Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 31 мамыр 2010 жыл
2010 жылы 15 мамыр күні Республика Сарайында, «АРУАНА» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен, «Халықаралық отбасы күніне» орай, Қазақ Елі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Қос жүректің лүпілі» атты концерт болып өтті.
Кештің ерекшелігі, сахнада өнер жұлдыздарымен қатар, 70 жыл бірге өмір сүрген бақытты жанұя — Тілеген ата мен Рәхилә әженің ән шырқауы болды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 27 мамыр 2010 жыл
Кеше, 2010 жылдың 26 мамырында, Алматыда «АШАДАН» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, Қытай мен Европаға өз өнерімен танымал болған, Үрімші қаласынан келген қандасымыз МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ Қазақ Елінің өнерсүйер қауымының бір тобымен кездесті.
Мамыржан Райысханұлы: «…Ұлы Даламен үндесіп жатқан, қазақтың көне ән-күйлерін өмірге ауыл еркіндігі тудырған. Қалалық өмір жан-көңіл тыныштығы сезімін бере алмайды. Мен жылына бір-екі мәрте жайлауға шығып, Ел ағаларынан ұлттық салт-дәстүрді үйреніп, шабытқа кенелемін. Мен қазақтың ұлттық ән-күйлеріне жаңа леп беріп, әлемге танытқым келеді»
Қытайдың көптеген дыбысжазушы компаниялары, репертуарыңа қытай музыкасын кіргізіп немесе қытай тілінде ән айтсаң, барлық жағдайды жасап береміз деп ұсыныстар жасаған.
Қара керей Қабанбай бабасының рухы бойына сіңген МАМЫРЖАН бұл ұсыныстарды қабылдамаған. Мұндай ұстанымға тәнті болған музыкалық орта, Мамыржанды өздері табынатын тұлға санайтын болды.
Екі жыл бұрын Мамыржан британдық продюсер Робин Холлерді кездестіріп, оны өз үнінің ерекшелігімен таң қалдырған. Осылай Мамыржан Европада танымал болып, енді ол Лондонның концерт алаңдарында өнер көрсетіп жүр.
Парасатты да, батыр Бабаларымыздың адамзат тарихында қалдырған іздерін жаңғырту мақсатында «ІЗ» атты музыкалық топ құрып, қазақтың философиялық мағынаға толы ән-күйлеріне жаңа леп беріп, оны Әлемге паш етіп жүрген МАМЫРЖАН бауырымызға АҚ ЖОЛ тілейік, қымбатты ОТАНДАСТАР !!!
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 21 мамыр 2010 жыл
2010 жылы 20 мамыр күні, Алматы қаласы Медеу ауданының, білікті маман Нұрайым Үсенова жетекшілік ететін №172 орта мектебінде, өз ісіне жан-тәнімен берілген мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен «Асыл қазына мұрагерлері» атты концерт болып өтті.
Бұл мәдени шараның ерекшелігі, 150 оқушының екі ай ішінде сандық нота технологиясы арқылы домбыра үйреніп — ӘНҰРАНДЫ домбыраға қосылып — бірлесіп айтуында болды !!!
Аталмыш концертке, сандық нота технологиясының авторы, музыка зерттеуші-ғалым, «Қара жорға» ұлттық би фестивалінің Бас дирижері және Көркемдік Кеңесінің мүшесі Жұмагелді Нәжмеденов, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Болат Бөтеев, ұлттық өнер жанашырлары және ата-аналар қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 18 мамыр 2010 жыл
2010 жылы 14 мамыр күні, Қазақстан жазушылар Одағы мен Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Оразақын Асқардың 75- жасқа толуына орай «Өлеңім-Өмірбаяным!» атты жыр кеші болып өтті.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 10 мамыр 2010 жыл
Алматы қаласында 2010 жылдың 29-30 сәуір күндері, өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі болар, ұлтымыздың ардақты азаматтарының бірі — «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы Билер Кеңесінің мүшесі, Хайролла Ғабжалиловтың 60-жылдық мерей тойы аясында, ғылыми конференция және мәдени іс-шаралар болып өтті.
2010жыл 29 сәуір.ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯДАН РЕПОРТАЖ:
(…ғапу етіңіздер, барлық фотолардың даталарында техникалық қате кетіпті)
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз