«Іс жүзіндегі демократия мектебі»
(Школа демократии на практике)
Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтуі, демократияны ту еткен, еліміздің Ата Заңын қастерлейтін шынайы патриоттардың, қоғамдық ұйымдардың және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздің барша азаматтарына, ҮЕҰ мен партияларға төмендегідей ұсыныс-үндеу жариялайды:
ҮНДЕУ
1. Елімізде өткізілетін әр бір Сайлау немесе Референдум, демократия мектебінің кезекті сыныбын бітірумен тең екенін ескере келе, Республикамыздың барша азаматтарын өз Президентін таңдауға белсенді ат салысуға шақырып, Президенттік сайлаудың заң аясында өтуіне азаматтық қоғамның бар әлеуетін жұмылдырайық.
2. Еліміздегі тұрақтылық пен үйлесімділікті ары қарай сақтау және халқымыздың сайлау компанияларына сенімін арттыру мақсатында, барлық Сайлау учаскелерінде, ҮЕҰ мен партиялардың әлеуеттерін қолданып, азаматтардың сайлау урнасына бюллетень тастау кезеңінен бейнетүсірілім жасап және оны интернетте on-line режимінде көрсетуді ұйымдастырайық.
3. Еліміздегі барша қоғамдық ұйымдар ортақтасып, «Әр деңгейдегі сайлаулар — іс жүзіндегі демократия мектебі» деген бірыңғай атты, тұрақты істейтін мектептерді құрып, оның басқарушы Кеңесін жасақтап, мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымыздың бар әлеуетін, халқымыздың мәдени-саяси-экономикалық білімін арттыруға белсенді ат салысайық.
4. «Әр деңгейдегі сайлаулар, іс жүзіндегі демократия мектебі» деген бірыңғай атты мектептерге арнайы www.sailau-2011.kz сайтын ашып, ҮЕҰ мен партиялардың жазба-фото-видео ақпараттарын тұрақты жариялап тұрайық.
5. «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, бастамашының үлгісі ретінде, 1 сайлау учаскесінен бейнекамерамен интернетте тікелей эфирде хабар таратып, әр сағат сайын учаске жетекшісінен Сайлау барысы жайлы бейнелі есеп алып, бейнетаспаға жазылған толық ақпаратты Орталық Сайлау Комиссиясына жолдауды өз мойнына алады.
6. Еліміздің мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының демократиялық бағытта үйлесімді дамуын белсенді қолдайтын және аталмыш ҮНДЕУГЕ қосылатын азаматтарды, ҮЕҰ мен партияларды осы ізгі ниетті жобаны жұмыла іске асыруға шақырамыз!
«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры
Байланыс телефондары: 8(727) 225-25-11, 8 701 277 8316(Марат, жетекші), 8 701 712 4511(Болат, үйлестіруші), 8 775 134 3402(Ізгілік, техникалық қолдаушы)
E-mail: nauryzbai@mail.ru, sn@sn.kz, bolat53@bk.ru
Жобаның ғылыми жетекшісі, тарих ғылымының докторы, саясаттанушы, ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ: «Сайлау учаскелеріне бейнелі бақылау қоюға ҮЕҰ да, партиялар да мүдделі»
ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ Сайлау учаскелеріне бейнелі бақылау қоюға ҮЕҰ да, партиялар да мүдделі
Президентские выборы – 2011
«Школа демократии на практике»
(перевод с казахского)
(жалғасы..)