Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    АЛАКӨЛДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ немесе ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫ КӨТЕРЕТІН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ БАР МА ? (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 9 -18 шілде аралығы 2009 жыл.

    Жаздың ыстық айларында су жағасында жатып демалғанға не жетсін! Сол үшін отандастарымыз қалталарынан қыруар ақша шығарып, ат арылтып алыстағы Тайланд, Түркия, Италияға барады. Қазақстандық туристер арқылы қаншама қаржы сол елдердің қоржынына құйылып жатыр. Өйткені Қазақстандағы туристік фирмалар молырақ ақша табу үшін тек сол жақтарды жарнамалайды да, республика аумағындағы демалыс орындары ескерусіз қалады. Әрине, ақшаң болса, ел көріп, жер таныған жақсы-ақ, бірақ оны жұрттың бәрінің қалталары көтере бермейді. Алыс шетелдерге баруға шамасы келмегендер көрші Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып, демалғанды қалайды.

    Жоңғар қақпасының аузында, Жоңғар Алатауы мен Тарба­ғатай тауларының арасында тер­беліп жатқан Алакөл суының ем­дік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді. Кезінде жорықтан қайтып келе жатқан Шыңғыс хан жараланып, қансыраған әскерін осы Алакөлдің суына айлап жатып, шомылдарып емдеген екен. Оған негіз бар. Судың тұздылығы өз алдына, жеті пайызын йод құрайды екен. Денедегі қотыр, жарақаттардың аузы тез тартылып, екі-үш күн шомылғаннан кейін жоқ болып кететіні сондықтан болса керек. Кеңес үкіметі кезінде ғарыштан оралған ғарышкерлер­ді бірден Алакөлдің жағасына әкеліп, демалдыратын болған. Сол үшін Алакөлдің шығыс жағала­уында ғарышкерлерге арналған денсаулықты қалпына келтіру орталығы салынған болатын. Алакөлдің суы ғана емес, қара балшығы да ем. Оны тізе, бел сияқты буындарға жағып, сүйекті сырқырататын суықты алады. Алакөлдің жағалауынан мамонт­тармен бірге өмір сүріп бүгінгі күнге дейін жеткен реликт шаға­ласын көруге болады. Бұл қара­бас шағалалар тек осы Алакөлде ғана сақталып қалған. Латынша «Relіct» деген сөздің мағынасы, ежелден бері тіршілік етіп, бүгінге дейін жеткен, табиғатта кезде­сетін жануарлар мен өсімдіктер дегенді білдіреді. Демек, ең ежелгі құстың тұқымын сақтап қалған Алакөлдің суында ерекше қасиет бар.
    Алматы облысына қарайтын Алакөлдің батыс жағалауында орналасқан Ақши, Көктұма ауыл­дарына барып, демалушылар кө­бінесе оңтүстіктен келетіндер. Алматыдан Үрімшіге баратын пойызға кешкісін мінген туристер, жол бойы жақсылап ұйқысын қандырып алып, ертесінде Көктұ­ма бекетінен түсіп қалады. Орын іздеп әуре болмайды, сол жерде күтіп алатын адамдар табылады. Екі қабатты «Көктұма» пансионаты толы болған күннің өзінде жекеменшік пансионаттарға орналасуға бо­лады.
    Мысалы, Көктұмадағы «Ынтымақ», «Керуен», «Игінар»,»Гүлмира»,»Бекен»,»Нұр» т.с.с. көптеген жекеменшік демалыс үйлерінен орын алатын болсаңыз, бір адамға биылғы маусымда күніне үш-төрт мың теңге. Үш мезгіл тамақ соның ішіне кіреді және қалаған тағамға тап­сырыс беруге болады.
    Есептеп қарасаңыз, туристер үшін Алакөлде демалу, Ыстықкөлде демалудан екі-үш есе арзанға түседі екен.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Алакөл Көктұма ауылы ЫНТЫМАҚ демалыс үйі
    Алакөл жағалауы КӨКТҰМА пансионаты 17 шілде 2009 жыл
    Алакөл жағалауы Көктұма ауылы ақсақалы Құдайбергеннің әңгімесі
    Көктұмадағы ЫНТЫМАҚ демалыс үйінде демалушылар Алакөл жағасында
    НҰР демалыс орны Көктұма ауылы АЛАКӨЛ 10 шілде 2009 жыл
    Алакөл Көктұма ауылы Жылқы баққан ит 16 шілде 2009 жыл
    Алакөл жағалауы Көктұма ауылы түнгі уақытта 11 07 09
    Алакөл Көктұма ауылының мешіті 10 07 09
    Алакөл Көктұма темір жол перроны 18 07 09
    Алматылық Игорь Вылегжанин Алакөл таңғы 8 00 18 07 09

    Алакөл туралы барлық бейнесюжеттерді көру үшін, сайттың негізгі бетінің оң жағында орналасқан, alakolKZ сілтемесін басыңыз.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    23 Шілде 2009 at 07:57 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 7 373 рет қаралған ...

    ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе Қазақ Еліне АЛТЫН ДӘН атты ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ қажет! Азат өмір сүрген, рухы биік, парасатты, еңбекқор бабаларымыз қалыптастырған еңбек мерекесін заманға сай жаңғыртайық! (осы мәселелер жөнінде басқосудан бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 4 шілде 2009 жыл.

    2009 жылы 1 шілде күні Алматы қаласында «Ару Ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен “Сабантой қазақтың төл мерекесі бола ала ма?” атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

    Бұл шараға этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы, Қазақ Елі мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков, атақты палуан Әбілсейіт Айханов, медицина және педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов, тарих ғылымы докторы Мәмбет Қойгелдиев сынды елімізге танымал азаматтармен қатар “Ару Ана” продюсерлік орталығы, “Аллажар-қолдау” қоғамдық қоры, «Қазақстан тарихшылары қауымдастығы», Алматы қаласы «Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры», «Алтын Арқау» әйелдердің этнографиялық қоғамдық бірлестігі және “Халық үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысып, ұлттық болмысымызды жаңғырту мәселелерін талқылады.

    Дөңгелек үстел қорытындысында, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау және оларды заманға сай жаңғырту, халқымыздың өзін-өзі сақтау тетіктері (механизмдері) болып табылатыны айтылды. Профессор Совет-Хан Ғаббасов болашақ ұлттық еңбек мерекесін «АЛТЫН ДӘН» деп атауды ортаға салды. Шараға қатысушылар, ертеде азат өмір сүрген, рухы биік, парасатты, еңбекқор бабаларымыз қалыптастырған
    еңбек мерекелерін саралай келіп, бүгінгі тәуелсіз Қазақ Елінің әлемде астық экспорттаушылардың алдына шыққанын ескере отырып, жыл сайын 25 қазан күнін «АЛТЫН ДӘН» — ұлттық еңбек мерекесі» деп тойлауды ұсынды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Сабантойды жаңа АЛТЫН ДӘН ҰЛТТЫҚ ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІНЕ жаңғыртайық! Сара Шаяхметқызы
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекеміз болуы керек Совет хан Ғаббасов
    Ұлттық салт дәстүрімізді жаңғыртайық Жағда Бабалықұлы 01 07 09
    Біз қазақтың ұлттық болмысын сыйлайтын Өкіметті таңдауымыз керек
    АЛТЫН ДӘН ҰЛТТЫҚ ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ болуы керек Шәкен Ниязбеков
    Ұлттың өзін өзі сақтау тетіктерін жаңғыртайық Мәмбет Қойгелдиев
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесін өткізу дирекциясы туралы
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі жыл сайын 25 қазанда өтуі керек
    Еңбек мерекесін өткізу жалпыұлттық іс Елена Ағайса 01 07 09 ж
    Бүгін халқымызға РУХАНИ ЕМ қажет Құмарбек Жұқаев Алматы 01 07 09
    Халық әншісі Айткүл ұлттық еңбек мерекелерін жаңғыртуды қолдайды
    АЛАШ АЙНАСЫ газеті АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесін қолдайды 01
    Қазаққа ұлттық еңбек мерекесі керек Ғалия Қайдауылқызы
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі Әбілсейіт Айхановтың ақ батасы
    Ұлттық болмысымызды салт дәстүрлеріміз арқылы жаңғыртайық 01 07

    БАС қазақ дастарханының ұлы АСЫ Совет Хан Ғаббасов 01 07 09 ж
    Жағда Бабалықұлы АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі идеясына бата берді

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    5 Шілде 2009 at 11:40 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 243 рет қаралған ...

    ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе 17 ЖЫЛДЫҚ ЕГЕМЕНДІК ҰЛТҚА ҮЛГІ БОЛАР БАТЫРЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕЙ АЛДЫ МА ? (осы мәселелер толғандырған азаматтардың бас қосуынан бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 маусым 2009 жыл.

    2009 жылы 25 маусым күні Алматы қаласында журналист Гүлжанат Шонабайдың «Айбынды қазақ — Айдын Халықұлы» атты кітабының тұсаукесер шарасы болып өтті.

    Бұл шараға “Ұлт тағдыры”, “Желтоқсан ақиқаты” және “Халық үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысып, жас ұрпаққа үлгі болар айбынды қазақ Айдын Халықұлының рухына құран бағышталды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Гүлжанат Шонабайдың сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Совет Хан Ғаббасовтың сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Төлеубек Сейітқалиұлы сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Шаяхмет Құсайынның сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Айсұлу Қадырбаеваның сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Серік Сапарғалидің сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Молдағали Матқанның сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Ертай Айғалиұлының сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Дос Көшімнің сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Бейсенғазы Нүкеннің сөзі
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Айдынның қарындасы Толқын
    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН ХАЛЫҚҰЛЫ кітабы Айдынның жарының сөзі

    АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚ АЙДЫН кітабы Мұрат Нүсіп атаның түсірген аяты

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    1 Шілде 2009 at 12:54 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 831 рет қаралған ...

    ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе РУХЫ БИІК БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ БҮГІНГІ ҰРПАҒЫНА РАЗЫ МА ? (осы мәселелер толғандырған азаматтардың бас қосуынан бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 28 маусым 2009 жыл.

    2009 жылы 25 маусым күні Алматы қаласында Амангелді Иманұлы ескерткіші алдында, «Ұлт тағдыры» қозғалысының ұйымдастыруымен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің батырларын еске алу шарасы болып өтті.

    Бұл шараға «Ұлт тағдыры», «Желтоқсан ақиқаты» және “Халық үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысып, батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, бабалар рухына құран бағышталды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Амангелді ескерткіші Дос Көшім Алматы 25 06 09 жыл
    Амангелді ескерткіші Совет Хан Ғаббасов Алматы 25 06 09 жыл
    Амангелді екерткіші 25 маусым 2009 жыл
    Амангелді ескерткіші Аманқос Мектептегі 25 06 09 жыл
    Амангелді ескерткіші Бейсенғазы Нүкен Алматы 25 06 09 жыл
    Амангелді ескерткіші Ел ағасының сөзі 25 06 09 жыл
    АМАНГЕЛДІ ескерткіші Алматы 25 06 09 жыл
    Амангелді ескерткіші Сейіттай Әденов 25 06 09 жыл
    Амангелді ескерткіші Серік Сапарғали Алматы 25 06 09 жыл
    Амангелді ескерткіші Төлеубек Сейітқалиұлы 25 06 09 жыл

    Ұлт азаттық күресі батырларына құран бағышталды Алматы 25 06 09 жыл

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    29 Маусым 2009 at 08:58 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 631 рет қаралған ...

    Ұлттық рухты көтеретін ӘНҰРАНДЫ, қазақтың үні-символы домбыраға қосылып шырқау — халықтық дәстүрге айналуы керек ! (осы мақсатта еңбек етіп жүрген ұстаздар туралы бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 24 маусым 2009 жыл.

    Алматы облысының 750 мектебіндегі 400 мыңға жуық оқушыларға 32 мың ұстаз білім беруде. Мемлекетіміз мектептердің материалдық базасын ұдайы жақсартумен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруге жағдай жасап келеді.

    2009 жылдың маусым айында Алматы облыстық білім басқармасының «Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны аудандық мектептердің музыка пәні мұғалімдеріне арналған екі апталық курс ұйымдастырды. Бұл курсқа дәріс беруге, домбыраны сандық тәсілмен тез үйренудің негізін қалаған, Мәдени-саясат және өнертану институтының «Музыкалық акустика» зертханасының меңгерушісі, өнертану ғылымының кандидаты, домбырашы-дирижер Жұмагелді Нәжмеденов шақырылды.

    Жаңашыл ғалым, мұғалімдерге домбыра тартудың сандық тәсілінің қыр-сырын үйретумен қатар, өзінің тұңғыш рет Алматы қаласындағы №138 өнер гимназиясында орындалған — ӘНҰРАНДЫ домбырамен қосылып айту идеясын халықтық дәстүрге айналдыруды ұсынды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Домбыраға қосылып Әнұранды шырқау дәстүрге айналуы керек
    Домбыраны сандық тәсілмен тартуды мұғалімдер меңгеруде Алматы
    Аудан мұғалімдерімен әңгіме Күлімхан Жәйшібекқызы Алматы 24 06
    Сәбилер әнұран айтуда, ендеше ҚАЗАҚ ЕЛІ мәңгі
    Алты айда домбыра үйреніп оркестр құрған 3 ші сынып
    Өсербек Ахмет ҚАЗАҚ ДОМБЫРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ жобасы 22 04 09
    Еркеш Жадыраның ғылыми жобасы
    №138 гимназияның оқушылар оркестрі өнер көрсетуде 08 04 09

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    25 Маусым 2009 at 08:58 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 231 рет қаралған ...

    ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе ҚАЗАҚТЫҢ ИГІ-ЖАҚСЫЛАРЫМЕН ҚОСА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТЕҢ ЖАРЫМЫН ҚЫРҒАН ГЕНОЦИД ЗАРДАПТАРЫ ТУРАЛЫ (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 20 маусым 2009 жыл.

    Бір жылға созылған үзілістен кейін, 2009 жылы 19 маусым күні Алматы қаласында, Әлихан Бәйменовтың «ЗЕРДЕ» қоғамдық қоры жанындағы «Темірқазық» пікір-талас клубы өз жұмысын жалғастырды.

    Бұл отырыс Мәмбет Қойгелдиевтің «Кеңестік Қазақ Еліндегі репрессия: себептері, әлеуметтік құрамы, салдары және ақталу барысы» атты баяндамасын талқылауға арналды.

    Клубтың жаңа үйлестірушісі болып «ЖАС ҚАЗАҚ үні» газетінің бас редакторы Ақжігіт Өмірзақ Әбдуәлиұлы тағайындалды.

    Аталмыш басқосуға белгілі тарихшы ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ГЕНОЦИД Әлихан Бәйменовтың кіріспе сөзі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Мәмбет Қойгелдиевтің сөзі 1 Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Мәмбет Қойгелдиевтің сөзі 2 Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Бейбіт Қойшыбаевтың сөзі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Мақсұт Оразайдың пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Жансая Сәбитованың пікрі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД ЗЕРДЕ қоры директорының сұрағы Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Қасен Қожахметтің сұрағы Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Қасен Қожахметтің түйінді пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Молдағали Матқановтың пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Серік Сапарғалидің пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Хайрулла Ғабжалиловтың пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Ауылдан келген Ел ағасы мен жас ғалымның пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ГЕНОЦИД Аманқос Мектептегінің пікірі Алматы 19 06 09 жыл
    ТЕМІРҚАЗЫҚ клубы туралы Марат Бөтеевтің пікірі Алматы 19 06 09
    ТЕМІРҚАЗЫҚ клубы үйлестірушісі Өмірзақ Ақжігіт Алматы 19 06 09
    ГЕНОЦИД Дос Көшімнің хабарламасы Алматы 19 06 09 жыл

    ГЕНОЦИД Әлихан Бәйменовтың қорытынды сөзі Алматы 19 06 09 жыл
    АЛАШ тарихи зерттеу орталығын таныстыру Х Ғабжалилов 19 06 09

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    22 Маусым 2009 at 09:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 908 рет қаралған ...