Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де АЛЛА разы болсын!
     Бүгін:   жыл
Болат Нәукенұлы ФЕЙСБУКТЕ /
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Сүйінші!!! «45minut.KZ» атты Ұстаздар мен Ата-Аналардың Республикалық газеті жарық көрді (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 26 сәуір 2012 жыл

    2012 жылдың 19 сәуірі күні, Қызылорда қаласында   ЖК «Нагиева Ш.Б.» және  «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі және Интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білімін жетілдіру жолдары» атты тақырыпта өткен Республикалық семинармен қатар    «45minut.kz» Республикалық ұстаздар газетінің тұсаукесері болып өтті.

    Аталмыш мәдени-ағарту шарасына   Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы Совет-Хан Ғаббасов, «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, профессор Өмірбек Үмбетов, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының жетекшісі Болат Бөтеев және Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірлерінен жаңашыл ұстаздар мен «45minut.kz» Республикалық ұстаздар газетінің тілшілері қатысты.

    Республикалық семинарға шақырылған, бірақ белгілі себептермен келе алмаған,   ҚР Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып «45minut kz» газетінің шарасына қатысушы ұстаздар мен ата-аналарға бейнелі жолдауын семинар басталған сәтте-ақ жіберіп үлгерді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҚР Мәжіліс депутаты М Әбеновтың«45minut kz» газетінің шарасына қатысушыларға бейнелі жолдауы
    «45minut kz» газетінің редакторы Ізгілік Нағиевтің кіріспе сөзі

    Профессор Совет Хан Ғаббасов: «Ұрпақ тәрбиесінің бүгіні мен ертеңі»
    Профессор Өмірбек Үмбетов: «Ғаламтордағы ашық білім беру ресурстары»

    Болат Бөтеевтің «45minut.kz» газетіне құттықтау сөзі.

    «45minut kz» газеті өткізген Республикалық семинарда айтылған ұстаздар пікірі

    Профессор С.Ғаббасовтың қорытынды сөзі:

    С. Ғаббасов:«Адам тәрбиесі – бірінің міндеті екіншісіне жүктелмейтін 7 кезеңнен тұрады»
    Совет-Хан Ғаббасов: «Ұрпақ тәрбиесін дұрыстау үшін не істеу керек?»

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    26 Апрель 2012 at 12:32 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 61 рет қаралған ...

    Совет-Хан Ғаббасовтың «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты ұлттық тәрбие жүйесімен Алматы облысы мектептері таныса бастады (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 4 ақпан 2012 жыл

    2012 жылдың 2 ақпаны күні, Алматы облысы Жамбыл ауданының СҮЙІНБАЙ және ЖАМБЫЛ атындағы орта мектептерінде  , Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы Совет-Хан Ғаббасовтың   «Халық педагогикасының негіздері» атты монографиясын талдауға арналған мәдени-ағартушылық шара болып өтті.

    Аталмыш шараны ұйымдастырып, оның жоғары деңгейде өтуіне СҮЙІНБАЙ атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Тухметова, Жамбыл аудандық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.Ж.Жамыханова, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Б.Н. Бөтеев және мектеп оқушыларымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар белсенді қатысты.

    Сонымен қатар Қара қыстақ  ауылының «ӘЖЕЛЕР» ансамблі қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерінен сахналық қойылым беріп, халық әндерін шырқап,  көрермендердің қошеметіне бөленген, шағын концерт берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Жамбыл ауданындағы СҮЙІНБАЙ атындағы мектептегі Совет Хан Ғаббасовпен кездесудің ашылу сәті
    Сүйінбай атындағы орта мектепте өткен кездесудегі Совет Хан Ғаббасовтың кіріспе сөзі
    Сүйінбай атындағы орта мектепте өткен кездесудегі Совет Хан Ғаббасовтың қорытынды сөзі

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    4 Февраль 2012 at 12:00 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 194 рет қаралған ...

    Аалматы қаласындағы Республикалық кітап Музейінде Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай «Заманымыздың заңғар ұлы» атты кітап көрмесі ашылды (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 10 қаңтар 2012 жыл

    Бүгін, 10 қаңтар 2012 жылы 10 қаңтар күні, Алматы қаласындағы Республикалық кітап Музейінде, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының ұйымдастыруымен Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай «Заманымыздың заңғар ұлы» атты кітап көрмесі ашылды.

    Аталмыш мәдени-ағартушылық шараға Қазақ Еліне танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, Д.А.Қонаев жайлы естеліктерін БАҚ өкілдеріне айтып берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    Кеңес Аухадиев «Заманымыздың заңғар ұлы» атты кітап көрмесін ашты

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    10 Январь 2012 at 18:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 308 рет қаралған ...

    Алуа Азаматқызы «БАЛАУСА» көркем гимнастика мектебінің Біріншілігінде І-ші орын алды. (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 6 қаңтар 2012 жыл

    Тренер Гулнур Тасболаткызы окушыларымен

    Женіс тугырында

    2011 жылдың 24 желтоқсаны күні, Халықаралық Клубтар ассоциациясының мүшесі, Алматы қаласындағы «БАЛАУСА» көркем гимнастика мектебінің Біріншілігі болып өтті.

    Аталмыш жарыста «Алғашқы старт» бағдарламасы бойынша, 7-жасқа дейінгі бүлдіршіндер ішінен, тренер Гүлнұр Тасболатқызының тәлімгерлері жақсы нәтижелер көрсетті.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Алуа Құрманғали (5 жас 10 ай)\»БАЛАУСА\» көркем гимнастика мектебі Біріншілігінің жеңімпазы

    ЖАРЫСТАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    (жалғасы..)

    6 Январь 2012 at 15:30 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 211 рет қаралған ...

    «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы және Алматы қаласы білім басқармасы бірлесіп, №172 мектепте ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған мәдени-ағартушылық шара өткізді (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 желтоқсан 2011 жыл

    2011 жылдың 21 желтоқсаны күні, Алматы қаласындағы №172 орта мектепте ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған мәдени-ағартушылық шара болып өтті.

    Аталмыш шара аясында  жазушы, Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы Совет-Хан Ғаббасов  өзінің «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты дәрісін оқып, оқушыларға терең ұлттық тәрбие беруге ұмтылған бірқатар мектеп директорларын «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының  «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» марапаттады.

    Сонымен қатар Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның оқушылар театры «ДУМАН» шағын ауданындағы №172 орта мектепке қонаққа келіп Қазақ Елінің «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ» арнап, көрермендердің қошеметіне бөленген, керемет концерт берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Профессор Совет-Хан Ғаббасовтың «АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ» жайлы лекциясы
    №140 гимназияның оқушылар театры №172 орта мектепте қонақта. Алматы 21.12.2011 жыл
    «АЛАШ ҮНІ» одағы атынан профессор Совет-Хан Ғаббасов мектеп директорларын марапаттады

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    27 Декабрь 2011 at 13:27 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 208 рет қаралған ...

    «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Болат Бөтеев:»Жаңа өзенде халыққа оқ атылып, қанды қырғын болды… КІМ КІНӘЛІ !?»

    16 желтоқсан 2011 жыл.
    Тәуелсіз Қазақ Елі.
    Жаңа өзен қаласы.

    Еліміз бейбіт өмір сүруде, ешкім бізге соғыс жариялаған жоқ. 7 ай бойы еңбек дауының шешімін күткен бейбіт халыққа автоматтан оқ жаудырылып, қазақтың өрімдей жастары құрбан болды.

    КІМ КІНӘЛІ?

    Өлген қазақтар ма, әлде атқан қазақтар ма?

    (жалғасы..)

    22 Декабрь 2011 at 14:21 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 416 рет қаралған ...