Өз Елінде өгейдің күйін кешкен ұлттық БАҚ туралы (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 13 желтоқсан 2009 жыл.
2009 жылдың 12 желтоқсан күні Алматы қаласында, Халықаралық Соғыс және бейбітшілік репортаждар институты мен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлттық БАҚ бүгінгі хал ахуалы» атты бір күндік семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты – жаһандану жағдайындағы қазақ ақпаратының бүгінгі хал ахуалы жайында пікір алмасу, келесі жылдың басында өтуі тиіс Қазақ Елі ұлттық ақпарат құралдарының тұңғыш халықаралық форумында талқыға түсер мәселелер төңірегінде ой қозғау және бүгінгі қазақ баспасөзінің толғақты мәселелерін сөз ету.
Қазақстанда қазақтілді ақпарат құралдарынан гөрі, орыстілді ақпараттың жетекші рөл атқарып отырғаны жасырын емес. Бүгінде елімізде жарық көретін мерзімді басылымдардың 80%-ы орыс тілінде ақпарат таратады. Радио-теле эфирлердің прайм-таймының 80%-ын тағы да орыстілді ақпарат иеленеді. Әрине, қазақтілді БАҚ-тың бұл пүшайман халіне өз елінде өгейдің күйін кешіп отырған қазақ тілінің төрге оза алмай отыруы – басты себеп.
Бұл ретте әлеуметтанушылар билікке белгілі бір ұлт тарапынан әлеуметтік қысым жоғары болғанда, билік олармен санасуға мәжбүр болады деген ой айтады. Соңғы бір-екі ай көлемінде қазақ билікке өзінің саяси талабын қоя бастады. Билік елдегі мемлекетқұраушы ұлтпен санаспауға болмайтындығын сезіне бастады.
Сол себепті қазақтілді ақпарат құралдарының өкілдері күні бүгінге дейін қордаланып қалған ойларын талқыға салып, өзара пікір алмасып, қоғам дамуынан кенже қалып отырған ұлттық баспасөзді дамыту мәселелерін талқыға салуды жөн көріпті.
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Сан қырлы өмірімізге ҰЛТШЫЛДЫҚ КӨЗҚАРАС керек 1 Айдос Сарым
Басты міндет еркін ойлы тәуелсіз журналист дайындау Қарлыға Мысаева
Журналистердің құқықтық білігі жайында Кәмшат Тасболатова
Ұлт батырларын емес,сайқымазақтарды жазуға мәжбүрміз Өркен Кенжебек
Ұлттық БАҚ Республикалық Форумы жайлы Дәурен Қуат
(біраз бейнесюжеттер әлі өңделуде…)
Д.Қуат:Ұлттық БАҚ Форумында Қазақ Елі мүддесін қорғайық!
А.Еркімбай:ЖАҢА МЕДИЯНЫ Қазақ тілінде игерейік! Қ.Мысаева:Журналистік білім беру мәселелері жайында. Б.Мәкімбай:Ұлттық БАҚ-қа билік өгей ме?
К.Тасболатова:Журналистердің құқықтық білігі жайында
Ғ.Әженова:Журналистердің еңбек құқықтарының қорғалу деңгейі жайында.
Өркен Кенжебек:Ұлт батырларын емес, сайқымазақтарды жазуға мәжбүрміз.
Поделиться в соц. сетях
The Өз Елінде өгейдің күйін кешкен ұлттық БАҚ туралы (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.