Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 31 наурыз 2010 жыл
Бүгін, 2010 жылы 31 наурыз күні, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы, өз ісіне жан-тәнімен берілген және тәжірибелі-білікті ұстаз Гүлзия Ділмағамбетова жетекшілік ететін, №69 балабақша ұжымының ұйымдастыруымен және ата-аналардың қолдауымен «ҚЫЗ СЫНЫ» байқауы болып өтті.
Аталмыш шараны ата-аналармен қатар, ұлттық болмысымызды жаңғыртуды мақсат еткен «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы мүшелері, «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы (www.internetTV.kz) сайтының жетекшісі Бөтеев Болат және «Қазақстан» телеарнасы «ЕРКЕТАЙ» бағдарламасының шығармашылық тобы көріп, тамашалады.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Кеше, 2010 жылы 25 наурыз күні, АБАЙ атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторы - Әбсаттаров Раушанбек Борамбайұлы, Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор
Баяндамашы — Болсанбек Болат Болсанбекұлы, э.ғ.к., доцент
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар:
1. Жексенбекова Венера Абыханова — ҚР БҒМ-нің кеңесшісі, профессор
2. Арын Ерлан Мұхтарұлы — Торайғыров атындағы Павлодар университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор
3. Алшанов Рахман Алшанұлы — Туран университетінің президенті, ректоры, э.ғ.д., профессор, ҚР жоғарғы оқу орындары Ассоциасының Президенті
4. Қасқабасов Сейіт Асқарұлы — ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтының директоры, академик, фил.ғ.д., профессор
5. Сәбден Оразалы Сәбденұлы — ҚР ҰҒА Экономика институтының директоры, э.ғ.д., профессор
6. Мажитов Саттар Фазылович — ҚР ҰҒА Тарих және этнография институтының директоры, т.ғ.д., профессор
7. Абусейтова Меруерт Қуатқызы — ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, т.ғ.д., профессор
8. Татимов Мақаш — Орталық Азия университетінің ректоры, с.ғ.д., профессор
9. Алиев Орақ Жолмырзаұлы — Туран университеті кешенінің вице-президенті, э.ғ.д., профессор
10. Қожахметова Клара Жантөреқызы — Қазақ Қыздар Педагогикалық университетінің проректоры, с.ғ.д.,профессор
11. Ғаббасов Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы
12. Аташ Берік Мұратұлы — Атырау мемлекеттік университетінен, философ.ғыл. кандидаты
13. Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы — тарих кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор
14 Тұрғынбаева Ботагүл Алтаевна — Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., рофессор
15. Садырова Мәнсия Сапарғалиевна — соц.ғ.д., профессор
16. Матақбаева Ляззат Хайроллаевна — с.ғ.д., доцент
17. Бөтеев Болат — «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы (www.internetTV.kz) сайтының жетекшісі, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі
18. Бахина Ақмарал — мектеп оқытушысы
19. Болсанбек Күләш Сәкенқызы — Кино және теледидар техниа-экономикалық Академиясының ректоры, х.ғ.к., КТТЭА профессоры
Конактардын бiр тобы
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 25 наурыз 2010 жыл
2010 жылы 20 наурыз күні, ЕУРАЗИЯНЫҢ төсінде жатқан ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ — 43 бұтақты АЛЫП БАЙТЕРЕГІ қазақ халқының бір бұтағы — Жаркент өңірінің Алматы қаласында еңбек етіп жүрген жастары мен кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен, ӨНЕР, СПОРТ, ӘДЕБИЕТ салалары мен ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕ оза шауып, көзге түсіп жүрген жерлестерін ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ — НАУРЫЗБЕН құттықтау мақсатында кездесу болып өтті.
Аталмыш шараға, өздерінің өнегелі өмір жолымен жастарға үлгі болар, Ел ағалары, Ауыл ақсақалдары, Жігіт ағалары қатысып, АЛЫП БАЙТЕРЕК — ҚАЗАҚТЫҢ тамырын тереңдетіп-дамытуда белсенділік көрсетуге жастарды шақырып, ұлағатты әңгімелерін айта отырып, баталарын берді.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 24 наурыз 2010 жыл
2010 жылы 17 наурыз күні, Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың Наурызы — тұрмыс мейрамы, оны ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарымен бірігіп ұйымдастыратын мейрам ету керек» деген сөзін және «Бір тал кессең — он тал ек» деген парасатты бабаларымыздың өнегелі жолын ұрпақ санасында қайта жаңғырту мақсатында «ГҮЛЗАР» қоғамдық бірлестігі мен «ГҮЛДЕНУ» қоғамдық қоры «Наурыз мейрамын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» ұластырайық!» атты баспасөз мәслихатын өткізіп, барша Қазақстан халқына Үндеу жариялады.
Аталмыш шараға БАҚ журналистері және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы,
«Гүлзар» қоғамдық бірлестігі және «Гүлдену» қоғамдық қорының
барша Қазақстан халқына Ү Н Д Е У І (жалғасы..)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 18 наурыз 2010 жыл
2010 жылы 16 наурыз күні, қоғамымыздың өзекті мәселелерін Еліміздің танымал тұлғаларымен бірге талқылауға мүмкіндік беретін, Нұрлан Ерімбетовтың «АйтПАРК» клубында, кезекті қонақ «Мәдени саясат және өнертану» институтының директоры, саясаттанушы-ғалым Ерлан Саиров мырзамен кездесу болып өтті.
Аллатағаланың үйіп-төгіп берген мүмкіндіктерін тиімді қолдана алмағандықтан, жарлы да зарлы болған Қазақ қоғамының рухани күйзелісін бойынан өткізіп, ашынған «АйтПАРК» қожайыны Нұрекең өзінің арты-артынан бұрқыраған «қос тілді» сұрақтарымен тістеп, қонағын орап алып, оған жауаптан қашуға мүмкіндік бермеуге тырысты…
Бұл кездесуге БАҚ өкілдерімен қатар, қоғамдық ұйымдар белсенділері қатысып, өз сұрақтарына жауап алды.
Өте тартымды өткен кездесу барысында, Қазақ Елінде ШӘКӘРІМ ғұлама деңгейлес азаматтар бар екендігі, бірақ олардың біразынын өзге тілде ойлап, өзге тілде сөйлеудің әсерінен ұлттық болмысы да өзгешеленіп, рухани мүгедектерге айналғандығы және әлі күнге дейін, жыл сайын 100 мыңға жуық қазақ балаларының өзге тілді мектептерден түлеп ұшып жатқандығы да әңгіме болды.
Кездесуге қатысып шыққан азаматтардың ортасындағы әңгімеде, «қос тілділіктегі» ұзақ жылдарға созылған біржақты басымдылық, бара-бара адамның отбасындағы және қоғамдағы мінезін,»Көңілшек жігіт — атының соры, … » деген қазақ мақалындағыдай немесе бүгінгі тілмен айтқанда, «көп векторлық» сипатқа ұрындыруы мүмкін деген болжамдар да айтылып қалды…
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
«АйтПАРК» КЕЗДЕСУЛЕРІНІҢ ӨТУ ДЕҢГЕЙІН САЛЫСТЫРУ ҮШІН (төмендегі бейнесюжетті көріңіз)
2009 жылдың 17 ақпанында ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұқамет Қабиденұлы Ертісбаев — Алматы қаласында «АЙТпарк» зерделі пікір-талас клубының қонағы болды. Бір сағаттан аса клуб жетекшісі Нұрлан Ерімбетовпен Еліміздегі бүгінгі қалыптасқан саяси-экономикалық ахуал жайында сындарлы сұхбат жүргізді.
Отырыс соңында осында жиылған БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Бір өкініштісі, 17-жылдық тәуелсіздіктің арқасында ұлттық санасы жаңғыра бастаған жастардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына Президент кеңесшісінің мемлекеттік тілде жауап бере алмағандығы болды…
Алматы облысы Қызылағаш ауылында 12 наурызда болған су тасқынынан кемінде 37 адам қаза тапты, ондаған адам хабарсыз кетті. Бөгесін жарылып, Қызылағаш және Егінсу ауылдарында мыңдаған адам зардап шекті, жүздеген үй қирады.
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз