Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Алматы қаласында өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 2 қазан 2011 жыл

    Қазақстанда мемлекеттік және ресми тіл -

    тек қана қазақ тілі !!!

    /

    /

    Бүгін, 2011 жылдың 2 қазанында, сағат 11-00 мен 13-00 аралығында, қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен, Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы болып өтті.

    Бейбіт көңілмен, шынайы рухтастық жағдайда өткен 5000 -дай адамның басқосуында шыншыл ой-пікірлер айтылып, Қазақстан халқына және Президентке, Парламентке, Үкіметке бағытталатын тілектер мен талаптар жазылған қарар жарияланып, бірауыздан қабылданды. /

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, «Махамбет» сыйлығының лауреаты, Педагогика және Медицина ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:

    «…биліктің қайнар көзі халық, сондықтан халық қай тілде сөйлесе — билік сол тілде сөйлейді. Осы аксиоманы әр бір қазақ түсініп, орындағанда ғана, ұлтымыздың жағдайы оңалады. Ел ағаларының, зиялы қауымның міндеті, осы ақиқатты халықтың құлағына құю болып табылады.»

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз: «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына қатысқан Ел ағалары мен шенеуніктердің ойлары

    ЖЕЛТОҚСАН 86 ардагерлері «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында

    МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясындағы сөзі
    Тұрсынбек Кәкішев «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Қабдеш Жұмаділов «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Қажымұқан Ғабдолла «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Марат Бөтеев «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында.
    Болат Әбілов «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Серікжан Мамбеталин «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Бөріхан Нұрмұхамедов «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Смағұл Елубай «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Семейден келген қарт АНА «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Керекулік ұлт патриоты РУЗА БЕЙСЕНБАЙ «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Асылы Осман «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Дулат Исабеков «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Қазыбек Иса «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Желтоқсандықтар «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Этникалық ұйғыр Әлімжан Тілепалды «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Жазушы Тұрсынәлі Рыскелді «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында
    Жанұзақ Әкім «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында.
    Астаналық Жұмамұрат Шәмші «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында

    Мұхтар Шахановтың «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын қорытындылады

    МЕРЕКЕДЕН ТҮСІРІЛГЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР: Алматыда өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясынан фотокөріністер

    «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында, тіл төңірегінде көтерілген қадау-қадау мәселелерді саралай келе билікке, жалпы халыққа мына жәйттерді мәлімдейміз.

    Қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін алған 1989 жылдың 22-қыркүйегінен бері арада 22 жыл өтсе де, есте қаларлықтай 22 айшықты қадам жасалған жоқ. Қоғамдық ұйымдар Парламентте, Үкіметте қаншама рет дауыс көтергенімен, билік күні бүгінге дейін Мемлекеттік тіл туралы арнайы заң ендіруге қарсылық жасаудан танар емес. Кейбір қабылданған Бағдарламалар қазақ тілінің өзіндік орнын айқындау былай тұрсын мемлекеттік тілді республикамыздағы өзге этностар тіліне теңестірумен келеді. Тіпті, мемлекеттік тіл конституциялық құзыры жоқ, «ресми тілдің» тасасанда қалып қойды. Оған биліктің «қазақ тілі өзге тілдерді басып кетпеуі керек» деген жымысқы саясаты жол беруде. Сондықтан да Конституцияның 7-бабында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» – деп бадырайып жазылып тұрса да, 2-тармаққа «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген тіркес ендірілді. Елімізде орыс тілі екінші мемлекеттік тіл бола алмайтынын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бірнеше дүркін дәлелдеп берсе де, сол бір 7-баптың 2-тармағы жұртты әлі шатастырумен келеді.

    Біз елімізде орыс тілінің және барлық этностар тілінің, олардың салт-санасының, рухани құндылықтарының салтанат құруын, өркен жаюын бар кезде қолдаймыз және қуаттаймыз. Орыс тілі этносаралық, халықаралық тіл ретінде өз тұғырында қала береді. Алайда біздің бұл ойымызды кейбір орыс тілді басылымдар мен ғаламтор сайттары көпе-көрінеу бұрмалап, жала жабуда. Олар тіл жанашырларын әсіре ұлтшыл етіп көрсетіп, республикамыздағы өзге ұлт өкілдерін бізге қарсы айдап салуға тырысып бағуда.

    Кейінгі жылдары кейбір министрліктер мен кәсіпорындарда, өзге де мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тіл мәртебесін кемсітіп, оның қолданыс аясын қасақана тарылту фактілері айқын көрініс беруде. Мәселен, медициналық оқу орындарында биыл орыс сыныбын бітірген түлектердің арасында 90 балл жинаған талапкер мемлекеттік грантқа түсті де, қазақ сыныбын бітірген оқушы 97 балл жинаса да грантқа іліге алмады. Сол себепті де кейбір ата-аналар ұл-қыздарын орыс мектептеріне ауыстырып жатыр. Өйткені оқу ақысы жыл сайын шарықтап барады.

    Тіл төңірегінде біз көтеріп отырған мәселелер – тікелей мемлекеттің атқарар шаруалары. Демек, оның бүгінгі қордаланып қалған мәселелерінің шешімін таппауына да тек билік жауапты. Сондықтан біз бүгінгі «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына қатысушылар атынан жоғары билікке қаншама жылдардан бері көтеріп келе жатқан төмендегі талаптарымызды тағы да қоюға мәжбүрміз:

    1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына «2012 жылдан бастап бірте-бірте мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіл пайдаланылып, іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізілсін» деген норма қосылсын;

    2. ҚР Конституциясының 7-бабының орыс тіліне байланысты екінші тармағы алынып тасталып, оның орнына «орыс тілі этносаралық, халықаралық тіл» деп жазылсын;

    3. Қазақстанның кейбір саяси күштері мен қоғамдық ұйымдарының қатыстырылуымен жасалып жатқан Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы Парламенттің биылғы күзгі сессиясында қаралып, 2012 жылға дейін қабылдануын талап етеміз;

    4. Осыдан үш жылдай уақыт бұрын билік Қазақстан Халқы Ассамблеясы арқылы бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтты» ендірмекші болғанда, қоғамдық ұйымдардың үдере қарсы тұрғаны белгілі. Бірақ билік үстіміздегі жылы «Қазақстандық ұлтқа» қайта көшуіміз мүмкін екендігін әйгіледі. Олай болған жағдайда «Мен қазақпын», «Мен ұйғырмын», «Мен орыспын» деп айтсаңыз жауапқа тартыласыз. Ұлттық, тілдік мүдделерді тікелей жоюға алып баратын, бұл қадамға үзілді-кесілді қарсы екенімізді тағы да ескертеміз;

    5. Соңғы жылдары билік «Үш тұғырлы тіл» саясатын қайта-қайта мадақтаумен келеді. Сонда осы «Үш тұғырлы тілдің» қайсысы мемлекеттік тіл? Бұл да негізінен орыс тілін мемлекеттік тіл жасау саясатынан туған шара. Республикамызда жас жеткіншектеге үш тілді бірдей үйрету аясында қызмет ете бастаған балабақшалар, мектептер, жоғарғы және арнаулы оқу орындары ашыла бастады. Мәселен, Жапонияда бала 12 жасқа дейін тек өзінің ана тілінде тәрбиеленіп, бірінші кезекте ана қуатын бойына сіңіреді. Мұнан кейін 100 тіл меңгерсе де өз еркі. Осылай еткен жағдайда ғана бүлдіршін санасында елдік, ұлттық, патриоттық сезімдер берік орын тебеді екен. Ал біз оң қолы мен сол қолын анық ажырата білмейтін 2 жасар сәбиге бірден үш тіл үйретпекпіз. Бұл әпербақан шара педагогика заңдылықтарына мүлде қайшы болғандықтан, біз де оған қарсылығымызды білдіреміз;

    4. Бөгде ел және отандық ақпарат құралдарының шектен шыққан арандатушылық тұрғыдағы мақалалары Тәуелсіз Қазақстанның ішкі ісіне нұқсан келтірушілік деп танылсын! Мемлекеттік жоғарғы билік органдары (Үкімет) тарапынан мұндай басылымдар қаржыландырылмасын. Қазақстанның Ұлттық ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар тез арада іске қосылсын;

    5. Мәдениет министрлігінің қарамағында Тіл комитеті қызмет етіп келеді. Турасын айтсақ, министрлік аясындағы комитеттің құзыры қордаланып қалған Мемлекеттік тіл проблемаларын шешуге дәрменсіз. Сондықтан «Мемлекеттік тіл агенттігін» құруды ұсынамыз;

    6. Еліміздегі қалалар мен елді-мекендерде түгелдей дерлік алабажақ жарнамалардан аяқ алып жүре алмайсыз. Олар орысша, ағылшынша, тіпті басқа тілдерде көрініс табады. Қазақшасы сауатсыз, сақау жарнамалардан көз сүрінеді. Мұндай мәнсіздікті және басқа да проблемаларды реттеу үшін «Тіл инспекциясын» құру қажет деп білеміз;

    7. Қазір әрбір мектеп бітіруші түлек қай тілде оқығанына қарамастан қазақ тілінен тест тапсырады. Алайда, орыс мектебін бітірген оқушылар үшін ол тестің көрсеткіші есепке алынбайды. Сондықтан мемлекеттік тілден тапсырылған тест барлық жағдайда Ұлттық бірыңғай тест нәтижесінде ескерілуі тиіс;

    8. Мемлекет басшылары мен лауазымды қызмет иелері барлық отандық, шетелдік ресми кездесулерде мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттеліп, республика көлеміндегі мемлекеттік іс-шаралар, мемлекеттік тілде жүргізілсін. Мемлекеттік тілді білмейтіндер ілеспе аударма қызметін пайдаланатын болсын. Мемлекеттік тілді мойындамайтындар, оны оқып, үйренуге тырыспайтындар – мемлекеттік қызметке алынбасын.

    «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына қатысушы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар елдегі тілдік ахуалды үнемі назарда ұстайтындығымызды, егер билік жоғарыдағы талаптарды кезең-кезеңімен орындауға ниет танытпаған жағдайда немесе «2012 жылдың екінші жартысына дейін орындаймыз» деп уәде бермесе, бүкіл республика көлемінде басқа да саяси мәселелермен ұштасқан бірлескен іс-шаралар өткізетінімізді, 2011 жылдың 17-желтоқсанында, яғни Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл толған күні Республика алаңына шығып, билікке бұдан да ауыр талап қоятынымызды және әділетті шешімге қол жеткізгенімізше бұл рухани күресті тоқтатпайтынымызды мәлімдейміз.

    (Мәлімдеме «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында бірауыздан қабылданды.)

    ҰЛТ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА БОЛҒАН

    ҚАЗАҚТЫҢ БАСҚОСУЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛІ ЖЫЛНАМАСЫ:

    Мемлекеттік-қазақ тілінің, яки ҰЛТ болашағын ойлаған Қазақ Елі азаматтарының БАС ҚОСУЫ (фото-видео репортаж)

    «ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАППАЙ САТЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛСЫН !!!» атты жалпыхалықтық митингісі (фото-видео репортаж)

    Ұлтымыз мәңгі жасасын десек, өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!

    Ғалымдарының ақылын тыңдамайтын, Елбасшысының айтқанын теріс орындайтын, ұлттық болмысынан жеріген ҮКІМЕТ кімдердің мүддесіне қызмет етіп жүр? (фото-видео репортаж)

    АУЫЛДАР (елді-мекендер): ТӘРБИЕЛІК һәм ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА және ҰЛТТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ САҚТАУ ТЕТІГІ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСА АЛА МА?(фото-видео репортаж)

    ХАЛЫҚ пен БИЛІК, «екеуі екі тілде сөйлеп», бірін-бірі түсінбей жүрген жоқ па? (фото-видео репортаж) Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж)

    Мұхтар Шаханов:»ЕҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ — ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҢҒЫРТУ !» (фото-видео репортаж)

    Рухы биік, парасаты мол Бабаларымыз тұрғызып кеткен Ұлытаудағы «ТАҢБАЛЫ ТАС» Қазақ Елі бірлігінің символы бола ала ма? Немесе Өзге тілде сөйлеп, Өзгені өнеге тұтқан бүгінгі «кеңестік дәуір» ұрпақтарының ұлттық ойлау қабілеті қашан жаңғырады? (бейнесюжеттер)

    2009 жылы 22 кыркүйекте өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы (видео репортаж)

    ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе РУХЫ БИІК БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ БҮГІНГІ ҰРПАҒЫНА РАЗЫ МА ? (осы мәселелер толғандырған азаматтардың бас қосуынан бейнесюжеттер)

    2010 ЖЫЛЫ СӘУІРДІҢ 24 МЕН 25 КҮНДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ»

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Алматы қаласында өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    2 Қазан 2011 at 21:12 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 069 рет қаралған ...