Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 15 наурыз 2010 жыл
2010 жылы 13 наурыз күні, Желтоқсан көтерілісінің батыры, ҚР Халық қаһарманы — Қайрат Рысқұлбековтың туған күніне орай, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры мен «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен, «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ЖОЛ АШҚАН ЖЕЛТОҚСАН — МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ!» атты кездесу болып өтті.
Кездесу аясында, Желтоқсан көтерілісінің ізі суымай жатып, дер кезінде, сол тарихи кезеңнің атмосферасын шынайылықпен суреттеп, кеңестік тоталитарлық жүйенің бет пердесін әлемге паш еткен «АЛЛАЖАР» кинофильмінің DVD дискісінің тұсаукесері болды.
Аталмыш шараға «АЛЛАЖАР» кинофильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов, Желтоқсан батыры Ләззат Асанованың анасы — Алтынай Асанова, көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабеков, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев және «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының белсенділері мен студенттер қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 13 наурыз 2010 жыл
2010 жылы 11 наурыз күні, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде, «СОЦИУМ» социолог-студенттер клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ақпараттық қауіпсіздік және қоғам» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер:
ғаламтордағы ақапарттық соғыс, ақпараттық қауіпсіздік және оның қоғамға әсері, ақпарттық мүдделердің қақтығысы.
ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы – ақпарат. Ал ақпарат таратуда теледидар, газет-журналмен қатар ғаламтордың үлес салмағы артып келеді. Бұл процестердің қоғамдық сананың қалыптасуы мен өзгерісіне тигізер әсері мол. Осы тұста азаматтардың ақпараттық сауатты болуы маңызды.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар:
1. Ізгілік Нағиев, «Қаламгер» ЖШС жетекшісі, интернет-маманы.
2.Есенжол Алияров, «Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюктура орталығының» президенті, саясаттану ғылымдарының докторы .
3.Дәурен Қуат, «www.abai.kz» — Ұлттық ақпараттық порталының редакторы .
4.Серік Малеев, «www.altyn-orda.kz» — сайтының бас редакторы .
5.Нұрмұхамед Байғара,«Хабар» арнасы, бағдарламалар сценарийсті.
6.Дархан Мамырханов, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.
7.Болат Бөтеев, «ҚАЗАҚ ЕЛІ»- халықтық бейнелі энциклопедиясы(www.internettv.kz) сайтының бас редакторы.
8.Камшат Тасболат, «Айқын» апталығының журналисі.
Дөңгелек үстелді социолог-студенттердің «СОЦИУМ» клубының жетекшісі Молдабекова Айсұлу жүргізіп отырды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Бүгін, 2010 жылы 3 наурыз күні, Алматы қаласында Ұлттық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен танымал ғалым-экономист, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ төрағасы, ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, «Қазақстан ғалымдар одағы» Президенті ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ЭКОНОМИКА» атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесері болып өтті.
Аталмыш шараға ғылыми қауым және қоғамдық ұйымдар өкілдері, кәсіпкерлер қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 наурыз 2010 жыл
2010 жылы, 25 ақпан күні, Алматы қалалық білім басқармасының және Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова басқаратын №159 гимназия ұжымының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗДЕРІН — мектеп бағдарламасына енгізу мәселелері» атты мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілеріне арналған семинар болып өтті.
Аталмыш семинарда, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты дәрісін оқыды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Бүгін, 2010 жылы 24 ақпан күні, Қазақстан «ӘДІЛЕТ» тарихи-зерттеу қоғамы, ҚР орталық мемлекеттік мұрағаты, Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар орталық мұрағаты, «АЛАШ» тарихи-зерттеу орталығы, Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы және А.Сәрсенбаев атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен XX-ғасырдың 20-50 жж. орын алған солақай саясат қасіреттерін қарастыратын «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқы үш дүркін жасанды ашаршылықты бастан кешіп, бұрын-соңды болмаған ұлттық апатқа ұрынды: 1917-19, 1921-23, 1931-33 жж. жалпы шығыны 4 млн., ықтимал табиғм өсімді есептегенде 10 млн. жаннан асты. Сталинизм дәуірлеген жылдары сан мың жан жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырады. Жеке басқа табыну әшкереленгенен бері 340 мыңнан астам азамат ақталды.
Конференцияда ғалымдар, зерттеушілер, мамандар Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын темір құрсауына алған сталинизмнің кезеңдерін, себеп-салдарларын, құбылыс ретіндегі табиғатын, оның өндірістік, қоғамдық, мәдени өмірге әсерін ашып, саяси репрессиялар мен олардың құқықтық қырлары, ұжымдастыру, ашаршылық, депортация, сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерьлері жайындағы тың зерттеулер мен ой-пікірлерін ортаға салды.
Конференция аясындағы дөңгелек үстелде замандастар пікір алмасты.
Конференция жұмысының қорытындысы ретінде жұршылыққа үндеу қабылданды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.
Қазақ Елі, 21 ақпан 2010 жыл
131 гимназиядагы танымдык сабак. 19.02.2010 жыл
2010 жылы 19 ақпан күні, Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №131 гимназияда, «БИОЛОГИЯ — XXI ҒАСЫР ҒЫЛЫМЫ» атты танымдық сабақ болып өтті.
Бұл сабақты оқушылар мен бірге дайындаған, осы гимназияда Күләшхан апайларының жетекшілігімен ұстаздық тәжірибе жинақтап жүрген, АБАЙ атындағы педагогикалық университетінің студенттері.
Танымдык сабак конактары. 19.02.2010 жыл
Аталмыш сабаққа Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов, АБАЙ атындағы педагогикалық университеттен - педагогика ғылымының докторы Сәкен Обаев, гимназия директоры Көлбай Умешбаев, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі, “Қазақ Елі” халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының редакторы Болат Бөтеев және гимназия ұстаздары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз