Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ЕЛ мен ЖЕРДІ жаудан ҚОРҒАУДА ең БАСТЫ КҮШ – ол ХАЛЫҚ !!!

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 10 наурыз 2022 жыл

     

    Қазіргі ХХІ – ші ғасырда қалыптасқан аумалы-төкпелі заманда,

    әсіресе 2022 жылғы «ҚАҢТАР қанды ҚЫРҒЫНЫ» қасіретінен кейін қалың ҚАЗАҚҚА да,

    еліміздің БИЛІГІНЕ де, енді терең ОЙЛАНУ керек…

    …Бүгінгі біздің Ел, құдды бір дәліз ашық қалған есігі

    Жоғалған соң мүлде, ұлттың өзін-өзі сақтау тетігі

    Ана тіл, салт-дәстүрін сыйламайтын, не  білмейтін

    Билікте қаптаған соң пенделер миының бар кетігі…

    …Тайсалмай жаудан бабалар, Руымен бірге у ішкен

    Ұйысып Ауылға, бірігіп Руға, басын қосқан Алаштың

    Сақтаған ол, ұрпақ үшін, салт-дәстүрін ұлтының

    Шығарған ол, талай батыр,  Ел ағасы, Билерін…

    БИЛІК не істеуі керек ?

    ХАЛЫҚ не істеп, көмектесуі керек ?

    «АЛАШ ҮНІ» Қоғамдық Бірлестіктер Одағы, төмендегі :

    Еліміздің барлық аудандарында ТҰРАҚТЫ түрде ЖҰМЫС істейтін

    «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНДЕРІ» атты  ЖОБАНЫ ұсынады.

    Бұл жобаға ҚР ҮКІМЕТІНІҢ барлық МИНИСТРЛІКТЕРІ қатысуы ТИІС.

    ЖОБАНЫҢ негізгі КОНЦЕПЦИЯСЫ:

    1.  ҮКІМЕТ шешімімен, әр ауданның территориясынан «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІНЕ»

    қажетті жер телімі бөлінеді.

    2.  ҚР Қорғаныс Министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында, 100 адамдық кавлерия эскадроны тұрақты тұратын

     

    (МЕРГЕН-СНАЙПЕРЛЕР ондығы, АВТОМАТШЫЛАР ондығы, ПУЛЕМЕТШІЛЕР ондығы, СТРИНГЕРШІЛЕР ондығы, ЖЕВЕЛИНШІЛЕР ондығы, ЖЕҢІЛ МИНОМЕТШІЛЕР ондығы, ДРОН-КАМИКАДЗЕ операторлары ондығы, т.с.с. АРНАЙЫ ондықтары бар)

    әскери бөлім құрып, жүйелі түрде халықты, әсіресе жастарды, жоғарыда көрсетілген АРНАЙЫ ОНДЫҚТАР мамандықтары бойынша, әскери дайындықтан өткізіп тұруы тиіс.

    3.  ҚР ІІМ және ТЖМ  «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында,

    иісшіл иттерді өсіріп-тәрбиелейтін кинологтар бөлімшесін (жаудың техникасын жаруға қолдануға болатын)

    құруы тиіс.

    4. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ»

    жұмысына керек жылқы, ит т.б. қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс.

    5.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында,

    кәсіби кокпаршылардың көмегімен мектеп-команда құрып, жастарды атқа қондырып,

    батылды – қайратты болуға баулуы тиіс.

    6. ҚР Білім және ғылым Министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында,

    жазғы және қысқы каникул кезінде мектеп оқушылары мен студенттерге

    ӘСКЕРИ және ұлттық спорт ЛАГЕРІН, демалыс күндері ЭКСКУРЦИЯ ұйымдастырып

    жастарға патриоттық тәрбие беруі тиіс.

    7. ҚР Қорғаныс Министрлігі, ҚР ІІМ және ТЖМ,              ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі,

       ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және жергілікті Аудан әкімшіліктері БІРІГІП,

    ауданның әр бір елді-мекендерінде, республикалық БЮДЖЕТ қаржысымен,

    ЖІГІТ АҒАЛАРЫ басқаратын КОКПАРШЫЛАР КОМАНДАСЫН құруды қамтамасыз етулері тиіс.

    8. Осы ЖІГІТ АҒАЛАРЫ басқаратын КОКПАРШЫЛАР КОМАНДАЛАРЫ бейбіт өмірде,

    қоғамдық тәртіпті сақтаға көмектессе, төтенше оқиға және соғыс жағдайында,

    ЖІГІТ АҒАЛАРЫ бір сәтте ЖАСАҚ (дала) КОМАНДИРЛЕРІ болып ОТАНЫН қорғайды.

    9. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, қаржыландыру жағынан «батыстық үлгідегі»

    спорт түрлерінің көлеңкесінде қалып келе жатқан ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, қолдау керек.

    Мысалы, ХОККЕЙ, МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ т.с.с. спорт түрлеріне бөлінетін

    қаражатты «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНДЕРІН» дамытуға жұмсауы тиіс.

    10. Жалпы барлық Министрліктер, Агенттіктер мен Комитеттер

    «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында,

    өз салалары бойынша ағартушылық жұмысын жүргізуіне болады.

    ЖОБАНЫҢ мультипликативті ЭФФЕКТІЛЕРІ:

     

    1. «Ұрпағым атқа қонды» деп, бабалар аруағы разы болады.

    … Бабалары «ат құлағында ойнамаған», дүние жүзіндегі ең дамыған мемлекеттерде,

    күні бүгінге дейін бар  ( осы жерден оқыңыз ) ӘСКЕРИ КАВАЛЕРИЯ,

    біздің «бабалары ат құлағында ойнаған» ҚАЗАҚСТАНДА да жаңғыратын болады.

    2. Әр ауданда кұрылатын КАВАЛЕРИЯ ЭСКАДРОНЫ жастарды әскери қызмет пен ұлттық спорт

    түрлеріне баулып қана қоймай, бейбіт күнде аудандандарда мал ұрлығына тосқауыл қойып,

    қоғамдық тәртіп бұзылмауын қамтамасыз етеді.

    3. Әр ауданның кәсіби кокпар командасының қалыптасуына әсер етіп, әр отбасында жастар жылқы т.б.

    мал ұстауға ден қойып, жем-шөп өндіру де, мал шаруашылығы да дамыйды.

    4. Ұлттық спорт түрлерінің  (кокпар т.б.) дамуы респулика көлемінде күрт өсіп, әлемдік аренаға шығады.

    5. Өзге де эффектілері көп болады…

    Бәріміздің де жауап берер кезіміз келді:

     

    Ұлт болып қаламыз ба?  Жоқ па?

    «Отбасы – жеке қазақ» деңгейлеріне дейін ыдыраған бүгінгі ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ, ұрпағына толыққанды

    ұлттық тәрбие бере алмайтын жағдайда отыр.

    Бізге қақтығыстар мен төңкерістер керек емес. Бізге ештеңені бүлдірудің де, сындырудың да,

    өзгелерге жалтақтап-еліктеудің де қажеті жоқ…

    Бізге керегі – ұлтымыздың тарихын зерделеу арқылы, Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын

    діңгегі болатын, қазіргі заман талаптарына лайық, еліміздің заңдарына сай,

    біртұтас халқымыздың әлеуетін мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымызды

    дамытуға бағыттай алатын негізді табу.

    Ал ең тұрақты негіз, жауапкершілік һәм тәрбиелік орта, ол — елді мекен, АУЫЛ.

    …әлімсақтан қазақ санасында, АУЫЛ деген ұғым өте киелі. Ел-жұрт топтасып қоныстанған елді мекен,

    үлкен-кішілігіне қарамай,  АУЫЛ  деп аталып, ол жерде ұлттық ТӘРБИЕЛІК  және  ЖАУАПКЕРШІЛІК  ОРТА

    қалыптасып,  ұрпақ тәрбиесі дұрыс жүйелі жолға қойылған еді. Бұл ортадан тәрбиелі, қарапайым еңбекқор

    қазақтармен қатар ұлтының мақтанышы болған, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ алдындағы жауапкершілікті

    жан-тәнімен сезінген, жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, Ел ағалары, ақын-жыраулар,

    батырлар, әмбебаб-ұсталар, ғұлама билер үздіксіз шығып отырған…

    ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ:

    http://internettv.kz/?p=2830

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ЕЛ мен ЖЕРДІ жаудан ҚОРҒАУДА ең БАСТЫ КҮШ – ол ХАЛЫҚ !!! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    10 Наурыз 2022 at 11:16 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 558 рет қаралған ...