Желтоқсан батыры ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ 40-жылдық мерей тойына орай өткізілген шара (фото-видео репортаж)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі,30 шілде 2010 жыл
2010 жылы, 27 шілде күні, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ 40-жылдық мерей тойына орай, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағына мүше ұйымдардың күшімен «Тәуелсіздік мұраты және желтоқсан көтерілісінің тағлымы» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Шара барысында ұрпағымызды ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ рухымен тәрбиелеу мәселелері сөз болды.
«АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасовтың ұсынысымен, Халықтық ұлт-азаттық көтерілістің 25-жылдығын жоғары деңгейде, барша қоғамдық ұыймдарды жұмылдырып өткізу мақсатында, бірауыздан ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ құрылды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
С ҒАББАСОВ Ата бабаларымызды парасаттылыққа жеткізген қандай ЖҮЙЕ механизм
ТӨЛЕГЕН ӘЛЖАН Желтоқсан батырларына бүкіл қазақ қоғамы қарыздар
ДҮЙСЕН БАЙМАХАНОВ Желтоқсан көтерілісінің тәрбиелік мәнін асқақтату үшін ЗАҢ керек
ГҮЛБАХРАМ ЖҮНІС Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығы жетім қыздың тойынан төмен өтті
АЙТБЕРГЕН ҚҰЛМЕНТЕГІ Ұрпағымызды ЖЕЛТОҚСАН рухымен тәрбиелейік
ЖҮРСІН ТАСТЕКЕЕВ Патриотизм дегеніміз ЖЕЛТОҚСАН 1986 көтерілісінің рухы
ШЫРЫН ӘЖІҚЫЗЫ Желтоқсан 1986 көтерілісіне екінші монумент КЕНТАУДА салынды
М БӨТЕЕВ Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын біртұтас ұлт болып тойлайық
ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ 40 жылдығына арналған дөңгелек үстелден бейнелі көріністер
ФОТОКӨРІНІСТЕР:
(жалғасы..)










“Еуразия Нарық Институты” (ЕНИ) 2010 жылғы 600-ден астам Елбасының санаткер ұлтты қалыптастыру қағидасына сәйкес жоғары білімі, ептілігі мен біліктілігі сапалы, бәсекелестікке қабілетті, сүйікті Отанына патриоттық сезімдері терең, қызметте істің соңғы аса тиімді нәтижелеріне жетуге бейімделген түлектерін логотипіндегі қыран құстай ұшырып — дипломдарын салтанатты табыстау рәсімінде 
қолдарына ұстатып, адалдық, ар, намыс, сенімділік, еңбекқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, өмірде зор жетістіктерге жетулеріне бағыттады.
«Қазпошта» АҚ-ың Төрағасы Даурен Молдагалиев, Алматы қаласы Әкімінің бизнес пен санаткерлік істері жөніндегі Кеңесшісі, танымал кәсіпкер Қазыбек Шайх,
ҚазҰУ деканы мен кафедра меңгерушісі, профессорлар Баян Ермекбаева және Ғалия Сансызбаева,
ҚазЭУ-ың профессоры Сәуле Ынтықбаева, ЕНИ проректорлары, жетекші профессорлар мен доценттері қатысып, жас мамандарға өмірде Ақжол мен Бақыт тіледі. 


