Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Сүйінші!!! «Халық өкілдерінің құрылтайында» қоғамдық негізде «Қазақ ұлттық Кеңесі» құрылды. (фото-видео репортаж)

    /  Арнайы www.internetTV.kz үшін

                         Болат Нәукенұлы.

                          Қазақ Елі, 23 қараша 2013 жыл

     

    Бүгін, яғни 2013-жылдың 23-қарашасы күні Алматы қаласындағы «Жалын» журналының редакциясында «Халық өкілдерінің құрылтайы» болып өтті.

    Құрылтайдың Мандаттық комиссиясының мәліметі бойынша құрылтайға 348 халық өкілдері қатысты. Олардың ішінде белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары, түрлі қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, БАҚ өкілдері және 12 облыстан 47 адам болды. Сонымен бірге 1 адам Ресей Федерациясынан, 4 адам Қытай елінен, 1 адам Өзбекстаннан келді.

    Мұхтар Шахановтың «Халық өкілдерінің құрылтайындағы» кіріспе сөзі

    «Халық өкілдерінің құрылтайындағы» М Шахановтың баяндамасы

    Марат Тоқашбаев «Халық өкілдерінің құрылтайында»

    Ғабиден Жәкей «Халық өкілдерінің құрылтайында»

    Балташ Тұрсынбаев «Халық өкілдерінің құрылтайында»

    Академик Оразалы Сәбден «Халық өкілдерінің құрылтайында»

    Режиссер Еркін Рақышев «Халық өкілдерінің құрылтайында» 23 11 2013 жыл

    Дәурен Бабамұратов «Халық өкілдерінің құрылтайында» 23 11 13 жыл

    «Халық өкілдерінің құрылтайындағы» Астана қаласының үні

    Жарылқап Қалыбай «Халық өкілдерінің құрылтайында»

    Дулат Исабеков «Халық өкілдерінің құрылтайында»

     

    «Халық өкілдерінің құрылтайын» Мақсат Илясұлы жүргізуде

    «Халық өкілдерінің құрылтайы» барысынан бейнелі көріністер

    «Халық өкілдерінің құрылтайынан» фотокөріністер 23 11 13 жыл

     

    Құрылтайдың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

    Атап айтқанда Біріккен Ұлттар ұйымының «Байырғы халықтардың құқықтары туралы» Декларациясына сәйкес қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретінде конституциялық құқықтарын қорғау және қазақ халқының атынан билікке талаптар қоя алатын өкілеттілік институты – Қазақ ұлттық Кеңесі құрылды. Оның Ережесі, басқару органдары белгіленіп, Кеңестің төрағасы болып, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов сайланды.

    Екіншіден, Қазақ ұлттық демократиялық мемлекет қалыптастырудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама осыған дейін бірнеше ай бойы халықтың талқылауына түскен болатын. Көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып қабылданған Тұжырымдама алдағы уақытта да толыға түсуі мүмкін екенін айтты.
    Үшіншіден, Құрылтайдың Қарары қабылданды.
    Қарар бойынша Халық өкілдерінің Құрылтайында – Халық өкілдерінің Құрылтайына Қазақстанда тұратын байырғы қазақ халқының мүддесі мен еркін білдіретін Бас жиын мәртебесін берілді.

    Құрылтай Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы мен заңдарында Қазақ халқының конституциялық мәртебесінің айқындалмағандығын ескере отырып;
    «Біріккен Ұлттар Ұйымының 2007 жылы 23-қыркүйекте қабылданған Байырғы халықтардың құқықтары туралы Декларациясындағы» байырғы халықтардың өзін өзі билеуі құқығын баянды еткен және осы құқықтың негізінде өзінің саяси мәртебесін өз бетімен еркін айқындайтындығы туралы 3-бабын басшылыққа ала отырып;

    Біріккен Ұлттар ұйымының 1960 жылғы 14-желтоқсанда қабылданған «Отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы декларациясының» барлық халықтардың өзін өзі билеу құқығын пайдалана отырып өздерінің саяси мәртебесін орнықтыратыны туралы 2-бабын ескере отырып;
    «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» қағидаттарын қаперде ұстай отырып;

    Қазақстандағы қазақ халқының мәртебесін бірден-бір байырғы халық әрі мемлекет құрушы ұлт ретінде айқындайтынын атап өтті және бекітті.
    Сонымен бірге Құрылтайда халыққа арнайы үндеу жарияланып, билікке 23 мәселе бойынша талап қойды.

    Бұрынғы өткен бас қосулар мен Құрылтайлар:

    Ғалымдарының ақылын тыңдамайтын, Елбасшысының айтқанын теріс орындайтын, ұлттық болмысынан жеріген ҮКІМЕТ кімдердің мүддесіне қызмет етіп жүр? (фото-видео репортаж)

    http://internettv.kz/?p=1772

    «Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы» атты басқосу. (фото-видео репортаж):
    http://internettv.kz/?p=1879«Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы болып өтті (фото-видео репортаж):
    http://internettv.kz/?p=4020

    Алматы қаласында өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы (фото-видео репортаж):
    http://internettv.kz/?p=3993

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ төрағасы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН: «ҚАЗАҚСТАНДЫ ТОЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰСЫНАМЫН»:
    http://internettv.kz/?p=4507

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Сүйінші!!! «Халық өкілдерінің құрылтайында» қоғамдық негізде «Қазақ ұлттық Кеңесі» құрылды. (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    23 Қараша 2013 at 20:11 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 320 рет қаралған ...