Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Біртұтас ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ өз ЖЕРІН өзі ИГЕРЕ АЛАДЫ !!!

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 5 мамыр 2016 жыл

    2011 жылы 20 қазанда zonakz.net сайтында жарияланған

    «Қазақтың 200 қаласы» атты

    ұлттық Жоба керек !!!

    Қазақ Елінің тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сай келетін урбанизация үрдістерін жүргізе отырып, ұлттық экономикамыздың табиғи даму мүмкіндіктерін әлі толық игеру үшін: 

    бірінші кезекте, халқымыздың бүгінгі-ертеңгі несібесін опыра жеп жатқан, көп шығынды-үлкен қалаларды ұлғайтуды тоқтатып, Елдің бар қаражаты мен мүмкіндіктерін – барлық аудан орталықтарын тікелей Үкіметке бағынышты индустриалды кіші қалаларға айналдыруға бағыттайтын Заңдар қабылдау керек;

    екінші кезекте, тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді-мекендерге қала статусын, тұрғындар саны 1 мыңнан асатын елді-мекендерге қала типті ауыл статусын беруді және оларда осы заманға сай инфраструктуралар мен ұқсатушы кәсіпорындар салуды көздеген бас жоспарлары бекітілген, ғылыми негізделген нағыз урбанизациялық жобаларды орындау үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс.

    Адамзат бар кезде, ұдайы сұранысқа ие экологиялық таза азық-түлік өндіру, Қазақ Елінің экономикалық стратегиясының негізі болуы тиіс.

    Біз – қоғамымыздың кез-келген саласындағы ғылыми-техникалық прогресске қарсы емеспіз, бірақ – ұлттық экономикамыздың негізі, алтын қазығы – ата кәсібіміз – мал шаруашылығы мен егіншілік екенін мойындап, ауыл шаруашылығының осы салаларында, ата-бабаларымыздың ғасырлар сынағынан өткен технологияларын қолданып, экологиялық таза, әрі жоғары сапалы өнім өндіруде әлемдік ең соны техника – жабдықтарын пайдаланып, дүниежүзілік бәсекелестікке төтеп беретін ұлттық өнімдерді жаңғыртып, оларды әлемдік экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін нақты және тиімді жолдарды ұсынамыз:

    – Қазақ Елінің кез келген азаматы өз туған жерін-Ауылын мәңгілік отаным деп тануы үшін, ұрпағының ертеңгі күніне сенімді болуы үшін, қай уақытта болмасын өз ауылының экономикасына үлес қосуға мүмкіндігі болуы үшін, Жерге тек қана мемлекеттік меншік орнату арқылы әр бір елді-мекен төңірегіндегі ЖЕР және СУ ресурстары осы Ауылдың қазіргі және болашақ тұрғындарының ортақ байлығы саналып, оларды пайдалану тек қана ұзақ мерізімді жалға беру арқылы жүргізілуі тиіс;


    – Еліміздегі 200 аса аудан орталықтарын, сол төңіректегі елді-мекен тұрғындарының мәдени-рухани-ғылыми-технократтық мұқтаждықтарын өтейтін және олардың өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін кешенді түрде ұқсатып, бірден экспортқа шығара алатын технопарктерге айналдыру үшін, ҮКІМЕТ әр ауданның ДАМУ ҚОРЫ-ның құрылуына ықпал етіп, оған әр-бір елді мекеннің көп салалы «Ұждан» мәдени ағарту Клубтары жетекшілерінен құрылған БИЛЕР КЕҢЕСІ қоғамдық бақылау жасап, Қорға жыл сайын ең болмаса 1(бір) млн.евро бөліп тұрса, бірер жылдан соң аудандық ДАМУ ҚОРЫ-ның өндіруші салаға жұмсаған қаржысы бірнеше есе болып қайтып, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, иммиграция, демография т.б. мәселелер кешенді түрде шешілер еді.

    Осындай жолдармен, Еліміздің табиғи даму ресурстарын толық игеріп байыған, соның арқасында өсіп-өніп, оқып-тоқыған, Еліміздің түпкір-түпкірінде пайда болатын 200 аса халықтың өмір сүруіне ыңғайлы кіші-қалаларда одан әрі өз ақыл-ойын-қайратын қолдануға мүмкіндік таппай, қолы босайтын болашақ ұрпақ – сол кезде ғана үлкен қалаларға барып, бәсекеге қабілетті зерделік және өндірістік өнім шығарып, өзін ақтайтын мегаполистерді дамыту міндетін – өз еншісіне алуы керек

    ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ: http://internettv.kz/?p=2830

    Сурет. Жерді сатпаймыз

     

    Күн сайын күрделеніп бара жатқан 
    САЯСИ — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУҒА
    үкіметтің шын «ниеті болса» 
    ЗАҢ мен ХАЛЫҚ ТАРАПЫНАН ЕШ КЕДЕРГІ ЖОҚ !!!

    ……………………………………………………………………………..

    Егер бүгінгі билік :

    1. АТА ЗАҢДЫ СЫЙЛАСА

    2. Заң шеңберінде ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІН БІЛГІСІ КЕЛСЕ

    3. Қазақстан ӨЗІНІҢ әлемге жария еткен ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАЛАСА

    4. ҚҰДАЙ беріп тұрған мүмкіндікті — халықтың ынтасын, жігерін ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН сәтті пайдалана алса

    ОНДА халықтың — АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЫНТАСЫМЕН өткелі жатқан 21.05.2016 жылғы БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЕЙБІТ ШЕРУГЕ билік РҰҚСАТ БЕРІП , өздерінің кімге қызмет етіп келгендерін білер еді.

    Әрине, ЕГЕР бүгінгі биліктің (ПАРЛАМЕНТ, ПӘ, ҮКІМЕТ) ішінде

    ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВТЕЙ АЗАМАТТАР БОЛСА ғана…

    ҚОСЫМША ОҚУ: 

    ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:

    «ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР»

    (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ:

    «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)

     

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Біртұтас ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ өз ЖЕРІН өзі ИГЕРЕ АЛАДЫ !!! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    5 Мамыр 2016 at 13:56 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 726 рет қаралған ...