Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын! |
![]() |
Бүгін:
жыл |
|
|
«ҚазNET» немесе Қазақ ұлтының кез келген мәселесін шешу — қазақтан өзге ешкімге қажет еместігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.(фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,9 қыркүйек 2010 жыл
Алдағы уақытта мемлекеттегі және қоғамдағы ең басты ақпарат құралы — интернет болатыны анық, сондықтан «БӘЙГЕ» ұлттық интернет Жүлдесі» жобасы аясында, ғаламтордың қазақтілді сегментін дамытуды көздеген ұйым басшылары мен азаматтардың, «ҚазNET: кеше, бүгін, ертең» атты, осы саланың қалыптасуын зерделеуге арналған кездесуі, кеше 8 қыркүйек күні, болып өтті. Көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығына қарамастан, өкінішке орай, ұйымдастырушылардың «кездесуге мемлекеттік — қазақ тілін білетін журналистеріңізді жіберіңіздер» деген ұсыныстарын қаперіне ілген, бірде-бір өзге тілді БАҚ өкілдері болмай шықты. Осының өзі ұлттық мүдде мәселелері, қазақтан басқа ешкімге керек емес екендігінің нақты дәлелі емес пе ? Бейнесюжетті көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз: ҚазНЕТ кеше, бүгін, ертең атты кездесуді НАҒИЕВ ІЗГІЛІК ашты СЕРІКЖАН МАМБЕТАЛИН Қазақтілді ғаламторды дамыту, қазақтан өзгеге қажет емес Поделиться в соц. сетях«БӘЙГЕ» ұлттық интернет Жүлдесі» жобасы аясында, ғаламтордың қазақтілді сегментін дамытуды көздеген ұйым басшылары мен азаматтардың, «ҚазНЕТ: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпқа арналған бас қосуы болады.
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ Ақпараттық технологиялар ғасырында әрбір күн керемет жаңалық әкелу үстінде. Бұл түсінікті, себебі біз өмір сүріп отырған кезең – ақпарат ғасыры. Дүние жүзіндегі ең мықты халықтың өзі, ұлттық ақпарат кеңістігін қалыптастырып, дамытуға ұмтылады. Өйткені, Алаш ардақтыларының бірі Міржақып Дулатовтың «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген маңызды сөзін ескерер болсақ, әлі де қолға алатын дүниелердің жеткілікті екенін байқаймыз. Алдағы уақытта мемлекеттегі және қоғамдағы ең басты ақпарат құралы — интернет болатыны анық, сондықтан «БӘЙГЕ» ұлттық интернет Жүлдесі» жобасы аясында, ғаламтордың қазақтілді сегментін дамытуды көздеген ұйым басшылары мен азаматтардың, «ҚазНЕТ: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта өтетін кездесуі, осы саланың қалыптасуын зерделеуге арналады. Поделиться в соц. сетяхҰлттық мүддеге негізделген Көші-Қон Заңы керек!!! (дөңгелек үстелден фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,3 қыркүйек 2010 жыл Поделиться в соц. сетяхСүйінші!!! Мәдени-ағартушылық бағытта қызмет атқаратын «ҰЖДАН» пікір-сайыс Клубы өмірге келді
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.Қазақ Елі,31 тамыз 2010 жыл
Армысыздар, ардақты ағайын-бауырлар! «ҰЖДАН»пікір-сайыс клубына хош келдіңіздер!!!
Қазақ Елінің дамып-гүлденуіне мүдделі, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға бағытталған ой-пікір айтуға ұмтылған азаматтардың пікір-сайыс клубы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1.1 «Ұждан» пікір-сайыс клубы жұмысына(бұдан әрі — Клуб), ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған, Қазақ Елін жан-тәнімен сүйіп, оның мемлекеттік тілін біліп-қолданатын, кез-келген азамат қатысып, мүше бола алады. Поделиться в соц. сетяхӘлеуметтік жарнама жасаушы дизайнерлердің семинар-тренингі (фото-видео репортаж)
Қазақ Елі,27 тамыз 2010 жыл
Кеше, 2010 жылдың 26 тамызы күні, «ӨРЛЕУ» мәдени-тарихи қоры және Алматы ҮЕҰ-ның «Азаматтық альянсының» ұйымдастыруымен қаладағы журналистика, маркетинг және жарнама, дизайн, PR мамандарын даярлайтын факультеттер студенттері үшін » Тиімді әлеуметтік жарнама жасау» атты семинар-тренинг болып өтті. Семинарда қаралған тақырыптар: Бейнесюжетті көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз: С Толганбаеваның дизайнерлер семинарындағы кіріспе сөзі Вступительное слово Саулета Толганбаева подводит итоги семинар тренинга дизайнеров СЕМИНАРДАН ФОТОКӨРІНІСТЕР: Поделиться в соц. сетях |