2012 жылдың 17 қазаны күні Алматы қаласы Әкімдігі мен Халықаралық «Жанашыр» қорының ұйымдастыруымен Оралмандардың Алматы қалалық «Еліне оралып, еңбегі жанғандар!» атты форумы болып өтті.
Кеше, 2011 жылдың 21 қазаны күні, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 90-жылдық мерей тойын әріптестері, жерлестері және туыс-жекжаттары Алматы қаласында атап өтті.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
2011 жылдың 14 қазаны күні, Алматы қаласында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры мен «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен және «Руханият» жасылдар партиясы мен Алматы қаласы Әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешені аясында «Шетелдік қазақ жастары: Қазақстанда білім алуы мен орнығуы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ мен саяси партиялар жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де
ТӘҢІРІМІЗ разы болсын !!!
Кеше, 2011 жылдың 15 қазан күні, Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар Одағының салтанат залында , «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы болып өтті.
Құрылтайда қоғамдық-саяси қозғалыстың жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, жетекші органдары сайланды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Бүгін, 2011 жылдың 2 қазанында, сағат 11-00 мен 13-00 аралығында, қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен, Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы болып өтті.
Бейбіт көңілмен, шынайы рухтастық жағдайда өткен 5000 -дай адамның басқосуында шыншыл ой-пікірлер айтылып, Қазақстан халқына және Президентке, Парламентке, Үкіметке бағытталатын тілектер мен талаптар жазылған қарар жарияланып, бірауыздан қабылданды.
«Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, «Махамбет» сыйлығының лауреаты, Педагогика және Медицина ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:
«…биліктің қайнар көзі халық, сондықтан халық қай тілде сөйлесе — билік сол тілде сөйлейді. Осы аксиоманы әр бір қазақ түсініп, орындағанда ғана, ұлтымыздың жағдайы оңалады. Ел ағаларының, зиялы қауымның міндеті, осы ақиқатты халықтың құлағына құю болып табылады.»
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасының қолдауыменҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдікстуденттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Мақсат — шетелдік қазақ жастарының бойында Отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру, үлгі-өнеге ету, шетелдердегі замандастарына насихаттап, Қазақстанға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту.
Осы мақсатта кеше, 2011 жылдың 1 қазан күні, Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерінің (жазушылар, ақындар, мемлекеттік рәміздер авторлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері) Д. А. Қонаев атындағы Университеттің студенттерімен«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесуі болып өтті.
Кездесуге белгілі қоғам қайраткерлері — Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің авторларының бір — Хайролла Ғабжалелов, Қазақстанғаеңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Уақап Қыдырханұлы, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Оразақын Асқар, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымының докторы, Қазақстандағы халықтар достығын нығайтуға үлес қосып жүрген түрік ұлтының өкілі Қазақбай Касимов, әлем мойындаған балуан, күш атасы Әбілсейіт Айханов сынды тұлғалар қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз