Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Оразалы Сәбден:»Халқымыздың, ұлттық болмысын жоғалтпай, әрі өркениет көшінен қалмай дамуы жолында ғалымдар белсенді ат салысуы тиіс»

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 7 маусым 2011 жыл.

    «Алаш үні» Қоғамдық Бірлестіктер Одағы «Билер Кеңесінің» кезекті отырысына дайындық барысында Ел ағалары, қоғам қайраткерлері және ғалымдар бас қосып кеңестер өткізуде.

    Қазақ ұлтының барлық мәселесі, барша қазақ Өз Елінде,

    балабақшада, мектепте, ЖОО, үйде де, түзде де,

    өндіріс пен ғылымда да, АНА тілінде сөйлеп, бірін-бірі

    түсініп-топтасып-бірігіп

    өмір сүргенде ғана шешіледі!!!

    2011 жылы 7 маусым күні бас қосқан, ғалымдар кездесуінен бейнесюжет:

    Оразалы Сәбден:«Ұрпағымыз коррупциясыз қоғамда өмір сүруі үшін күресейік!\»

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Маусым 2011 at 16:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 983 рет қаралған ...

    Қазақты Рух биігіне «Қоңыр үн» көтереді!!!

    Саулықтың рух биігіне қазақтың «Қоңыр үні» апарады

    /

    Жұмагелді Нәжімеденов өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, домбырашы, дирижер

    Кәзіргі әлемдік нарықтық кезеңде адамзаттың өз-өзінен рухани азғындау факторлары кең етек алып бара жатқаны шындық. Ол жеке әрбір адамдардың мінез-құлықтарының яғни ділінің (менталитетінің) өзгергендігін анық байқауға болады. Атап айтқанда, адамдардың бір-бірін көреалмаушылығы, мақтаншақтық, өсек-өтірікке тез сенушілік, дүниеқұмарлық, мансапқорлық, парақорлық, надандық, маскүнемдік, темекі тарту, нашақорлық, компьютерлік құмарлық ойындар т.б. келеңсіз қасиеттер біздің қоғамда күнен-күнге көбейіп сіңіп бара жатқан сияқты. Болашақта біздің тәуеліз елімізге қауыпімен бұндай келеңсіздіктер төндіруі, ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізу әбден мүмкін. Мыңдаған жылдар қалыптасқан ата-дәстүріміз ымытылып, сыртан үлгі іздейтіндер көбейуі салдарынан қоңыр үніміз жоғалып, тіліміз шұбарланып, бізге іштен жат діндер қаптап бара жатқанын айтқан жөн деп білеміз. Рухани азғындау жалтақтаушылыққа, бостан босқа мал шашпақ сияқты келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруда. Рухани құндылықтар өзгерген жағдайда, адамдар күйзеліске ұшырап қылмыс түрлері де көбеюде. Пенде пендені арбап, алдап арам жолмен табыс табу үйреншікті дағдыға айналуда. Адамзатты жаппай материалдық құндылықтарға бағындыруда.

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    5 Маусым 2011 at 15:04 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 769 рет қаралған ...

    «ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ БОЛАШАҒЫ ӨТЕ ЗОР!»- деді министр Бақытжан Жұмағұлов, «Ғылым ордасы» ғимаратының ашылу салтанатында (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 мамыр 2011 жыл.

    /
    /

    2011 жылы 27 мамыр күні Алматы қаласында бұрынғы ҚАЗАҚ ССР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ күрделі жөндеуден өткен ескі ғимаратын «Ғылым ордасы» деген жаңа атпен қолданысқа беру салтанаты болып өтті.

    Шараға 200 — дей академиктермен қатар ҚР БҒМ басшысы Бақытжан Жұмағұлов, Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов мырзалар және салалық ҒЗИ басшылары, ғалымдары қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ БОЛАШАҒЫ ӨТЕ ЗОР дейді министр Бақытжан Жұмағұлов

    ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ ғимаратының ашылу салтанатынан бейнелі көріністер

    ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    /
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    30 Мамыр 2011 at 18:45 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 150 рет қаралған ...

    «ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАППАЙ САТЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛСЫН !!!» атты жалпыхалықтық митингісі (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 мамыр 2011 жыл.

    //

    2011 жылы 28 мамыр күні, Алматы қаласында «АЗАТ» ЖСДП мен «ХАЛЫҚ БИЛІГІ» блогының ұыймдастыруымен «ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАППАЙ САТЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛСЫН !!!» атты жалпыхалықтық митингісі болып өтті.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    «ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАППАЙ САТЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛСЫН !!!» атты жалпыхалықтық митингтің РЕЗОЛЮЦИЯСЫ
    Ә Қосанов «ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАППАЙ САТЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛСЫН !!!» атты митингте

    МИТИНГТЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    30 Мамыр 2011 at 13:09 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 658 рет қаралған ...

    Жаңа айдар: «ЗАМАНДАСТАР ТУЫНДЫЛАРЫ». Публицист, философ Әбдірашит Бәкірұлы.

    /


    Әбдірашит Бәкірұлы
    публицист, философ

    Қазақ «құлдық санадағы» халық па?

    Әркім-ақ: «Мен өз білгеніммен ойлаймын, маған өзге біреудің айтқанының әсері шамалы», – деуге бейім. Бұлай деп айтқаны – адамның өз ерекшелігін сезінгені. Және де, ол өзін солай сезінгеннен алабөтен рахат күйге бөленеді… Адам баласының бұл «астамшылдығын» мойындамаудың өзі әбестік. Себебі, әркімнің өзі өмір сүріп отырған орта шындығын тануға өз бетімен ұмтылысы айып па екен? Бұдан өзгеше бір ілік іздеудің қажеті де жоқ сияқты..

    Дегенмен, бұл – дәл осылай тұжырымдап қоя салатындай тым қарапайым мәселе емес. Оны кеңінен ұғу үшін, әркімге, алдымен, өзінің қандай қоғамда өмір сүріп отырғандығын анықтап алуы қажет. Қазіргі сарапшылар «қазақстандық авторитаризм» туралы көп жаза бастады. «Авторитаризм (латынша auctoritas – билік, ықпал ету дегенді білдіреді) – антидемократиялық және заңсыз билік етудің түрі. Оған азиялық деспотизмді, тиранияны, әскери-полициялық және фашистік режимдер мен казармалық коммунизм түрлерін жатқызуға болады. А. жағдайында бір адамның немесе кланның заңсыз билігіне шек қойылмайды және ол халықтың бақылауынан тысқары, азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың құқы мен еркі шектеулі. Мұндай қоғамда демократиялық шешімдер болмайды, немесе, халыққа оның алдамшы түрі ұсынылады. Халық саяси манупуляциялардың объектісіне айналады» – деген анықтаманы энциклопедиядан таптық. (Философиялық энциклопедиялық сөздік. М.: 1989)
    Авторитарлық қоғамның мұндай сипаттамасын энциклопедия беріп отыр.

    Өзімізге келсек – онда айтылған анықтамалардың біразы біздің қоғамға тән екенін байқаймыз. Ол белгілер біздің қоғамдық қатынастар жүйесінде толығымен орын алған. Яғни, түйіндей келе: «біз демократиясы шектеулі авторитарлық қоғамда өмір сүрудеміз» деп мойындауымызға әбден болады екен. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    27 Мамыр 2011 at 16:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 628 рет қаралған ...

    Адамның ТӘНІМЕН қоса ЖАНЫН да емдейтін халық емшісі — Ержан Қамзаұлы Медеуов (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 26 мамыр 2011 жыл.

    /

    //Бүгін, 2011 жылы 26 мамыр күні, Алматы қаласындағы «Қазақстанның Халық және Рухани емшілері» мекемесінде, жеті атасынан бері халықты, тілден қан алып-шөппен емдеп келе жатқан әулеттің өкілі халық емшісі Ержан Қамзаұлы Демеуов әр түрлі ауырудан зардап шеккен адамдарды қабылдап, көмек берді.

    (Халық емшісінің байланыс телефондары: 8(727)276-10-43, 8-701-153-9491)

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    «Қазақстанның Халық және Рухани емшілері» мекемесіндегі ҰЛАҒАТТЫ ӘҢГІМЕ
    Адамның ТӘНІМЕН қоса ЖАНЫН да емдейтін халық емшісі ЕРЖАН ҚАМЗАҰЛЫ ДЕМЕУОВ
    Халық емшісі ЕРЖАН ДЕМЕУОВ, зікір салу адамның РУХЫН күшейтеді

    ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    26 Мамыр 2011 at 17:29 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 657 рет қаралған ...