Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОН ЗАРДАПТАРЫ немесе ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 тамыз 2009 жыл.

    Биыл 29 тамызда еліміздің ядролық сынақ алаңына айналғанына 60 жыл. Осыдан жарты ғасырдан артық жыл бұрын, дәл осы күні Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Нақ сол жылдары жалған жолмен «Бурцуллезге қарсы күресетін» арнаулы диспансер ашылып, Абай және Абыралы аудандарынан 10 000 адам жасырын бақылауға алынған. Ешкімді емдемеген, тек радиация әсерін зерттеген сол 10 000 адамнан бүгінде 3 000 адам ғана есепте қалған. Ал қалған 7 000 адам өлі ме, әлде тірі ме, белгісіз.
    Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич,анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
    1991 жылы 29 тамызда Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, көреген саяси көзқараспен Қазақстан жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартты. Мұны әлем жоғары бағалап, оның маңызы 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер тұсында ерекше құндылыққа ие болып отыр.
    Осы аталмыш қасіретке толы датаға байланысты, Қазақстан патриотизмін қалыптастыру мен рухани құндылықтарды көтеру мақсатында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімшілігі мен «Табиғат» экологиялық одағының қолдауымен, 28 тамыз күні «Қазақстан ядролық қарусыз бейбітшілік үшін» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған танымал қоғам қайраткерлері, түрлі елшілік өкілдері, ғалымдар, саясаттанушылар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

    Шара сағат 10.30-да «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағына кіретін «Аллажар-қолдау», «Ұлттық журналистік зерттеулер орталығы», «Жанашыр», «Жерұйық», «Рух», «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, «Алтын арқау», «Гүлзар», «Желтоқсан жаңғырығы», «ЖАСА,Азаттық!», «Күретамыр», «Таным», «Темірқазық», «Асар» оралмандардың республикалық ұйымының және «Табиғат» экологиялық одағына кіретін ұйымдардың 40 қара шар (40 жыл ядролық сынақтың өткізілгеніне) мен 20 ақ шарды (20 жыл ядролық сынақтың тоқталғанына) көкке ұшыру акциясынан бастау алды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Қазақ Елі ядролық қарусыз бейбішілік өмір үшін акциясы 28 08 09
    Ядролық жарылыстың тоқтағанына 20 жыл Мэлс Елеусізов
    Ядролық полигон қасіреті Жасарал Қуанышәлі 28 08 09 жыл
    Ядролық полигон зардаптары Молдағали Матқанов
    Ядролық полигон зардаптары Назарбек Қанафия
    Ядролық полигонның зардаптары Тарихшы Хайрулла Ғабжалилов
    Ядролық полигонның зардаптары Марат Бөтеев
    Ядролық полигонның зардаптары Дәрмен Смайыл
    Ядролық полигонның зардаптары Бейбіт Қойшыбаев

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    30 Тамыз 2009 at 12:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 19 596 рет қаралған ...

    ҚР Конституциясы күніне арналған «АТА ЗАҢЫМЫЗ-АБЫРОЙ; ДӘСТҮР; АРЫМЫЗ!» атты кештен бейнелі көріністер.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 29 тамыз 2009 жыл.

    Конституция куни Мемлекеттик Тудын авторы Шакен Ниязбековпен бирге

    Мемлекеттик Тудын авторы Шакен Ниязбеков

    Мемлекеттик Тудын авторы Шакен Ниязбеков

    2009 жылдың тамыз айының 26 жұлдызында Қазақстан жазушылары кітапханасының оқу залында, оқырмандарға мемлекет пен құқықтың даму тарихын, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен қағидалары туралы терең де зерделі білулеріне арналған шығармаларды насихаттау мақсатында және ҚР Конситуциясы күніне арналған «Ата заңымыз — Абырой; дәстүр; Арымыз!» атты кеш болып өтті.

    Кешке ақын-жазушылар, оқу орындарының мамандары, студенттер, оқушылар,Әуезов ауданы тұрғындары мен қатар «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының мүшелері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Конституция күні Әуезов ауданы әкімі орынбасары Абзал Нүкенов
    Конституция күні Тарих ғылымының докторы Әзімбай Ғали
    Конституция күні Мемлекеттік Тудың авторы Шакен Ниязбеков
    Конституция күні ашылған кітап көрмесі Елена Жамелқызы Ағайса
    Конституция күніне арналған кештен көріністер Алматы Әуезов ауд
    Конституция күні Дәурен Махсұтханұлы Мұхаметжанов 26 08 09

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    29 Тамыз 2009 at 17:55 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 13 220 рет қаралған ...

    Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевты еске алу күні. Алматы қаласы 22 тамыз 2009 жыл.(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 25 тамыз 2009 жыл.

    d29bd0bed0bdd0b0d0b5d0b2-d0bad2afd0bdd196-220809-0011

    Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев 20-шы ғасырда бабаларымыздың арманын орындау үшін, қазақтың бағы үшін берген Аллатағала сыйы болды десек, артық айтқандық емес.

    Кеңес өкіметінің алаш ардақтыларын қырып-жойып, қазақты жарық жұлдыздары мен рухани көсемдерінен айырмақ болған саясатынан түк шықпай, тарих сахнасына Дінмұхаметтей маңдайы жарқыраған алып тұлға келді және ол өзіне жүктелген міндетті адал және толық атқарды.

    Дінмұхамет Қонаевтай Елбасшысын сағынған Қазақ Елі азаматтары оның ескерткішіне гүл шоқтарын үйіп-ақ тастады.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Д Қонаевты еске алу күні ескерткішке гүл шоқтарын қою сәті 22 08 09 жыл
    Дінмұхамет Қонаевты еске алу күні Алматы 22 тамыз 2009 жыл
    Дінмұхамет Қонаевты еске алу күні Сенатор Қуаныш Сұлтанов
    Халықтың сүйікті Елбасшысы болған Дінмұхамет Қонаевтың музейінде
    Д ҚОНАЕВТЫ еске алу Филология докторы Акан Қалыбайқызы Қасенова

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    25 Тамыз 2009 at 21:35 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 798 рет қаралған ...

    4-ші республикалық Азаматтық форум қарсаңында немесе Алматы қаласы ҮЕҰ ұлттық мүддені қорғай ала ма?(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 16 тамыз 2009 жыл.

    2009 жылдың 14 тамызы күні Алматы қаласында, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналының ғимаратында «Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғамдық институтының қалыптасуындағы алатын орны» атты тәжірибелік семинар болып өтті.

    Семинардың күн тәртібінде:
    -Алматы қаласының делегаттарын 4-ші Республикалық Азаматтық форумда көтеретін мәселелерін талқылау;
    -Ұсынылатын делегаттар туралы сауалнама толтыру.

    Семинар барысында «Жанашыр» қоғамдық қорының директоры Ж.Апетова Мемлекеттік тіл, ҮЕҰ-дың әлеуметтік маңызы бар жобалары жөнінде ой қозғап, 20-ға жуық ҮЕҰ біріктіріп отырған «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағына Алматы қаласындағы Демократия үйінен орын беру туралы қалалық әкімшілікке ұсыныс айтты. Семинарға қатысушылар басқа да тың ойларды ортаға салды.

    Аталмыш семинарға 7 ауданның ІСБ басшылары, ҮЕҰ жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ГҮЛСТАН журналының бас редакторы Құлжабаева Гөзел
    Алматы ІСБ ның ҮЕҰ бөлімі өкілі Толқын Төлеушайқызы.
    ЖАНАШЫР қоғамдық қорының директоры Апетова Жаңыл
    ГҮЛЗАР ҚБ директоры Қабдолданова Батима
    АДАМ және ҚОҒАМ ҚБ директоры Сманқұлова Жанат.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    17 Тамыз 2009 at 10:19 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 350 рет қаралған ...

    Бүгінгі тәуелсіз Қазақтың ұлттық ойлау қабілетінің деңгейі Желтоқсан-86 кезіндегіден жоғары ма?

    Арнайы www.internetTV.kz үшін журналист Шынар Бақдәулетқызы.
    Қазақ Елі, 28 шілде 2009 жыл.

    2009 жылы 25 шілде күні Алматы қаласында, МЕГА центр сауда кешенінің кинозалында, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ізі суымай тұрғанда «Қазақфильм» және «Барыс» киностудиялары бірлесіп түсірген «АЛЛАЖАР» көркем фильмінің үзінділерінің көрсетілімі болып өтті.

    Ережесіз жекпе жектен Әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назар ағаларымен бірге.

    Ережесіз жекпе жектен Әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назар ағаларымен бірге.

    \"Аллажар\"көркем фильмі
    Көкейде жүрген ойлар
    Қалдыбай Әбеновтың АЛЛАЖАР фильмін көруге ынтық қазақтар көп

    ЕРКІНДІК ПОЭЗИЯСЫ Ақын Аманғазы Кәріпжанов

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    28 Шілде 2009 at 10:04 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 929 рет қаралған ...

    ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ (бейнелі сюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 24 шілде 2009 жыл.

    2009 жылы 19 шілде күні Алматы қаласының таулы бөктерінде «Этнопедагогика» журналының 5 — жылдық мерей той
    ына орай «Қазақ этнопедагогикасының бүгінгі жағдайы» атты Республикалық семинар болып өтті.

    Аталмыш шара аясында, болашақ этнопедагогика зертханасы үшін жасалған, қазақтың әдемі киіз үйі арнайы тұрғызылған павильон ішіне құрылды.

    Ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртуға бағытталған осы игі істердің ұйымдастырушысы Қазақ қыздар педагогикалық университеті ректорының ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Клара Жантөреқызы Қожахметова.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Этнопедагогикаға арналған семинар Клара Қожахметованың сөзі
    Этнопедагогика семинарында Атыраулық Баян Өтешованың сөзі
    Этнопедагогика және дін Ғалия Қайдауылқызы
    Қазақ этнопедагогикасы Семинарға қатысушылардың пікірлері
    Этнопедагогика мамандары туралы Ел ағасы Шабайдың сөзі
    ЭТНОПЕДАГОГИКА журналының белсенді авторларына сый тарту

    Этнопедагогика Ғалия Айуптың АҚКИМЕШЕК мастер классы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    24 Шілде 2009 at 17:32 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 581 рет қаралған ...