Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы» атты басқосу. (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін БАЛТАБАЙ ҚАБЫЛАН.


    Қазақ Елі, 29 сәуір 2010 жыл

    Алла жаратқан ұлттардың — жаманы, үлкені, кішісі болмайды – бәрі бірдей
    Тек – әр ұлттың ішінде ҰЛЫСЫ мен АЗҒЫНЫ, ДҰРЫСЫ мен БҰРЫСЫ бар.

    Міне, осы аксиоманы басқыншылық саясат ұстанған әлемдік басым күштер, ұтымды қолдана білді. Олар өздерінің әлемді торлап алған ұйымдары арқылы, кез-келген елдің, әсіресе дамушы елдердің ұлтын 4-ке бөліп, АЗҒЫНДАРЫН іріктеп алып, жан-жақты қолдау ұйымдастырып, атақ-даңқпен мәз қылып, олардың санасынан ұлттық–ойлау қабілетін өшіргеннен кейін, қызметін жоғарылатуға күш салып, БҰРЫСТАРЫНЫҢ үнсіздігін пайдаланып, сол ұлттың ҰЛЫЛАРЫН жойып, ДҰРЫСТАРЫН қудалап, олардың ҮНІН өшіру арқылы бүкіл ұлттың күш-қуатын өз мүдделеріне жегіп қоюдың жүйесін жасап алған…

    Өз ұлтының бүгінгі өмірінің және оның болашағының келелі мәселелерімен айналысудың орнына, жастайынан ұлттық тәрбие көрмей, өзге тілде білім алып-өз тілін ұмытқан, халықтың мұңын түсінбейтін кейбір шенеуніктер ҮКІМЕТІМІЗДІ мақаулардың «балабақшасына» айналдырып, Қазақ Елінен «планетарлық» деңгейдегі мәселелерді талқылайтын ФОРУМДАР мен САММИТТЕР өтетін «цирк аренасындағы қуыршақ мемлекет» жасап алуға ұмтылуда.

    Баспасөзде жарияланып жатқан, ұлт болашағын ойлаған Ел ағаларының айтуынша, өз ғалымдарын көзге ілмей, шетелдік «кеңесшілердің» жетегінде кетіп, жабайы жекешелендіру мен жалған урбанизацияның әсерінен және қазақ қоғамы қарсы болған ЖЕР КОДЕКСІН қабылдау кесірінен, халқының өмір сүру деңгейін төмендетіп алған Қазақ Елі қатерлі де, қауіпті кезеңде тұр.

    Осы қордаланған мәселелерді, ұлттық мүдде тұрғысынан шешу үшін шақырылған, «Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы» атты жиында сараптап, тығырықтан шығу жолдарын іздеуге талпынған азаматтарды қолдау тұрмақ, еліміздің баспасөз кеңістігінде, олардың игі бастамасын мінеп-сынап-қаралаған мақалалар белең алып барады.
    Басқаны айтпағанда, осының өзі ғана, өз Елінде өмір сүрген қазақ ұлтының билігі өз қолында емес екендігінің дәлелі.

    2010 ЖЫЛЫ СӘУІРДІҢ 24 МЕН 25 КҮНДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ» АТТЫ ЖИЫННАН ФОТО-ВИДЕО РЕПОРТАЖ

    Бірінші күн, 24 сәуір:

    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН шақырушылардың мақсаты НЕ….
    АЙДОС САРЫМ. Қазақ құрылтайы не үшін керек…
    Дос Көшім. ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ 1-ші күн..
    Ұлжалғас Жұмайқызы Бодан қазақты алғашқы құрылтайға 1978 жылы ШОНА СМАХАНҰЛЫ шақырған
    Әуелхан АРЫС Ұлтымызды тығырықтан шығаратын жолды көрсететін ЖАН бар ма екен, деп келдім
    БӨРІХАН НҰРМҰХАМЕДОВ Қазақ мүддесін қорғайтын басқосуларға құрметпен қарау керек
    ЖАСАРАЛ ҚУАНЫШӘЛІ Нақты іске бел буғандар бас қоспаса, саяси ойыншылардың бас қосуы екіталай
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1-ші күн. АРМАН ҚАНИ, Кереку өңірі.
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн АСЫЛХАН БАТЫРШАЕВ, Астана қаласы
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ГҮЛНӘР ЕСІМСЕЙІТОВА, Қызылорда өңірі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ТАЛҒАТ ЕСЕНОВ, Қызылорда өңірі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ҚАЛИМАРЖАН ТӨЛЕГЕН, Тарбағатай өіңрі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ДӘУЛЕТБАЕВ ОҢҒАРБАЙ, Маңғыстау өңірі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1-күн. ҒАБДУЛЛИН МӘЙКЕ, Атырау өңірі.
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн Шығыс Қазақстан өңірінің өкілі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн Қостанайлық ЕСІРКЕПОВТІҢ сөзі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1-ші күн. ӨМІР ЕСҚАЛИЕВ, Қызылжар өңірі.

    Екінші күн, 25 сәуір:

    ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ атты жиынның ашылуы
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы Баяндама 1 бөлім
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Қазақ ұлтшылдары құрылтайы жиыны Баяндама 2
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы Баяндама 3
    Ақын АМАНҒАЗЫ КӘРІПЖАН Қазақ ұлты жойылмасын десеңіз
    ДОС КӨШІМ Қайтсек ЖАНСЫЗ ШПИОН деген аттан құтыламыз
    МҰХТАР ТАЙЖАН Ресеймен кедендік Одақ құру, ол тәуелсіздікті жою жолы
    ИРАН ҒАЙЫП Барлық келеңсіздіктер жеке басқа табынудан, ал ол НАДАНДЫҚ
    МҰРАТ ӘБЕНОВ Осындай ұлттық мүддеге арналған жиындарға Парламент пен Үкімет мүшелері қатысса дұрыс болар еді
    ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ Ұлттық рух тілмен кіріп, айбарлы іспен орнығады

    ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ Кенесары ханның бас сүйегін табу, қазақ үшін қасиетті ІС


    БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ Өзге үнді өзге рухты Билік, ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН аяққа таптады
    ДӘУРЕН БАБАМҰРАТ Ел болашағы,ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған,жастардың қолында
    ДОС НҰРАХМЕТ Ұлт патриоттарының бірігуі,өзге тілді өзге рухты Биліктің ЕСІН жаңғыртады
    ЖАСАРАЛ ҚУАНЫШӘЛІ Жалған саясат,жалған мәдениеттілік ЖАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІЛІККЕ алып барады
    ХАСЕН ҚОЖАХМЕТ Халық болып қозғалмай, ұлт мәселесі ешқашан шешілмейді


    МҰХТАР ШАХАНОВ Ұлттық мүддені барша қазақ бірігіп қорғайық
    Демократ ДОС КӨШІМ және Депутат МҰРАТ ӘБЕНОВ баспасөз брифингінде

    ЖИЫННАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    29 Сәуір 2010 at 21:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 804 рет қаралған ...

    Жұмысын қайтадан бастаған «ТАНЫМ» пікірсайыс клубының бірінші отырысы (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 22 сәуір 2010 жыл

    2010 жылы 19 сәуір күні, біраз жылдардан бері ұлтымыздың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген «Таным» пікірсайыс клубы араға біраз уақыт салып, өз жұмысын жаңа мекенде қайтадан бастады.

    d182d0b0d0bdd18bd0bc-d0bad0bbd183d0b1d18b-001

    Сонымен бірге енді «Танымның» тұрақты қонағы- негізінен өнер, ғылым, мәдениет, әдебиет,спорт,саясат саласында есімі ұлт құрметіне бөленген республикамызға танымал тұлғалар ғана болмақ .
    «Таным» пікірсайыс клубының бірінші отырысы:

    «Тағы да қазақ мәселесі немесе ұлтымызды тығырықтан алып шығар жол қайсы?» деген тақырыпқа арналды….

    Қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін алғалы 20 жылға аяқ басыпты. Осы уақыт ішінде осы жердің де, мемлекеттің де иесі – қазақ ұлты өз отанында өгей баладай күйін кешіп келе жатқаны жөнінде аз айтылған жоқ. Аз да жазылған жоқ. «Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды» демекші, — өкінішке орай, қазақтың жанайқайына келгенде қазіргі биліктің құлағы – керең, көзі – соқыр болып отыр. «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым» деп данышпан Абай айтқандай, билік ұлтымыздың көз жасына қарайтын ыңғай танытпай отыр. Сонда бұл азаппен пара-пар тығырықтан шығудың жолы бар ма деген заңды сұрақ туындайды …

    Ұлтымыздың тағдыр-талайына байланысты сұрақ көп… Ал, жауап ше?…

    Міне, «Танымдағы» бірінші басқосуға арнайы келіп, өз ойын бөліскелі отырған азамат — мемлекет және қоғам қайраткері,танымал тұлға, белгілі саясаткер, Қазақстан Коммунистік партиясының төрағасы
    Ғазиз Камашұлы АЛДАМЖАРОВ (Баяндамашы)

    Бас сарапшы – жазушы Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

    Орынбасарлары: ақын, публицист Мырзан КЕНЖЕБАЙ және де журналист Рахым АЙЫПҰЛЫ

    Жүргізуші – «Таным» клубының жетекшісі Жұмаш КЕНЕБАЙ

    Сондай-ақ бұл отырысқа: қоғам қайраткері, ақын, «Тәуелсіздік үшін» қозғалысының төрағасы Мұхтар ШАХАНОВ, «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ, «Аллажар-қолдау» қорының төрағасы Марат БӨТЕЙ, белгілі шоқантанушы, қоғам қайраткері Назарбек Қанафия, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Болат Нәукенұлы, «Аллажар» кинофильмінің қоюшы-режиссері Қадыбай Әбенов, т.б. ұлтымызға кеңінен танымал азаматтар, саясаткерлер, ғалымдар, баспасөз өкілдері қатысты.

    «Таным» клубының жаңа мекен- жайы:

    Алматы қаласы Жұбанов көшесі 94-үй, офис 2Алтынсарин (бұрынғы Правда) көшесінің қилысы «Жайлау» қонақ үйі,(Бұрынғы «Айқын» газетінің ред. орналасқан үй)

    Байланыс тел: 276-23-27, 276-6304 факс 276-0192 E-mail kokbory_50@inbox.ru www.tanym.kz

    Құрметпен,«Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі Жұмаш КЕНЕБАЙ

    (тел: , 8.777 356 9696 )

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ТАНЫМ пікірсайыс клубы өз жұмысын бастады Алматы, 19 сәуір 2010 жыл
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ ҰЛТ МҮДДЕСІ үшін бар қазақ бірікпейінше, өзгелер БІЗДІ сыйламайды
    МҰХТАР ШАХАНОВ Ұлт мүддесі үшін, бар қазақ, бір жұдырық болайық
    НАЗАРБЕК ҚАНАФИЯ Қазақ осыншама сорлы күйге қалай түсті
    РЫСБЕК СӘРСЕНБАЙ Ұлт мүддесі үшін, жеке бас мәселесін құрбан етейік
    МАРАТ БӨТЕЙ Дайындықсыз ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН өткізу, өзгелерге күлкі болу
    НАҒАШЫБАЙ ЕСМЫРЗАЕВ Ұлттық идеология болмайынша, қазаққа әдемі өмір жоқ

    ҒАББАС ҚАБЫШҰЛЫ Ұлт мәселесін шешуге билік те, өзге тілді оппозицияда мүдделі емес

    МҰХТАР ШАХАНОВ Дос Көшімнің сөзі дұрыс, бірақ ойы мен іс қимылында логика жоқ
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Өзара ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА болса ғана,ұлт патриоттарының басы қосылады

    КЛУБ ОТЫРЫСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    22 Сәуір 2010 at 10:16 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 254 рет қаралған ...

    Іс-тәжірибесі, жас ұрпақ тәрбиесімен айналысқан мекемелерге, үлгі болатын балабақша (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 21 сәуір 2010 жыл

    2010 жылы 15 сәуір күні, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №69 балабақшада «ПЛАНЕТААРАЛЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ ТУРНИР» атты танымдық мәні бар, спорттық шара болып өтті.

    Аталмыш тәрбиелік шара, балабақша жетекшісі Гүлзия Ділмағамбетованың ұйымдастыруы нәтижесінде, ата-аналардың қолдауымен және белсенді атсалысуымен өткен, балабақша өміріндегі қызықты оқиға болды.

    Бұл танымдық әрі спорттық шараның сценарийін жазған, №69 балабақшаның тәрбиеші-әдіскері, Нәзира Зияшқызы.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Балабақшадағы спорттық тәрбие жайлы НӘЗИРА ЗИЯШҚЫЗЫ, тәрбиеші әдіскер

    №69 балабақшада өткен Турнирден бейнекөріністер, 1 бөлім

    №69 балабақшада өткен Турнирден бейнелі көріністер, 2 бөлім

    №69 балабақшада өткен Турнирден бейнелі көріністер, 3 бөлім

    №69 балабақшада өткен Турнирден бейнелі көріністер, 4 бөлім

    ТУРНИРДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    21 Сәуір 2010 at 10:23 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 844 рет қаралған ...

    ҮЕҰ-дар бірігіп, ұлтымызға қарсы жүріп жатқан, МӘДЕНИ ИНТЕРВЕНЦИЯҒА тосқауыл қоюға бел буды (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 19 сәуір 2010 жыл

    2010 жылы 15 сәуір күні, Алматы қаласында, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы Билер Кеңесі мен Құрылтайшыларының бірлескен жиналысы болып өтті.

    Аталмыш жиында, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, педагогика және медицина ғылымдарының докторы, жазушы Совет-Хан Ғаббасов есепті баяндама жасап, Одақ алдында тұрған мақсаттарды Билер Кеңесі мен Құрылтайшылардың талқысына ұсынды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    АЛАШ ҮНІ одағы төрағасы С Ғаббасовтың есепті баяндамасы 1 бөлім
    АЛАШ ҮНІ одағы төрағасы С Ғаббасовтың есепті баяндамасы 2 бөлім
    Ұлтымызға қарсы жүріп жатқан МӘДЕНИ ИНТЕРВЕНЦИЯҒА, қалай тосқауыл қоямыз
    АМАЛБЕК ТШАН Қасиетті АЛАШ аты аясына топтасып,ҰЛТ мүддесін қорғайық
    ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН Күш шашыратпай,ішкі саясатқа ықпал ететін екі, үш мәселеде топтасайық
    ӘБІЛСЕЙІТ АЙХАНОВ Әлемге күлкі болмай, билікті ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ жегуге ықпал етейік
    ҚАЛДЫБАЙ ӘБЕНОВ Ұлтымызға қарсы мәдени экспанция, киносаласында өршіп тұр
    РАМАЗАН ЖӘШИҰЛЫ Ұлтымыздың болашағын өзге тілді балабақшалар,мектептер ұрлап жатыр
    МАРАТ БӨТЕЕВ Жұмысымызды, АЛАШ ҮНІ одағы Жарғысына сай,жүйелі жүргізейік
    ДӘРМЕН СМАЙЫЛ Одаққа біріккен қоғамдық ұйымдар үлкен күш
    ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ Қазақ ұлты, бүгін өте күрделі, қауіпті кезеңде тұр
    ЖАҢЫЛ ӘПЕТОВА Одаққа бірігіп, қоғамдық ұйымдарды АЛАШ ҮНІН, РУХЫН жаңғыртуға шақырайық

    «АЛАШ ҮНІ» жиналысынан фотокөріністер:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    19 Сәуір 2010 at 18:37 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 395 рет қаралған ...

    ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ мемлекеттік тіл және жастар саясатында түбегейлі бетбұрыс қажет (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 14 сәуір 2010 жыл

    d0bcd0b0d0bcd0b0d0b9-d0b0d185d0b5d182-0011

    2010 жылы 9 сәуір күні Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және жастар саясаты» атты дөңгелек үстел болып өтті.

    Аталмыш шараға студент жастар өкілдері, қоғамдық ұйымдар басшылары, БАҚ өкілдері қатысып өз ой-пікрілерін ортаға салды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ мемлекеттік тіл және жастар саясатында шұғыл бетбұрыс қажет
    ЖҰМАБЕК АШУҰЛЫ Мемлекеттік тілде сөйлемеу Қазақ мемлекетін мойындамаумен тең
    НУРАДДИН САДЫҚОВ Жастар, Елімізде іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілгенін қалайды, талап етеді
    МАРАТ БӨТЕЕВ Барша проблемалар мемлекеттік тілге келіп тоғысады
    ДӘУРЕН МҰХАМЕДЖАНОВ Патриот жастар эмоцияға беріліп алаңға шықса,жазалануы,оқудан қуылуы мүмкін

    СОВЕТ ХАН ҒАББАСОВ Қазақ ұлты ТІЛ ДЕРТІН қоздырған космополиттердің бодауында қалып отыр

    СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ Шешілмеген жастар мәселесі әлеуметтік бұлқыныс детонаторы

    ҚАЛИ СӘРСЕНБАЙ Жастардың азаматтық, ұлттық белсенділігін арттыру үшін,олардың ортасына барайық
    МАҚСҰТ ОРАЗАЙ Ел түсінетін тілде сөйлеймін деп,Президенттің мемлекеттік тілден бас тартқаны қате
    АСЫЛЫ ОСМАН Жастарға ұлттық тәрбие,тек қана ана тілімен кіреді
    ҒАЛИЯ ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ Тілі өлген ұлттың үні өшеді,ҮНІ өшкен халықтың күні сөнеді

    ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Сәуір 2010 at 18:49 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 329 рет қаралған ...

    Ғалымдарының ақылын тыңдамайтын, ұлттық болмысынан жеріген ҮКІМЕТ кімдердің мүддесіне қызмет етіп жүр? (фото-видео репортаж)

    / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 7 сәуір 2010 жыл

     

    2010 жылы 2 сәуір күні ҚР ҒК БҒМ Экономика институтының мәжіліс залында, 2006 жылы Қазақстан Республикасының жетекші ғалым-қайраткерлерінің бастамасы бойынша құрылған «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының сессиясы болып өтті.

    «Ғалымдар одағының» жалпы жиналыс сессиясының өткізілуі, қазіргі кезде ҚР Парламентінде қарастырылуда жатқан, ҚР «Ғылым туралы» Заң мәселелерін талқылау және ұғынудың нақты қажеттiлiгінен туындаған шара болды.
    Ғалымдар одағының жалпы жиналысы сессиясында келесі мәселелер қарастырылды:
    - ғалымдар одағының үш жылдық қызметі туралы есеп;
    - тексеру комиссиясының есебі;
    - Ғалымдар одағының басқару органдарын сайлау;
    - ҚР Парламентінде қарастырылып жатқан «Ғылым туралы» Заң жобасына енгізетін ұсыныстарды талқылау;

    Ғалымдар одағының жалпы жиналыс сессиясына құрылтайшылар, Төралқа мүшелері, ақсақалдар алқасы, Ғалымдар одағының облыстық филиалдардың өкілдері, еліміздің атақты ғалымдары, Қазақстанның барлық өңірлерінен ЖОО мен ҒЗИ өкілдері және «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысты.

    Жастайынан ұлттық тәрбие көрмей, өзге тілде білім алып-өз тілін ұмытқан, халықтың мұңын түсінбейтін кейбір шенеуніктердің ҮКІМЕТІМІЗДІ мақаулардың «балабақшасына» айналдырып алғанын өткір сынға алған  қазақ ғылымының беткеұстар тұлғаларының шерлі үндері :

    Академик САЛЫК ЗИМАНОВ

    Академик САЛЫК ЗИМАНОВ

    ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов: «…Ел билігінде, ғалымдарды тыңдайтын жан жоқ. Қазақ ғылымының бүгінгі деңгейін, есектің жүрісіне теңеуге болады…»
    dsc000323Академик Әлия Бейсенова:«…ұлтымыздың болашағын ойласақ, Алаш арыстарынан үлгі алып, жұмыстарымызды қазақ тілінде жүргізейік!»

    dsc000552
    Академик Камал Ормантаев:«…Елімізді жүйесіз реформалап, бүлдіріп-қирататын жалған МАСТЕР-пысықтар қаптап кетті.»

    АБАЙ атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Серік Пірәлиев:

    «…бар кінә өзімізде ме деп ойлаймын. Бас-басымызға салалық академиялар ашып, қырық құрақ болғанша, неге баршамызға ортақ бір ғана Ұлттық Ғылым Академиясы болсын деп, Үкіметке ұсыныспен кірмейміз?»

    Алтынбек Нухулы

    Алтынбек Нухулы

    Бүгінгі көптілді-көпдінді-көпвекторлы саясаттың ішінде жүрген кейбір шенеуніктердің, ұлт тамырынан нәр алмай, көз жұмып БАТЫСҚА еліктеуінің әсерінен рухани азғындап, мінезі-болмысы заманына сай өзгеріске түскендіктен, парасатты ЕЛ ағаларының ойын түсініп, олардың ісін жалғастыра алмайтын халге түскендігін дөп басқан Үкіметтің өкілі Алтынбек Нухұлының айтқаны:

    «…Заманына сай, адамда, саясатта, заңда өзгереді. Қазақ ғылымының іргетасын Қаныш атамен бірге қаласқан Сіздердің ой-танымдарыңыз, болмыстарыңыз ерекше. Мүмкін, бір бірімізді түсінбегендіктен, шығып жатқан уақытша түсінбестіктер бар шығар деймін…»

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
    ҚР ғалымдар Одағы жалпы жиналысы сессиясының ашылуы 02 04 10
    ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ҚР ғалымдар Одағының 3 жылдық есебі, 1 бөлім
    ҚР Ғалымдар Одағы сессиясы Оразалы Сәбден, баяндама 1, Алматы 02 04 10 жыл
    ҚР Ғалымдар Одағы сессиясы Оразалы Сәбден, баяндама 2, Алматы 02 04 10 жыл

    Академик САЛЫҚ ЗИМАНОВ, ел билігінде ғалымдарды тыңдайтын жан жоқ 2 сәуір 2010 жыл
    КАМАЛ ОРМАНТАЕВ Елiмiздi жуйесiз реформалап, булдiрiп кирататын,жалган ДОКТОР АКАДЕМИКТЕР каптап кеттi
    Академик САЛЫҚ ЗИМАНОВ, қазақ ғылымының бүгінгі жағдайы есектің жүрісі 02 04 10 жыл
    Академик ӘЛИЯ БЕЙСЕНОВА, Алаш арыстарынан үлгі алып, жұмыстарымызды қазақ тілінде жүргізейік 02 04 2010 жыл
    ЕДІГЕ ТҮРКЕБАЕВ, частные УЧЕНЫЕ СОВЕТЫ выпускают академиков ТУАЛЕТНЫХ НАУК
    СЕРІК ПІРӘЛИЕВ Бір ғана Ұлттық академия болсын деп, неге ҮКІМЕТКЕ ортақ ұсыныс жасамаймыз
    БОЛАТХАН МАХАТОВ Мақсат,жастарды қолдап жебеп,қазақ ғылымын дамыту

    ҚР ғалымдар Одағы жалпы жиналысы сессиясынан бейнелі көріністер

    АЛТЫНБЕК НУХҰЛЫ Қазақ ғылымының бүгінгі жағдайы жайлы

    ҚР ҒАЛЫМДАР ОДАҒЫ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ СЕССИЯСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Сәуір 2010 at 17:51 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 9 406 рет қаралған ...