Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Кез келген саяси формацияда өміршең — ұлттың өзін-өзі сақтау тетіктерін қалпына келтіре аламыз ба? Немесе сталиндік репрессия Қазақ Елінде қайталануы мүмкін бе? (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 1 қазан 2009 жыл.

    d0bad0b0d0bcd188d0b0d182-d184d0bed182d0be-001

    2009 жылы 29 қыркүйек күні, Ұлттық баспасөз клубында, тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді, «Зерде» қорының президенті Әлихан Байменов, Фридрих Эберт қоры өкілдігінің жетекшісі эльвира Пактың қатысуымен «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов» атты жаңа кітапты оқырман қауымға таныстыру рәсімі бойынша баспасөз конференциясы болып өтті.

    Баспасоз конференциясынан корініс.

    Баспасоз конференциясынан корініс.

    Кітап «Зерде» ( Қазақстан) мен Фридрих Эберт ( Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрді.

    Кеңестер құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30 шы жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген, зұлматты басынан кешірді. Нәтижесінде, қазақ халқының жартысына жуық бөлігі аштықта қырылды. Үздіксіз жүргізілген репрессиялық шаралар қоғамның әлеуметтік құрылымын түбегейлі өзгеріске ұшыратты: зиянды қоғамдық «элементтер» ретінде қазақ байлары, ұлттың тегеурінді зиялылар буыны, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дін қызметкерлері (ишан, имам және молдалар) билік күшімен жойылды. Жалпы қоғам мен жеке адам тұлғасына жасалынған қиянат ұлттың рухани болмысын терең күйзеліске ұрындырды.

    Өкінішке орай, өткен өміріміздегі бұл қайғылы кезең отан тарихында тиесілі дәрежеде ашылмай келеді.

    Көпшілік назарына ұсынылып отырған кітапта автор осы уақытқа дейін жабық мұрағат қорларында сақтаулы тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам және молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою процесін жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетуді көздеген. Басым түрде түп нұсқаға, яғни тергеу ісі материалдарына негізделген автордың зерттеу әдісі 20-40 шы жылдары саяси репрессия құрбаны болған сан мыңдаған отандастарымыздың азапты тағдырын неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік береді. кітап қазіргі уақытта зерттеуші ғалымдар үшін кеңестік кезеңге арналған іргелі еңбектер жазуға мүмкіндік бар екендігінің айғағы.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Сталинизм и репрессии в Казахстане атты кітап Мәмбет Қойгелді
    Сталинизм и репрессии в Казахстане атты кітап Алихан Байменов
    Сталинизм и репрессии в Казахстане кітабы Журналистер сұрақтары

    Конференциядан шыккан кез. Алматы.

    Конференциядан шыккан кез. Алматы.

    Болат Наукенулы.Омірзак Акжігіт.Мамбет Койгелді.

    Болат Наукенулы.Омірзак Акжігіт.Мамбет Койгелді.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Кез келген саяси формацияда өміршең — ұлттың өзін-өзі сақтау тетіктерін қалпына келтіре аламыз ба? Немесе сталиндік репрессия Қазақ Елінде қайталануы мүмкін бе? (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    1 Қазан 2009 at 15:12 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 679 рет қаралған ...