НЕ ЕКСЕК, СОНЫ ТЕРІП ЖҮРМІЗ БЕ? немесе КЕШЕГІ ЖАБАЙЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН БҮГІНГІ ЖАЛҒАН УРБАНИЗАЦИЯ «ЖЕМІСТЕРІ»
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 желтоқсан 2009 жыл.
І. ЖАБАЙЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ мен ЖАЛҒАН УРБАНИЗАЦИЯ
құрбандары көмек сұрайды.
8 қазан күні «Шаңырақ» РҚБ Алматы қалалық филиалына, бұрынғы Алматы мақта-мата комбинатына тиесілі, 2005 жылдан бері жекешелендірілген «Айгүл», «Березка» жатақханаларының тұрғындары Ишимова Қуаныш (Жұбанов көшесі, 13/47, 8-777-234-37-23), Аметова Нагима (Жұбанов көшесі, 13, үй телефоны 222-28-37, ұялы телефон 8-701-440-51-03), Толганова Бақытбала (Мате Залка көшесі, 71/198, үй телефоны 239-56-34) жатақханада болып жатқан заң бұзушылықтарды айтып, олармен күресуден шаршаған 44 отбасы қол қойған арызды алып келіп, өздерінің тұрмыс жағдайларының адам төзгісіз, сорақы жағдайда екенін айтып, әлеуметтік мәселелерін шешуге көмек сұрады. 20 отбасы мушелеріне ортак асхана (5 кв.м.)"][/caption] Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз: Қиыншылықтарға төзіп ұрпағын өсірген қайран Қазақтың Аналары ай Алматы қаласындағы АЙГҮЛ жатақханасы жайында Қуаныш Яхияқызы Қазаққа 4 ұл тәрбиелеп жатқан Қ Яхияқызы өмірінен бейнесюжеттер ҚР Президенті Н Назарбаевқа бейнелі өтініш Алматы Шаңырақ ауылы ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК КИКІЛЖІҢДЕРДІ ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ НАЗАРЫНА. Сондықтан, жетімінде — жесірінде жылатпаған Бабаларымыздың аруағы разы болсын деп және 2010 жылы ОБСЕ-ге төрағалық еткенде Әлем елдері халықтарының алдында ұятқа қалмауымыз үшін, «Нұр Отан» ХДП, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ, «Шаңырақ» РҚБ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы, Алматылық Хельсинг комитеті бастамасымен әлеуметтік кикілжіңдерді таратпау, ескерту, алдын-алу механизмдерін әзірлеу мақсаты және азаматтардың конституциялық құқын қорғау бойынша қоғамдық қатынастар басқаруында азаматтық қоғам қатынасының тиімділігін арттыруға, жанжалдар мен егестерді шешуге, олардың әлеуметтік салдарларын анықтауға бағытталған «Әлеуметтік кикілжіңдерді қарау және шешу бойынша Республикалық қоғамдық кеңесінің» кезекті отырысына мен төмендегі ұсыныс-пікірлерімді жіберіп отырмын: ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: ЕРТЕ КЕЗДЕ Жері мен малы бар Бабаларымыз ешкімге тәуелді болмаған. Осындай таңданғандардың қатары көбейіп, ақыры «Ұлы Жібек жолы» қазақ даласының үстімен өтіпті. Бұған логикалық талдау жасап көрсек, ол заманда азық-түлік және сол кездегі өнеркәсіптің негізгі шикізаты- жүн, тері, сүйек ең қымбат тауар санатына кірген. Сондықтан осы тауарларға қызыққан елдердің саудагерлері Қазақ Даласына ағылған… Ақын Сәкен Иманасов бір мақаласында: «Мыңғырған малының арқасында ойын-күлкісі, той-томалағы үзілмеген, сүндет тойына түйе сойған Қарқаралы болысындағы ауқатты ауылдардың 1915 жылғы өмірін бейнелейді. Бір қарағанда, шұрайлы жерлерді «қарашекпенділерге» алып беріп, қазақтың екі аяғын бір етікке тыққан орыс мемлекеті Германиямен соғысып жатқан, қиын кезең. Бірақ қазақтың малының көптігі соншалық, Қарқаралы болысының қазақтары Ресейге астық тасуға, кіреге бір мезетте, 25 мың түйе шығаруға мүмкіндігі болған екен» — деп жазды. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: КЕШЕ Дәлелге, халыққа түрлі мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін инфрақұрылымдары бар 10 елді мекені, ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары бар 1000 жуық ИТР, 12 ірі ауылшаруашылық құрылымы, 6 өндірістік заводы, құрамында 12 ПМК–сы бар 1 құрылыс тресті, 1 ғылыми зерттеу институты, шетелге экспортқа ағаш-құрылыс материалдарын шығаратын Сібірдегі 1 мекемесі, 1000 аса әр түрлі маркалы автомашиналары, 3000-ға жуық ауылшаруашылық техникалары бар және 80-ші жылдардың аяғында , Кеңестер Одағында бірінші болып, сол уақыттағы ең соны моделді IBM техникасымен жарақталған локалді компьютер желісін құрып, колхоздың барлық бөлімшелерін модем арқылы Финанстық есептеу және басқару Орталығына қосқан, 1991 жылдың 1 қаңтарына- 4(төрт) миллиард АҚШ долларына пара-пар жаңаланған негізгі ҚОРЫ бар, аудан территориясының 10 пайызын алып жатқан агломерациялық құрылым болған – бүгінгі күні құрдымға кеткен «Октябрдің 40 жылдығы» колхозы сияқты, сол кездегі мемлекеттік саясатты халық мүддесі үшін дұрыс қолданып, байыған мыңдаған ауыл шаруашылықтарын мысалға келтіруге болады. Бұған, бүгінгі құлазыған ауыл шаруашылығындағы келеңсіздіктерді күнде көріп, шарасыздықтан өзегі күйген миллиондаған бұрынғы колхоз-совхоз еңбеккерлері куә. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: БҮГІН Осындай жолмен байып алған, орыс-совет империясының мұрагер-көзіндей болған байырғы қала тұрғындары, елдің әр жерінен үлкенді-кішілі кәсіпкерлік ашып, арнайы ЖЕР туралы ЗАҢ қабылдатқызып, елдегі бос қалған жерлерді бірінен алып біріне сатып, алыпсатарлық пен сыбайлас жемқорлықты өрістетіп жіберді. Ұлттық экономиканың негізгі тірегі – қазақтың кең байтақ мол ЖЕРІ тауарға айналды. Енді ЖЕР саудасы тоқталмай, Елімізде басқа тауар шығаратын өндіріс орындары кеңінен дами қоймас… Жағдай мен қаражаттың жоқтығынан жерін игере алмай, күнкөріс үшін қалаға қашқан үйсіз-күйсіз, ата кәсібінен айырылған, арзанқол қазақтар – Кеңес империясының қалалық мұрагерлерінің отымен кіріп-күлімен шығып, ұлтты аздыратын жалған урбанизацияның зардабын шегуде. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: ЕРТЕҢ Сондықтан ұлттық экономикамыздың табиғи даму мүмкіндіктерін әлі толық игеру үшін және ұлтты өсіріп, елді көркейтетін Қазақ Елінің тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сай келетін нағыз урбанизация үрдістерін жүргізу үшін: Қазақ Елінің әр бір сауатты азаматы – қоғамымыздың кез-келген саласындағы ғылыми-техникалық прогресске қарсы емес, бірақ біз – ұлттық экономикамыздың негізі, алтын қазығы – ата кәсібіміз – мал шаруашылығы мен егіншілік екенін мойындап, ауыл шаруашылығының осы салаларында, ата-бабаларымыздың ғасырлар сынағынан өткен технологияларын қолданып, экологиялық таза, әрі жоғары сапалы өнім өндіруде әлемдік ең соны техника – жабдықтарын пайдаланып, дүниежүзілік бәсекелестікке төтеп беретін ұлттық өнімдерді жаңғыртып, экспортқа шығару арқылы Елімізді көркейтіп, халқымызды өсіретін төмендегі нақты урбанизация жолдарын таңдауымыз керек: - Қазақ Елінің кез келген азаматы өз аталарының туған жерін-Ауылын мәңгілік отаным деп тануы үшін, ұрпағының ертеңгі күніне сенімді болуы үшін, қай уақытта болмасын өз ауылының экономикасына үлес қосуға мүмкіндігі болуы үшін, Жерге тек қана мемлекеттік меншік орнату арқылы әр бір елді-мекен төңірегіндегі ЖЕР және СУ ресурстары осы Ауылдың қазіргі және болашақ тұрғындарының ортақ байлығы саналып, оларды пайдалану тек қана ұзақ мерізімді жалға беру арқылы жүргізілуі тиіс; - Еліміздегі 200 аса аудан орталықтарын, сол төңіректегі елді-мекен тұрғындарының мәдени-рухани-ғылыми-технократтық мұқтаждықтарын өтейтін және олардың өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін кешенді түрде ұқсатып, бірден экспортқа шығара алатын кіші қалаларға айналдыру үшін, ҮКІМЕТ әр ауданның қоғамдық ДАМУ ҚОРЫ-ның құрылуына ықпал етіп, оған тәжірибелі-білімді Ел ағалары жетекшілік жасап, Қорға жыл сайын ең болмаса 1(бір) млн.евро бөліп тұрса, бірер жылдан соң аудандық ДАМУ ҚОРЫ-ның бақылауымен жұмсалған қаржы бірнеше есе болып қайтып, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, иммиграция, демография т.б. мәселелер кешенді түрде шешілер еді; Өзін-өзі ақтайтын мегаполистерді дамыту міндетін, Еліміздің табиғи даму ресурстарын толық игеріп байыған, соның арқасында өсіп-өніп, оқып-тоқыған, Еліміздің түпкір-түпкірінде пайда болатын 200 аса халықтың өмір сүруіне ыңғайлы кіші-қалаларда одан әрі өз ақыл-ойын-қайратын қолдануға мүмкіндік таппай, қолы босайтын болашақ ұрпақ – сол кезде ғана үлкен қалаларға барып, бәсекеге қабілетті зерделік және өндірістік өнім шығарып — өз еншісіне алады. IV.ЖАБАЙЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН ЖАЛҒАН УРБАНИЗАЦИЯ 1 –топ. Білімді, еңбекқор орыс-совет “ноқтасына” жақсы көндіккен, жаңа қожайындарға өте бейімделгіш, әр деңгейдегі партия-комсомол, әкімшілік, кәсіподақ, басшыларының біраз бөлігі. Отаршылардың сан- қырлы тексерулерінен өткен бұларға – құлдық психология қандарынан өтіп, сүйектеріне сіңіп кеткен. 2 – топ. Білімді, еңбекқор, талантты, «орыс- совет реализмі» стилін жақсы меңгерген, содан ауытқымайтын жазушылар, ақындар, тарихшы- ғалымдар, журналистер және өнер – мәдениет саласы басшыларының біраз бөлігі. Құлдық психология бұлардың қанына сіңген. 3 – топ. Білімді, еңбекқор әр саладағы қарапайым мамандық иелерінің біраз бөлігі, бірақ жоғарыдағы екі топтың айтқанын тыңдап, жазғанын оқып, солай өмір сүруге бейімделгендер. Құлдық психология бұлардың қанына жартылай сіңген. 4 – топ. Ел болғаннан кейін, жоғарыдағы топтарға кірмейтін жұртта баршылық. Бұлар Дүние жүзін билеуге ұмтылған әлемдік басым күштер өкілдерінің және азғындардың үгіт-насихатына іштей қарсы болып, олардың алдап- арбағандарына көнбегендер, күштеп құлдықта ұсталғандар. Бұларда құлдық сезім жоқ, солардың арқасында ғана қазақ егемендік алып, әзірше Қазақстан аталып жүр. Жоғарыдағы айтылған топтар классикалық түрдегі құлдар емес, ешкім олардың танауын тесіп, бұйдалап тастамаған, бәрі де сырт көзге осы заман талабына сай мәдениетті адамдар сияқты. Бұлардың ішінде, өздерінің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне қарай, өмір сүрген ортасының әсерінен және бастарындағы құлдық сезім “вирусының” түрлі мутацияға ұшырауына байланысты құлдардың жаңа түрлері пайда бола бастады: - Құлқынның құлы (коррупция); Сондықтан да, жоғарыда айтылған үш топтан шыққан, ұлттық болмысы өзгерген азғындар, елімізде отарсыздандыру саясатының жүрмегендігі нәтижесінде дүниежүзілік басым күштердің жетегінде кеткендіктен, солардың ақыл-ойымен өмір сүріп, қоғамымызды жегідей жеген бүгінгі сыбайлас жемқорлықтың негізін қалап, рухани дағдарысқа жол ашып берді…
ҚР Презденті Н Ә Назарбаевқа бейнелі өтініш Алматы Шаңырақ ауылы
Өркениетті елдердің тәжірибесіне қарасақ, жатақхана адамдардың өмір бойы тұруына арналмаған орын. Ол студенттер, әскери адамдар, жас ғылыми қызметкерлер т.с.с. жұмыс жағдайына байланысты мобильді әлеуметтік топ мүшелеріне арналған тұрғын үй саналады. Алысқа бармай, заманымызда-тұрмысымызда бірдей болған Ресейдегі жатақхана мәселесіне келсек, олардың барлық қалаларында жатақханаларды пайдалану Басқармалары бар екен. Жатақхана тұрғындары тұрмыстық жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету солардың мойнында.
«Шаңырақ» РҚБ Алматы қалалық филиалының жетекшісі Роза Мықтыбайқызы Нүсіпова: «Біз аталмыш жатақханалар тұрғындарының арызы түскен сәттен бақылауға алып, тиісті мемлекеттік мекемелерге хат жазып, БАҚ-ға ақпарат берумен қатар, бұл мәселені тереңірек Алматы қаласы аумағында зерттеп көрдік. Сонда анықтағанымыз:
- Көптеген жатақханаларда арызда көрсетілген кемшіліктер орын алған;
- Жекешендірілу кезінде жатақхана тұрғындарына ортақ қызмет көрсету орындарының заңсыз сатылып кетуі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылуына жол берілген. Жастық шақтарын күндіз өндіріс орнында, түнде жатақханада өткізіп, жасы ұлғайған кезде 14 шаршы метр бөлмеге ие болған азаматтардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары тапталуда;
- Бұл келеңсіздіктер шенеуніктердің Ел заңдарын дұрыс қолданбауының және азаматтардың құқықтық сауаттылығының төмендігі салдарынан орын алған.
1. Алматы қаласы әкімшілігінде жатақханаларды пайдалану Басқармасын құрып, жатақханаларды национализациялау жобасын әзірлеу;
2. Республикалық қоғамдық кеңес жанынан, ұзақ жылдар жатақханада тұрған жанұяларға, бірінші кезекте, көпбалалы аналарға көмек (әлеуметтік тұрғын үй, жалдамалы тұрғын үй, 18-ге толған отбасы мүшелеріне 10 соты жер телімі т.с.с.) беретін бірлескен комиссия құру;
3. Алматы қаласы әкімшілігінің игі істерін халыққа жеткізіп, тұрғын үй саласына жұмсалып жатқан қаражат мөлшерін көрсетіп, әлеуметтік әділеттіліктің бар екенін паш ету мақсатында, соңғы 18 жылда пәтер және жер телімін алған әр түрлі әлеуметтік топтағы тұрғындардың тізімін БАҚ –да жариялау;
ІІІ. УРБАНИЗАЦИЯ – ӨТЕ ТЕРЕҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ
«Урбанизация» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі, ал тар мағынасы – ол тек үлкен қалалардың одан ары кеңейуі әсерінен, тұрғындардың үлес салмағының өсуі қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен сәйкес келмей, жалған урбанизацияға ұрыну үрдісі. (анықтама)
Тіршіліктің мәнін түсінген, парасатты ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымы:
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» болып, орыс-совет империясы боданы болғанға дейін, әрбір қазақ отбасы (түтіні) дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптасып, шаруашылықты жерге орналастырудың және ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімдісі – рулық (фирмалық) тәсілді қолданып Қазақ Елі байлығын жыл өткен сайын арттыра түскен.
Бабаларымыз мыңғыртып өргізген төрт түлік малының арқасында Шығыс пен Батыстың тауарларын шертіп тұрып таңдап, киініп-қолданып, «Ұлы Жібек жолы» саудасының негізгі ойыншысы-әріптесі болған. Соңғы кезде баспасөз бетінде жарияланып жүрген «… Еуразиядағы көне қалалар негізінен көшпелі өркениеттің экономикалық әлеуетіне сүйеніп салынды…» деген ақпараттардың жаны бар. Адамзат өркениетінің бір бесігі Қазақ Даласы екенін әлемдік тарих және археология ғылымдары әлдеқашан жазған екен, бұл деректерге қазақтың қолы Тәуелсіздік алғалы ғана жетіп отыр…
Марко Поло қазақ даласын аралап-көріп, «малдың көптігінен жердің беті көрінбейтін» қандай бай Ел деп тамсанған екен…
Көне дүниенің ойшылы Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегінде «… сары қымыз, қазы-қарта, жал-жая» сияқты көптеген ұлттық тағамдарымызды атап тамсаныпты…
Ол кезде, Бабаларымыздың біраз көршілері, өмірлеріне қауіп төндіріп жабайы аң аулап, етін жеп, терісін киім етіп жүрген заман екен…
1916 жылғы санақ бойынша қазақ даласында тек жылқының саны 15 000 000-нан асып жығылған.
Рухы тапталған кедей халық көтеріліс жасай алмайды, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі де осы байлықтың қуаты деп ойлаймын. Тіпті, көтерілісшілер, пулеметке қарсы жылқыны айдап салу сияқты, соғыс тәсілдерін қолданған деген деректер бар.
«Мың өліп-мың тірілген» еңбекқор қазақ ұлты, 1964-1986 жылдары ғана Д.А.Қонаевтың басшылығымен, сол кездегі кеңестік «өнеркәсіптік және аграрлық саясатты» ұтымды пайдаланып, кіші қалалар мен колхоз-совхоздардың экономикалық жағдайын көтеру арқылы, елді-мекендерде шын мәнінде урбанизация үрдістерін жүргізіп, екі ғасырға созылған бодандық кезеңде күйзеліске түскен тұрмысы мен құлдыраған мәдениетін көтеріп, өсіп-өніп, бір серпіліп қалып еді…
1985 жылғы санақ бойынша Еліміздегі тек қой саны 40 000 000-нан асып түскен.
Егемендік алған күннен бастап, еліміздің Өкіметі мен Үкіметі – егіншілік пен мал өнімдерін өндіруді жыл сайын интенсивті жолмен ұлғайтып, оны ұқсатудың әлемдік ең жоғарғы технологияларын Қазақ елінің әр ауданының орталығында енгізіп, қалың қазақты жұмыспен қамтып, жыл сайын арта түсетін егіншілік пен мал өнімдерін терең ұқсатылған соң ғана экспортқа шығарып, барлық аудан орталықтарын жоғары деңгейдегі инфраструктурасы бар кіші-қалаларға айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін мемлекеттің бар мүмкіндіктерін ұлттық мүддеге дұрыс пайдаланудың орнына, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің тәрбиесі мен ақылының «нәтижесінде» ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, бірақ білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің жетегінде кетіп — ауыл шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты ГОЛОЩЕКИННІҢ (1930-шы жылдары бейбіт заманда қазақтың малын жойып, халқымыздың өмір сүру дәстүрін күшпен өзгерту арқылы ұлтымыздың жартысын қырып жіберген) мыйы жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еліміздің ЖЕР мен СУ ресурстарын игеріп жүрген еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес-алты қалаға жиып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын, байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып (олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған ғимараттары, автобазалары, сауда және өндіріс орындарынан тыс, бас-басына мемлекеттен тегін алған қос-қос пәтерлері мен көптеген сая – бақтары құйтырқы саясаттың арқасында қып-қызыл ақшаға айналды), оларды бір байытып тастады…
Дүние жүзінің дамыған елдерінің ауыл-селолары ешқандай «оптимизацияларға» ұшырамай, байырғы халқының көпшілігі ата кәсібін өзгертіп, тентіремей-ақ, ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде өз ата қоныстары мен кәсіптерінде қалалық жағдай қалыптастыру арқылы, заманға сай — лайықты өмір сүріп келеді. Себебі, бұл елдерде жоғары механикаландырылған ауыл шаруашылығы қалыптасып, табиғи ресурстары толық игеріліп болып, қолы босаған және жері жоқ адамдар пайда болған кезде ғана үлкен қалалардың дамуы басталып, өзін-өзі ақтап өмір сүре алатын мегаполистерді қалыптастырудың жүздеген жылдарға созылған тарихи үрдісі әлі жалғасып келеді…
бірінші кезекте, халқымыздың бүгінгі-ертеңгі несібесін опыра жеп жатқан, көп шығынды-үлкен қалаларды ұлғайтуды тоқтатып, Елдің бар қаражаты мен мүмкіндіктерін — барлық аудан орталықтарын тікелей Үкіметке бағынышты индустриалды кіші-қалаларға айналдыруға бағыттайтын Заңдар қабылдау керек;
екінші кезекте, тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді-мекендерге қала статусын, тұрғындар саны 1 мыңнан асатын елді-мекендерге қала типті ауыл статусын беруді және оларда осы заманға сай инфраструктуралар мен ұқсатушы кәсіпорындар салуды көздеген бас жоспарлары бекітілген, ғылыми негізі бар нағыз урбанизациялық жобаларды орындау үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс.
АВТОРЛАРЫ КІМ?
ҚОҒАМДАҒЫ БҮГІНГІ РУХАНИ ДАҒДАРЫСТЫҢ ТАМЫРЫ ҚАЙДАН?
Алла жаратқан ұлттардың — жаманы, үлкені, кішісі болмайды – бәрі жақсы.
Тек – әр ұлттың ішінде ҰЛЫСЫ мен АЗҒЫНЫ, ДҰРЫСЫ мен БҰРЫСЫ бар.
Міне, осы аксиоманы әлемдік билікке ұмтылған басым күштер, ұтымды қолдана білді. Олар өздерінің әлемді торлап алған ұйымдары арқылы, кез-келген елдің, әсіресе дамушы елдердің ұлтын 4-ке бөліп, АЗҒЫНДАРЫН іріктеп алып, жан-жақты қолдау ұйымдастырып, олардың санасынан ұлттық–ойлау қабілетін өшіргеннен кейін, қызметін жоғарылатуға күш салып, БҰРЫСТАРЫНЫҢ үнсіздігін пайдаланып, сол ұлттың ҰЛЫЛАРЫН жойып, ДҰРЫСТАРЫН қудалап, олардың ҮНІН өшіру арқылы бүкіл ұлттың күш-қуатын өз мүдделеріне жегіп қоюға қол жеткізіп отырған…
Бодандық дәуір кезінде, Кеңес Одағы халықтарынан құл дайындауда өте озық технологиялар қолданылды, соның нәтижесінде, мәдениетті және момын қазақ құлдарының бірнеше топтары пайда болды:
- Арақтың құлы;
- Дүние-мүліктің құлы;
- Есірткінің құлы;
- Казино, ойын автоматтарының құлы (компьютер ойындары);
- Шетелдік кірме секталардың құлы;
- Мақсаты белгісіз діни секталар мен бірлестіктердің құлы;
- Жекеменшік Банктердің (жабайы өсім ақысы бар несиелердің көптеген түрі) құлы.Поделиться в соц. сетях
The НЕ ЕКСЕК, СОНЫ ТЕРІП ЖҮРМІЗ БЕ? немесе КЕШЕГІ ЖАБАЙЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН БҮГІНГІ ЖАЛҒАН УРБАНИЗАЦИЯ «ЖЕМІСТЕРІ» by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.