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы ДҚҚ ұйымы өкілі Ботагөз Уатқан
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы тұсаукесері АҚҚУ күйі Қобыз
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы Саясаттанушы ғалым Ерлан Саиров
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы тұсаукесері Концерт Қайырғазы Төлен
ТЕЛ ҚОҢЫР партитуталар кітабы профессор Алдаберген Мырзабеков
Поделиться в соц. сетях
The Ұлттық болмысымызды қалыптастырған — Қазақтың қоңыр үні. (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.