Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Ұлтымыз мәңгі жасасын десек, өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 28 желтоқсан 2010 жыл

    Ұлтымыз мәңгі жасасын десек,

    өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де

    тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!

    /

    Біздің дана ата-бабаларымыз  атаға, ауылға, руға топтасып -тайпаға, жүзге бірігіпбіртұтас Қазақ Елі болып өмір сүріп, сыртқы жауларға қарсы тұрға алған.

    Олар осылай ғана кең-байтақ жерімізді, сарқылмас байлығымызды қорғап – сақтап бізге жеткізді. Бүгінгі ұрпақтың мақсаты – тірі жүру мен қарын тойдыру ғана емес, қасиетті жерімізді, оның зор байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, мемлекеттілікті ұлт мүддесіне қызмет еткізе алатын – ұлттық жауапкершілік ортаны, яки, азаматтық қоғамды қалыптастыру.

    Ұлтшылдығымызды құпия сақтаудан, өз елімізде – өгей, өз жерімізде – кедей болудан, жалған мәдениеттілік пен қазақ үнінің өшіп бара жатқандығынан шаршадық…

    Бұдан әрі, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлар жайлаған қоғамда, құлшылық өмір сүру мүмкін емес.

    Бәріміздің де жауап берер кезіміз келді:

    Ұлт болып қаламыз ба? Жоқ па?

    Бізге қақтығыстар мен төңкерістер керек емес, бізге қажеті – Ұлттық мемлекетімізді дамыту. Бізге ештеңені бүлдірудің де, сындырудың да, өзгелерге жалтақтап-еліктеудің де қажеті жоқ…

    Бізге керегі – қазақтың тарихын зерделеу арқылы, Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгегі болатын, қазіргі заман талаптарына лайық, еліміздің заңдарына сай, біртұтас халқымызға ортақ әр деңгейдегі көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру.

    «Отбасы – жеке қазақ» деңгейлеріне дейін ыдыраған бүгінгі ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ, ұрпағына толыққанды ұлттық тәрбие бере алмайтын жағдайда отыр.

    …әлімсақтан қазақ санасында, АУЫЛ деген ұғым өте киелі. Ел-жұрт топтасып қоныстанған елді мекен, үлкен-кішілігіне қарамай, АУЫЛ деп аталып, ол жерде ұлттық ТӘРБИЕЛІК және ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА қалыптасып, ұрпақ тәрбиесі дұрыс жүйелі жолға қойылған еді. Бұл ортадан тәрбиелі, қарапайым еңбекқор қазақтармен қатар ұлтының мақтанышы болған, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген, жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, Ел ағалары, ақын-жыраулар, батырлар, әмбебаб-ұсталар, ғұлама билер үздіксіз шығып отырған…

    Бүгінгі Қазақ Елінде қалыптасқан жағдайды түзеу үшін, әр-бір елді мекенде (ауылда), бірінші кезекте ірі қалаларда, отырықшылыққа ерте өткен өзбек ағайындардың (мәхалла) үлгісімен – «микрорайон», «ықшамаудан», «квартал», «бәленбай-сити» т.б. басын құрап отырған — қазіргі ПИК (КСК) – терді АУЫЛДАР деп атап, онда қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, өмір елегінен өткен, парасатты ауыл ақсақалдары – ел ағаларынан БИЛЕР сайлап, осындай әр АУЫЛДЫ — ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаға айналдыру үшін, сол ауылдарда барша тұрғындарға ортақ көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын ұйымдастыру керек…

    Жеке азамат отбасына – отбасының белсенді мүшелері әр ауылдың (елді мекеннің) мәдени-ағарту Клубтарына топтасып-бірігіп– мыңдаған «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары арқылы – гүлденген ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ айналайық!

    Қазақтың ұлттық ойлау қабілетін жаңғыртушылардың ең басты міндеті – әрбір жанның қанында сақталған тарихи жадын қозғауға белсене ат салысып, жады оянған азаматтардың басын қосып, Қазақ Елі заңдары аясында, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, кемеңгер ата-бабаларымыз бізге АМАНАТ етіп кеткен қазақ азаматтық қоғамының шежірелік (корпоративтік) жүйесін қайта жаңғыртып, нағыз ұлттық ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаны қалыптастырып, халық мүддесін қорғауда, Қазақ Елінің біртұтас халқы таңдаған БИЛІККЕ белсенді қолдау көрсету.

    Қазақ Елі азаматтық қоғамын жаңғырту формуласы немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

    Егер біртұтас Қазақстан халқының кез-келген өкілі, өзі өмір сүрген елді мекенде, өзі сияқты 13-тен аса жанға беделді болып, топтастырып, сөзін өткізе алатын тәрбиелі-білімді азамат болса – ЖІГІТ АҒАСЫ атағына ие, өзінікі сияқты 13-тен аса отбасына беделді болып, ұйыстырып, ақылын айтып, тұрмыстық мәселелерді шешуде көмек бере алатын өмірлік тәжірибесі бар отағасы болса – АУЫЛ АҒАСЫ атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҒАСЫНА беделді болып, оларды өнегелі іске жұмылдырып, ұлағатты сөз айта алатын парасат иесі болса – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҚСАҚАЛЫНА беделді болып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысып, елді ұйытқан тұлғалы азамат болса – ЕЛ АҒАСЫ атағына ие, 13-тен аса ЕЛ АҒАСЫНА беделді болып, топтастырып, бір ауыз сөзімен дауды шешетін кемеңгер тұлға болса – БИ атағына ие болатын ТӘРБИЕЛІК һәм ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫ құруға белсенді қатысса, сонда бұл орта жергілікті өзін-өзі басқарудың, яки ұлттың өзін-өзі сақтауының, табиғи сұрыптауға негізделген Жүйесін қалыптастыратын еді.

    Сонда ғана ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған қазақ халқы ТІЛІНЕ, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, ДІНІНЕ, ЖЕРІНЕ түбегейлі ИЕЛІК етіп БАЙ-ҚУАТТЫ өмір сүрер еді, сонда ғана қазақ халқына басқа діни ағымдар, тіпті жахандануда қорқынышты болмас еді.

    Кітапшаны толық оқығыңыз келсе, мына сілтемеге кіріңіз:
    ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ, бай-қуатты болуы үшін, НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    28 Желтоқсан 2010 at 15:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 709 рет қаралған ...

    Алматы қаласындағы 145 орта мектептің 1 «а» сыныбы «ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ» мерекесін өткізді. (фото-видео репортаж)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 27 желтоқсан 2010 жыл

    /

    2010 жылдың 25 желтоқсаны күні, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы №145 орта мектептің 1 “а” сыныбы жетекшісі Ұлман Досайқызының ұйымдастыруымен “Әліппемен қоштасу” атты мәдени-ағартушылық мәні бар балалар мерекесі болып өтті.

    Бұл шараға “Балдырған” журналы редакторының орынбасары Болат Үсенбаев, “Жыл он екі ай” журналының редакторы Талғат Айтбайұлы, “Қазақ Елі” халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының жетекшісі Болат Бөтеев және мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты.

    Бейнелі көріністерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҰЛМАН ДОСАЙҚЫЗЫНЫҢ 1 ші А сыныбы ӘЛІППЕМЕН қоштасу мерекесінде
    Ұлман Досайқызы өткізген “Әліппемен қоштасу” атты шарадан бейнелі көріністер

    (… екі сағаттық фото-видео материалдар әлі өңделуде, егер тапсырыс болса толығымен DVD дискіге жазылып беріледі және осы сайтта жарияланады…)

    МЕРЕКЕДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    27 Желтоқсан 2010 at 12:26 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 12 891 рет қаралған ...

    Қазақтың «Қара жорға» ұлттық биін үйрету үйірмесіне келіңіздер!


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 22 желтоқсан 2010 жыл

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер одағы жанындағы көп салалы «ҰЖДАН» мәдени-ағарту клубы үйірмелері өз жұмыстарын бастауда:
    1. Компьютерлік сауат ашу «Ғаламтор» үйірмесі-жетекшісі Казиева Айнұр, тел. 8 701 499 5536
    2. Қарттар мен балалар үйлеріне көмектесетін «Ақ ниет» үйірмесі- жетекшісі Айгерім Алмасбекқызы,
    тел. 8 701 612 6778, 8 701 360 3690
    3. Қазақтың «Қара жорға» ұлттық биін үйрету үйірмесі- жетекшісі Айжан Бодаубайқызы,
    тел. 8 777 270 0316


    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    22 Желтоқсан 2010 at 16:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 088 рет қаралған ...

    Қазақ Елінің, ҰЛТТЫҚ мәртебесі бар жалғыз мерекесі, «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» еліміздің ең ірі қаласында осылай тойлануда (фото-видео репортаж)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 17 желтоқсан 2010 жыл

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Мұхтар Шаханов ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесінде 17 12 2010 жыл
    Қазақ Елі ұлттық мерекесі ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ Алматы 17 12 2010 жыл
    М ШАХАНОВ Ұлттық мерекені, жеке мүддені ойлап бытырамай, біртұтас халық болып тойлайық

    ДӘЛЕЛХАН ӘДІЛХАН: «1986 жылы қарға көміп тастаған жерде аман қалған адаммын»

    К МАТЫЖАНОВ Халықтың санасы өспей,бұл мерекені тойлауға көп адам жинай алмаймыз

    ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесінен слайд-шоу:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    17 Желтоқсан 2010 at 14:51 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 769 рет қаралған ...

    Демократияның батыстық үлгісі Қазақ Елін ұшпаққа шығара ма? (Вознесет ли Казахстан ввысь — западная модель демократии?)

    Орталық Азияның Еуразия Қоры жергілікті қауымдастықтар қоры үлгісін Қазақ Еліне ендіруде.

    ФЕЦА внедряет модель фондов местных сообществ в Казахстане

    (http://panorama.kz/archiv/2009/15.htm, 15, 24 апреля 2009 год.)

    Сегодня в Уральске стартовал информационный тур «Фонды местных сообществ (ФМС) в Казахстане», организованный Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) при финансовой поддержке Глобального фонда по местным сообществам (WINGS). В рамках информационного тура ФЕЦА проведет презентации на тему «Создание и развитие ФМС в Казахстане» в Уральске, Астане, Актобе и Шымкенте. Цель информационного тура — распространение успешного опыта развития ФМС и содействие созданию подобных фондов по всему Казахстану. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    9 Желтоқсан 2010 at 16:43 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 097 рет қаралған ...

    «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері (фото-видео репортаж)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 30 қараша 2010 жыл

    /

    ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ақын Қасымхан Бегмановтың зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабылықұлымен сыр-сұхбаттан тұратын халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері болып өтті.
    Республикалық «Дәстүр» баспасынан шыққан «Этнографпен әңгіме» кітабында аса көрнекті этнограф, зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабалықұлының өміріне қатысты және халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, көне сөздері, ұлттық киімі, тағамы, төрт түлік малы, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, саятшылық дәстүрі, қазақ күнтізбесі, түс жоруы, жыл қайыруы, жеті ата жолы, жеті қазынасы, қазақ өлшемдері және т.б. деректер жан-жақты қамтылған./
    «Салты мықтының – халқы мықты» «Өлке» баспасынан шыққан кітабының екінші басылымында автор осы сыр-сұхбатты бірнеше бөлімдер мен тарауларға бөліп оқырманға барынша ықшамдап ұсынған. Тілі жеңіл, мазмұны бай, деректері мол кітап халқымыздың дәстүрлерін, ата-салтын насихаттайды.
    Тұсаукесерде аталмыш кітаптар жайлы баяндаманы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов, ал қосымша баяндаманы Шешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Къоман сий» орденінің иегері, ақын Рафаэль Ниязбек жасады.
    Тұсаукесерге Жағда Бабалықұлы атындағы қазақтану орталығы директорының орынбасары Баян Ахметова, жазушы-журналистер Зәкір Асабаев, Уақап Қыдырханұлы, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, демограф-ғалым Мақаш Тәтімов және т.б. елімізге белгілі азаматтар қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз: (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    30 Қараша 2010 at 17:54 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 004 рет қаралған ...