Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Сенатор Ғарифолла Есім: Бастауыш мектепте тек қана мемлекеттік тілде білім беріп, 5-ші сыныптан бастап өзге тілдерді қоса оқыту керек! (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 27 қыркүйек 2009 жыл.

    Крылов атындағы балалар кітапханасында, Алматы қаласында өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл мерекесі» апталығы аясында, мектеп оқушылары арасында «Біз — мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты тақырыпта конкурстар мен дебаттар өтуде.

    Крылов атындагы балалар кітапханасы.

    Крылов атындагы балалар кітапханасы.

    Мемлекеттік тіл жайлы дебаттан көрініс.

    Мемлекеттік тіл жайлы дебаттан көрініс.

    Дебатка катысушы топ.

    Дебатка катысушы топ.

    Дебатка катысушы топ.

    Дебатка катысушы топ.

    Дебатка катысушы топ.

    Дебатка катысушы топ.

    Орыс тілді мектеп оқушыларының мемлекеттік-қазақ тілін меңгеру деңгейін өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естігеннен кейін, ойға қалдым.
    Бұл мерейтойды қай бетімізбен тойлаймыз?
    «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» деп кімді марапаттаймыз?

    Өзге тілді Қазақстан азаматтарын 3 жыл мемлекеттік бала-бақшада, 11 жыл мемлекеттік мектепте оқытып, мемлекеттік тілге үйрете алмайтын білім жүйесін бе? Әлде жыл сайын мектептерден мемлекеттік тілді меңгере алмай шығатын 100 мыңдай азаматты, 20 жыл бойы қыруар қаржы шығындап, мемлекеттік тілге үйрете алмай келе жатқан мемлекеттік шенеуніктерді ме? Әлде 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты, Парламент пен Үкіметте жұмыс істеуге, іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымызды ма?
    Меніңше, мектеп бітіргеннен кейін азаматтарға тілді үйретуге ақша шығындау мүлде теріс жол. Ең дұрысы сенатор Ғарифолла Есім көтерген, бастауыш мектепте тек қана мемлекеттік тілде білім беріп, 5-ші сыныптан бастап өзге тілдерді қоса оқыту жобасына ғана мемлекеттік қаржыны шығындау керек және оны ертеңге қалдырмай бүгіннен бастау абзал.

    Құрметті оқырмандар мен көрермендер, Сіздер қалай ойлайсыздар ?

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Крылов ат Балалар кітапханасы ҚАЗАҚ ТІЛІ жайлы дебат Алматы
    Орыс тілді оқушылардың ниеті БІЗ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙМІЗ !
    Алматы қ сы Крылов ат балалар кітапханасындағы ТІЛ мерекесі
    Орыс тілді мектеп оқушыларының МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ жайлы ойлары
    Қазақ тілді мектеп оқушыларының Мемлекеттік Тіл жайлы ойлары
    Алматы қаласы ТІЛДЕРДІ дамыту басқармасы Шаймерденов Нұрмұқа

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Сенатор Ғарифолла Есім: Бастауыш мектепте тек қана мемлекеттік тілде білім беріп, 5-ші сыныптан бастап өзге тілдерді қоса оқыту керек! (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    27 Қыркүйек 2009 at 15:15 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 239 рет қаралған ...