Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Бүгін – Қазақ Елі мемлекеттік рәміздері күні (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 3 маусым 2009 жыл.

    Қазақ Елі мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы энергетика және электронды аспаптар колледжінде жастардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің авторларымен кездесуі өтті.

    Кездесуге Мемлекеттік Тудың авторы — Шәкен Ниязбеков, Әнұран авторы Шәмші Қалдаяқовтың жұбайы — Ж.Қалдаяқова, Қазақ Елінің атақты палуаны — Әбілсейіт Айханов, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев, Әуезов ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері және ауданның белсенді студент жастары қатысты.

    Кездесуді ұйымдастырушылар:
    Әуезов ауданы әкімшілігі, колледж ұжымы және «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Мемлекеттік рәміздер күні Абзал Нүкенов
    Рәміздер күні Шәкен Ниязбековпен сұхбат Алматы 03 06 09 жыл
    Мемлекеттік рәміздер күні Әбілсейіт Айханов 03 06 09 жыл
    Мемлекеттік рәміздер күні Жәмилә Қалдаяқова 03 06 09 жыл
    Рәміздер күніне арналған жиын Шәкен Ниязбековтың сөзі
    Қазақ күресінің батыры Әбілсейіт Айханов студентермен кездесуде
    Қазақ өз аты жөнін қашан дұрыс жазады Ә Айханов, Ш Ниязбеков

    Сәбилер әнұран айтуда, ендеше Қазақ Елі мәңгі жасайды!!!

    Рәміздер күні СЕРІЛЕР ТОБЫ концерті Алматы 03 06 09 жыл

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    4 Маусым 2009 at 11:11 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 624 рет қаралған ...

    Cалт-дәстүрін сақтап, заманға сай жаңғырта білген халық мәңгі жасайды (бейнелі көріністер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 мамыр 2009 жыл.

    2009 жылы 30 мамыр күні Алматы қаласында тұнғыш рет «ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ — 2009″ фестивалі өтті.

    Ұйымдастырушылары:

    - «Сарыжайлау» қымыз орталығы, жетекшісі — Ахметбек Нұрсила;
    - Мәдени-саясат және өнертану институты, жетекшісі — Ерлан Саиров;
    - «НұрОтан» ХДП Алматы қалалық филиалы;

    …тіпә, тіпә, тіпә… тіл-көзден сақтап, бұл фестиваль жыл сайын 30 мамыр күні ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ барша елді мекендерінде өтуіне ТӘҢІРІМ өзің жар бола көр!!!

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ 2009 Фестивальден көріністер Алматы 30 05 09 ж
    ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ 2009 Ахметбек Нұрсила 30 05 09
    Медицина ғылымы докторы С Ғаббасов Ұлттық құндылықтар, Қымыз туралы
    ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ 2009 Айтберген, Махмұт Құлментегілер 30 05 09
    ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ 2009 этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы 30 05 09
    ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ 2009 Әзімбай Ғали Алматы қаласы 30 мамыр 2009
    Қымызмұрындық Алматы 2009 фестивалінен көріністер 30 мамыр
    Қымызмұрындық 2009 Ұлт өнері жастармен жалғасуда
    Қымызмұрындық 2009 С Ғаббасов және Е Саиров
    Қымызмұрындық 2009 М Тәтімов, Асқар Сәрсенбай
    Қымызмұрындық 2009 АСЫЛ ӘЖЕЛЕР ансамблі
    Қымызмұрындық 2009 Ұлттық салт дәстүрмен қауышқан алматылықтар
    Қымызмұрындық 2009 Қуаныштан биге түскен ӘЖЕЛЕР
    Қымызмұрындық 2009 А Тұрғанбеков НҰРОТАН партиясы өкілі
    Қымызмұрындық 2009 фестивалінде айтылған АҚ БАТА

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    31 Мамыр 2009 at 16:12 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 585 рет қаралған ...

    Қазақ тарихының азалы кезеңдерін еске алу (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 27 мамыр 2009 жыл.

    2009 жылдың мамыр айының 27-ші жұлдызында Қазақстан жазушылары кітапханасында « Азалы тарихқа айрықша тағзым » атты саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске түсіру күніне арналған және ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған мәдени шара болып өтті.

    Мақсаты: Азалы тарихымызға бас ие отырып, құрбан болған аяулы азаматтар рухына тағызым етіп, өткенімізге сауап, өткелімізге салауат айту парызымыз дегенмен, осы азалы тарихымызға жастардың бей-жай қарамауына тәрбиелеу.
    Қазақтың басына түскен сұрапыл зұлматтың зардабы мен салдары қандайлық болғандығын еске түсіріп, сол жылдардың құрбандары туралы ұрпағына білгізіп отыратын, танытатын, осы нәубет жайлы жазылған шығармаларды болашақ жас ұрпаққа насихаттау.

    Мәдени шараның қонақтары: Демограф-ғалым, саясаттану ғылымының докторы, профессор, Орта Азиялық Университеттің ректоры – Тәтімов Мақаш Байғалиұлы, Ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, «Ұлттық саяси элита» кітабының авторы — Мәмбет Қойгелдиев; С. Сейфуллиннің қызы — Сейфуллина Рымжан Мажитқызы; Ғылым докторы, профессор, академик — Құсайынов Қарттық, Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары — Ғалым Жайлыбай; Қазақстан Республикасында жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы — Жұмабек Ашуұлы; «Тауқымет пен тағзым» кітабын құрастырушы — Болатбек Төлепберген.
    Аталмыш мәдени шараға қалалық және Әуезов ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері, Саяси қуғын-сүргіндер құрбандары мұражайының өкілдері, ақын-жазушылар, №86,56 оқушылары, Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк, энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері қатысты.

    Шара аясында тарихшы ғалымдар баяндамасы, алаш арыстарының өлеңдері оқылып, ән-күйлер орындалды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу Рымжан Сейфуллина
    АЗАЛЫ ТАРИХҚА АЙРЫҚША ТАҒЗЫМ Мәмбет Қойгелдиев 27 05 09 жыл
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Жұмабек Ашуұлы
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Құсайынов Қарттық
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Ғалым Жайлыбай
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Болатбек Төлепберген
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Абзал Нүкенов
    Қазақ тарихының азалы кезеңі М Тәтімов
    Азалы күнді еске алу кеші
    Азалы күнді еске алу кеші 1

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    28 Мамыр 2009 at 18:32 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 233 рет қаралған ...

    «Соңғы қоңырау — 2009″ оқу жылын қорытындылады. (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 25 мамыр 2009 жыл.

    Еліміздің мектептерінде 2008-2009 оқу жылы аяқталып, соңғы қоңыраулар соғылды.

    Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 өнер гимназиясы оқушылары «Соңғы қоңырау — 2009″ аясында, ӘНҰРАНДЫ елімізде тұңғыш рет домбырашылар оркестрі сүйемелдеуімен шырқады. Жас ұрпақтың бойына бабалар рухын сіңіріп, олардың ұлттық ойлау қабілетін жаңғыртуға сеп болатын игі бастаманың ұйытқысы болған азамат, елімізге танымал, домбыраның ҚОҢЫР ҮНІН зерттеуші, ғалым Жұмагелді Нәжмеденов.

    Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы №145 орта мектепте де «Соңғы қоңырауға» арналған шаралар болып өтті.

    Осы мектептердегі шараларға қалалық білім саласы мамандары, ұстаздар, ата-аналар және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Алматы қаласы 145 мектеп СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ көріністері 25 05 09 жыл
    145 мектептің 3 Ә сыныбы 2009 оқу жылын қорытындылады 25 05 09
    3 Ә сыныбы оқушылары ұстаздары Ұлман апайға алғыс айтады
    3 Ә сыныбы ата аналар комитетінің төрайымы Пернегүл Татыбайқызы
    3 Ә сыныбы ата аналары атынан Ел ағасы Бексырға Данышпанов сөзі

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    26 Мамыр 2009 at 15:15 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 435 рет қаралған ...

    ӨМІРЛІК ЖАН АЗЫҒЫН ТЕРГЕН ОҚУШЫЛАР немесе ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖЕМІСТЕРІ (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 21 мамыр 2009 жыл.

    Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы №145 орта мектебінің 3 «ә» сыныбы жетекшісі Ұлман Досайқызының ұйымдастыруымен «Жақсы кітап — жан азығы» атты мәдени-ағартушылық мәні бар ашық сабақ өтті.

    Бұл шараға «Балалар кітабы» қоғамдық қорының президенті Қанат Қайым, «Жас өркен» ЖШС директорының орынбасары Дүйсен Мүсірәлиев, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының жетекшісі Болат Нәукенұлы, аудандық оқу бөлімі және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері, мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ӨМІРЛІК ЖАН АЗЫҒЫН терген 145 мектептің 3 Ә сыныбы оқушылары

    145 мектеп 3 Ә сыныбының биші қыздары

    145 мектеп 3 Ә сыныбының домбыра оркестрі

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    24 Мамыр 2009 at 10:53 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 675 рет қаралған ...

    Жаңғырған ұлттық сана талабы немесе Егемендіктің жемістері(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 15 мамыр 2009 жыл.

    2009 жылы 15 мамыр күні Алматы қаласындағы «Қоңыр Мандоки» атындағы №154 орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен тарих пәнін оқытудың жаңа ақпараттық технологияларға және жаңғырған ұлттық санаға негізделген тәсілдерін үйретуге арналған семинар болып өтті.

    Семинарға «Ұлы дала тарихы», «Алақай», «Тіл үйрену, ой үйіру әліпбиі», «Үлкен ойын» компьютерлік интерактивті бағдарламаларының авторы ҚР белгілі жаңашыл ұстаз Рамазан Жашиев, Алатау ауданы оқу бөлімінің өкілі Гүлнәр Ноғайсарина, №154 мектептің директоры Ернар Мәсәлім, Алатау ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

    Білім саласы бағдарламалары мен жобалары авторы — Рамазан Жаши ұлы

    Рамазан Жәши ұлы Бейісқали тегі — ҚазМУ-дың түлегі. Білім беру саласында отыз жылдай тер төккен оқу ісінің үздігі. Зейнет жасында да ұрпақ тәрбиелілігі мен білімдарлығы үшін әлі де талмай еңбек етіп, бүгінгі таңда 900 сағаттық компьютерлік интерактивтік бағдарламасымен Алматы, Атырау облысы мектептері пайдаланып, авторға жүрекжарды ризашылықтарын білдіруде.

    2008 жылдан бері БҒМ-ның бұйрығымен мақұлданған «Ғұламалық мектеп» сабақтары «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан беріліп, шалғай ауыл балаларына ұлттық рух себуде.

    Өзі М.Әуезов пен З.Қабдоловтың шәкірті болғанынан артық марапатты мойындамайды

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Компьютерлік интерактивті бағдарлама авторы Рамазан Жашиев
    Ұлт тарихы және ұлттық сана Ернар Мәсәлім 154 мектеп директоры
    154 мектептің тарих пәні мұғалімі сабақ жүргізуде 15 05 09
    154 мектеп оқушыларының ғылыми қоғамы туралы 15 05 09 жыл
    82 мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлбану Нұрғожаева 15 05 09 жыл
    166 мектептің тарих пәні мұғалімі Алматы 15 мамыр 2009 жыл
    160 мектептің тарих пәні мұғалімі Мұхамедиев Қайрат 15 05 09 жыл
    Аудандық оқу бөлімі осы игі істерді қолдайды Гүлнәр Ноғайсарина

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    17 Мамыр 2009 at 15:04 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 379 рет қаралған ...