Ұлытаудағы «Таңбалы тас» – аңыз ба әлде ақиқат па? (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 30 қыркүйек 2009 жыл.
Рухы биік, парасаты мол Бабаларымыз тұрғызып кеткен Ұлытаудағы «ТАҢБАЛЫ ТАС» Қазақ Елі бірлігінің символы бола ала ма?
немесе
Өзге тілде сөйлеп, Өзгені өнеге тұтқан бүгінгі «кеңестік дәуір» ұрпақтарының ұлттық ойлау қабілеті қашан жаңғырады?
Елдік таңбаға тоқталар болсақ, қазақ көсемдерінің Ұлытаудағы жақпар тастарға бірліктің бітімі ретінде өз таңбаларын қалдырғаны жөніндегі тарихи оқиға баршаға мәлім.
«Таңбалы тас» аталатын осы орын бүгінде де тағзым етер қасиетті жер.
Нұрсұлтан Назарбаев.
4 маусым 2007 жыл.
Астана қаласы.
Ұлт жанашырларының ұзақ ізденістерінің нәтижесінде, 1895 жылы Л.Кузнецов экспедициясының қырықтан аса қазақ руларының таңбаларын көшіріп алған Ұлытаудағы «Таңбалы тастың» кирандысы табылыпты.
Әлгі тастың бетіндегі көне жазуларды, сол кезде, тілмаш Бекқожин орыс тіліне аударып көрген екен, тастағы жазу былай дейді: «Қара-Найман, Алшын, Арғын, Қаракесек, Қойсын, Табын, Молла-Қаршыға. Құдай қолдасын, олар алтау». «Таңбалы тастың» бетінде 1218 жылды, әріректе 178 жыл мен 1061 жылдарды көрсететін сандар қашалып жазылған деген деректер бар.
Әрине бұл мәліметтер, әлі үлкен ізденісті, тыңғылықты ғылыми жұмыстарды талап ететіні сөзсіз…
2009 жылы 25 қыркүйек күні Ұлытаудағы «Таңбалы тасты» іздеу мақсатымен сол өңірге барып қайтқан бір топ азаматтардың деректері аясында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен «АЛАШ» тарихи-зерттеу орталығында
Ұлытаудағы «Таңбалы тас» – аңыз ба әлде ақиқат па?
атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың мақсаты – рулар Одағы болып ұйысқан, Ел тұтастығын қалыптастыру мақсатында алты құлаш алып тастарға өз таңбаларын басқан қазақ руларының ел басқару тәжірибесі қандай болды, мемлекеттігін нығайту тетіктері қандай еді, сол кездердегі 43 одақтас рулардың ұлт бірлігі жолындағы іс әрекеттері бүгінгі қазақ қоғамына қандай тағылым береді және әр қазақтың қанында сақталған тарихи жады – жастарды сыйластыққа, ынтымақ-бірлікке тәрбиелеп, бір-бірін түсінуге ықпал ете ме деген сияқты келелі сұрақтарға жауап іздеп, Қазақстанның мемлекеттілігін, халықтың бірлігін нығайту жолдарын талқылап, Қазақ Елінің тұтастығына ерекше әсер еткен азаматтық қоғам ескерткіштері мен тарихи жәдігерлерді сақтау жолдарын сараптап-саралау.
Дөңгелек үстелге Алаш үні» ҚБО төрағасы жазушы, медицина және педагогика ғыл. докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов, «Алаш үні» ҚБО Билер Кеңесінің мүшелері: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының директоры Хайролла Ғабжалилов, Заң ғыл. докторы Өмірәлі Қопабаев, қоғам қайраткері Амалбек Тшан, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының жетекшісі Болат Нәукенұлы және Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелді, тарих ғыл. докторы Есенғазы Қуандық, тарихшы Болатбек Нәсенов, ақын Қуаныш Мұқтай, өнертанушы-ұста Мұрат Нүсіп, гуманист Мақсұт Оразай, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлының өкілі журналист Гүлжанат Шонабай, «Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті Марат Бөтеев, Әділхан Батырбеков, Серік Сапарғали сынды бірқатар, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген, ұлт жанашырлары қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Х Ғабжалилов пен С Ғаббасов кіріспе сөзі
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАСТЫ іздеушілердің бірі Әділхан Батырбеков
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Қуаныш Мұқтайдың сөзі
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС атты дөңгелек үстелден көріністер
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Тарих ғылымы докторы Мәмбет Қойгелдиев
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Тарихшы ғалым Хайролла Ғабжалилов
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Қоғам қайраткері Амалбек Тшан
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Тарихшы Болатбек Нәсенов
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Өнерзерттеуші халық ұстасы Мұрат Нүсіп
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Ұлт жанашыры Серік Сапарғали
Ұлытаудағы ТАҢБАЛЫ ТАС Профессор Совет Хан Ғаббасовтың сөзі
Поделиться в соц. сетях
The Ұлытаудағы «Таңбалы тас» – аңыз ба әлде ақиқат па? (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.