Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Тәуелсіз Қазақ Елі балалар әдебиеті заман талабына сай ма ? (Ағашқа өрмелеп «ұрандамай», жалғыз жүріп «шырылдамай», бар мүмкіндікті пайдаланып топтасып-ұйымдасып-бірігіп ұрпақ үшін еңбек еткен жандар туралы бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 19 маусым 2009 жыл.

    2009 жылы 18 маусым күні Алматы қаласы әкімдігі «Тіл» оқу — әдістемелік орталығында тіл мамандарының «Балалар әдебиеті заман талабы тұрғысында» атты семинар-кеңесі өтті.

    Мақсаты:
    - бүгінгі таңдағы балаларды қызықтыратын тақырыптарды анықтау;
    - қазақ әдебиетіндегі шығармаларды іріктеп алу мәселесін шешу;
    - жас ерекшілігіне байланысты ұсынылатын әдебиеттерді сұрыптау;
    -Бала бақшалар мен отра мектептің бастауыш сыныптарына арналған аудиобиблиотеканың топтастырылуы мен басылу мәселелерін талқылау.

    Жиналысқа Бекен Ыбрайым – филология ғылымының докторы, Манат Досжан – кітапхана басшысы,Тоқтар Әлібеков – филология ғылымдарының кандидаты, Сейілбек Сакенов – филология ғылымының кандидаты, Серікбай Қосанов – фольклор танушы, Гүлсім Камаловна — кітапхана басшысы,Елена Жамелқызы Ағайса – Қазақстан жазушылары кітапханасының басшысы, Сағын Иманбаева – кітапхана басшысы, Шолпан Дубертаева – Крылов атындағы кітапхананың басшысы, Жанна Шакировна — кітапхана басшысы және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Мамай Ахетов Алматы 18 06 09 жыл
    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Бекен Ыбырайым филология докторы
    БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ және ЗАМАН ТАЛАБЫ атты кеңеске қатысушылар

    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Елена Ағайса Алматы 18 06 09 жыл
    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Мамандар талқысы Алматы 18 06 09
    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Сағын Иманбаева Алматы 18 06 09
    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Серікбай Қосан Алматы 18 06 09
    БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ КІТАП КЕРЕК Мамандар кеңесі Алматы 18 06 09

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    19 Маусым 2009 at 13:33 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 338 рет қаралған ...

    БАРШАҒА ҚҰШАҚ ЖАЙҒАН ҚАЗАҚ ҰЛТЫ немесе МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕНСІНБЕЙТІН ДИАСПОРАЛАР (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 12 маусым 2009 жыл.

    2009 жылғы 12 маусым күні Алматы экономика және статистика академиясының мәжіліс залында Әуезов ауданы әкім аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында қазақ тілі қолданысын кеңейту мәселелері» атты Әуезов аудандық қазақ тілі мамандарының Тіл Форумы өтті.

    Әуезов ауданында үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты:
    2009-2010 оқу жылындағы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасындағы мекемелерде қазақ тілі пәнінің ахуалын, жалпы білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі пәнінің сапасын арттыру, қосымша әдістемелік құралдар мен тәсілдерді кеңінен пайдалануға бағыттау.

    Форумда Әуезов аудандық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 14 орыс және аралас мектептеріндегі қазақ тілін меңгеру сапасын анықтау мақсатында жүргізген тест қорытындысы жарияланды.
    Сонымен қатар, ауданда өткен «Үздік аудармашы» бақылауының жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.

    Аудандық қазақ тілі форумына Алматы қалалық Тіл басқармасының өкілдері, аудандық білім беру мекемелерінің, балабақшалардағы қазақ тілі пәнінің мамандары, жоғары және арнайы орта оқу орындарының қазақ тілі мамандары және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысты.

    Өкінішке орай арнайы шақырылған диаспоралардың мәдени орталықтары жетекшілерінің бірде бірі ( Асылы Османқызынан басқа) қара көрсетпеді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    АЛАҚАЙ компьютерлік ойын топтамасын таныстыру

    Тіл форумы Асылы Осман Алматы 12 06 09
    Тіл форумы А Нүкеновтің сөзі Алматы 12 06 09
    Тіл форумы Бала бақшадағы тәрбие
    ТІЛ ФОРУМЫ Көшербаев Әлжанбектің сөзі ТІЛ журналының редакторы
    ТІЛ ФОРУМЫ Домбай Нұрперзенттің сөзі Алматы 12 06 09 жыл
    ТІЛ ФОРУМЫ Сайраш Әбішқызының сөзі Алматы 12 06 09 жыл
    Тіл форумы 104 мектеп ұстазы Нақыпова Марияш
    ТІЛ ФОРУМЫ Алматы тіл дамыту басқармасынан Күләш Есеналиева
    Тіл форумы 5 мектеп гимназия Ауғанбаева Айжан
    Тіл форумы Мерке ауданындағы тіл ахуалы Зерттеу
    ТІЛ ФОРУМЫ Қатысушылардың жеке пікірлері Алматы 12 06 09 жыл

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Маусым 2009 at 10:25 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 199 рет қаралған ...

    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНА ҚҰШТАРЛЫҚ немесе ЖАСТАР ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖЕМІСТЕРІНЕН НӘР АЛУДА (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 11 маусым 2009 жыл.

    2009 жылдың 10 маусым күні Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінде «Қазақ поэзиясы» кеші болып өтті.

    Ауданның белсенді студент жастары ұйымдастырған бұл кешке Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, қазақтың танымал ақындары Мұхтар Шаханов, Исраил Сапарбай және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кешін әнші КҮНТУҒАН ашты 10 06 09 жыл
    Энергетика колледжіндегі ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кеші Алматы 10 06 09 ж
    Ақын Исраил Сапарбай ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кешінде Алматы 10 06 09 жыл
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кеші Мұхтар Шахановтың сөзі Алматы 10 06 09 жыл
    Әуезов ауданындағы ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кеші Абзал Нүкенов 10 06 09
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ туралы Исраил Сапарбай Алматы 10 06 09 жыл
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кешінен көріністер Алматы 10 06 09 жыл
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кеші Белсенді студенттерді марапаттау
    Толеугали Тайтулеев ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ кеші қонақтарына сый ұсынуда

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    13 Маусым 2009 at 16:58 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 151 рет қаралған ...

    ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ОРТА МОЙЫНДАУДА (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 11 маусым 2009 жыл.

    2009 жылы 9-10 маусым күндері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті, Мәдени саясат және өнертану институты «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғамдық форумымен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық әріптестігімен «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.

    Аталмыш Халықаралық ғылыми-теориялық конференция үшбірдей міндетті алдына қояды: «Мәдени Мұра» ұлттық жобасын халықаралық дәрежеде насихаттау; Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық өзекті мәселелерді шешетін, халықаралық өркениеттер диалогының алаңына айналдыру, сондай-ақ Қазақтың ұлттық тарихи-мәдени мұрасын дүниежүзілік ғылыми айналысқа енгізу.

    Конференцияға әлемге танымал ғалымдар, белгілі қоғам қайраткерлері және АҚШ, Канада, Франция, Австрия, Қытай, Италия, Индия, Ұлыбритания, Швейцария, Чехия, Ресей, Литва, Эстония сынды т.б. елдердің ғылыми-шығармашылық зиялы өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Конференция Алматы 09 06 09 Олжас Сүлейменов
    Конференциядан көріністер Алматы 09 06 09
    Халықаралық конференция қонақтары Алматы 09 06 09 жыл
    Конференция Алматы 09 06 09 Ерлан Саиров
    БАҚ журналистері А Қырықбаевтан сұхбат алуда Алматы 09 06 09
    Конференция Мұрат Әуезовтың сөзі Алматы 09 06 09 жыл
    Ғылыми конференцияда С Борбасов және С Ғаббасов 09 06 09 жыл
    Конференция Алматы 09 06 09 Куликов В И
    Конференция Алматы 09 06 09 Маркетти Рафаэле
    Халықаралық ғылыми конференция Ерлан Саировтың сұхбаты 09 06 09

    Мәдени саясат және өнертану институтының бір жұмыс күні

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    11 Маусым 2009 at 10:02 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 993 рет қаралған ...

    Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындары өмірінің бір күні (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 5 маусым 2009 жыл.

    2009 жылдың 5 маусымында Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық орыс театыры ғимаратының алдында студенттік құрылыс отрядының сарбаздарын құрылыс нысандарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

    Аталмыш шараға аудан аумағында орналасқан 6 жоғары оқу орындарының және 18 арнайы орта кәсіптік оқу орындарының 300-ге жуық студенттері қатысты. Студенттік құрылыс отрядының негізгі бөлігі өз жатақханаларына құрылыстық-жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

    Әуезов аудандық студенттік құрылыс жасағының штабы 2005 жылы Алматы қаласы әкімшілігінің Қаулысына сәйкес жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорымен құрылған Алматы қалалық студенттік құрылыс отрядының құрамына кіреді және жазғы каникул кезінде құрылыс жұмыстарына қатысуға қызығушылық танытатын, Алматы қаласы Әуезов ауданының ерікті негізіндегі жоғарғы оқу орындары мен арнайы оқу орындарының студенттерін біріктіреді.

    Салтанатты шараға Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы Әділ Несіпбаев, ақсақалдар атынан зейнеткер Жолсейіт Мезгілбай, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, аудандық студенттер құрылыс жасағының капитаны Біржан Өтебаев, аудан жастары және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер одағы өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Жастардың құрылыс жасағы Әділ Несіпбаевтың сөзі 05 06 09 жыл
    Студенттік құрылыс жасағы жиыны Жолсейіт Мезгілбай ағаның сөзі
    Әділ Несіпбаев озат студенттерді марапаттауда Алматы 05 06 09
    Студенттерді жұмысқа қамту туралы Әділ Несіпбаев Алматы 05 06 09
    Студенттік құрылыс жасағының жетекшісі Біржан Өтебаев Алматы
    Жиын соңындағы концерттен көріністер 5 маусым 2009 жыл

    Алматыдағы қазақ бала бақшалары мәселесі 4 маусым 2009 жыл
    менин Республикам
    Алматыдағы Орыс мемлекеттік театры
    video Рамазан Жашиев

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    5 Маусым 2009 at 18:23 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 475 рет қаралған ...

    Алматыда «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫНДАҒЫ РӨЛІ» атты халықаралық басқосу болады. (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 4 маусым 2009 жыл.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
    «ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ» ӘЛЕМДІК ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМ
    МӘДЕНИ САЯСАТ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ ИНСТИТУТЫ

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    9-10 маусым, 2009 жылы сағат 10.00-да «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫНДАҒЫ РӨЛІ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізіледі.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Мәдени саясат және өнертану институты Әзімбай Ғали 21 05 09 ж
    Мәдени саясат және өнертану институты Ғалия Садықова 21 05 09 ж

    КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БАҒЫТТА ЖҮРЕДІ: (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    4 Маусым 2009 at 12:36 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 315 рет қаралған ...