Ұлттық болмысымызды жаңғыртуға ат салысып жүрген азаматтарды қолдау керек! (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 23 қыркүйек 2009 жыл.
Ұлттық үнімізді өшіріп, рухани жұтатып, ұлттық болмысымызды өзгертуді көксегендердің ойы жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Алла жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.
Егемендіктің 17 жылы бекер өткен жоқ, ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға өз деңгейлеріне сай, шама-шарқынша үлес қосып келеді.
Солардың бірегейі, Мәдени саясат және өнертану институты «Музыка және акустика» зертханасының меңгерушісі, өнертанушы-ғалым Жұмагелді Нәжмеденов ұлтымыздың домбырасын тереңнен зерттеп, халқымыздың музыка саласындағы ғасырлық тәжірибелерін жинақтап, Әл-Фараби бабамыздың ілімін жалғастырып, оны ғылыми тұрғыдан негіздеп, өзінің көптеген еңбектерін жарыққа шығарды.
Сонымен бірге домбыра үйренудің ең оңай, үнемді САНДЫҚ НОТА тәсілін насихаттап қана қоймай, үйірмелер ашып халыққа домбыра тартуды іс жүзінде үйретуде.
Осындай, қолынан нақты іс келетін, азаматтарға мемлекеттік қолдау қажет.
Мектепте 11-жыл музыка пәнін оқыса да, домбыра тартып — ән салдыра алмайтын, яки ұлттық үнді қалыптастыра алмайтын, Кеңестік дәуірден мұра болып қалған, Білім жүйесіне қашан оңды өзгерістер енеді?
Құрметті Оқырмандар және Көрермендер!
Сіздер бұл жөнінде қандай пікір-ұсыныс айтасыздар?
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Домбыраны сандық нотамен үйрену Жұмагелді Нәжмеденов 16 09 09 ж
Домбыраны сандық нота тәсілімен үйрену Нәсима Рамазанова
Домбыраны сандық нота тәсілмен үйренуші мұғалімдердің пікірі
Домбыраны сандық нотамен үйрену Қожахмет Азина Қабдешқызы
Поделиться в соц. сетях
The Ұлттық болмысымызды жаңғыртуға ат салысып жүрген азаматтарды қолдау керек! (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.