Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    САЙЛАУ БАТЫРША-ҰЛЫ: «Ел атауын, Қазақ Республикасы деп, Конституцияны өзгертуіміз керек» (бейнесюжет)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 15 тамыз 2011 жыл

    ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АТАУЫ ДҰРЫСТАЛСА ,

    ТІЛІМІЗ ДЕ, ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗ ДА ЖАҢҒЫРАДЫ

    2011 жылы 13 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан жазушылары одағының үлкен залында «Алаш үні » қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Қазақстан жазушылары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған кеңейтілген жиналыстың Шешімімен «ҚР мемлекеттік тілі туралы Заң» жобасын дайындау үшін, ҮЕҰ-дың біріккен Қоғамдық комитеті құрылған еді.

    /

    Аталмыш комитеттің Жұмысшы тобының кезекті отырысына  арнайы келген  Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы, ҚР дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Сыртқы Істер Министрлігінің кеңесшісі, экономика ғылымының докторы, профессор САЙЛАУ БАТЫРША-ҰЛЫ қатысып өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    15 Тамыз 2011 at 16:22 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 591 рет қаралған ...

    Алматы қаласының №139 балабақшасында өткен «МҰҚАҒАЛИ АТАҒА ТАҒЗЫМ» атты мереке (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 12 тамыз 2011 жыл

    МҰҚАҒАЛИҒА ТАҒЗЫМ

    Бүгін, 2011 жылы 12 тамыз күні, Алматы қаласындағы №139 балабақша ұжымы мен «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен, ұлтымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерей тойына орай, ақын ескерткішінің алдында «МҰҚАҒАЛИ АТАҒА ТАҒЗЫМ» атты бөбектер мерекесі болып өтті.

    /

    Балабақша меңгерушісі Оспанова Бақытжан Оразғалиқызы: «… біздің тәрбиешілер сәбилерді тәрбиелеуде мемлекеттік стандарт талаптарын толық орындай отырып, оның сыртында қосымша тәрбиелік оқу құралы ретінде ұлтымыздың ғалымдары мен ақын-жазушыларының еңбектерін көп қолданады.
    Мысалы, педагогика және медицина ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасовтың «Ұлттық педагогика және психология негіздері» атты еңбегін әркез жиі пайдаланамыз…»

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    №139 балабақшадағы, МҰҚАҒАЛИ АТАҒА ТАҒЗЫМ атты, бөбектер мерекесінде

    …біраз материалдар әлі өңделуде…

    МЕРЕКЕДЕН ТҮСІРІЛГЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    13 Тамыз 2011 at 01:28 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 172 рет қаралған ...

    БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ: «ҚР Қорғаныс министрлігінде, қазақ тілін білмейтін біраз басшылардың ұлттық ойлау қабілеті жоқ» (видеосюжет)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 11 тамыз 2011 жыл

    ҚАЗАҚ ӘСКЕРІНДЕГІ АМАНДАСУ РӘСІМІ

    «сәлеметсіздер ме?» әлде «АРМЫСЫЗДАР, АЙБЫНДЫ САРБАЗДАР!»

    ҚАЙ НҰСҚА ДҰРЫС ?

    2011 жылы 13 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан жазушылары одағының үлкен залында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Қазақстан жазушылары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған кеңейтілген жиналыстың Шешімімен «ҚР мемлекеттік тілі туралы Заң» жобасын дайындайтын қоғамдық комитет құрылған еді.

    Аталмыш комитеттің жұмысшы тобының апта сайын тұрақты өтетін отырыстарына қоғамдық ұйымдар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ұсынуда.

    /

    Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл: «… біздің ұйым және бірқатар Парламент депутаттары мен «Нұротан» ХДП жастар қанаты белсенділері 6-жылдан бері, ҚР Қарулы күштерінің Уставына — сарбаздармен амандасу рәсімінде бүгінгі қолданыста жүрген «сәлеметсіздер ме» сөзін «Армысыздар» сөзіне ауыстыру жөніндегі ұсынысымызды өткізе алмай жүрміз…»

    Ең өкініштісі, ҚР Қорғаныс министрлігінің, осы ұсыныс жасаушы Б.Смағұлдың авторлық құқығын мойындап, алғыс хат жазғандарына қарамастан, министрліктің қазақ тілін білмейтін кейбір басшыларының «бұл екі сөздің мағынасы бір ғой, ауыстырудың қажеті жоқ» деген жалаң сөздеріне сеніп, сөз қадірін түсініп, ұлт мүддесін ойлаған қоғамдық ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескерусіз қалдырғаны…

    Бақытбек Смағұл: «… осындай, мемлекеттік-қазақ тілін білмейтіндердің кесірінен, ҚР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Н.Назарбаев әскери парадтарда сарбаздармен амандасқанда «АРМЫСЫЗДАР, АЙБЫНДЫ САРБАЗДАР!» деудің орнына, балабақша меңгерушісі сияқты «сәлеметсіздер ме?» деп тұрғанын, сөз қадірін түсінетін қалың қазақ көріп, сынайды-ау деген ойдан қынжыламын және мені осындай «сөзұқпастардың» ұлтымыздың рухын таптап, мемлекетіміздің беделіне нұқсан келтіріп жүргендері қатты мазалайды…»

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз: (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    11 Тамыз 2011 at 13:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 162 рет қаралған ...

    Парламент депутаттары мен Үкімет шенеуніктерінің көпшілігі екі тілді тең қолданып, ҚР Конституциясы талаптарын орындап жүр деп бір адам айта ала ма?

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 7 тамыз 2011 жыл

    Қазақтың мемлекеттік тілі


    жайлы ащы шындық

    («Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы жұмысына қатысушы Ел ағаларының айтқан пікір-ұсыныстарынан үзінділер)

    … Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, мүмкін уақытша қажет болған аударма институты, бүгінгі күні мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына ең басты кедергі болып тұр. Тіпті, оны ҚР Үкіметі мемлекеттік-қазақ тілін жаппай қолданысқа ендірудегі өзінің дәрменсіздігін жасыру үшін қолданатын негізгі құралға айналдырып алды.

    Нақты өмірде Парламентте де, Үкіметте де, құжаттар өзге тілде дайындалып, талқыланып, бекітіліп, оқылады. Мемлекеттік және Қоғамдық ұйымдарда да, жұмыстар өзге тілде атқарылады.

    Шексіз байлықтың үстінде жүрсе де, соған лайықты өмір сүрудің орнына күйбең тіршіліктен бас көтере алмаған 10 млн. астам қазақ халқының көз алдында, мемлекеттік мәртебесі бар ұлттық тілі, нақты өмірде қажетсіз, тек «біздің мекеме-ұйым қазақ тіліне толық көшті» деген жалған ақпарат үшін керек, аудармалық-архивтік өлі тілге айналып барады… (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Тамыз 2011 at 13:34 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 717 рет қаралған ...

    МҰҚАҒАЛИ ТАҒЛЫМЫ немесе МҰҚАҒАЛИ ТІРІ БОЛСА, ОЛ РИЗА БОЛАТЫНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР МА?

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 4 тамыз 2011 жыл

    АманатМүқағали Мақатаев Ұлтын сүйген, оның болашағы үшін бар өмірлерін сарп еткен Алаш арыстарының нағыз ізбасары, қазақтың ақиық ақыны МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ өзі өмір сүрген кезеңнің қазақ халқына әкелген қайғы-қасіретін толықтай бойынан өткізіп, талдап-саралап тамаша өлеңдерімен шерін тарқатып қана қоймай, сол туындыларындағы айтқан ойлары келер ұрпақтың қажетіне жарайды-ау деген сеніммен АМАНАТ етіп қалдырған сияқты…


    … кешегі Кеңестік жүйе аялап алақанына салып мәпелеген, атақ-даңқтарын үйіп-төккен шығармашылық саласының кейбір,
    өз ұрпағын қазақ балабақшасында тәрбиелеп-қазақ сыныптарында оқытуға милары жетпейтін «қайраткерлерінің» кешегі-бүгінгі туындыларын, сол «кеңестік жүйе» көзге ілмеген МҰҚАҒАЛИДІҢ мына шумақтарымен салыстырып көріңіздерші:

    Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз,

    Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өтерміз.

    Есеп берер күнде болар ұрпақтардың алдында,

    Мықтымсынған мырзаларды, бәлем, сонда көрерміз.

    Отымызды ұлы Отанға берерміз де, сөнерміз,

    Гүлімізді ұрпақтарға сыйлармыз да, семерміз.

    Жаңа келген ұрпақтардың алғысын ап, марқайып,

    Артымызда кім қаларын, тірі жүрсек көрерміз.

    Ұлан-асыр, ұлы күрес. Түбінде бір жеңерміз.

    (Біз әзірге даурықпаға шетімізден шеберміз)

    Құрғақ даңқ құлы болып, бәлки…бір күн, кім білсін,
    Құр таласпен күн өткізіп, түк өндірмей өлерміз.
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    4 Тамыз 2011 at 13:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 748 рет қаралған ...

    Совет-Хан Ғаббасов:»Кімнің ақ, кімнің қара екенін, шегіне жеткенде қазақ халқы өзі-ақ ажыратып алады…» (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 1 тамыз 2011 жыл

    /

    2011 жылдың 27 шілдесі күні, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы Билер Кеңесінің арнайы Шешімімен, желтоқсан қаһарманы Ләззат Асанованың туған күніне орай «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» атты тәрбиелік мәні бар шара аясында, Желтоқсан көтерілісінде құрбан болған қаһармандар мен бүгінгі көзі тірі батырларға тағзым етіп, патриоттық насихат жұмыстарын өткізу жоспарланған еді.

    Өкінішке орай, Алматы қаласы Ішкі саясат Басқармасымен алдын ала келісіліп бір ай дайындалған, ізгі ниетті киелі шараны өткізуге рұқсат берілмегені жайлы С.Сейдуманов мырза 22.07.11 ж. қол қойған хат, аталмыш шараны ұйымдастыруға жауапты «Аллажар-қолдау» ҚҚ Президенті М.Бөтеевке сол күні табыс етілуі, бұл жұмыстарды қоғамдық негізде атқарып, жастарға үлгі болып жүрген «Алаш үні» Одағы белсенділерінің рухын таптап, моральдік зардап шектірді.

    Ұлттық ойлау қабілеті төмен шенеуніктер мен халықтың арасындағы  рухани алшақтықты айқындаған  осындай қиын жағдайға байланысты, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, «Махамбет» сыйлығының лауреаты, Педагогика және Медицина ғылымдарының докторы, профессор  Совет-Хан Ғаббасов төмендегідей шешім қабылдады:

    «… Кезінде желтоқсандықтардың қаны тамған осы алаңды Тәуелсіздік жолында құрбан болған барша алаш арыстарын еске алып, аза тұтатын Мемориал- Кешенге айналдыру жайлы қоғамдық ұйымдардың талабын құлағына қыстырмаған Атқарушы билік, бүгін  қоғамдық көлік  ескерткіш маңына жиылған азаматтардың өміріне қауіп төндіреді деп, формальді түрде заңға сүйеніп шараны өткізуге тыйым салып отыр. Ал біздің іс-әрекетіміз әр уақытта заң аясында болуы керек, мүмкіндігінше шақырылған азаматтарға хабар беріп үлгіруіміз керек, себебі осындай киелі шара үшін қоғамдық көлік жүрісін 2 сағатқа тоқтатуға мыйы жетпегендердің кесірінен, қазақты шыбын сияқты қырып үйренген зұлым күштердің көлік апатын ұйымдастыруы да мүмкін ғой, сондықтан 27 шілде күні сағат 10-00 да ескерткіш алдына бізден 2-3 адам барып азаматтарға жағдайды түсіндіруге тиістіміз… және жиылған жұртқа жол ережесін өте мұқият орындауларын үнемі ескертіп отыру қажет… Кімнің ақ, кімнің қара екенін, шегіне жеткенде қазақ халқы өзі-ақ ажыратып алады…»

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының, аталмыш шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқан, мүшелерінің бірі Балтабай әл-Ақжари атқарушы биліктің хаттарын көрсетіп тұр:

    /

    Атқарушы билік рұқсат етпеген КИЕЛІ шараға АЛТЫНАЙ АСАНОВА 16 жасында қаза тапқан қызының фотосуретін көтеріп келіпті:

    /

    2011 жылы 27 шілде күні «Тәуелсіздік таңы» мемориалы алдында болған іс-әрекетті төмендегі бейнесюжеттерден көріңіздер:

    Желтоқсан қахармандарын еске алушыларға,өз ескерткіші алдында жиылуға рұхсат жоқ

    Желтоқсан қахарманы Ләззат Асанованың туған күнінен фото видео көріністер,Алматы 27.07.11 жыл

    «Аллажар қолдау» ҚҚ президенті Марат Бөтеев БАҚ өкіліне сұхбат беруде

    ГҮЛБАХРАМ ЖҮНІС Бұл жерге келуге,батырларды еске алуға,ешкімнен рұқсат сұрамаймыз

    Қоғамдық ұйымдар мен атқарушы билік арасындағы қатынас қағаздарының фотокөшірмелері:

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    1 Тамыз 2011 at 15:14 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 460 рет қаралған ...