2010 жылы 5 шілде күні, «Мәдени саясат және өнертану» институтының «Музыка және акустика» зертханасы меңгерушісі, домбырашы-дирижер, өнертанушы ғалым Жұмагелді Нәжмеденов, Қазақ Еліне танымал домбырашы — мәдениет қайраткері Сәнен Самиғоллақызы Ажиевамен кездесіп, ұлтымыздың қоңыр үні жайлы әңгіме-дүкен құрды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.1991 жылы «Халық кеңесі» газетінде шыққан, 19 жыл өтсе де, әлі де өзектілігін жоғалтпаған, экономист-ғалым Оразалы Сәбденнің мақаласы (фотокөшірмесі)
Ұлттық болмыс пен ұлттық экономика тақырыбына арналған тағы бір мақаланы төменнен оқуларыңызға болады:
2010 жылдың 13 маусымы күні «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының кеңсесінде, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға жалпыхалықтық үрдіс беру мақсатында,
«ҚАРА ЖОРҒА»
Қазақтың ұлттық нышандарының бейнелі фестивалін ұйымдастыру дирекциясы құрылды
Дирекцияны құрған ынталы топ мүшелері:
«Қара жорға» биін көптеген мемлекет басшыларының алдында орындаған Арыстан қажы Шәдетұлы, «Аллажар-қолдау» қорының төрағасы Марат Бөтеев, Мәдени саясат және өнертану институтының «Музыка және акустика» зертханасының меңгерушісі, домбырашы-дирижер Жұмагелді Нәжмеденов, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының оқытушысы, кинорежиссер Қалдыбай Әбенов, «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диханұлы, ұлттық музыканың көне жанрларын жаңғыртушы Сералы Құсманұлы, «Жас тұлпар» домбырашылар үйірмесінің жетекшісі Талғат Төлегенов, «Алтын Арқау» әйелдердің этнографиялық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қайдауылқызы, сазгер-оранжировщик Абзал Арыстан, дизайнер Шолпан Маратқызы, «Қара жорға» биін насихаттаушы Қажымұқан Шәдет, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Болат Нәукенұлы және басқа да ұлттық өнер жанкүйерлері.
Жиын барысында бірауыздан фестиваль дирекциясы құрылып, оның жұмысшы органдарын жасақтауға шешім қабылданды. Дирекцияның Үйлестіру Кеңесіне Болат Нәукенұлы, Жамали Диханұлы, Абзал Арыстан сайланып, оларға нақты тапсырмалар берілді. Дирекцияның Көркемдік кеңесін және Қазылар Алқасын құру жұмыс жоспарына енді.
Дирекция жұмысының негізгі бағыттары айқындалды:
- «Қара жорға» биіне қатысты әндерді, мәтіндерді, мәліметтерді жинақтау;
- Биді насихаттаушы жеке тұлғалармен, ұжымдармен байланыс орнату;
- бірінші кезекте, фестивальдің интернеттегі үздіксіз бейнелі нұсқасын ұйымдастыру арқылы, биді дәріптеушілерді ынталандырып, олардың ең үздіктерін жылына бір мәрте 19 мамырда Алматының тау бөктерінде өтетін соңғы турға шақыру;
- екінші, үшінші кезекте, жыл сайынғы өтетін қорытынды турлардың материалдары негізінде фестивальдің телевизиялық және кино нұсқалары жобаларын іске асыру;
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Кеше, 2010 жылдың 10 маусымы күні, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорында, «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диханұлы және мәдениет тарихын зерттеуші, ұлттық музыканың көне жанрларын жаңғыртушы Сералы Құсманұлымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында ұрпағымызды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлттық өнеріміздің бүгінгі жай-күйіне халқымыздың көзқарасы және «Қара жорға» ұлттық би фестивалінің дирекциясын құру мәселелері әңгіме болды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 9 маусым 2010 жыл
2010 жылдың 3 маусымы күні, Халықаралық «Жанашыр» қоры және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «АТАМЕКЕНІМ — ҚАЗАҚСТАН» атты мәдени шара болып өтті.
Мәдени шара аясында өткен шығармашылық байқауға 12 елден келген шетелдік қазақ жастары қатысып, өнер, білім, салт-дәстүрді білу деңгейі бойынша бақ сынасты.
Аталмыш шараға, сондай-ақ, ақын-жазушылар, өнер жұлдыздары, шетелдік елшілік қызметкерлері және «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы мүшелері қонақ ретінде қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 5 маусым 2010 жыл
2010 жылы 28 мамыр күні, Алматы қаласындағы «Демократия үйінде», парасатты ата-бабаларымызға тән ұлттық ойлау қабілетті бүгінгі жас ұрпақтың бойында жаңғыртуды мақсат еткен «АЛЛАЖАР — ҚОЛДАУ» қоғамдық қорының есеп беру және Қамқоршылық Кеңесіне жаңа мүшелер сайлау жиналысы болып өтті.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз