Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «ҚЫЗ ЖІБЕК» жыры — адамзат мәдени мұрасының жаухары (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 10 желтоқсан 2009 жыл.

    2009 жылы 8 желтоқсан күні Алматы қаласында «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі және М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Мәдени мұра бағдарламасының тиімділігі және “Қыз Жібек” жы¬рының 500 жылдығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ҚЫЗ ЖІБЕК жырынан үзінді Жыршы Аманқос Садықов
    ҚЫЗ ЖІБЕК жыры адамзат мәдени мұрасы жаухары академик Сейіт Қасқабасов
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырының текстологиясы филолог ғалым Ж Рақышева
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырының музыкасы өнертанушы ғалым А Бұлтбаева
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырын насихаттау шаралары Болатбек Төлепберген
    ҚЫЗ ЖІБЕК жыры ғасырлар тезінен аман жеткен Бабалар хаты ғалым Серік Қосан
    ҚЫЗ ЖІБЕК жырынан үзінді. Жыршы Сардарбек Қожағұлов..MPG
    ҚЫЗ ЖІБЕК операсының қойылымдары Өнертанушы ғалым А Мұқан

    Конференцияға қатысып сөз сөйлегендер:
    dsc000012Кіріспе сөз. Сейіт Қасқабасов, ҰҒА академигі, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры

    dsc000121«Қыз Жібек» жырының варианттары, С.Қосан, филология ғылымдарының кандидаты

    dsc000211«Қыз Жібек» жырының текстологиясы, Ж.Рақышева, филология ғылымдарының кандидаты

    dsc000081«Қыз Жібек» жырынан үзінді. Орындайтын жыршы ҚР Мәдениет қайраткері Сардарбек Қожағұлов

    dsc000221«Қыз Жібек» жырының музыкасы, А.Бұлтбаева, өнертану ғылымдарының кандидаты

    dsc00023«Қыз Жібек» операсының қойылымдары, А.Мұқан, өнертану ғылымдарының кандидаты

    dsc00020«Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Алматы қаласының мәдени
    мұрасы» аймақтық бағдарламаларының тиімділігі және «Қыз Жібек» жырын насихаттаудағы шаралар, Болатбек Төлепберген, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

    dsc000043«Қыз Жібек» жырынан үзінді. Орындайтын жыршы, Республикалық жыршылар байқауының лауреаты Аманқос Садықов

    Конференцияга катысушылардын бір тобы

    Конференцияга катысушылардын бір тобы

    Еліміздің сан ғасырлық тарих қойнауындағы мәдени мұрасын халықтың рухани айналымына қосу және кеңінен насихаттау мақсатындағы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы 2003 жылы басталған болатын. Ал 2004 жылдан бастап аймақтық «Алматы қаласының мәдени мұрасы» бағдарламасы жүзеге асуда. Міне, содан бері біршама тарихи жәдігерлеріміз қазба жұмыстарның арқасында жарыққа шығып,бірқатар ескерткіш-
    терімізді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, құнды шығармалар том-том кітап болып шықты.
    Бағдарламаның бірінші кезеңінде бірқатар елеулі жұмыстар атқарылды. Қазір қазақ халқы үшін үлкен маңызы бар бұл бағдарламаның екінші кезеңі басталды. Дегенмен аталған бағдарламаның тиімділігі мен халық арасындағы насихаты зерделене бермейді.
    Осы ретте Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі «Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Алматы қаласының мәдени мұрасы» аймақтық бағдарламаларының тиімді жүзеге асуы барысын зерттеу» жобасы бойынша аталған бағдарламаны жетілдіру бағытында әлеуметтік зерттеу жүргізіп, оны қоғам назарына ұсынып отыр.
    Зерттеу нәтижесі көрсетіп бергендей, сауалнамаға қатысушылардың 80% пайызы «Мемлекеттік «Мәдени мұра» және Алматы қаласының аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығып жатқан дүниелердің, кітаптардың, фильмдердің т.б. халықтың толыққанды игілігіне айнала алмай отырғандығын аталған дүниелердің өте аз таралыммен шығатындығы немесе бағдарламаның бұхаралық сипатына мән берілмей жатқандығында деп түсіндіреді. Міне, осы сынды жайттарды әлеуметтік зерттеу барысында зерделеген «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі бұл тұрғыда конференцияға аталған тақырыппен айналысып жүрген барша сарапшы-мамандарды, қоғамдық ұйым өкілдерін шақырып, жүргізген әлеуметтік зерттеумен таныстырып, пікір алмасып, ортақ мәміле қабылдамақ.
    Халқымыздың бай мәдени мұрасының бірі – «Қыз Жібек» жырын бүгінгі еліміздің рухани айналымына қосу барысындағы іс-шаралар Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының тиімді жүзеге асып жатқандығының көрінісі іспетті.
    Биыл «Қыз Жібек» жырының 500 жылдығына орай аталған жырдың Жүсіпбек Шайхсламұлы орындауындағы нұсқасын толығымен (орындаған жыршы Мұхтар Өтебаев, мәтінін оқыған Фарида Шәріпова) Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік тапсырыс аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі жарыққа шығарды. Осы жырды жақында Қазақ және Шалқар радиоларының әуе толқыны арқылы тыңдарманға тарту етілді. Және де «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі аталған радиолар арқылы жазушы Ғабит Мүсіреповтың сценарийі бойынша жасалған «Қыз Жібек» жырының музыкалық-танымдық радио-спектаклін тыңдарман назарына ұсынды. «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі халық арасында «Қыз Жібек» жырын кеңінен насихаттау барысында қоғам қайраткерлерінің, тарихшы-ғалымдардың және музыканттардың қатысуымен аймақтарда ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып өткізді.
    Ал «Мәдени мұра бағдарламасының тиімділігі және “Қыз Жібек” жы¬рының 500 жылдығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция “Қыз Жібек” жы¬ры бойынша жасалған жұмыстардың қорытындысы іспетті.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «ҚЫЗ ЖІБЕК» жыры — адамзат мәдени мұрасының жаухары (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    10 Желтоқсан 2009 at 09:44 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 11 336 рет қаралған ...