Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Депутат М.Әбенов:»Мемлекеттік-Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына аударма институты үлкен кедергі болып тұр…»(бейнелі сұхбат)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    2011 жылдың 20 шілдесі күні,   »Қазақстанның интернет қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткен «Интернеттегі мемлекеттік-қазақ тілі» атты дөңгелек үстелді, осы шараға арнайы шақырылған, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов  өзі жүргізді.

    Дөңгелек үстелдің алдында М.Әбенов мырзадан бейнелі сұхбат алудың мүмкіндігі туды.

    Депутат М.Әбенов: «Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына аударма институты үлкен кедергі болып тұр…» деп мойындағанымен, ұрпағымызды жастайынан ұлттық болмысынан, яки ұлттық ойлау қабілетінен айыруға жетелейтін «үш тұғырлы тіл» саясатын қолдайтын сыңай білдіріп қалды…

    Сондықтан осы «үш тұғырлы тіл» идеясы биология заңдылықтарына қайшы және баланың физиологиялық ерекшеліктеріне сай, оның ұлттық болмысының қалыптасуына кері әсер ететін қатерлі саясат, деп шырылдаған белгілі ғалымдардың, ақын-жазушылардың, саясаттанушылардың ой-пікірлерін қатар беруді жөн көрдім.

    Педагогика және Медицина ғылымдарының докторы, профессор С.ҒАББАСОВ:»Үштұғырлы тіл,қаскүнемдер шығарған,қатерлі саясат»- деп қорытты
    Қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тіл» Қозғалысының төрағасы, ақын М.ШАХАНОВ: «Үш тұғырлы тіл идеясы, бұл қылмыстық іс әрекет!!!»
    Саясаттанушы АЙДОС САРЫМ: «Өз Елінде ана тілімен өмір сүрген қалың қазақты өзге тілдерде күштеп сөйлету дұрыс па?»

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    25 Шілде 2011 at 18:09 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 914 рет қаралған ...

    Халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қоры «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу өткізеді

    БАСПАСӨЗ  БАЯНЫ

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасының қолдауымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдік  студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

    Мақсат — шетелдік қазақ жастарының бойында отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру, үлгі-өнеге ету, шетелдердегі замандастарына насихаттап, Қазақстанға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту.

    Осы мақсатта Қыркүйектің 26-і күні Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерінің (жазушылар, ақындар, мемлекеттік рәміздер авторлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттерімен  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесуі өтпек.

    Кездесуге белгілі қоғам қайраткерлері — мемлекеттік ту авторы Шәкен Ниязбеков, әлем мойындаған балуан, күш атасы Әбілсейіт Айханов, Қазақстанға  еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Уақап Қыдырханов, 1991 жылы Тәуелсіздік Декларациясын қабылдаған депутаттардың бірі, профессор Оразалы Сәбден, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің авторларының бірі – Хайролла Ғабжалеловтер қатыспақ.

    Өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  білім алушы 300-ге жуық шетелдік қазақ жастары аға буын өкілдерінің тағылымды әңгімесін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап алып және өз өнерлерін ортаға салмақ.

    Кездесу тақырыбы:

    «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым».

    Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, математика факультетінің корпусы, Акт залы, (Масанчи-Бөгенбай көшелерінің қиылысы).

    Өтетін уақыты: 26 қыркүйек, 2011жыл. Дүйсенбі.

    Ұйымдастырушылар:

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры

    Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

    Халықаралық » ЖАНАШЫР» қоғамдық қорының

    2010 жылы өткізген іс-шараларының

    бейнелі жылнамасы:

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    24 Шілде 2011 at 13:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 367 рет қаралған ...

    Мемлекеттік-қазақ тілінің, яки ҰЛТ болашағын ойлаған Қазақ Елі азаматтарының БАС ҚОСУЫ (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 14 шілде 2011 жыл.

    /

    Кеше, 2011 жылы 13 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан жазушылары одағының үлкен залында «Алаш үні « қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Қазақстан жазушылары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі нің

    ұйымдастыруымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған кеңейтілген  жиналыс болып өтті.

    Бұл жиында, 300-дей Мемлекеттік-қазақ тілінің, яки ұлттың болашағын ойлаған қоғамдық ұйым өкілдері және жер-жерден  Қазақ Елі азаматтары

    БАС ҚОСЫП, өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.

    /

    Өз Елінің ұлттық, мемлекеттік-қазақ тілінен жеріген, тіпті «Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде!» деп ұран тастаған Президент Назарбаевтың сөзін жерге тастап-елемеген бүгінгі Үкіметке өкпесі қара қазандай, қазақ халқының осы БАС ҚОСУҒА жиылған өкілдері, «Мемлекеттік -қазақ Тілі Заңы» болмай, ана тіліміз ешқашан өз тұғырына қонбайды деген тұжырым жасап, аталмыш Заң жобасын жасайтын Қоғамдық комитет құруға Шешім қабылдады.

    ҮЕҰ-дың Біріккен Қоғамдық комитетінің жетекшісі- Қоғамдық комитет жетекшісі – ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан ғалымдар Одағының президенті, «Алаш үні» ҚБО Билер кеңесінің төрағасы, экономика ғыл. докторы, ҰИА академигі Оразалы Сәбден

    ҮЕҰ-дың Біріккен Қоғамдық комитеттің үйлестірушісі - «Аллажар-қолдау» ҚҚ төрағасы Марат Бөтеев

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Ұлт болашағын ойлаған Қазақ Елі азаматтарының БАС ҚОСУЫ,кіріспе сөз ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН

    Ұлт болашағын ойлаған Қазақ Елі азаматтарының БАС ҚОСУЫ,баяндама С ҒАББАСОВ

    Ұлт болашағын ойлаған Қазақ Елі азаматтары БАС ҚОСТЫ,сөз МАРАТ БӨТЕЕВ
    …………………………………………………………………………………..
    Сайраш Әбішқызы 10 жылға Бағдарлама қабылдау,қазақ тілін өсіру емес,өшіру
    Раушан Дәулетбекова Тіліміздің мүшкіл халіне,біз,қазақ аналары қыздары кінәліміз
    Н Есмырзаев Билікке,ұрпағын қазақша тәрбиелеп оқытқандарды ғана,отырғызу керек
    «Біз, аналар түзелгенде ғана, қазақ ұлты жаңғырады» дейді, ҚҰРБАНГҮЛ АРЫСТАНҚЫЗЫ
    ТӨЛЕУБЕК СЕЙІТҚАЛИҰЛЫ Ана тілін білмейтін қазақтар, Билікте болмауы тиіс

    …………………………………………………………………………………..

    Сайраш Әбішқызы 10 жылға Бағдарлама қабылдау,қазақ тілін өсіру емес,өшіру
    Әбілсейіт Айханов Қазақ халқы,Қазақ мемлекеті деп нық сөйлемейінше,тіліміз оңбайды
    САПАБЕК ӘСІП Ұлт жанашырлары, қазақ тілінде ұдайы, ЖЕР мәселесін көтерулері тиіс
    Мемлекеттік қазақ тілін қолдау әрбір азаматтың парызы және міндеті, дейді жастар
    Академик С САТЫБАЛДИН Қазақтың ең үлкен байлығы, ол оның Тілі
    Ұрпағының ұлттық болмысын,ІТ технология көмегімен,жаңғыртуды көздеген Рамазан Жәшиұлы
    Академик Ә Бейсенова Алаш арыстарының орнын басу үшін,ұрпағымыз ана тілінде тәрбиеленуі
    Ақын ЖАРЫЛҚАСЫН АМАНҰЛЫ Өз отбасын басқара алмайтындар,Елге билік жүргізгісі келеді
    Академик С ҚИРАБАЕВ Қазақ тіліне қажеттілік тудыратын орта қалыптастырайық

    …………………………………………………………………………………..
    ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН Ұлт әлеуетін тиімді қолдануды қолға алайық,ағайын
    С ҒАББАСОВ,Үштұғырлы тіл,қаскүнемдер шығарған,қатерлі саясат деп қорытты

    БАС ҚОСУДАН фотокөріністер:

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Шілде 2011 at 14:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 390 рет қаралған ...

    Тәуесіздігіміздің 20 жылы ішінде шешімін таба алмай келе жатқан Мемлекеттік-Қазақ тілі мәселесі жайлы (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 12 шілде 2011 жыл.

    2011 жылы 8 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Достық үйінде» ҚР Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді талқылау» атты кеңейтілген  жиналыс болып өтті.

    Бұл бас қосуға ҚР Парламентінен, Мәдениет және Білім-ғылым министрліктерінен, ҒЗИ мен ЖОО және қоғамдық ұйымдар өкілдері  қатысып өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Қымбатты ағайын-бауырлар, ғапу етіңіздер! Бейнелі көріністерде дауыс нашар болып тұр, залдың акустикасы дұрыс емес. Мүмкін бұл жер, ұзақ жылдар өзге үнге бауыр басып кеткендіктен, қазақ үніне тосырқап тұрған шығар…

    20 жылда шешімін таппаған мемлекеттік тілге арналған жиынды ҒАЗИЗ ТЕЛЕБАЕВ ашты
    Сенатор С Қ ЕҢСЕГЕНОВ Біздің шенеуніктер өзгелерге қазақ тілінде сөйлеуге мүмкіндік бермейді
    Өмірзақ Айтбайұлы,20 жылда шешімін таппаған,мемлекеттік тіл жайлы

    М САРЫБЕКОВ Ағылшын тілін 1 сыныптан оқуды жаппай ендіруде қателіктерге жол бермейміз
    А САРЫМ Өз Елінде ана тілімен өмір сүрген қалың қазақты өзге тілдерде күштеп сөйлету дұрыс па?
    Профессор С ҒАББАСОВ,биология заңдылығы, Үкіметтің қаулысына бағынбайды, дейді

    ШҚО тіл басқармасының бастығы МАНАРБЕК МҰХАМЕТЖАНОВ мемлекеттік тіл жайлы
    А Қ ҚҰСАЙЫНОВ,мемлекеттік қазақ тілінің өзекті мәселелері жайлы

    С ҒАББАСОВ Өзге тілде жазып,қазақшаға аудар деген конституциялық норма жоқ
    М ШАХАНОВ Үш тұғырлы тіл идеясы, бұл қылмыстық іс әрекет

    СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ,кейбір ауыл — аудандарда бүгінге дейін қазақ мектебі жоқ
    М Бөтеев Заңдарды өзге тілде жазуды тоқтатпасақ,бұл ерте ме кешпе,апат әкеледі
    АСЫЛЫ ОСМАН Өзге этностар,намыссыз шенеуніктерге қарағанда,қазақша сөйлеуге тырысады
    М Айтқожина Әрбір қазақ отбасында тіл үшін күрес жүруі тиіс

    БАС ҚОСУДАН фотокөріністер:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    12 Шілде 2011 at 12:47 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 542 рет қаралған ...

    Құрметті, ұлт болашағын ойлаған Қазақ Елінің азаматтары!!! Сіздерді бас қосуға шақырамыз!


    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы

    «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі

    «Қазақстан Жазушылар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі

    Құрметті, ұлт болашағын ойлаған Қазақ Елінің азаматтары!!!

    Сіздерді

    «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған

    бас қосуға


    шақырамыз

    Екі нұсқамен танысу үшін:

    Осы жерді басыңыз

    Жиналыс
    2011 жылдың 13 шілдесі күні Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 Қазақстан «Жазушылар үйі» ғимаратының үлкен залында сағат 14.30 -да басталады.

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Шілде 2011 at 16:11 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 791 рет қаралған ...

    Ғалымдар Одағында өткен «Қазақстан Республикасында адам әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері» атты жиналыс (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 5 шілде 2011 жыл.

    2011 жылы 29 маусым күні, Алматы қаласында,  «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында адам әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері» атты кеңейтілген  жиналыс болып өтті.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    «Ғалымдар одағы» РҚБ кеңейтілген жиналысын академик ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ашты
    Академик А ҚОШАНОВ «Ғалымдар одағы» РҚБ кеңейтілген жиналысында
    Академик Б.Р.Рақышев, КАДРЫ РЕШАЮТ ВСЕ, дейді.
    Академик КАМАЛ ОРМАНТАЕВ «Ғалымдар одағы» РҚБ кеңейтілген жиналысында

    Х ҒАБЖАЛИЛОВ Азғындаған шенеуніктер және жауапкершілік ортаның жоқтығы Елімізді құртып жатыр
    Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртуға себеп болар ҮЛГІ көрсеткен ЖАН

    С ҒАББАСОВ «Тіл сақталмаған жерде ұлтта, халықта жоқ!»
    Болат Бөтеев, NAZARBAEV университеті ҚАЗАҚ ТІЛІН әлемдік деңгейге көтеруі тиіс, дейді
    МАРАТ БӨТЕЕВ және РАМАЗАН ЖӘШИЕВ өз ұсыныстарын ғалымдар Одағына айтты

    ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    5 Шілде 2011 at 16:58 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 911 рет қаралған ...