Қазақ Елінде 7-мыңнан аса АУЫЛДАР (елді-мекендер) бар. Егер әр-бір АУЫЛ (елді-мекендер) өзінің тәрбиелік-жауапкершілік ОРТАСЫН, яки өзін-өзі басқару ТЕТІГІН жаңғырта алса, онда Қазақ Елі мәңгі жасайды деуге болады…
Сонымен Қазақ Елі мәңгі болуы үшін 7-мыңдай (төменде баяндалатын)
НАҚТЫ ІС-ӘРЕКЕТ керек екен…
Бұл жазбаны жария етуге, мына ТӨМЕНДЕГІ ХАТ себеп болды:
Құрметті інім Болат Нәукенұлы!
Куаныш Муктайдың фейсбуктағы парақшасында 27.01. күні Тұрсынбек Қабатов туралы жазылған сыни мақалаға орай өз ойымды білдірген едім. Соған «АДАМ ( ҰЛТ — МЕМЛЕКЕТ — ҚОҒАМ ) ғана өсіп-дамыйды. http://internettv.kz/?p=2830» деген айдармен пікір жазыпсың (менің жасымның бір мүшелдей үлкендігін ескере отырып сен деп сөйлегеніме сөкпейтін боларсың). Ондағы материалдармен таныстым, «Қазақ халқы бай қуатты болуы үшін не істеу керек?» - деген кітапшаңды оқып шығып, қағаз бетіне көшіріп алдым. Құнды дүниелер екен! Бірақ, кітапшаны көшіріп алғанмен, басқа дүнилерді парақшама енгізе алмадым. Компьютердің қыр-сырын онша біле бермеймін.
Кітапшаны оқып шығып, кейбір материалдармен танысып, КЕРЕМЕТ РАЗЫ болдым!!! Нағыз ҚАЗАҚ екенің көрініп тұр.
Болат бауырым!
Кітапшаның аяғында: «Құрметті Оқырман!
Пікірлеріңізді төмендегі телефондар арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.
Одақтың үйлестіру қызметінің жетекшісі: Болат Нәукенұлы Бөтеев,
Тел. 8-701 277 1683, 8 701 712 4511
Одаққа мүше болып, «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары жанынанөз үйірмелерін ашам деушілерге жан-жақты көмек беріледі, хабарласыңыздар !» - деген екенсің.
Осыған орай, ауылда істеліп жатқан жұмысымызбен (төменде жазылған) таныстыры отырып, ақыл-кеңес айтар ма екен деп өздеріңе хат жазып отырмын.
Ары қарай не істеуге болады? Одаққа мүше болып, «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары жанынан үйірме ашқан дұрыс па?Жоқ басқадай бола ма? Ақыл кеңестеріңді күтемін.
Менің мекен-жайым: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, Ақылжан көшесі, 38-үй, Телефон-факс: 8 72230 28-1-31; ұялы телефон: 8 701 406 1756; электронды адресім: Tursynbaev43@mail.ru
««Азаттық радиосының» бір тілшісінің: «…жерімнен құт кетті, береке, ырыс, бақ та жоқ, жүректерде иман мен махаббат та жоқ, жас ұрпақтың санасы уланған кезеңге тап болдық, тіл кетті жетімсіреп, жер кетті сатылып, байлық кетті шашылып, сұрапыл саясаттың құрбаны болдық…» — деп айтқан сөзі бар.
Сол бауырым айтқандай «Еңсесі күннен-күнге түсіп бара жатқан ұлтымыздың, құлға айналып бара жатқан қазағымның тағдыры қалай болады? Қоғамды қалай түзетуге, қалың ұйқыдағы халықтың санасын қайтіп оятуға болады?…» — деген ойлар көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың, қазақ патриоттарының қасиетті міндеті болуы керек деп ойлаймын.
Өзім тұратын ауылдық округте көп жылдан бері, ойлаған арманымды, жасаған жоспарымды іске асыру мүмкіндігінің орайы енді келіп тұрғандай.
Негізгі мақсатым, ауылдық округ көлеміндегі саны бар, сапасы жоқ қоғамдық ұйымдардың басын біріктіріп, солардың негізінде, халық үшін қызмет ететін «Ауылдық КЕҢЕС» құру болатын. Оның негізгі мідеті:
«Науалы ауылдық Кеңесінің» негізгі міндеті – ауылдағы дұрыс шешімін таппай жүрген мәслелерді шешуге ат салысу; халықтың жағдайын біліп, күйзеліп отырған тұрмысын айтып, билікте отырғандарды тиісті шешім қабылдауға ықпал ету;халық дәстүрлерінің жаңа заман талабына сай озғандарын дәріптеп, тозғандарынан арылу мақсатында халықпен тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу; ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарды жаңғырту; ауыл әкімдігі мен учаскелік полиция инспекторларына көмектесе отырып, ауылда заңдылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына ат салысу; тағы да басқа шаралар арқылы ауылдың барлық қоғамдық өміріне араласып, халықтың әлеуметтік ахуалының артуына, Науалы ауылының өсіп-өніп, көркеюіне жағдай жасау болып табылады…»
Қазір, осы жұмыстарды іске асыру үшін дайындық жұмыстарымен айналысудамыз. Бұған біздің ұсынысымызбен сайланған ауыл әкімі қолдау көрсетіп отыр. Ауыл халқының ұсынған адамы әкім болып сайланды. Сайлау әділ өтті, әлі күнге дейін бұған таңданудамын. Ауылымызда бұрын-соңды болмаған жағдай.
Әділ өтті деуіме мынандай жағдай себеп болды. Ауыл әкімі болып сайлануға үш адамның (аудан әкімінің ұсынған адамы, өзін-өзі ұсынған және біздің ұсынған азаматтарымыз) кандитатурасы ұсынылды. Осы азаматтардың өмірбаяны мен ұсынған бағдарламасымен танысу барысында ауыл халқы, әрқайсысына қол соғып қолдау білдіріп отырды. Халық кімді қалайтынын ұзақ, әрі ду қол шапалақтаумен өздерінің ықыласын білдірді. Ол адам біздің адам еді. Сонда аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысына қарап тұрып: «Көрдіңіз бе, халық кімді қолдап отырғанын. Сайлау әділ өтеді деп ойлаймын» — деген еді.
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы тұрғындары
жиналысының Х А Т Т А М А С Ы
Науалы ауылы.7қазан 2015 жыл
Жиналыстың төрағасы -
Жиналыстыңхатшысы -
Жиналысқа қатысқандар – 197 адам.
Күн тәртібі:
1. «Науалы ауылдық Кеңесінің»жарғысын бекіту.
2. «Науалы ауылдық Кеңесінің» мүшелелерін сайлау.
3. Хатымхана мен Мешіттің жұмыстарын жандандыру және оларды оңтайландыру мақсатында шаралар топтамасын жасау.
4. Хатымханада жиналыс өткізу туралы.
Науалы ауылы тұрғындары жиналысының ҚАУЛЫСЫ:
1 . «Науалы ауылдық Кеңесінің» Жарғысының төмендегі мәтіні:
«НАУАЛЫ АУЫЛДЫҚ КЕҢЕСІНІҢЖАРҒЫСЫ
«Науалы ауылдық Кеңесінің» негізгі міндеті – ауылдағы дұрыс шеші-мін таппай жүрген мәслелерді шешуге ат салысу; халықтың жағдайын біліп, күйзеліп отырған тұрмысын айтып, билікте отырғандарды тиісті шешім қабылдауға ықпал ету; халық дәстүрлерінің жаңа заман талабына сай озғандарын дәріптеп, тозғандарынан арылу мақсатында халықпен тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу; ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарды жаңғырту;ауыл әкімдігі мен учаскелік полиция инспекторларына көмектесе отырып, ауылда заңдылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына ат салысу; тағы да басқа шаралар арқылы ауылдың барлық қоғамдық өміріне араласып, халықтың әлеуметтік ахуалының артуына, Науалы ауылының өсіп-өніп, көркеюіне жағдай жасау болып табылады.
Хатымхана «Науалы ауылдық Кеңесінің» жұмысын іске асыратын, халықүшін қызмет етіп, халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптейтін және басқа да әлеуметтік шараларыды іске асыратын ОРТАЛЫҒЫ болып саналады.
Сондықтан, осындай іс-шарларды іске асыру үшін:
1) «Науалы ауылдық Кеңесінің» құрамына халықтың түпкілікті мүдделерін ойлайтын, ұлттық құндылықтар мен ұлттық сананы жоғары қоя білетін ауылдың белсенді азаматтарынан — 15 адам сайланады.
Олар:
- Ауылдық Кеңестің мүшелері – 11 адам
- Ақсақалдар алқасының төрағасы – 1 адам
- Әйелдер кеңесінің төрайымы – 1 адам
- Жастар кеңесінің төрағасы – 1 адам
- Мешіт пен Хатымханадан – 1 адам
Бұларды ауыл халқының жиынында, ашық дауыспен 2 жылғасайлайды. Бірақ қатарынан екі реттен артық сайлауға жол берілмейді.
2). Ауылдық Кеңестің қабылдаған шешімі, Кеңес мүшелерерінің кем дегенде 2/3 қатысып, олардың көпшілігі қолдап дауыс бергенде ғана заңды күшіне енеді.
3). «Науалы ауылдық Кеңесінің» отырысына ауылдың кез келген азаматы қатысып өз ойын, пікірін айтып, ұсыныс жасай алады.
4).«Науалы ауылдық Кеңесі» мүшесінің іс әркеті, халықтың мүддесіне қайшы келген жағдайда, ауыл жиынында дауыс беру арқылы, өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.» - бекітілсін.
Жаңадан құрылған «Науалы ауылдық Кеңесінің» мүшелерінің қатысуымен жоғарыдағы Жарғының мәтіні толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, келесі жиында толығымен бекітілсін.
Жақтап дауыс бергендер – 197 адам, қарсы — жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.
2.«Науалы ауылдық Кеңесінің» мүшелігіне мына адамдар сайлансын:
1 5 а д а м с а й л а н д ы
Жақтап дауыс бергендер – 197 адам, қарсы — жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.
3. Хатымхана мен Мешіттің жұмыстарын жандандыру және оларды оңтай-ландыру мақсатындағы шаралар топтамасын жасау, жаңадан құрылған «Науалыауылдық Кеңесінің» мүшелеріне тапсырылсын. Жасалған шаралар топтамасы келесі ауыл жиынында бекітілсін.
Жақтап дауыс бергендер – 197 адам, қарсы — жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.
4. Науалы ауылы халқының ауылдық жиындарға қатысу белсенділігі өте төмен. Оның себебі: жиынның болатын мерзімін білмей қалады, жұмыстан босай алмайды, жиынның қорытындысына сенбейді, ерінеді…
Сондықтан ауыл халқының белсенділігін арттыру мақсатында, ең бастысы ауылда болып жатқан жаңалықтарды хабардар ету үшін, Хатымхананың мүмкіндігін пайдаланып хатым және ас беру кезінде, 5 минуттай уақытқа жиналыс өткізуге рухсат етілсін.
Жақтап дауыс бергендер – 196 адам, қарсы – 1 адам, қалыс қалғандар – жоқ.
5. Осы қаулының жазбаша көшірмесі халық көп қатысатын көрнекті жерлер-ге ілінсін.
Жақтап дауыс бергендер – 197 адам, қарсы — жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.
Жиналыстың төрағасы:
Жиналыстыңхатшысы:
Хаттама және НАУАЛЫ АУЫЛДЫҚ КЕҢЕСІНІҢЖАРҒЫСЫНА алып-қосарларыңыз, артық-кемі бар ма?
Науалы ауылдық округінің аумағында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің саны төмендегідей болып белгіленді:
1. «Науалы ауылдық Кеңесінің» мүшелері – 15 адам
2. «Ақсақалдар алқасының» мүшелері — 11 адам
3. «Әйелдер кеңесінің» мүшелері – 11 адам
4. «Жастар кеңесінің» мүшелері – 11 адам
5. «Хатымхана алқасының» мүшелері – 11 адам
6. «Мешіт алқасының» мүшелері – 11 адам
02.02.2016
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН — ҚАНДАСТАР !
Қазақ Елінде 7-мыңнан аса АУЫЛДАР (елді-мекендер) бар. Егер әр-бір АУЫЛ (елді-мекендер) өзінің тәрбиелік-жауапкершілік ОРТАСЫН, яки өзін-өзі басқару ТЕТІГІН жаңғырта алса, онда Қазақ Елі мәңгі жасайды деуге болады…
БӘРІМІЗДІҢ ЖАУАП БЕРЕР КЕЗІМІЗ КЕЛДІ:
Ұлт болып қаламыз ба? Жоқ па?
«Отбасы – жеке қазақ» деңгейлеріне дейін ыдыраған бүгінгі ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ, ұрпағына толыққанды ұлттық тәрбие бере алмайтын жағдайда отыр.
Бізге қақтығыстар мен төңкерістер керек емес. Бізге ештеңені бүлдірудің де, сындырудың да, өзгелерге жалтақтап-еліктеудің де қажеті жоқ…
Бізге керегі – ұлтымыздың тарихын зерделеу арқылы, Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгегі болатын, қазіргі заман талаптарына лайық, еліміздің заңдарына сай, біртұтас халқымыздың әлеуетін мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымызды дамытуға бағыттай алатын негізді табу.
Ал ең тұрақты негіз, жауапкершілік һәм тәрбиелік орта, ол — елді мекен, АУЫЛ.
…әлімсақтан қазақ санасында, АУЫЛ деген ұғым өте киелі. Ел-жұрт топтасып қоныстанған елді мекен, үлкен-кішілігіне қарамай, АУЫЛ деп аталып, ол жерде ұлттық ТӘРБИЕЛІК және ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА қалыптасып, ұрпақ тәрбиесі дұрыс жүйелі жолға қойылған еді. Бұл ортадан тәрбиелі, қарапайым еңбекқор қазақтармен қатар ұлтының мақтанышы болған, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген, жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, Ел ағалары, ақын-жыраулар, батырлар, әмбебаб-ұсталар, ғұлама билер үздіксіз шығып отырған…
Бүгінгі Қазақ Елінде қалыптасқан жағдайды түзеу үшін,
бірінші кезекте, Алматы және Астана қалаларында, Еліміздің 200-ден аса аудандарынан келген азаматтардың құқықтық және экономикалық мәдениетін көтеру мақсатында, әр ауданның көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын ұйымдастыру керек. Бұл Клубтардағы тәрбиелік жұмыстарға қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, өмір елегінен өткен, парасатты ауыл ақсақалдары – ел ағаларынан БИЛЕР сайланып, осындай әр Клуб қаладағы сол ауданнан шыққан азаматтардың –ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортасына айналуы тиіс…
Екінші кезекте, осы Клубтар елдегі өз аудандарындағы әр-бір елді мекенмен (ауылмен) байланыс орнатып, сол өңір тұрғындарының қаладағы мәдени өкілдігі қызметін атқарумен айналысады.
Жеке азамат отбасына – отбасының белсенді мүшелері әр ауылдың (елді мекеннің) мәдени-ағартуКлубтарына топтасып-бірігіп– мыңдаған «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары арқылы – гүлденгенҚАЗАҚ ЕЛІНЕ айналайық!
Қазақтың ұлттық ойлау қабілетін жаңғыртушылардың ең басты міндеті – әрбір жанның қанында сақталған тарихи жадын қозғауға белсене ат салысып, жады оянған азаматтардың басын қосып, Қазақ Елі заңдары аясында, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, кемеңгер ата-бабаларымыз бізге АМАНАТ етіп кеткен қазақ азаматтық қоғамының шежірелік (корпоративтік) жүйесін қайта жаңғыртып, Қазақтың ұлттық ойлау қабілетін жаңғыртушылардың ең басты міндеті – әрбір жанның қанында сақталған тарихи жадын қозғауға белсене ат салысып, жады оянған азаматтардың басын қосып, Қазақ Елі заңдары аясында, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, кемеңгер ата-бабаларымыз бізге АМАНАТ етіп кеткен қазақ азаматтық қоғамының шежірелік (корпоративтік) жүйесін қайта жаңғыртып, нағыз ұлттық ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаны қалыптастырып, халық мүддесін қорғауда, Қазақ Елінің біртұтас халқы таңдаған БИЛІККЕ белсенді қолдау көрсету.
ӘР ҚАЗАҚ АЗАМАТЫНЫҢ ҰЯЛАТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫ БОЛУЫ КЕРЕК
немесе
ҚАЗАҚ ЕЛІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМЫН ЖАҢҒЫРТУ ФОРМУЛАСЫ:
Егер біртұтас Қазақстан халқының кез-келген өкілі,өзі өмір сүрген елді мекенде, өзі сияқты 13-тен аса жанға беделді болып, топтастырып, сөзін өткізе алатын тәрбиелі-білімді азамат (азаматша) болса – ЖІГІТ АҒАСЫ (Қыз айымы) атағына ие,
өзінікі сияқты 13-тен аса отбасына беделді болып, ұйыстырып, ақылын айтып, тұрмыстық мәселелерді шешуде көмек бере алатын өмірлік тәжірибесі бар отағасы (отанасы) болса – АУЫЛ АҒАСЫ (Ауыл айымы) атағына ие,
13-тен аса АУЫЛ АҒАСЫНА (Ауыл айымына) беделді болып, оларды өнегелі іске жұмылдырып, ұлағатты сөз айта алатын парасат иесі болса – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ (Ауыл анасы) атағына ие,
13-тен аса АУЫЛ АҚСАҚАЛЫНА(Ауыл анасына) беделді болып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысып, елді ұйытқан тұлғалы азамат(азаматша) болса – ЕЛ АҒАСЫ (Ел анасы) атағына ие,
13-тен аса ЕЛ АҒАСЫНА (Ел анасына) беделді болып, топтастырып, бір ауыз сөзімен дауды шешетін кемеңгер тұлға болса – БИ атағына ие болатын ТӘРБИЕЛІК һәм ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫ құруға белсенді қатысса,
сонда бұл орта жергілікті өзін-өзі басқарудың, яки ұлттың өзін-өзі сақтауының, табиғи сұрыптауға негізделген үйлесімді-үнемді Жүйесін қалыптастыратын еді.
Сонда ғана ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған қазақ халқы ТІЛІНЕ, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, ДІНІНЕ, ЖЕРІНЕ түбегейлі ИЕЛІК етіп БАЙ-ҚУАТТЫ өмір сүрер еді, сонда ғана қазақ халқына басқа діни ағымдар, тіпті жахандану заманы талап ететін түрлі экономикалық және саяси одақтарға мүше болуда қорқынышты болмас еді.
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз