Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақ Еліндегі жалған урбанизация құрбандары Президенттен көмек сұрауда (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 12 қараша 2009 жыл

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
    Құрманғазы Өтегеннің атасының сөзі:
    ҚР Президенті Н Назарбаевқа бейнелі өтініш Алматы Шаңырақ ауылы
    Тұяқов Рүстемнің анасының сөзі:
    ҚР Презденті Н Ә Назарбаевқа бейнелі өтініш Алматы Шаңырақ ауылы

    БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫНЫҢ «Қазақ әдебиеті» газетіне 2009 жылғы 13 ақпандағы 5-ші нөмірінде берген «ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС және УРБАНИЗАЦИЯ» атты сұхбатынан үзінділер:

    «Ат тұяғы жеткен жер бекер қалмасын»
    Бабалар өсиеті.

    «Урбанизация» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі, ал тар мағынасы – ол тек үлкен қалалардың одан ары кеңейуі әсерінен, тұрғындардың үлес салмағының өсуі қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен сәйкес келмей, жалған урбанизацияға ұрыну үрдісі. (анықтама)

    - Аға ұрпақтың бізге үлгі болар ерен еңбегі ұмытылған жоқ па?

    - «Мың өліп-мың тірілген» қазақ ұлты, 1964-1986 жылдары ғана Д.А.Қонаевтың басшылығымен, сол кездегі кеңестік «өнеркәсіптік және аграрлық саясатты» ұтымды пайдаланып, кіші қалалар мен колхоз-совхоздардың экономикалық жағдайын көтеру арқылы, елді-мекендерде шын мәнінде урбанизация үрдістерін жүргізіп, екі ғасырға созылған бодандық кезеңде күйзеліске түскен тұрмысы мен құлдыраған мәдениетін көтеріп, өсіп-өніп, бір серпіліп қалып еді… 1985 жылғы санақ бойынша Еліміздегі тек қой саны 40 000 000-нан асып түскен.
    Дәлелге, Халыққа түрлі мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін инфрақұрылымдары бар 10 елді мекені, ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары бар 1000 жуық ИТР, 12 ірі ауылшаруашылық құрылымы, 6 өндірістік заводы, құрамында 12 ПМК–сы бар 1 құрылыс тресті, 1 ғылыми зерттеу институты, шетелге экспортқа ағаш-құрылыс материалдарын шығаратын Сібірдегі 1 мекемесі, 1000 аса әр түрлі маркалы автомашиналары, 3000-ға жуық ауылшаруашылық техникалары бар және 80-ші жылдардың аяғында , Кеңестер Одағында бірінші болып, сол уақыттағы ең соны моделді IBM техникасымен жарақталған локалді компьютер желісін құрып, колхоздың барлық бөлімшелерін модем арқылы Финанстық есептеу және басқару Орталығына қосқан, 1991 жылдың 1 қаңтарына- 4(төрт) миллиард АҚШ долларына пара-пар жаңаланған негізгі ҚОРЫ бар, аудан территориясының 10 пайызын алып жатқан агломерациялық құрылым болған – бүгінгі күні құрдымға кеткен «Октябрдің 40 жылдығы» колхозы сияқты, сол кездегі мемлекеттік саясатты халық мүддесі үшін дұрыс қолданып, байыған мыңдаған ауыл шаруашылықтарын мысалға келтіруге болады. Бұған, бүгінгі құлазыған ауыл шаруашылығындағы келеңсіздіктерді күнде көріп, шарасыздықтан өзегі күйген миллиондаған бұрынғы колхоз-совхоз еңбеккерлері куә.

    - Жүйесіз жалған урбанизацияның Елді орға жығуы мүмкін бе?

    - Егемендік алған күннен бастап, еліміздің Өкіметі мен Үкіметі – егіншілік пен мал өнімдерін өндіруді жыл сайын интенсивті жолмен ұлғайтып, оны ұқсатудың әлемдік ең жоғарғы технологияларын Қазақ елінің әр ауданының орталығында енгізіп, қалың қазақты жұмыспен қамтып, жыл сайын арта түсетін егіншілік пен мал өнімдерін терең ұқсатылған соң ғана экспортқа шығарып, барлық аудан орталықтарын жоғары деңгейдегі инфраструктурасы бар кіші-қалаларға айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін мемлекеттің бар мүмкіндіктерін ұлттық мүддеге дұрыс пайдаланудың орнына, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің тәрбиесі мен ақылының «нәтижесінде» ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, бірақ білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің жетегінде кетіп — ауыл шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты ГОЛОЩЕКИННІҢ (1930-шы жылдары бейбіт заманда қазақтың малын жойып, халқымыздың өмір сүру дәстүрін күшпен өзгерту арқылы ұлтымыздың жартысын қырып жіберген) мыйы жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еліміздің ЖЕР мен СУ ресурстарын игеріп жүрген еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес-алты қалаға жиып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын, байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып (олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған автобазалары, сауда және өндіріс орындарынан тыс, бас-басына мемлекеттен тегін алған қос-қос пәтерлері мен көптеген сая – бақтары құйтырқы саясаттың арқасында қып-қызыл ақшаға айналды), оларды бір байытып тастады…
    Осындай жолмен байып алған, орыс-совет империясының мұрагер-көзіндей болған байырғы қала тұрғындары, елдің әр жерінен үлкенді-кішілі кәсіпкерлік ашып, арнайы ЖЕР туралы ЗАҢ қабылдатқызып, елдегі бос қалған жерлерді бірінен алып біріне сатып, алыпсатарлық пен сыбайлас жемқорлықты өрістетіп жіберді. Ұлттық экономиканың негізгі тірегі – қазақтың кең байтақ мол ЖЕРІ тауарға айналды. Енді ЖЕР саудасы тоқталмай, Елімізде басқа тауар шығаратын өндіріс орындары кеңінен дами қоймас… Жағдай мен қаражаттың жоқтығынан жерін игере алмай, күнкөріс үшін қалаға қашқан үйсіз-күйсіз, ата кәсібінен айырылған, арзанқол қазақтар – Кеңес империясының қалалық мұрагерлерінің отымен кіріп-күлімен шығып, ұлтты аздыратын жалған урбанизацияның зардабын шегуде.
    Бүгінгі, біздің елді жайлаған, келеңсіздіктердің экономикалық негізі жоқ, бұл ұлттық сана- ұлттық болмыс дағдарысының салдарлары.

    Бәріміздің де жауап берер кезіміз келді: Ұлт болып қаламыз ба? Жоқ па?

    Ел экономикасының дұрыс бағытта өркендеп дамуы – халықтың ұлттық-ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Осы орайда айтатыным, тәуелсіздік алғалы экономикамыздың өсуіне бағыт-бағдар беретін мекемелердің басқару тұтқасын ұстаған кейбір маман-ғалымдар мен шенеуніктердің ұлттық-ойлау қабілеті өте төменгі деңгейде. Бұл пікірге, кемшіліктердің ең сорақыларынан дәлелдер келтірейін:
    - Әлем елдері ЖЕР және СУ ресурстары тапшылығын сезініп, қыруар қаржы бөліп, мухитты-мәңгі мұздықты-космосты-басқа планеталарды зерттеп, оларды өз игіліктеріне пайдаланудың бар мүмкіндіктерін қарастырып әлекке түсіп жатқанда, біздің өзге тілде оқып, шетелдіктерше «ойлайтын» кейбір бауырларымыз – кеше ғана ата-бабаларымыз мыңғыртып төрт түлік малын өрістетіп, ұрпағын өсірген ауылдық өңірлерді – «болашағы жоқ (депрессивный) ауыл-аудан» деп шатасты;
    - Жердің жекеменшікке сатылуы, әлемдік басым күштерді басқа планеталардан ресурс іздеу машақатынан құтқарып, оңай олжаға кенелтті;
    - Өзін-өзі бағуға ЖЕР және СУ ресурстары жеткілікті, мол табиғи байлығы бар 15-ақ миллион халыққа, дәл бүгін аса қажет емес салаларға — жүздеген миллиард доллар шетелдік инвестициялар тарту арқылы, бүгінгі және болашақ ұрпағымызды ұлттық байлығынан айырды.

    17 жыл егемендіктің арқасында жаңғыра бастаған ұлттық сана талабы қандай болмақ?
    Мен – қоғамымыздың кез-келген саласындағы ғылыми-техникалық прогресске қарсы емеспін, бірақ – ұлттық экономикамыздың негізі, алтын қазығы – ата кәсібіміз – мал шаруашылығы мен егіншілік екенін мойындап, ауыл шаруашылығының осы салаларында, ата-бабаларымыздың ғасырлар сынағынан өткен технологияларын қолданып, экологиялық таза, әрі жоғары сапалы өнім өндіруде әлемдік ең соны техника – жабдықтарын пайдаланып, дүниежүзілік бәсекелестікке төтеп беретін ұлттық өнімдерді жаңғыртып, экспортқа шығару арқылы Елімізді көркейтіп, халқымызды өсіретін нақты урбанизация жолдарын ұсынамын:
    - Қазақ Елінің кез келген азаматы өз аталарының туған жерін-Ауылын мәңгілік отаным деп тануы үшін, ұрпағының ертеңгі күніне сенімді болуы үшін, қай уақытта болмасын өз ауылының экономикасына үлес қосуға мүмкіндігі болуы үшін, Жерге тек қана мемлекеттік меншік орнату арқылы әр бір елді-мекен төңірегіндегі ЖЕР және СУ ресурстары осы Ауылдың қазіргі және болашақ тұрғындарының ортақ байлығы саналып, оларды пайдалану тек қана ұзақ мерізімді жалға беру арқылы жүргізілуі тиіс;
    - Еліміздегі 200 аса аудан орталықтарын, сол төңіректегі елді-мекен тұрғындарының мәдени-рухани-ғылыми-технократтық мұқтаждықтарын өтейтін және олардың өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін кешенді түрде ұқсатып, бірден экспортқа шығара алатын кіші қалаларға айналдыру үшін, ҮКІМЕТ әр ауданның қоғамдық ДАМУ ҚОРЫ-ның құрылуына ықпал етіп, оған тәжірибелі-білімді Ел ағалары жетекшілік жасап, Қорға жыл сайын ең болмаса 1(бір) млн.евро бөліп тұрса, бірер жылдан соң аудандық ДАМУ ҚОРЫ-ның бақылауымен жұмсалған қаржы бірнеше есе болып қайтып, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, иммиграция, демография т.б. мәселелер кешенді түрде шешілер еді;
    Өзін-өзі ақтайтын мегаполистерді дамыту міндетін, Еліміздің табиғи даму ресурстарын толық игеріп байыған, соның арқасында өсіп-өніп, оқып-тоқыған, Еліміздің түпкір-түпкірінде пайда болатын 200 аса халықтың өмір сүруіне ыңғайлы кіші-қалаларда одан әрі өз ақыл-ойын-қайратын қолдануға мүмкіндік таппай, қолы босайтын болашақ ұрпақ – сол кезде ғана үлкен қалаларға барып, бәсекеге қабілетті зерделік және өндірістік өнім шығарып — өз еншісіне алады.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қазақ Еліндегі жалған урбанизация құрбандары Президенттен көмек сұрауда (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    12 Қараша 2009 at 11:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 892 рет қаралған ...