Журналистік жолда өмірде көп адамман ұшырысасың, әңгімелесесің. Ой қарымы мықты, сөз саптасы ұғынықты жандардың өзекті пікір желісі, әрине, өзіне назар аудартады. Осы орайда ұлттық болмыс пен жаһанданудың үйлесімділігі жайында ауыл шаруашылығы саласы мамандарының ой-пікірін білу үшін еліміздегі урбанизация үрдісіне 25 жыл атсалысқан инженер, экономист БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫН әңгімеге тартқан едік. (жалғасы..)
2010 жылдың 28 қазанында, Республикалық «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласында «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» жобасы бойынша семинар тренинг болып өтті. Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы бес жыл бойы «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» жобасын іске асырумен айналысып келеді. Жобаның іс-әрекеттері Астана, Ақтау, Орал, Павлодар, Шымкент және Алматы облысының Іле ауданында, ал 2010 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы қаласында жүзеге асырылуда. (жалғасы..)
1986 жыл. Осынау ардақты уақттың артындағы көлеңке барған сайын ұлғайып бара жатқан сияқтанады. Тіпті, бірнеше күн әуре болсам да ғаламтордан мен көшедегі жаймалардан фильмнің толық нұсқасын таба алмаған едім. (жалғасы..)
2010 жылы 19 қазан күні, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының жеке веб-сайты ашылуына орай, Алматыда ғалымның шәкірттерімен кездесуі болып өтті. Шара барысында ғалымға сайт куәлігі тапсырылды. Өз кезегінде Т. Кәкішев сайт жасаушыларға алғысын білдіріп, еңбектерін жариялауда бұндай мүмкіндіктің болғанына ризалығын жеткізді. «Бұдан бұрын ғаламтордың қазақтілді сегментін дамытуға байланысты «Бәйге» ұлттық интернет жобасын ұйымдастырған болатынбыз. Соның аясында белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының жеке сайты ашылды. (жалғасы..)
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз