Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қытайда 15 жыл кәсіпкерлікпен айналысқан Мұса Мұрат:»Жастарды кәсіпке үйрететін мектеп ашқым келеді» (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 24 қараша 2009 жыл.

    "Шанырак" РКБ-де откен семинар-кенес. Алматы-20.11.2009 жыл

    2009 жылдың 20 қарашасында «Ішкі мигранттардың жекеменшігін қорғау және олардың топтасып өмір сүрген жерлерінде кіші, орта бизнесін дамытуды қолдау» атты «Шаңырақ» РҚБ жобасы аясында семинар-кеңес болып өтті.

    Аталмыш шараға «Шаңырақ»РҚБ төрағасының орынбасары С.Т.Жүсіпова, жоба жетекшісі М.Копылов, жоба заңгері А.Аманжолова, бірлестіктің Алматы филиалы жетекшісі Р.М.Нүсіпова, жобаның үйлестірушісі Ш.Мұқатаева және Алматы қаласы Алатау ауданы Шаңырақ-2 ауылынан:
    Мұса Мұрат, Ержанат, Әбитова Зинакүл, А.Тілеубаева, Ержан Күйекбаев т.б. кәсіпкерлер мен өз ісін ашуға ниеттенген азаматтар қатысты. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    24 Қараша 2009 at 12:19 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 819 рет қаралған ...

    Қайрат Әбдібеков:»Біз ҮЕҰ-мен қоян-қолтық жұмыс істеуге ниеттіміз !»(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 18 қараша 2009 жыл.

    Жақында Әлеуметтік кикілжіңдерді қарау және шешу бойынша Республикалық қоғамдық кеңесі құрылды.
    Кеңес мақсаты – әлеуметтік кикілжіңдерді таратпау, ескерту, алдын-алу механизмдерін әзірлеу. Оның қызметі бірінші кезекте, азаматтардың конституциялық құқын қорғау бойынша қоғамдық қатынастар басқаруында азаматтық қоғам қатынасының тиімділігін арттыруға, жанжалдар мен егестерді шешуге, олардың әлеуметтік салдарларын анықтауға бағытталады. Кеңес «Нұр Отан» ХДП, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ, «Шаңырақ» РҚБ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы, Алматылық Хельсинг комитеті бастамасымен құрылды.
    - Кеңес ашылды, оның жұмысына біз басқа да қоғамдық-саяси күштерді шақырамыз, Әлеуметтік кикілжіңдерді шешуге барлық азаматтық қоғам күштерінің қатысқаны аса маңызды,- деп атап өтті Д. Кәлетаев
    Кеңес үйлестірушісі Асылбек Қожахметов: « бұл құрама — кең ауқымды қоғамдық кеңес қалыптастырудың алғашқы қадамы»,-деп мәлімдеді. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    18 Қараша 2009 at 15:25 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 548 рет қаралған ...

    Асылбек Қожахметов:«Бізге қарсы тұрғандарды біздің қасымызда тұратындар етіп жасау, қасымызда тұрғандарды бізбен бірге болатындарға айналдыру»-ең ұтымды тәсіл!

    Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, саясаткер, «Шаңырақ» қозғалысының төрағасы:

    ҚАЗАҚ, қазақ ұлты болу үшін міндетті түрде мұсылман болу керек пе? Мұсылман емес, Аллаға сенбейтін адам қазақ бола ала ма?

    Сондықтан ұлт патриоттары БҮГІННЕН БАСТАП қазақтарды біріктіру, басқа ұлыстарды «қазақ» азаматтық ұлтына біріктіру идеясын таратуы тиіс. Ондай идеяға жетуіміз үшін мынадай сұрақтарға ашық әрі адал жауап беруіміз керек.

    Біріншіден, қазақ тілі тек қана сөз жүзінде емес, іс жүзінде мемлекеттік тіл болу үшін Қазақстанда тұратын барлық ұлыстар қазақша сөйлеуі тиіс. Қазақ тілінде қазақтар ғана сөйлессе, ол мемлекеттік емес, этникалық тіл деңгейінде ғана қалады.

    Екіншіден, қазақ тілін білмеген, қазақ мәдениетінен аулақ адамды қазақ деп атаған әділ ме? «ҚАЗАҚ» деп аталатын азаматтық ұлт құрылғанда, құрамындағы ұлыстар мәдени ассимиляцияға ұшырай ма?

    Үшіншіден, ұлттық деп нені түсінеміз? Біз де басқаларда жоқ нәрсені ойлап шығаруымыз керек. Жаңаны ойлап тауып жүрмесек, ұлтымыз дамымай қалады, жаңаны ойлап таба алатын мемлекет қана өміршең болады.

    Төртіншіден, мемлекетіміз казақстандықтардікі емес, «қазақ» ұлтынікі болуы тиіс. Қазақстандық ел болсақ, ертең Ресейдің ассимиляциясына ұшырап, егемендігімізді жоғалтамыз.

    Одан кейін бізде әлі күнге дейін ұлттық идеология жоқ. Бүгін Берік Әбдіғалиевтің «Қазақ миссиясы» және Болат Бөтеевтің «Ұлттық жаңғырудың ата жолы» еңбектерінен басқа идеология бойынша ешбір ұсыныс болған жоқ. Идеология үшін жауапты – біріншіден, мемлекет емес, элита және идеологияны ойлап табушылар. Идея тартымды болу үшін мына шарттарды пайдалана білу керек:

    1. Толерантты, төзімді, шыдамды болу мәдениетін дамыту;

    2. Өз айналасына біріктіру мәдениетін қалыптастыру;

    3. Жеке тұлғаға емес, идеяға жұмыс істеу.

    Ұлттық идеологиямыз бойынша Қазақстандағы барлық ұлттарды біршама уақыт өткесін «қазақ» деп атаған дұрыс болады. Әрине, қазір өзін «орыспын», «қырғызбын» деп санайтындар көбірек, бірақ уақыт өте келе басқа елге кетпей, Қазақстанда қалып, Қазақстанды өз Отаным деп санап жүрген азаматтар өздерін жақын келешекте қазақ деп санап жүруіне келетініміз анық. Қазақ қазақты қолдағанда ғана, «оңтүстік-солтүстік», «мәмбет-мәңгүрт» деп бөлінбегенде ғана біз өзімізді нақты Қазақ мемлекеті деп атай аламыз.

    Осыған байланысты мен мынадай тәсіл ұсынғым келеді: «Бізге қарсы тұрғандарды біздің қасымызда тұратындар етіп жасау, қасымызда тұрғандарды бізбен бірге болатындарға айналдыру». Қарсыластың өзімен емес, оның дәйектерімен жұмыс істеп, талдау керек.

    Дерек көзі: «Жас қазақ» газеті
    30/04/2009

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    13 Қараша 2009 at 10:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 805 рет қаралған ...

    Қазақ Еліндегі жалған урбанизация құрбандары Президенттен көмек сұрауда (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 12 қараша 2009 жыл

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
    Құрманғазы Өтегеннің атасының сөзі:
    ҚР Президенті Н Назарбаевқа бейнелі өтініш Алматы Шаңырақ ауылы
    Тұяқов Рүстемнің анасының сөзі:
    ҚР Презденті Н Ә Назарбаевқа бейнелі өтініш Алматы Шаңырақ ауылы

    БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫНЫҢ «Қазақ әдебиеті» газетіне 2009 жылғы 13 ақпандағы 5-ші нөмірінде берген «ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС және УРБАНИЗАЦИЯ» атты сұхбатынан үзінділер:

    «Ат тұяғы жеткен жер бекер қалмасын»
    Бабалар өсиеті.

    «Урбанизация» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі, ал тар мағынасы – ол тек үлкен қалалардың одан ары кеңейуі әсерінен, тұрғындардың үлес салмағының өсуі қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен сәйкес келмей, жалған урбанизацияға ұрыну үрдісі. (анықтама) (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    12 Қараша 2009 at 11:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 174 рет қаралған ...

    Сүйінші!!! Қазақ Елі баспасөзі «АруАНА» журналымен толықты.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 7 қараша 2009 жыл.

    "АруАНА" журналынын бірінші номері.

    ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ҚАУЫМ !

    2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, Бұқаралық ақпарат құралдарының есебі әдеби-танымдық, қыз-келіншектерге арналған «АруАНА» журналымен толығып отыр. Қолдарыңызға тиіп отырған журнал көп балалы Аналарымызды, Еңбек Ерлерін, Батыр Аналарымызды, отбасын еңбекпен қатар алып жүрген нәзік жандыларды, «қазақтың қызы» деген ғажап атқа лайықты аруларымызды халыққа, келер ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтады.
    Анамның «Бергеніңнен береке кетпесін», «Ел іргесінің тыныштығын, жер ананың байлығын тілейік!» -деген өсиет сөзі мені қашанда алға жетелеп, мақсатымның шыңына шығуға септігін тигізіп келеді. Сол секілді, осы журнал арқылы қазақ Аналарының әрбір өсиет, даналық сөздері келер ұрпаққа үлгі болып қалса, менің де еліме, хақыма тигізген бірден бір үлесім деп білемін.
    «Алып та анадан туады», олай болса, ұрпақ бастауы болған бүгінгі бойжеткен — ертеңгі келін, ақ жаулықты Аналар, ақыл қалта әжелеріміз аман болғай !!!

    ІЗГІ НИЕТПЕН:

    САРА ШАЯХМЕТҚЫЗЫ,
    «АруАНА» журналының бас редакторы.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесі атауының авторы Совет Хан Ғаббасов
    АРУАНА журналының бас редакторы Сара Шаяхметқызы 06 11 09 жыл
    АЛТЫН ДӘН еңбек мерекесінде Журналист Айсұлу Иманбекова

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    7 Қараша 2009 at 12:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 439 рет қаралған ...

    Жанболат Мамай:»ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ІСТЕЙТІН ПАРТИЯ ҒАНА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕТІН УАҚЫТ ТУДЫ!» (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 28 қазан 2009 жыл.

    Қазанның 24-і күні Алматыда Азат демократиялық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бірлескен съезі болып өтті. Барлығы 421 делегат қатысқан съезде екі партияның бірігуі туралы шешім қабылданды.

    Сонымен бірге, съезд бірлескен оппозициялық партияның тең төрағалары ретінде Жармақан Тұяқбай мен Болат Әбіловті сайлады. Ал партияның хатшысы болып Әміржан Қосанов бекітілді.

    Съезд қонақтары мен делегаттары:

    "Шанырак" РКБ окілдері
    Токтар Аубакиров пен Болат Наукенулы

    Токтар Аубакиров пен Болат Наукенулы

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Ұлт батыры космонавт Тоқтар Әубәкіров АЗАТ ЖСДП Құрылтайында
    Жанболат Мамай ЖЕҢІСКЕ ҰЛТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ НАҚТЫ ЖҰМЫС ЖЕТКІЗЕДІ
    Балташ Тұрсымбаев ХАЛЫҚТЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАЙТЫН ПАРТИЯ ҚҰРЫЛДЫ
    АЗАТ ЖСДП Құрылтайының ашылуы Жармахан Тұяқбай
    Азат ЖСДП Б Әбілов БІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕМІЗ!
    АЗАТ ҚДП V сиезі ЖСДП мен бірігеміз деп ШЕШТІ Болат Әбілов
    ЖСДП сиезі АЗАТ ҚДП мен бірікті Жармахан Тұяқбай
    Мұрат Әуезов Қазақ ұлтының абыройлы өмір сүруіне тарихи құқы бар
    Әміржан Қосанов БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ БИЛІКТІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТКІЗУ

    Съезд барысында алынған бейнесұхбаттар:

    Тоқтар Әубәкіров ХАЛЫҚТЫ ОЙЛАЙТЫН ПАРТИЯ ҚҰРЫЛҒАН ТАРИХИ КҮН !

    Ж Тұяқбай БІЗ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МҮШКІЛ ХАЛІНЕ ТӨЗЕ АЛМАЙМЫЗ !

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    28 Қазан 2009 at 14:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 883 рет қаралған ...