Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақ Елі білім саласының қара шаңырағында — «ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ» дәрістері өтуде.(фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.
    Қазақ Елі, 18 ақпан 2010 жыл

    Қазақ Елінің жоғары білімді маман дайындау саласының қара шаңырағы, Абай атындағы педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Серік Пірәлиевтің ынтасымен, жастарға парасатты ата-бабаларының ұлттық ойлау қабілетін егу мақсатында, аталмыш оқу орнында биыл «Ұлттық тәрбие» кафедрасы ашылған еді.

    Бұл бастама, рухани тәрбиеге сусаған еліміздің, ұлт болашағын ойлаған азаматтарынан қолдау тауып, «Тұлғалар тағылымы» дәрістерін тұрақты өткізіп тұру кафедраның жұмыс жоспарына енгізілгенді.
    Алғашқы «Әдебиеттегі тәрбиенің мәні» атты дәрісті, елімізге танымал ғалым Серік Қирабаев өткізген еді.

    2010 жылы 17 ақпан күні, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты дәрісін өткізді.

    Бұл дәріске, университет ректорының кеңесшісі экономика ғылымының докторы, профессор Көпжасар Нәрібаев бастаған, ұлттық тәрбие мәселелері толғандырып жүрген оқытушылар мен барша факультеттерден студенттер қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    СЕРІК ПІРӘЛИЕВ Мақсатымыз өнегелі, білімді жастар тәрбиелеу!
    Ел Ағалары КӨПЖАСАР НӘРІБАЕВ пен С ҒАББАСОВ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ жайлы
    ТҰЛҒАЛАР ТАҒЛЫМЫ дәрістері Профессор Серік Пірәлиевтің кіріспе сөзі
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 1 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ 2 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 3 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 4 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 5 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 6 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 7 бөлім
    Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 8 бөлім
    Профессор С Ғаббасов тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруде

    ДӘРІС АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    18 Ақпан 2010 at 21:24 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 8 209 рет қаралған ...

    Тәуелсіз Қазақ Елі бала-бақшаларындағы ұлттық тәрбие жайында (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.
    Қазақ Елі, 18 ақпан 2010 жыл

    2010 жылы 15 қаңтар күні “Қазақстан-ZAMAN” газеті оқырмандарының “АЛДАСПАН” пікірсайыс орталығында, “Тәуелсіз Қазақ Елінің бала-бақшалары қандай болуы керек?” тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.

    d0b0d0bbd0b4d0b0d181d0bfd0b0d0bd-d0b1d0b0d0bbd0b0d0b1d0b0d29bd188d0b0-010

    Отырысқа, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов, «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, бала-бақша меңгерушісі Гүлзия Ділмағамбетова, білікті тәрбиеші Майгүл Жетпісова, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы Жанастан Кучукова, тәжірибелі тәрбиеші Индира Бекежанқызы, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының иесі Болат Бөтеев және т.б. қоғамдық белсенді азаматтар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ Дөңгелк үстел қонақтарын таныстыру, кіріспе сөз
    Бүгінгі бала-бақшадағы тәрбиеде ұлттық негіз бар ма.MPG
    С ҒАББАСОВ Ұрпағымызды өз салт дәстүріміз негізінде тәрбиелейік!
    МАЙГҮЛ ЖЕТПІСОВА Б бақшалардағы ұлттық тәрбиеге көңілім толмайды
    СӘБИГЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ Гүлзия Ділмағамбетова,Алматы,69 бақша
    Мемлекет ата анаға жағдай жасамай,өнегелі тәлімді ұрпақ болмайды
    Болат Бөтеев Келеңсіздіктің бәрі ЖАУАПКЕРШІЛІК һәм ТӘРБИЕЛІК ОРТАНЫҢ жоқтығынан
    ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМҒА сүбелі үлес қосқандар тек қана қазақ мектебін бітіргендер!

    Алматыдағы қазақ бала бақшалары мәселесі 4 маусым 2009 жыл

    ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    18 Ақпан 2010 at 11:35 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 892 рет қаралған ...

    Қазақ Елі журналистері құқықтық біліктілігін көтерумен қатар Жаңа медия тәсілдерін игеруде. (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 14 ақпан 2010 жыл

    2010 жылы 12 ақпан күні Алматы қаласында, Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ тілді БАҚ журналистерінің құқықтық біліктілігін арттыру» жобасы мен Сорос-Қазақстан Ұйымының «Адвокаттар мен заңгерлерге Ресурс орталығын құру арқылы қазақтілді БАҚ пен журналистердің заңгерлік қорғауын нығайту» гранты бойынша Оқуларының кезекті семинарын өткізді. Бұл Оқуларға жүйелі түрде қатысқан әрбір журналиске базалық құқықтық білім алғаны туралы Сертификат беру қарастырылған.

    Аталмыш семинар «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының белсенді атсалысуымен өтіп отыр.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҒАЛИЯ ӘЖЕНОВА Журналистердің құқықтық біліктілігін көтеру дәрісі
    ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ Журналистік этика қағидалары және Қазақ БАҚ ры жайлы
    Г КРАСИЛЬНИКОВА Необходимо повышать правовую культуру в СМИ РК
    ІЗГІЛІК НАҒИЕВ Қазақтілді интернет ресурстардың даму үрдісі жайлы
    ДӘУРЕН ҚУАТ Abai kz порталының мақсаты қазақ БАҚ ры белсенділігін көтеру
    РАХИЛА КАРЫМСАКОВА Роль лингвистической экспертизы в судопроизводстве
    АСХАТ ЕРКІМБАЙ Қазақ Еліндегі IT технология мен Жаңа Медияның даму үрдісі
    АЯУЖАН ТАУСОҒАРОВА Сот ісіндегі лингвистикалық сараптаманың рөлі
    Сара Досниязова ТАҒДЫР ТАРАЗЫ көпшілік құқықтық ақпарат журналы жайлы

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Ақпан 2010 at 08:46 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 199 рет қаралған ...

    Ұрпағының ұлттық болмысын, IT технология көмегімен, жаңғыртуды көздеген ҚАЗАҚТЫҢ АҚСАҚАЛЫ (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 10 ақпан 2010 жыл

    Бүгін, Алматы қалалық білім басқармасының, ұстаздардың білімін жетілдіру институты мамандарының ұйымдастыруымен өткен семинарда қала бала-бақшаларының бір топ әдіскерлері, Қазақ Еліне танымал, Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдоловтың шәкірті екендігінен артық дәрежені қажетсінбейтін, жаңашыл ұстаз Рамазан Жәшиұлының «Мақсатымыз — тәлімді ұрпақ тәрбиелеп, өсіру» атты дәрісін тыңдады.

    Рамазан Жашиулы сабак беруде

    Рамазан Жашиулы сабак беруде

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    РАМАЗАН ЖӘШИҰЛЫ Мақсатымыз ТӘЛІМДІ ҰРПАҚ тәрбиелеп, өсіру

    «Үлкен ойын» атты интерактивтік бағдарлама

    Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұрпағына табиғи түсінік салу арқылы оның ой құнарлығын қамтып, бақылап отырған. Баланың тілін қазақ тілінің жаухарымен шығаруға күш салған. Қазіргі таң да Рамазан Жәшиевтің «Үлкен ойын» атты интерактивтік бағдарламасы баланың тілін ақындық икеммен шығуындағы таптырмас дүние. Компьютерлік бағдарламаның негізгі мақсаты баланын өз бетімен білім алуға, ойлай білуге дағдыландыру.

    Бағдарлама 12 ойыннан 900 сағаттан тұрады. Бұл ойын 3-12 жас аралығындағы балаларға арналған. Ұлы далаға саяхат жасау арқылы бала табиғаттың тыныс-тіршілігімен танысады.

    Сонымен қатар бала жеміс жидек базарына тап болады. Ол жердегі жемістер өлең жолдары арқылы өздерін таныстырады.

    Негізгі меню арқылы оқушы таңдаулы саласын айшықтап алып, оған қажетті ақпаратпен қанығады. Сондай-ақ, ережелер мен сауалдардың жауаптары лезде ұсынылады. Әр жауапқа шешендік сөзбен жауап алады.

    Рамазан Жашиев жасаған компьютерлік интерактивтік бағдарлама өз бетімен табиғи жағдайда ұлттық құндылықтар арқылы,қазақ даласының әсем табиғаты аясында,ұлттық саз бен күйлердің қостауымен баланы тәрбиелеу.

    Білім саласы бағдарламалары мен жобалары авторы — Рамазан Жаши ұлы

    Рамазан Жәши ұлы Бейісқали тегі — ҚазМУ-дың түлегі. Білім беру саласында отыз жылдай тер төккен оқу ісінің үздігі. Зейнет жасында да ұрпақ тәрбиелілігі мен білімдарлығы үшін әлі де талмай еңбек етіп, бүгінгі таңда 900 сағаттық компьютерлік интерактивтік бағдарламасымен Алматы, Атырау облысы мектептері пайдаланып, авторға жүрекжарды ризашылықтарын білдіруде.

    2008 жылдан бері БҒМ-ның бұйрығымен мақұлданған «Ғұламалық мектеп» сабақтары «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан беріліп, шалғай ауыл балаларына ұлттық рух себуде.

    Өзі М.Әуезов пен З.Қабдоловтың шәкірті болғанынан артық марапатты мойындамайды.

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    10 Ақпан 2010 at 20:36 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 202 рет қаралған ...

    ХАЛЫҚ пен БИЛІК, «екеуі екі тілде сөйлеп», бірін-бірі түсінбей жүрген жоқ па? (фото-видео репортаж)

    www.qazaq.kz сайтынан көшіріліп, осында орнатылды.
    Қазақ Елі,5 ақпан 2010 жыл

    "Халыктын жері - Халыкка" митингісі. Алматы 30.01.2010 жыл

    30 қаңтар, сенбі күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинтотеатрының артындағы саябақта, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен билік рұқсат еткен митинг болып өтті. Жиынға қатысқан жүздеген адамның арасында Қазақстандағы үш оппозициялық партияның мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық топтардың өкілдері мен қатардағы азаматтар болды.

    Митингті жүргізген «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов митингке бес мыңдай адам жиналды деп атап өтті.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    5 Ақпан 2010 at 14:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 135 рет қаралған ...

    Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 1 ақпан 2010 жыл

    "АЛДАСПАН" пікірсайыс орталыгында

    2010 жылы 28 қаңтар күні «Қазақстан-ZAMAN» газеті оқырмандарының «АЛДАСПАН» пікірсайыс орталығында, «Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма?» тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.

    Отырысқа қатысушылар, негізінен, төмендегі үш сұраққа жауап іздеді:
    1. Аңыз-әпсаналарды тарихи дерек-көз ретінде қарастыруға негіз бар ма? Егер, бар болса, оның алғышарттарын көрсетсек.
    2. Қазақ шежірелеріндегі сәйкестіктер мен кереғарлықтарды зерттеуді отан тарихы ғылымының басымдықтары ретінде қарастыра аламыз ба?
    3. Жыр-дастандар мен толғауларды фольклор немесе әдебиет тарихы ғылымы меншіктеп алғаны белгілі. Бірақ, фольклорлық мұраларымыздың белгілі-бір тарихи оқиғаларды суреттейтіні көпшіліке аян. Ендеше, жыр-дастандар мен толғауларды отан тарихы ғылымының қайнар-көзіне жатқыза аламыз ба?

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Мұқан Исахан Тарихи деректің бір көзі қазақ фольклорында жатыр
    С ҒАББАСОВ Батысқа жалтақтамай,шығыстық болмысқа терең үңілейік
    АХМЕТ АЛЯЗ Фольклордан да тарихи деректерді іздеп табуға болады
    С ҒАББАСОВ Еуропацентрстік методологияның ТУРАН тарихына қиянаты
    Е ҚУАНДЫҚ Тарих ғылымында фольклор мен шежіренің өз орны бар
    Ш ЕРГӨБЕК Қазақ фольклоры нақты тарихи географиялық дерекке толы
    М БӨТЕЕВ Фольклордағы деректерді жаңаша зерттеу жастардың еншісі
    Е ӨМІРЖАНОВ Тарихымызды кеңейтуде тың ғылыми ізденістер қажет

    ПІКІРСАЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ: (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    1 Ақпан 2010 at 13:30 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 717 рет қаралған ...