Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Еңбекқор һәм парасатты ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғырта аламыз ба? (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 3 қазан 2009 жыл.

    2009 жылы 30 қыркүйек күні Алматы қаласы Республика сарайында «Ару ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «АЛТЫН ДӘН» еңбек мерекесі күніне орай Қазақ Елінің, ұлттық салт-дәстүрді қастерлейтін, танымал өнерпаздарының концерті болып өтті.

    Ұлттық құндылықтарымызды қадір тұтып концертке қатысқан Қазақ Елінің танымал өнерпаздары:

    Макпал Жунісова.

    Макпал Жунісова.


    Роза Рымбаева.

    Роза Рымбаева.


    Тамара Асар.

    Тамара Асар.


    Би ансамблі.

    Би ансамблі.


    Гулмира Акурпекова.

    Гулмира Акурпекова.


    d0b0d0bbd182d18bd0bd-d0b4d399d0bd-d184d0bed182d0be-089

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесінің ұйымдастырушысы Сара Шаяхметқызы
    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесі атауының авторы Совет Хан Ғаббасов
    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесінде Журналист Айсұлу Иманбекова
    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесінде НҰРОТАН партиясының билетін тапсыру
    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесіне арналған концерттен бейнесюжеттер

    Азат, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген, бөтен елдердің тепкісі мен езгісіне түспеген, қазақтың үні өшпеген замандарда, рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында Қазақ ұлты көп нәрсеге ИЕ болған:

    1. - асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ ЖЕРГЕ ;
    2. - ең әдемі, біртұтас бай ТІЛГЕ ;
    3. – дамыған ұлттық өнер мен мәдениетке;
    4. - табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың ежелгі
    САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫмен үйлескен және үндескен ислам ДІНІНЕ.

    Осының бәрін Ата-бабаларымыз тек қана «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ұстап тұрмаған. Қазақты халықтық деңгейге жеткізіп, Қазақ Елін қалыптастырған — Алланың Қазақ халқына берген ҮНІ арқылы атаға, АУЫЛҒА, руға топтасу негізінде құрылған, қазақ азаматтық қоғамына, дала демократиясына тән – төл Ел басқару ЖҮЙЕСІ.
    Тіршіліктің мәнін түсінген, парасатты ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымы:
    «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» болып, орыс-совет империясы орнағанға дейін өз ақыл-ойымен, ұлан-байтақ қазақ жерінде әрбір қазақ отбасын (түтінін) дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптастырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, шаруашылықты жерге орналастырудың және ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді – рулық (фирмалық) жүйесін қолданудың арқасында экономикалық тұрақтылыққа жетіп, ертеңгі күніне сенімді болған соң, азаматтық қоғамы мен мәдениетін дамытқан. Халқымыз осының бәріне — ЖЕР мен СУ ресурстары әр Ауыл, Рудың ортақ байлығы болғандықтан, оны бүкіл Ауыл, Ру болып бірігіп көздің қарашығындай қорғап, дұрыс, тиімді пайдалану арқасында ғана — қол жеткізді.

    «Алтын Дән» еңбек мерекесінің қонақтары:

    d0b0d0bbd182d18bd0bd-d0b4d399d0bd-1-009

    d0b0d0bbd182d18bd0bd-d0b4d399d0bd-1-0111

    d0b0d0bbd182d18bd0bd-d0b4d399d0bd-1-013

    d0b0d0bbd182d18bd0bd-d0b4d399d0bd-d184d0bed182d0be-055

    d0b0d0bbd182d18bd0bd-d0b4d399d0bd-d184d0bed182d0be-059

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Еңбекқор һәм парасатты ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғырта аламыз ба? (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    3 Қазан 2009 at 13:54 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 061 рет қаралған ...