Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Евгений Жовтис жөніндегі «АҢЫЗ бен Ақиқат». «МИФ и РЕАЛЬНОСТЬ» про Евгения Жовтиса.(бейнесюжет)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 14 қыркүйек 2009 жыл.

    Ассаламагалейкум,Қазақстан Республикасының азаматтары!

    Егер сіздерді Е.Жовтистің оқиғасы ойландыратын болса,Алматы қаласы «Халықаралық құқық қорғау ортылығы» ҚБ-ң Президенті Ж. Жақыповтың мына мақаласына назар аударыңыздар:

    «АҢЫЗ бен АҚИҚАТ»

    Арамыздағы көпшілік қоғам бірлестіктері, бұқаралық-ақпарат өкілдері “Жовтис Е.-Тақсырмызға (тақсыр демей болмай тұр) қалай жағамыз”- деп,оған қатысты болып жатқан әңкә-тәңкі жағдайды ойлаймыз деп өздерінің негізгі қызметтерін ұмытып та кеткендей. Тіпті көп ұзамай оған бұрынғы аталарымыздай батыр-әулие мәртебелігін де беретін шығар.Бірақ ол заманда нағыз ер-жүрек, халыққа деген шын ықыласымен жақсылық жасаған азаматқа ғана жоғары дәреже,баға беріп батыр атандыратын.
    Иә,әрине Е.Жовтис жақсы құқық қорғаушы,танымал тұлға,даңқы тас жарған заңгер бірақ, естен шығармауымыз керек, ол – Қазақстан Республикасының азаматы, ол да сіз бен біздей қарапайым азамат, бәріміз де бірдей заңды құрметтеп, заң алдында жауап беруге міндеттіміз! Сонда Е.Жовтис неге ерекшеленуі керек?! Егер заңымызға кайшы келетін іс жасады ма,онда ол оны нағыз ерлікпен мойнына алып тиісті жазасын өткеруі тиіс! Тікелей адам өліміне себепкер болған адамға (мейлі,ол окыс оқиға болсын, көздеген ойы болмаса да) неге кешірім беруіміз керек? Е.Жовтис болғаны үшін бе? Сонда қалай болғаны, қарапайым адам байқаусызда ма,әдейі ме біреуді қағып кетсе, ол жазасын заң алдында өтейді де, ал Е.Жовтис – “тақсырымыз’’ ақталып кете ме?!!! Аптаның ортасында,жұмыс күні балық аулаудан келе жатқан білдей бір қызметкер (көпшіліктің ойынша) азаматымыз жолда 80км/с жылдамдықпен келе жатып байқаусыздан жап-жас қазақтың жігітін қағып кетіп өмірімен қош айттырады.Балық аулаудан қайтқан адам қандай күйде болатынын кім білсін?
    Е.Жовтистің айналасындағы дуылдап жатқан оқиғаларға тек «миф» деген ұғым теңеледі. Ойларыңызбен бөлісіңіздер, ағайын бұндай мифологиялық жағдайларға ашық көзбен саналы оймен қарайық! Қиял әлемінен шынайы өмірімізге оралайық!

    Құрметпен,

    «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ ( Алматы қ.) Президенті Жақыпов Ж.Ә.

    тел. 8 727 327 19 50 (Асель).

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    МИФ и РЕАЛЬНОСТЬ о Евгение Жовтисе Жанділдә Жақыпов 14 09 09 жыл

    Здравствуйте, граждане Республики Казахстан!

    Если вас интересует ситуация с Жовтис Е. ОО «Международный правозащитный центр» в г. Алматы просит внимательно прочитать следующее:

    Миф и реальность

    Ситуация вокруг имени Жовтиса Е. полностью подходит под определение понятия «миф». Хотя в официальной науке существует огромное количество описаний данного определения, мы считаем, что наиболее подходящее в данный момент — это определение, взятое из Википедии: Миф – это создание воображения коллективной общенародной или индивидуальной фантазии, обобщённо отражающее действительность в виде чувственно-конкретных персонификаций и одушевлённых, очеловеченных существ, которые иногда у некоторых людей преломляются (претворяются) в сознании как вполне реальные.
    Многие общественные деятели, средства массовой информации, наверное, на время столь «ошеломляющего» события забыли о своей деятельности и полностью переключились на персону господина (иначе, теперь к нему и обращаться нельзя) Жовтиса Е. Не исключено, что в ближайшее время его вознесут в ранг «великомученника». Совсем как на Древней Руси, не правда ли. Хотя в те далекие времена людей возносили так высокого благодаря их деяниям, направленным на пропаганду благих намерений. Вспомните историю Протопопа Аввакума и подумайте над возможным сходством.
    Да, Жовтис Е. — хороший правозащитник, известная личность, прославленный юрист, но граждане Республики Казахстан, ведь он такой же человек как и мы с вами, такой же водитель, и в конце концов, такой же гражданин страны, в которой каждый должен уважать и соблюдать законы. А если совершил проступок, достойно нести ответственность. Тем более в таком случае, как ДТП со смертельным исходом. Почему все говорят о его невиновности, когда он лишил жизни человека.
    В общественную приемную нашего центра обращаются люди за консультацией. Многих мы не просто консультируем, но и сопровождаем в процессе решения их вопросов. В прошлом году к нам обратились родственники 23-летнего молодого человека за консультацией. При личной беседе молодой человек, государственный служащий, имеющий отношение к соблюдению правопорядка, заявил о готовности нести ответственность за совершенное деяние, хотя оно было непреднамеренным. Со слов этого человека было ясно, что он как представитель закона тем более не должен иметь привилегий в момент судебного разбирательства и определения степени ответственности за содеянное. При личной беседе он, уже будучи осужденным на 8 лет лишения свободы в колонии особого режима, с чувством ответственности воспринимает решения суда и намерен отсидеть столько, сколько ему положено по Закону…
    Так почему же Жовтис Е. должен уйти от наказания? Ведь по его вине погиб человек. Что говорит о его невиновности?! Только тот факт, что скорость у него была 80 км/ч. А как же можно объяснить то, что очень занятый и, как считают многие, деятельный человек ехал в будний день с рыбалки. А с рыбалки, вообще, люди какими возвращаются?! Недаром в народе серия анекдотов про рыбалку гуляет. Напрашивается ещё один вопрос: человек, которого люди воспринимают, как заботящегося по вопросам соблюдения законности, в разгар рабочей недели ездит на рыбалку, отдыхает от городской суеты?.. Получается, человек, правовую помощь которого ждут люди, вне ситуации.
    Всем известна простая истина, от сумы и от тьюрмы не зарекайся. Тем более, в данном случае речь идёт об источнике повышенной опасности и непреднамеренности. Всё же, мог господин Жовтис Е. поступить по-другому. А именно, выступить перед Законом, будучи правозащитником, заявить о своём намерении принять всю правовую ответственность за совершенное. И предстать перед правосудием в самом строгом его наказании, допустим, чтоб потом дальше заявлять всем и вся о равенстве всех перед Правосудием. Вот тогда бы нам – правозащитникам — было бы не стыдно заявлять о повсеместном уважении Закона, а не Цезарю цезарево, а быку — …
    В древности говорили: «Суров Закон, но Закон».
    Вернемся к мифам… Вот, что написано в продолжении цитаты, взятой из Википедии: «Специфика мифов выступает наиболее чётко в первобытной культуре…».
    Граждане, давайте не будем уподобляться первобытному обществу. Неужели вам заняться больше нечем?! Если так жаждите торжества справедливости или выплеска эмоций, сходите в детский дом к сиротам или зайдите в квартиру к одиноким пенсионерам и спросите: «Как вам живется?».
    Посмотрите на ситуацию с Жовтисом с точки зрения Создателя: по вине одного человека лишается жизни другой человек. Это сказано так, к слову, тем, кто живет с верой…
    Обращаемся ко всем, кто имеет свое мнение на происходящее. Спуститесь на землю, вернитесь из прошлого, живите реальностью, настоящим.

    С уважением,
    Президент
    ОО «Международый правозащитный центр» (г. Алматы) Ж.А. Жакупов

    Если есть вопросы,звоните на контактный тел.
    8 727 327 19 50 (Асель).

    ЖОВТИСТІҢ ІСІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ:

    Евгений Жовтистің ісі жайлы Әзімбай Ғалидің пікірі

    Евгений Жовтистің ісі жайлы Саясаттанушы Айдос Сарымның пікірі

    Евгений Жовтистің ісі жайлы Жазушы Ғаббас Қабышұлының пікірі

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Қыркүйек 2009 at 18:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 730 рет қаралған ...

    Ұлттық болмысын ардақтаған жапон халқының жетістіктері қазаққа үлгі болуы тиіс! (бейнесюжеттер)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 10 қыркүйек 2009 жыл.

    … Затшылдық көзін байлады,

    Адастырып айдады.

    ЖАН билемей, ТӘН билеп,

    Адамның соры қайнады - деп

    ХХ-ғасырдың басында-ақ, Еуропацентристік методологияға негізделіп, қалыптаса бастаған «кеңестік сана», ұлтымызды рухани дағдарысқа түсіретінін сезіп, күңіренген Шәкәрім ғұламаны коммунистер атып, денесін құдыққа тастағанымен қоймай, қазақтың бас көтерер басқа да арыстарын қырып-жойды.

    Басшылығы Әлемдік басым күштердің ықпалында болып, солардың «қол шоқпарына» айналған Кеңес өкіметі, сол жылдардағы нәубеттерден аман қалған 40 пайыз қазақты ұлттық болмысынан айыруға бар күшін салды. Бірақ залымдардың ойлағандары жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Алла жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.

    Егемендіктің 17 жылы бекер өткен жоқ, ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға өз деңгейлеріне сай үлес қосып келеді.

    Солардың бірегейі жазушы-ғалым Совет-Хан Ғаббасов ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесін тереңнен зерттеп, халқымыздың осы саладағы ғасырлық тәжірибелерін жинақтап, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім бабаларымыздың ілімін жалғастырып, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеп, ұлттық болмысымызды жаңғырту бағытында «Ұлттық психология және халықтық педагогика» атты монография, т.б еңбектерін жарыққа шығарды.

    Жақында Совет-Хан Ғаббасов ағамыз, тағы бір ұлтшыл Ел ағамыз Әділхан Батырбековпен бірге, шығыстық болмысты зерттеу мақсатында Жапон Еліне сапар шегіп қайтты.

    Болат Нәукенұлы, Совет-Хан Ғаббасов, Әділхан Батырбеков.

    Болат Нәукенұлы, Совет-Хан Ғаббасов, Әділхан Батырбеков.

    Осы сапардан алған әсерлерін Ел Ағаларының өз аузынан, төмендегі бейнесюжеттерден көріңіздер.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Бірінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 01

    Екінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 02

    Үшінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 03

    Төртінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 04

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    11 Қыркүйек 2009 at 10:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 935 рет қаралған ...

    Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оны дамытуда Қазақ Елінің заңдарын бұзбай іс-шараларын өткізіп жүрген саяси партиялар бар ма?

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 9 қыркүйек 2009 жыл.

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖАНАЙҚАЙ !!!

    Құқық қорғау органдарындағы біліксіз тергеушінің, прокурордың, соттың іс әрекеттерінен және осы саладағы мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданбауынан баласын қорғай алмай жапа шеккен Рәш Сұлтанова есімді астаналық ана қоғамдық ұйымдардан көмек сұрайды.

    Байланыс телефоны: 8 701 485 0705

    Құрметті оқырман!
    Еліміздегі мемлекеттік тілдің жағдайы сіздерді қанағаттандыра ма?
    Егер үнемі болып тұратын сайлауларда, Қазақ Елінің конституциясын сыйлайтын әр бір азамат, өз дауысын тек қана мемлекеттік тілді қадір тұтатын партияға ғана берсе, жағдайымыз түзелер ме еді?
    Сіздер қалай ойлайсыздар…

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Жармахан Тұяқбайдың партиясы мемлекеттік тілді менсінбейді екен

    Алматыдағы кездесу. 09.09.09 жыл.

    Алматыдағы кездесу. 09.09.09 жыл.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    9 Қыркүйек 2009 at 20:13 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 144 рет қаралған ...

    «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ» АКЦИЯСЫ

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 7 қыркүйек 2009 жыл.

    Республикамыздағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзімді басылым басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен Республика Сарайында 2009 жылы 20 қыркүйекте, айт күні, сағат 12.00-де Алматы қалалық әкімшілігінің рұхсатымен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 20 жылдығына орай «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ» акциясы «өткізіледі.
    Өзінің ұлтына, ана тіліміздің бүгінгі жағдайына жүрегі ауыратын әрбір азамат күйбең-тіршілігін бір сәт жиып қойып, сол жерден табылады деп сенеміз. Акция барысында мемлекеттік тілді өрістету туралы ойлармен қатар танымал өнер шеберлерінің, «МУЗарт», «Серілер», «Жебе», топтарының ана тілін, ұлттық, мемлекеттік рухты қуаттайтын әндері шырқалады.
    Ел мүддесін ту еткендердің бәріне есік ашық. Айт күні ана тілін ұлықтау да имандылықтың белгісі.

    Ұйымдастыру комитеті.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ҚР мемлекеттік тілінің атасы ақын Мұхтар Шаханов 07 09 09 жыл

    Қазақ халқы мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуді талап етеді

    Мұхтар Шаханов және Болат Нәукенұлы.

    Мемлекеттік тілді қолдау акциясына дайындық күндері.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Қыркүйек 2009 at 23:16 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 924 рет қаралған ...

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ 20- жылдық ТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ! ҚР Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке А Ш Ы Қ Х А Т

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ 20- жылдық ТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА

    ҚР Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке

    А Ш Ы Қ Х А Т

    Құрметті Премьер мырза!

    Сізге Ұлттық қауіпсіздіктің басты саласының бірі ретінде электрондық бұқаралық ақпарат құралы жөнінде хабарласуды жөн көрдік. Өйткені, бұл салада біршама мәселелер қордаланып қалғандықтан, оның кесірі Ұлттық қауіпсіздікке тиетіні байқала бастады. Бұл жәйт, әсіресе, жекеменшік радиотолқындар мен телеарналарға тән болып отыр.
    Жалпы, алғанда қазақтілді ақпарат тұтынушылары мен журналистерін Қазақстанда екінші қатардағы топ ретінде қабылдау әбден орныққан құбылысқа айналуда. Былтыр ғана қазақтілді жалғыз «Спорт айдыны» газетінің жабылып қалып, өзіңіздің араласуыңызбен қайта шығарудың қолға алынғаны есіңізде болар. Мұндай мысалдың сан алуан көріністері мен жалғасын жекеменшік радио-телекомпаниялардың әрекеттері мен өнімдерінен көріп отырмыз. Солардың кейбіріне тоқталсақ.

    Бірінші. Үш жыл бұрын «Астана» телеарнасы қазақтілді өнімдерді жансыз аудармаға өткізу арқылы қазақ көрермендерін менсінбегені өз алдына, оның кесіріне қарсы болған белді журналистерді қудалап шығарып жіберді де, телеарнадағы орныққан қазақы телеөнім шығаруға бейім ортаны қуыршақ топқа айналдырды.

    Екінші. Қазақстан егемен ел болғалы қалыптасқан жекеменшік санаулы телеарналардың бірі «31 арна» ресейлік ТНТ медиатобына сатылып, шетелдік ақпарат тарату көзінің елдің Ақпарат кеңістігіне емін-еркін кіруіне жағдай жасалды. Сөйтіп, халықтың ақпарат тұтыну қабілеті шетелдік идеологияға көзбе көз бет бұрды.

    Үшінші. Астаналық жекеменшік «Эра» телеарнасы республикалық ауқымға көшкелі жылға жуықтады. Бірақ тиісті әлеуеті талапқа сай болмағандықтан, бұл телерна республикалық ақпарат тарату құқығын ойыншыққа айналдырып отыр: әлі күнге жаңалық хабарларынан басқа көрермен тұшынатын өзінің жеке өнімін бере алмай, халықты арзан, сапасыз эфир өнімдерімен, аудармамен алдап келеді.

    Бұл аталған үш жайттың өзі Қазақстандағы ақпарат кеңістігінің иесіз қалғандығын көрсетіп отыр. Қазақстан халқы сырттан келетін ақпаратты талғамай жұтатын, таңдамай қабылдайтын идеологиялық мутантқа айналу үстінде. Кез келген тәуелсіз елге тән ақпараттық қауіпсіздік саясаты бізде байқалмайды. Әлі күнге елдің ақпарат кеңістігін қорғауға бағытталған құзырлы құжат жоқ. Қазақстанның электрондық БАҚ саласын дамытудың қарымды шаралары белгіленбеген. Бұған жауапты тиісті органның немен айналысып отырғаны беймәлім.
    Соның нәтижесінде, елдің телеарналары түгелімен тоқырау үстінде. Бұрынғы өрлеген биіктен де айырылып қалғандай ахуал орнап отыр. Аталмыш салада дамудың орнына өзгені көзсіз, мазмұнсыз көшіру мен көрерменді алдаусырату, құқығын аяққа басу орын алған. Бұл ахуалға сауатты түрде мониторинг жасау жүйесінің де жоқтығын қосыңыз.

    Телеэкрандағы тіл мәдениеті мен сауат, дикциялық айтылым сын көтермейді; дикторлар мен комментаторлар, журналистердің басым көпшілігі белгілі дайындық сатысынан өтпеген, тәжірибесі іріктелместан, талап қойылмастан экранға шығуда; мұндай өнімдер көрермен талғамын төмендетіп, оларды отандық телебағдарламалардан жирендіруде. Өкінішке орай, көп жағдайда электрондық БАҚтарға іштей мәдениеті мен рухани деңгейі бар, сауаты жоғары мамандар емес, керісінше, тұлғалық жағынан қалыптаспаған, айдағанға жүретін, өз пікірі мен халыққа берері аз шикі жандар ғана тартылады. Нәтижесінде ел көрермені отандық сапасыз электрондық ақпарат өнімдерін тұтынудан бас тартып, «халықаралық» тұтынушы болуға мәжбүр.
    Биылғы халық санағының нәтижесін өзіңіз сүйінші сұрағандай етіп, қазақ халқы санының үлесі 67% екенін жеткізгеніңіз сезімді ғана марқайтқан жоқ, сонымен бірге елдегі руханият пен ақпарат әлеміне деген шұғыл өзгерістің болатындығына үмітімізді жандырды.
    Алайда, мемлекет құраушы саны мен сапасы өскен сол ұлттың ақпараттық рухани сұранысы қалай қанағаттандырылуда? Бұл жағдайдың шетелдегі қандастарымыздың деңгейінен де төмен екені неге сөз жүзінде ғана қалып отыр? Өз жерінде 70 пайызға жеткен қазақ халқы теледидардан өзінің рухани-мәдени құндылығын емін-еркін тұшына алмауда. Бір де бір телеарна бүгінде қазақ халқының бай ән-жыр мұрасын және ұлттық болмысымызды заманға сай жаңғыртатын қоғамдық-саяси бағдарламаларды тәулік бойы көрсете алмауда. Күй, терме, жыр секілді мыңдаған жылдар бойы ұлтты қалыптастырған рухани мұраның ең болмаса радиотолқыннан жүйелі естілмей, телеэкраннан көрсетілмеуі халықты өз тамырынан ажырата түсетін факторға айналуда.
    Қазақ тіліндегі телеөнімдердің басты сипаты аударма болып табылады: жаңалықтар да, публицистикалық көрсетімдер де осыған негізделген; ал деректі және көркем фильмдер өзгенің тұрпайы аудармасы күйінде қалып, дубляждық қызметтен құралақан қалуда. Бұл – аударма өнімге деген сәйкес талаптың жоқтығынан, ерінбегендерді аудармалық телеөніммен айналысуға бетімен жіберілгендігінен.

    Жекеменшік ЭБАҚтарда қазақтілді өнімдерге деген екінші пландық көзқарас толық орныққан. Оның нәтижесі қайдан шығып отыр? Отандық кадрлар ығысып, олардың орындарын шетелдік азаматтар еркін түрде иеленуде. Мысалы, ЭРА телеарнасында ресейлік продюссерлер қызмет етіп жүргені жасырын емес. Сонда жасақталғанына елу жылдан асқан Қазақ телевидениесі осы жылдар ішінде ешкімді тәрбиелемегені ме? Біреуге қарау, біреуді ғана үлгі ету біздің маңдайымызға жазылған ба?! Неге қазақтілді продюссерлерге сұраныс пен құрмет жоқ? Өйткені, қоғамда бұл топқа сондай көзқарас пен ахуал орнығып отыр. Ондай кесір қасаңдықты бұзатын мемлекеттік саясат емес пе?! Ол қайда?
    Әлгі ЭРА телеарнасы сонау мәскеулік жұлдызшы Глобтан басқа әлемнен көрнекті адам таба алмады ма? Ол осыдан үш жылдай бұрын АсТВ арнасынан дәл солай сайрап, қыруар гонорар алып тұрғандығы бүгінде аңызға айналған жайт. Ондай таптаурынмен, біздің телеарналар нені көздеп отыр? Керісінше, сол арнада көрнекті тұлғаларын қазақ көрермені көре алмай, қалыптасқан, орныққан өнімдері мен өнерін қызықтай алмай қор болуда! Қазақ көрермені тек қана өгей өнімді тұтынуға мәжбүр етілуде. Мұның артында қазақ тележурналистикасы дамымасын, мамандары кері кетіп, телеарналар ол жағынан тәуелді күй кешсін деген қитұрқы саясат жоқ емес пе?! Осының бәрі неге назарға алынбайды?
    Аталмыш жекеменшік радио-телеарналардағы отандық мамандардың күйі жаңағыдай болса, оның ішіндегі қазақтілді мамандардың жағдайы тіпті, мүшкіл: олар эфирде ғана қазақша сөйлеп, былайғы кезде орыс тілінің толық құзырында тіршілік кешуге көндірілген. Лездемелердің барлығы, әкімшілік қатынастың бәрі тек қана Ресейдің мемлекеттік тілінде жүзеге асатыны тағы шындық. Бұған басты тетік: шешуші лауазымдарда өңкей орыстілді азаматтардың отырып алуында, ал қазақтілді мамандар мен журналистер орынбасарлық орында, бағынышты ахуалда. Ал, ақпараттың тетігі болып табылатын бұл салада мемлекеттік тілге деген құрмет атымен жоқ, тіпті, қазақтың бір сөзін дұрыс айта алмайтындар диктор болып жүруге қандай негіз бар? Нәтижесінде қазақтілді журналистер өз елінде шешуші рөлде емес, екінші сұрыпты адамдардың күйін кешуде. Режиссер, видеоинженер, оператор секілді техникалық мамандар орыстілділердің қолымен жүзеге асу толық қалыптасқан. Сонда қазақтілді маманға бұл елде не істеу қалды?! Тіпті, бізге жеткен кейбір ақпаратқа қарағанда, қазақтілді азаматтардың азаматтық-моральдық құқықтары аяққа басылуда. Мысалы, аталған телеарналарда орамал тартатын қыз-келіншектер моральдық қысымға ұшырап жүргендігі мәлім болуда. Бұл жекелеген адам құқығы болғанымен, сайып келгенде қазақ этносының құндылықтарын таптау көрінісі болып табылады. Бұл бізді туып, өсірген орамалды аналарымыздан бас тартумен бірдей акция! Нағыз саяси бағасы – моральдық бейбастақтық!
    Жалпы саралай қарағанда, қазақстандық радиотолқындар мен телеарналардың бір де бірі 24 сағаттық көрсетім тәулігін өз өнімдерімен игере алмай отыр. Оның бір себебі, төл өнімдерінің жұтаңдығы, өнім шығаруға қабылетсіздік болса, ал оның арғы түбінде халықтың, көрерменнің қажетіне жарайтын өнімдерге деген талаптың жоқтығы қылаң береді.
    Біздің ойымызша, елдің электрондық БАҚ саясатына деген мемлекеттік назарды қайта қарау керек. Сізден оны түбірімен халықтық, мемлекеттік, тұтынушылық тұрпатқа түсетіндей маңызды қадамдар күтеміз. Бұл жерде, нарық талабымен бірге есепке алынбай отырған ұлттық құндылық мәселесін қатар қоятын мезгіл жетті.

    «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы.
    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы.
    «Ұлт тағдыры» Республикалық қоғамдық қозғалысы.

    ҚР мемлекеттік тілінің атасы ақын Мұхтар Шаханов 07 09 09 жыл

    Премьер К Масимовке АШЫҚ ХАТ Совет Хан Ғаббасов 07 09 09 жыл

    Мемлекеттік қазақ тілі туралы арнайы Заң қажет Дос Көшім

    Мұхтар Шаханов және Болат Нәукенұлы.

    Мемлекеттік тілді қолдау акциясына дайындық күндері.

    Қазақ Елінің мемлекеттік музейінде

    Қазақ Елінің мемлекеттік музейінде

    "Ұлт тағдыры" қозғалысындағы қоғамдық қабылдау.

    Ұлттық мәдениет, тіл туралы Ел ағаларының ойлары(бейнесюжеттер)

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Фарабитанушы ғұлама Балтабай Қабылан ҚАЗАҚ ҮНІ хақында
    Фарабитанушы Балтабай Қабылан қазақ ҮНІ мен өнері туралы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Қыркүйек 2009 at 09:55 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 916 рет қаралған ...

    Қазақ Елі мектептерінде «БІЛІМ КҮНІ» мерекесі болып өтті.(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 1 қыркүйек 2009 жыл.

    Қазақстанда 2,5 миллионнан астам мектеп оқушысы жаңа оқу жылын «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ — МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» атты тақырыппен өткен БІЛІМ КҮНІ мерекесімен бастады.
    Ресми мәліметтер бойынша биыл 296 мың 584 бүлдіршін мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттады. Оқу жылының ерекшелігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп бағдарламасына “Дін тану негіздері” пәнін енгізіп отыр, ол 9 сынып оқушылары үшін міндетті факультативті курс ретінде жүргізілмек.

    Білім куні ГИМНДІ домбырамен шыркаткан Жумагелді Нажмеденов.

    Білім куні ГИМНДІ домбырамен шыркаткан Жумагелді Нажмеденов.

    М.Базарбаев атындағы 138 өнер гимназиясында өткен БІЛІМ КҮНІ мерекесін көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Білім күні 138 гиназия директоры Әлия Еламанова Алматы 01 09 09
    БІЛІМ КҮНІ домбырамен шырқалған ГИМН Жұмагелді Нәжмеденов
    138 гимназияда өткен БІЛІМ КҮНІ Алматы 1 қыркүйек 2009 жыл

    Есейіп кетсек те біз СІЗГЕ шәкіртпіз !!!

    Әл-Фараби атындағы 145 мектептің 4 «ә» сыныбы жетекшісі Ұлман Досайқызы биылғы БІЛІМ КҮНІНЕ өзінің бұрынғы шәкірттерін шақырып, олардың бүгінгі бүлдіршіндерге қандай кеңес беретіндіктерін әңгімелетті.
    Сынып сағатында ата-аналар атынан Бексырға Данышпанов ұстазға алғысын білдіріп, оқушыларға Қазақ Елінің тәрбиелі әрі білімді азаматтары болуларына тілек білдірді.

    Есейіп кетсек те біз СІЗГЕ шакіртпіз !!!

    Есейіп кетсек те біз СІЗГЕ шакіртпіз !!!

    Әл-Фараби атындағы 145 мектепте өткен БІЛІМ КҮНІ мерекесін көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    145 мектеп БІЛІМ КҮНІ Ұлман Досайқызы Алматы 01 09 09 жыл
    145 мектептің 4 ші Ә сыныбы Алматы 1 қыркүйек 2009 жыл
    145 мектеп 4 Ә сыныбы ата аналарының тілектері Алматы 01 09 09

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    2 Қыркүйек 2009 at 11:30 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 759 рет қаралған ...