Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Мұхтар Тайжан:»Саясаткерлер мен мәдениет қайраткерлерінің мәдениетін көтеруге ықпал етейік…» немесе Өзге тілде ойлап, өзге тілде сөйлейтін пенделер неге көп шатасады?

    /

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 1 қазан 2010 жыл.

    Кеше, 2010 жылдың 30 қыркүйек күні, Алматы қаласындағы Саяси Шешімдер Институтының клубында «Бүгінгі қазақстан оппозициясы: нақты альтернатива ма әлде виртуалды жобалар ма?» атты отырыс өзге тілде болып өтті. Шараға оппозициялық партия жетекшілері, саясаттанушылар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Саясаттанушылар Андрей Чеботарев, Марат Шибутов, Максим Казначеев өз баяндамаларын жасап болған соң, оларға «Болатхан Тайжан» қоғамдық қорының жетекшісі Мұхтар Тайжан өткір сыни пікірлерін айтып, өзге тілді мәдениет қайраткерлерінің оппоненттеріне дәйекті ой айта алмаған кезде қолданған өрескел сөздерінен мысалдар келтірді: (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    1 Қазан 2010 at 14:00 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 461 рет қаралған ...

    Қазақ ұлтының руханиятын арқау еткен «Гүлбике» фильмі неге «ЕУРАЗИЯ 2010″ фестивалінің конкурсына қатыса алмады? (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,22 қыркүйек 2010 жыл

    «Қазақфильм» шенеуніктері қаперіне алмаған ҚазАқпарат мұрағатынан:

    АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Бақытжол Кәкеш/

    Қытай елі қазақтың ақындар айтысын арқау еткен «Гүлбике» фильмін экранға шығарды

    Қазақ ұлтының мәдени өмірін арқау еткен «Гүлбике» фильмі жақын күндерден бері Қытайдағы түрлі ақпарат құралдарының жарыса хабарлап жатқан басты жаңалығына айналды. Біз бұл фильмді қазақ киносына қосылған жаңа туынды ретінде бағалай отырып, рухани кеңістігіміздің аясын кеңейте түскен өнер туындысы жайындағы өзекті ақпаратты оқырман қауымға түрлі дерек қөздері таратқан мәліметтер негізінде хабардар етуді жөн санадық.

    …арада алты ай өткен соң…

    Алматыда VI халықаралық «Еуразия» кинофестивалі болып өтті

    2010 жылдың 21 — 25 қыркүйегі аралығында өткен кинофестиваль қорытындысы бойынша, қырғыз режиссері Ақтан Арым Құбаттың «Свет-аке» атты фильмі ең үздік деп танылып, VI халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін алды.

    “Заблудившийся” атты қазақстан фильмінде басты рольді сомдаған Ресей актері Андрей Мерзликин, ең үздік ерлер ролі үшін жүлдесін алды. Ал “Гастарбайтер” фильміндегі ролі үшін, Ресей актері Дарья Горшкалева «ең үздік әйелдер ролі» жүлдесін жеңіп алды.

    Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін Жүлдесін, “С 10 до 11” фильмін қойған түрік режиссері Пелин Эсмер алды.

    “Бибинур” фильмінде ойнаған Татарстан актері Разида Хадиулина «кинодағы жаңа есім» номинациясында үздік атанды.

    Әлемдік кинематографты дамытуға қосқан үлесі үшін, Ерекше Жүлдені америка киноактері Кэвин Костнер алып, фестиваль шымылдығын жабу салтанатында, өз группасымен рок-н-ролл стилінде концерт берді.

    «Еуразия» кинофестивалінде, әлемнің 20 елінен барлығы 130 кинематографист қатысты. Конкурсқа 40- тай фильм қатыстырылды.


    Ал осы фестивальге арнайы шақырылған, қытай қазақтары түсірген  «ГҮЛБИКЕ» кинофильмі дені сау адамның логикасына сыймайтын себептермен, фестиваль конкурсына қатыстырылмай, тек қана фестиваль аясында көрсету құқығына ие болған…

    … осылайша …

    Қазақ Елінде, қытай қазақтарының бәйгеге қосқан «ГҮЛБИКЕ» кинофильмін жебейтін адам болмады.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Үрімші киностудиясында, қытай қазақтары түсірген ГҮЛБИКЕ фильмінен үзінді 1
    Үрімші киностудиясында, қытай қазақтары түсірген ГҮЛБИКЕ фильмінен үзінді 2
    Үрімші киностудиясында, қытай қазақтары түсірген ГҮЛБИКЕ фильмінен үзінді 3

    ГҮЛБИКЕ фильмін Қазақ Еліне алып келген топпен, РУХАНИЯТ партиясында болған кездесу
    МАҚСАТ ҚЫДЫРХАНҰЛЫ Қазақ Елінде, бәйгеге түскен ұлттық фильмді жебейтін адам болмады

    ГҮЛБИКЕ фильмінің ЕУРАЗИЯ 2010 фестивалі конкурсына кірмеуіне дирекция ғана жауап бере алады
    ГҮЛБИКЕ фильмін фестивальге алып келген қытай қазақтары делегациясы мүшелерімен кездесу

    ГҮЛБИКЕ фильміне түскен алты жасар актер қыз — ЖӘНИЯ.wmv
    Қадыбай Әбенов ГҮЛБИКЕ фильмінде қазақтың рухани құндылықтары жақсы көрсетілген

    ЕУРАЗИЯ 2010 фестивалі шабыттандырған Мақсат Қыдырханұлы, РАУШАН атты аруға өлең шығарды

    КЕЗДЕСУЛЕРДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    27 Қыркүйек 2010 at 18:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 204 рет қаралған ...

    «Егер NAZARBAEV университеті қазақша болса, Ана тіліміздің мәртебесі асқақтар еді-ау!»-дейді жастар. (фото-видео репортаж)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./ Қазақ Елі,22 қыркүйек 2010 жыл

    2010 жылдың 20 қыркүйек күні, «НұрОтан» ХДП Алматы қаласы, Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегі — мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел болып өтті.
    /

    Шара аясында «Ана тілім — ардағым» атты мектеп оқушылары арасындағы шығармашылық конкурсының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсырылды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
    ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ атты дөңгел үстелді Мақпал Әуесбаева ашты
    Жас ұрпақтың қазақ тілін меңгеруіне белсенді үлес қосушы, кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса
    Қазақ тілінде оқыйтын ештеңе жоқ деп,оны шешудің жолын іздемейтін шенеуніктердің бірі
    СТАНИСЛАВ КАНКУРОВ Барша қазақ мемлекеттік тілде сөйлесе,бізге жақсы тілдік практика болар еді
    ЖҰБАТХАНОВА ӘСЕМ Егер NAZARBAEV университеті қазақша болса, Ана тіліміз асқақтар еді ау!!!

    ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ атты дөңгелек үстелден бейнелі көріністер

    Дөңгелек үстелден фотокөріністер:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    22 Қыркүйек 2010 at 10:49 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 8 663 рет қаралған ...

    ҚазNET-тің Атасы анықталды: 1996 жылы оның негізін қалаған Сайран Киккарин!

    Ізгілік Нагиев: ҚазНЕТтің кешегісі.

    Қазақша қарыптер Интернетте қай уақыттан бастап оқылатын болды деген сұраққа жауап іздеп, ғаламтор көмегін пайдаланып ақпарат табуға тырыстым.. Мүмкін сол кезден бастап ҚазNET-тің бастапқы нүктесін табамын ба, ал тапсам, сол сайттар KZ доменінде болды ма деген сұрақтарға жауап іздедім.

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    21 Қыркүйек 2010 at 11:15 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 972 рет қаралған ...

    21 жылда, Ана тілімізді тұғырына қондыра алмаған Билік пе, әлде Халық па?(Қазақ тілін қолдау акциясынан фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,20 қыркүйек 2010 жыл

    Кеше, қыркүйектің 19-ы күні, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 21 жылдығына орай Алматы қаласында «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы болып өтті.
    /

    Оны республикамыздағы партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен жастар ұйымдарының және зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» демократиялық қозғалысы ұйымдастырып отыр. Қазақтың Санжар Асфандияров атындағы ұлттық медициналық университетінің Конгресс-холлында болған бұл шараны қолдауға «Музарт», «Серілер», «Жебе», «Жасын», «Ұлытау», «До-Мажор» топтары мен белгілі өнер шеберлері де қатысты.
    Жалпы, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрған шақта, яғни, 1989 жылдың 22-ші қыркүйегінде иеленген болатын.
    Бұл акция кезінде 21 жылда Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға толық айнала алмай отырған мемлекеттік тіл мәселесі жан-жақты талқыланып, ана тілімізді өз тұғырына қондыруға құлықсыз, мемлекеттік тілді менсінбейтін билік өкілдеріне халықтың өкпесі қара қазандай екендігі жеткізілді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ТҰРСЫНБЕК КӘКІШЕВ Президентіміз шетелде де, Қазақстанда да тек қана қазақша сөйлесін
    МҰХТАР ШАХАНОВ 21 жылда, Ана тілімізді тұғырына қондыра алмаған Билік пе, әлде Халық па
    СОВЕТХАН ҒАББАСОВ Ұлттық жадынан айырылған,өзге тілді Билік,халқымызды ұйыта алмауда
    ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК Қазіргі билік тұрған кезде,қазақ тілінің мерейі ешқашан өспейді
    БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ Мектептерде, қазақ тілін оқытудағы көзбояушылықты жою керек
    ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға,билік неге құлықсыз
    БАШИР ЖАНАЛТАЙ Шетелдегі қандастарымызды Елге көшірсек,көп мәселелер шешілер еді
    СЕРІК САПАРҒАЛИ Мемлекеттік тілде, ресми тілде тек қана қазақ тілі болуы тиіс
    ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ Аруахтарға да,келер ұрпаққа да қарабет болмай,АНА тілімізді ұлықтайық
    ДУЛАТ ИСАБЕКОВ Ұлт мүддесін қолдамаған қорғамаған пендені,жазушы деуге болмайды

    КЕНЖЕХАН МАТЫЖАНОВ Қазақ тілін қолдау әр ақын жазушының өз ісі,оған араласу қиын
    БАУЫРЖАН ОМАРОВ Тіл бағдарламасына айтылған барлық сын пікірлер ескеріледі, деп уәде берем

    АКЦИЯДАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    20 Қыркүйек 2010 at 09:13 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 249 рет қаралған ...

    «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицинасы орталығы жетекшісі Жасан Зекейұлы, жүрек қалауымен «НұрОТАН» ХДП мүше болды(фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,16 қыркүйек 2010 жыл

    Кеше, 2010 жыл 15 қыркүйек күні, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицинасы орталығында, «НҰРОТАН» ХДП Алматы қаласы, Әуезов аудандық филиалының өкілдері Әуесбаева Мақпал Серікқызы және Беріков Қуаныш Қанатбайұлы, аталмыш медицина орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлына партия билетін табыс етті. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    16 Қыркүйек 2010 at 11:02 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 049 рет қаралған ...