Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    М. ШАХАНОВ: «Мемлекеттік тілді қолдау — Қазақстан халқының конституциялық парызы!!! » (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 қыркүйек 2011 жыл

    Бүгін, 2011 жылы 27 қыркүйек күні, Алматы қаласындағы Ұлттық баспасөз клубында 2 қазан күні өтетін «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

    М. ШАХАНОВ: \»Мемлекеттік тілді қолдау Қазақстан халқының конституциялық парызы\»

    ЖЕЛТОҚСАН 86 ардагерлері жастардың Конституциялық құқының бұзылуына қарсы

    М. ШАХАНОВ: «Елімізде қазақ тілін менсінбеу доғарылмаса, Үкіметті сотқа береміз\»
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    27 Қыркүйек 2011 at 16:46 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 447 рет қаралған ...

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 қыркүйек 2011 жыл

    Тағылым мен тағзым

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

    Мақсат — шетелдік қазақ жастарының бойында Отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру, үлгі-өнеге ету, шетелдердегі замандастарына насихаттап, Қазақстанға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту.

    Осы мақсатта кеше, 2011 жылдың 26 қыркүйек күні, Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерінің (жазушылар, ақындар, мемлекеттік рәміздер авторлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттерімен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесуі болып өтті.

    Кездесуге белгілі қоғам қайраткерлері — Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің авторларының бір — Хайролла Ғабжалелов, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Уақап Қыдырханұлы, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Оразақын Асқар, әлем мойындаған балуан, күш атасы Әбілсейіт Айханов сынды тұлғалар қатысты.

    Өз кезегінде аталмыш ниверситтте блім алушы шетелдік қазақ жастары аға буын өкілдерінің тағылымды әңгімесін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап алып және өз өнерлерін ортаға салады.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    «Жанашыр» қоры «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесу өткізді

    Уақап Қыдырхан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде
    Шәкен Ниязбеков «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде
    Әбілсейіт Айханов «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде
    Хайролла Ғабжалилов «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде

    КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    27 Қыркүйек 2011 at 13:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 597 рет қаралған ...

    Қазақ халқының мүддесі үшін, өз ұстанымынан-тура жолдан таймаған ұлт қайраткері, дипломат Болатхан Тайжан туралы деректі фильм

    Ұлт қайраткері, дипломат Болатхан ТайжанБелгілі саясаткер, дипломат, ұлт қайраткері

    Болатхан ТАЙЖАН
    туралы деректі фильм

    Сценарий авторы және қоюшы режиссері
    Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ

    Ұлы Абай өзінің арыстан жүрек бауыры Оспан дүниеден өткенде: «Жайнаған туың жығылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай,.. Жан біткеннен түңілмей жақсы өліпсің япырмай!» дейтіні бар еді. Болатхан Құлжанұлы да өзінің бар болмысымен, бар ерік-жігер қайратымен қазағына қызмет еткен, оған шексіз сеніп өткен жан еді… Сонау тоқсаныншы жылдардың басында-ақ ұлт байлығын тонауға салғандарға Болатхан Тайжанның қарсы тұрғанын біреу білсе, біреу білмес.
    Естелік фильм еліне қалтқысыз қызмет еткен тұлғаның қайраткерлік ғұмырын сипаттауға арналған.


    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    21 Қыркүйек 2011 at 11:55 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 959 рет қаралған ...

    ДОС КӨШІМ: «Президент бір тілде ғана сөйлегім келеді,халық соны түсінсе … және 100 қазақ отырған жерге, 5 орыс кірсе орысша сөйлеп кететін, біз сорлы халықпыз ғой… деп өкінеді»» дейді. (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 9 қыркүйек 2011 жыл

    Бүгін, 2011 жылы 9 қыркүйек күні, Қазақстанның бірінші Президенті қорының ғимаратында Алматы қаласы Үкіметтік Емес Ұйымдарының VII-ші Форумы болып өтті.
    Форумда азаматтық сектордың даму барысындағы өзекті мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары қаралды.
    Астана қаласында өтетін V-ші Азаматтық Форумға, Алматы қаласынан баратын, делегаттар сайланды.

    «Ұлт тағдыры» РҚБ төрағасы Дос Көшім «Азаматтық қоғам және мемлекеттік тіл» атты тақырыпта баяндама жасады, оны төмендегі бейнесюжеттен көре аласыздар:

    ДОС КӨШІМ: «Президент бір тілде ғана сөйлегім келеді,халық соны түсінсе дейді»

    (… біраз материалдар өңделуде…)

    Форумнан фотокөріністер:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    9 Қыркүйек 2011 at 17:46 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 702 рет қаралған ...

    Сабыр Рахимов сынды ұлт батырын жоқтаушы-іздеуші Ерлік Омаров

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 3 қыркүйек 2011 жыл

    Әр бір қазақ,

    бауырын іздеген Ерлік Омаровтай,

    намысшыл, табанды болса ғой…

    АҚЙҚАТҚА ЖҮГІНУ.

    (Ерліктің ізденіс жазбалары, стилі сақталып, қаз-қалпында беріліп отыр)

    ГЕНЕРАЛ МАЙОР САБЫР РАХЫМОВТЫҢ СІЗДЕ СУРЕТІ ҚАЙДАН ЖҮР ОНЫ КІМ САҚТАҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ТУЫСТЫҚ ЖАҚЫНДЫҒЫҢЫЗ БАР ОНЫ ҚАЛАЙ ДӘЛЕЛДЕЙСІЗ?

    САБЫР РАҚЫМОВТЫ БІЛЕТІН СУРЕТІН САҚТАҒАН АПАМ БӘТЕН ТӨЛЕБАЙҚЫЗЫ 1916ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН 1983ЖЫЛЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ. МЕН АПАМНЫҢ ҚОЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕНІП ӨСТІМ. БІЗДІҢ ТУҒАН АУЫЛЫМЫЗ ЖАРКЕНТ АУДАНЫ ҚОҢЫР-ӨЛЕҢ АУЫЛЫ, БІЗ ОЛ ЖЕРДЕН 1973 ЖЫЛЫ ӘКЕМНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ЕСІК (ШЕЛЕК) АУДАНЫ ҚАРАЖОТА АУЫЛЫНА ҚОНЫС АУДАРДЫҚ. ӘКЕМ ОМАРҰЛЫ МҰҚАН 1936Ж ТУЫЛАН 1993 ЖЫЛЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ. БҰЛ КҮНДЕ АЛМАТЫДА ТҰРАМ.ӘКЕМ АТАЛАРЫМЫЗ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫ БОЛҒАНЫН АЙТЫП ОТЫРАТЫН. АПАМ КӨЗІНІҢ ТІРІСІНДЕ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАП ЖҮРЕТІН ӘСКЕРИ СУРЕТ БОЛАТЫН, АРТЫНДА ҚАРЫНДАШПЕН БЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН «БРЕСТ МАТ 1940Г 18-МАЯ С РАХИМОВ» МЕН ОЛ КЕЗДЕ 3-СЫНЫПТА ОҚЫП ЖҮРІП АПАМНАН СҰРАҒАНЫМДА. БҰЛ ҚОРАБАЙ ДЕГЕН АТАЛАРЫҢНАН ТАРАЙДЫ СОҒЫСТАН ОРАЛМАДЫ ДЕП АЙТҚАН ЕДІ. БАСҚА ЕШТЕҢЕ АЙТПАДЫ, МЕНДЕ СҰРАП ЖАТПАДЫМ, НЕ АТЫНДА СҰРАМАППЫН. КЕЙІН СОЛ СУРЕТТІ АЛЬБОМҒА ЖЕЛІМДЕП ЖАБЫСТЫРҒАН ЕДІМ. БІР ДАНЫШПАН АЙТҚАН ЕКЕН АЙТЫЛМАҒАН ДҮНИЕ БӘРІБІР 60-70 ЖЫЛДА АЙТЫЛАДЫ ДЕП, ТЕГІН АЙТЫЛМАҒАН КӨРІНЕДІ. СОДАН 2005 ЖЫЛЫ БАЛДЫЗЫМ ЗӘУРЕ МАҒАН ТЕЛЕФОН ШАЛЫП МЕН БҮГІН «ҮЗЕНГІ ЖОЛДАС» БАҒДАРЛАМАСЫННАН ҚҰРАЛАЙ ДЕГЕН АПАЙ ӘҢГІМЕСІНДЕ ГЕНЕРАЛ САБЫР РАҚЫМОВ ҚАЗАҚ РУЫ СУАН ЕКЕН САҒАН ТУЫС ЕМЕСПЕ ДЕДІ. МЕН ХАБАРЫМ ЖОҚ ЕКЕНІН АЙТТЫМ. ҚАЗАҚТА «ЖЕТІ ҒАСЫР ТАРИХЫН БІЛМЕГЕН ЕЛ ЖЕТІМ, ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН ЕР ЖЕТІМ» ДЕГЕН ОЙ МАЗАЛАЙ БАСТАДЫ. СОДАН ҚОҢЫРӨЛЕҢДЕ ТҰРАТЫН АТАЛАС ЖАЛҒЫЗ ТУЫСЫМЫЗ БАЛТАБАЙ ҚАРИЯҒА ШЕЖІРЕ ЖАЗЫП БЕРУІН ӨТІНДІМ.


    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    3 Қыркүйек 2011 at 15:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 11 098 рет қаралған ...

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заңының Жобасы дайындалуда

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 31 тамыз 2011 жыл.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

    ҮЕҰ-дың БІРІККЕН ҚОҒАМДЫҚ КОМИТЕТІ

    20 жылдық тәуелсіздіктің нәтижесінде

    бодандық санадан арыла бастаған халықтың,

    белсенділігі артқан қоғамдық ұйымдарының

    пікірлерін ескере отырып дайындалатын

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы»

    Заңының Жобасы

    Алматы – 2011 жыл

    2011 жылдың 13 шілдесі күні Алматы қаласында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан Жазушылар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлесіп өткізген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған жиналысында 1991 жылдан бері шешімін таба алмай келе жатқан мемлекеттік тіл мәселесін жан-жақты талқылап, 1989 жылдан бері қабылданған мемлекеттік заң актілеріне талдау жасап, кемшілік себептерін саралау арқылы, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін ауадай қажет Еліміздегі тыныштық пен татулықты сақтаудың негізгі құралы мемлекеттік

    қазақ тілінің қордаланған мәселесін шешу үшін ҮЕҰ-дың бірлескен қоғамдық комитеті құрылып, оның аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заң жобасын дайындайтын ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ жасақталды.

    ҮЕҰ-дың Біріккен Қоғамдық комитетінің құрамы:

    1. Оразалы Сәбден - Қазақстан ғалымдар Одағының президенті, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, «Алаш үні» ҚБО Билер кеңесінің төрағасы, экономика ғыл. докторы, ҰИА академигі.

    2. Мұхтар Шаханов — «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы, қоғам қайраткері, халық ақыны.

    3. Совет-Хан Ғаббасов —   “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

    4. Сайлау Батырша-ұлыАстана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы, ҚР дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Сыртқы Істер Министрлігінің кеңесшісі, экономика ғылымының докторы, профессор.

    5. Марат Бөтеев - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы.

    6. Серікжан Мәмбеталин - «Руханият» жасылдар партиясының төрағасы.

    7. Дос Көшім — «Ұлт тағдыры» Республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы.

    (… Қоғамдық комитеттің құрамына кіруге ниет білдірген ҮЕҰ-дың өтініштері қаралуда…)

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    31 Тамыз 2011 at 18:48 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 550 рет қаралған ...