Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Әлемдік жүлде — «Ерке-Нұр» компаниясының қанжығасында!

    Әлемдік жүлде — қанжығада! «Ерке-нұр» компаниясы «Кемелді, жоғары сапалы және таңғажайып жұмысы үшін» берілетін «Платиновая булавка» халықаралық сыйлығын жеңіп алды. Әлемдегі ең сапалы бұйым шығаратын үздік сауда маркасын анықтайтын Францияның Other Ways менеджмент және консалтинг Халықаралық қауымдастығы Алмания мемлекетінің Берлин қаласында өзінің 5 жылдық мерекесін атап өтіп, оған 35 елдің үздік кәсіпорындары шақырылған еді. Қазақстанның атынан шақырылған «Ерке-Нұр» компаниясы өзінің керемет өнімдерімен көпшілікті таңқалдырды. Әлем сарапшылары қазақ елінің тереңнен тамыр жайған ұлттық қолөнерінің кереметі мен заманауи сәнмен үйлесім тапқан өнімдерін жоғары бағалапты. Сөйтіп, «Ерке-Нұр» ұлттық қолөнерді жаңғыртқан ерен еңбегімен ғана емес Қазақстанның ұлттық өнеріне де әлемді тәнті етті.

    Казак оркениети Ерке Нур компаниясы

        

        «Ерке-Нұр» компаниясының негізгі бағыты ұлттық киім және ұлттық киім үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киімдер, сонымен қатар арнайы жұмыс киімдерін тігу және сапалы қызмет көрсету болып табылады. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінде өзінің ерекше бағыт-бағдарымен таныла бастаған «Ерке-Нұр» өндірістік кәсіпорны жаңа заманғы ең үздік технологиялық үлгіде жабдықталған жүздеген тігін агрегаттарымен жұмыс істейді. Бүгінде «Ерке-Нұр» компаниясының республика тігін индустриясында алатын орны ерекше. Онда тігілетін тауарлар өзінің сапасы мен бағасының тиімділігінің арқасында нарықта үлкен сұранысқа ие.

         «Ерке-Нұр» компаниясының жанынан 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ерке-Нұр» сән театрының да жеткен жетістіктері орасан.

          «Ерке-Нұр» компаниясының жанынан 2007 жылдан бері «Ерке-Нұр» атты қыз-келіншектерге арналған әдеби-танымдық, сән журналы шығып келеді.

          2008-2009 оқу жылынан бастап халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі ашылды. Онда 4 мамандық бойынша дәріс беріледі.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Алматы қаласы, 11 наурыз 2009 жыл.

    Казак оркениети Ерке Нур компаниясы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Әлемдік жүлде — «Ерке-Нұр» компаниясының қанжығасында! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    11 Наурыз 2009 at 21:32 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 177 рет қаралған ...