Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 14қазан 2009 жыл.
Қазақтың көнекөз қариялары мен Ел ағалары да : «Ұлтымыздың тең жарымынан астамын қырған ХХ- ғасырдағы геноцид-аштықты еске алып — тағзым ететін мемориал салынып, ол жерде жыл сайын мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық аза күні өткізіліп, жазықсыз құрбан болған қандастарымыздың аруақтары разы болмайынша, бүгінгі ұрпақтың ұлттық ойлау қабілеті жаңғырмайды және ісі алға баспайды» — дейді.
Совет-Хан Габбасов пен Болат Наукенулы.
Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведев мырзаға
І. 1991 жыл¬ы 16 желтоқсанда “Қазақ Совет Социалистік Респуб¬ликасының Мемлекеттік тәуел¬сіздігі туралы” Конститу¬ция¬лық заң қабыл¬данды. Бұл Халқымыз¬дың үш ғасырға созылған бодандық¬қа қарсы, 70 жылға созылған тота¬литаризмге қарсы, коммунизмнің құлдығындағы одақтас мемлекеттер мен ұлттардың тарихи мүдделерін одан ары аяқ асты етуге қарсы, Қазақстандағы ахуалді шайқалтуға тырысқан қаншама арандатушылықтарға қарсы күресінің нәтижесінде Желтоқсан көтерілісінен кейін келген ұлы Жеңіс болды.
Бұл ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ:
Тек, 1930 жылдары болған нәубетті еске алсақ, сол кездегі ашаршылықта қазақ халқының 70% жуығы қырылды.ұлы жеңіс жолында жазықсыз құрбан болған миллиондаған адамдардың рухы бүгінгі ұрпағына маза бермейді.
Сондықтан да болар, беделді халықаралық ұйымдар, Кеңестер Одағында 1932-1933 жж. аштықтан болған қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс ретінде қабылдап, Украин мемлекетінің дерегі мен дәйектері бойынша төмендегі құжат қабылдады:
«23 октября 2008 года Европарламент принял резолюцию, в которой голодомор на Украине признается преступлением против человечества. Ранее факт голодомора в республике признала ОБСЕ. В резолюции голодомор был признан «ужасным преступлением против украинского народа и против человечества». («Служба безопасности Украины завела дело о голодоморе», Коммерсант.ru, 25.05.2009г)
«В то же время российская сторона считает, что голод 30-х годов затронул не только территорию Украины, но и остальные главные сельскохозяйственные области СССР. Таким образом, по мнению российской стороны, голод в равной степени ударил по многим республикам бывшего СССР, и говорить о голодоморе украинцев сталинским режимом неверно. Этой точки зрения придерживается также Казахстан». («Служба безопасности Украины завела дело о голодоморе», Коммерсант.ru, 25.05.2009г)
Қазақстан мемлекетінің бұл нәубет жайында мәлімдеме жасағанын қазақ халқы естіген емес.
Қазақстан мен Ресейді Мәң¬гі¬лік достық шарты бұрын¬ғы¬дан бетер тығыз байланыстыра түскен кезде, Ресей мемлекеті Кеңестер Одағының мұрагері ретінде, коммунистік режимнің солақай саясатының салдарынан болған ашаршылықтың зардаптарын жоюға жауапты екенін сезініп, сол кездегі миллиондаған адамның қырылуына байланысты Ресей арнайы Декларация
қабылдаса, бұл әрекет – Ресей Федерациясының беделін бүкіл әлем алдында көтеретін еді.
Бұл қазақ халқының ізгі ниеті.
ІІ. Қызыл империяның ядролық сынақ және басқа да әскери полигондары Республика аумағын ластап, адам өміріне зардап әкеліп,қоршаған ортаға жазылмас жара салды. Қазақ халқының бейбітшіл бастамасымен Семей полигоны жабылған соң, еш қатысы болмаса да, қиырдағы Жапон елі залалсыздандыру жұмыстарына қыруар қаржы бөліп, достық көмегін көрсетуде.
Ал кеңестік милитаризм зардаптарын жоюға көмектесу – көршілік парыз емес пе.
Осы екі үлкен мәселе «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрылтайшылары мен Билер Кеңесінің кеңейтілген Мәжілісінде талқыланып, жазылған хатты Сіздер достық сезіммен қабылдайды деп, жолдап отырмын.
«Алаш үні» ҚБО төрағасы, жазушы-дәрігер,
Медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,
Махамбет сыйлығының лауреаты, профессор Совет-Хан Ғаббасов
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 3 қазан 2009 жыл.
2009 жылы 30 қыркүйек күні Алматы қаласы Республика сарайында «Ару ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «АЛТЫН ДӘН» еңбек мерекесі күніне орай Қазақ Елінің, ұлттық салт-дәстүрді қастерлейтін, танымал өнерпаздарының концерті болып өтті.
Ұлттық құндылықтарымызды қадір тұтып концертке қатысқан Қазақ Елінің танымал өнерпаздары:
Азат, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген, бөтен елдердің тепкісі мен езгісіне түспеген, қазақтың үні өшпеген замандарда, рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында Қазақ ұлты көп нәрсеге ИЕ болған:
1. - асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ ЖЕРГЕ ;
2. - ең әдемі, біртұтас бай ТІЛГЕ ;
3. – дамыған ұлттық өнер мен мәдениетке;
4. - табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың ежелгі
САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫмен үйлескен және үндескен ислам ДІНІНЕ.
Осының бәрін Ата-бабаларымыз тек қана «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ұстап тұрмаған. Қазақты халықтық деңгейге жеткізіп, Қазақ Елін қалыптастырған — Алланың Қазақ халқына берген ҮНІ арқылы атаға, АУЫЛҒА, руға топтасу негізінде құрылған, қазақ азаматтық қоғамына, дала демократиясына тән – төл Ел басқару ЖҮЙЕСІ.
Тіршіліктің мәнін түсінген, парасатты ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымы: «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» болып, орыс-совет империясы орнағанға дейін өз ақыл-ойымен, ұлан-байтақ қазақ жерінде әрбір қазақ отбасын (түтінін) дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптастырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, шаруашылықты жерге орналастырудың және ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді – рулық (фирмалық) жүйесін қолданудың арқасында экономикалық тұрақтылыққа жетіп, ертеңгі күніне сенімді болған соң, азаматтық қоғамы мен мәдениетін дамытқан. Халқымыз осының бәріне — ЖЕР мен СУ ресурстары әр Ауыл, Рудың ортақ байлығы болғандықтан, оны бүкіл Ауыл, Ру болып бірігіп көздің қарашығындай қорғап, дұрыс, тиімді пайдалану арқасында ғана — қол жеткізді.
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 қазан 2009 жыл.
2009 жылы 29 қыркүйек күні, Ұлттық баспасөз клубында, тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді, «Зерде» қорының президенті Әлихан Байменов, Фридрих Эберт қоры өкілдігінің жетекшісі эльвира Пактың қатысуымен «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов» атты жаңа кітапты оқырман қауымға таныстыру рәсімі бойынша баспасөз конференциясы болып өтті.
Баспасоз конференциясынан корініс.
Кітап «Зерде» ( Қазақстан) мен Фридрих Эберт ( Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрді.
Кеңестер құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30 шы жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген, зұлматты басынан кешірді. Нәтижесінде, қазақ халқының жартысына жуық бөлігі аштықта қырылды. Үздіксіз жүргізілген репрессиялық шаралар қоғамның әлеуметтік құрылымын түбегейлі өзгеріске ұшыратты: зиянды қоғамдық «элементтер» ретінде қазақ байлары, ұлттың тегеурінді зиялылар буыны, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дін қызметкерлері (ишан, имам және молдалар) билік күшімен жойылды. Жалпы қоғам мен жеке адам тұлғасына жасалынған қиянат ұлттың рухани болмысын терең күйзеліске ұрындырды.
Өкінішке орай, өткен өміріміздегі бұл қайғылы кезең отан тарихында тиесілі дәрежеде ашылмай келеді.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған кітапта автор осы уақытқа дейін жабық мұрағат қорларында сақтаулы тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам және молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою процесін жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетуді көздеген. Басым түрде түп нұсқаға, яғни тергеу ісі материалдарына негізделген автордың зерттеу әдісі 20-40 шы жылдары саяси репрессия құрбаны болған сан мыңдаған отандастарымыздың азапты тағдырын неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік береді. кітап қазіргі уақытта зерттеуші ғалымдар үшін кеңестік кезеңге арналған іргелі еңбектер жазуға мүмкіндік бар екендігінің айғағы.
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 30 қыркүйек 2009 жыл.
Рухы биік, парасаты мол Бабаларымыз тұрғызып кеткен Ұлытаудағы «ТАҢБАЛЫ ТАС» Қазақ Елі бірлігінің символы бола ала ма?
немесе
Өзге тілде сөйлеп, Өзгені өнеге тұтқан бүгінгі «кеңестік дәуір» ұрпақтарының ұлттық ойлау қабілеті қашан жаңғырады?
Елдік таңбаға тоқталар болсақ, қазақ көсемдерінің Ұлытаудағы жақпар тастарға бірліктің бітімі ретінде өз таңбаларын қалдырғаны жөніндегі тарихи оқиға баршаға мәлім.
«Таңбалы тас» аталатын осы орын бүгінде де тағзым етер қасиетті жер.
Нұрсұлтан Назарбаев.
4 маусым 2007 жыл.
Астана қаласы.
Ұлт жанашырларының ұзақ ізденістерінің нәтижесінде, 1895 жылы Л.Кузнецов экспедициясының қырықтан аса қазақ руларының таңбаларын көшіріп алған Ұлытаудағы «Таңбалы тастың» кирандысы табылыпты.
Әлгі тастың бетіндегі көне жазуларды, сол кезде, тілмаш Бекқожин орыс тіліне аударып көрген екен, тастағы жазу былай дейді: «Қара-Найман, Алшын, Арғын, Қаракесек, Қойсын, Табын, Молла-Қаршыға. Құдай қолдасын, олар алтау». «Таңбалы тастың» бетінде 1218 жылды, әріректе 178 жыл мен 1061 жылдарды көрсететін сандар қашалып жазылған деген деректер бар.
Әрине бұл мәліметтер, әлі үлкен ізденісті, тыңғылықты ғылыми жұмыстарды талап ететіні сөзсіз…
\»АЛАШ\» тарихи-зерттеу орталыгы. Донгелек стол.
2009 жылы 25 қыркүйек күні Ұлытаудағы «Таңбалы тасты» іздеу мақсатымен сол өңірге барып қайтқан бір топ азаматтардың деректері аясында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен «АЛАШ» тарихи-зерттеу орталығында
Ұлытаудағы «Таңбалы тас» – аңыз ба әлде ақиқат па?
атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың мақсаты – рулар Одағы болып ұйысқан, Ел тұтастығын қалыптастыру мақсатында алты құлаш алып тастарға өз таңбаларын басқан қазақ руларының ел басқару тәжірибесі қандай болды, мемлекеттігін нығайту тетіктері қандай еді, сол кездердегі 43 одақтас рулардың ұлт бірлігі жолындағы іс әрекеттері бүгінгі қазақ қоғамына қандай тағылым береді және әр қазақтың қанында сақталған тарихи жады – жастарды сыйластыққа, ынтымақ-бірлікке тәрбиелеп, бір-бірін түсінуге ықпал ете ме деген сияқты келелі сұрақтарға жауап іздеп, Қазақстанның мемлекеттілігін, халықтың бірлігін нығайту жолдарын талқылап, Қазақ Елінің тұтастығына ерекше әсер еткен азаматтық қоғам ескерткіштері мен тарихи жәдігерлерді сақтау жолдарын сараптап-саралау.
Дөңгелек үстелге Алаш үні» ҚБО төрағасы жазушы, медицина және педагогика ғыл. докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов, «Алаш үні» ҚБО Билер Кеңесінің мүшелері: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының директоры Хайролла Ғабжалилов, Заң ғыл. докторы Өмірәлі Қопабаев, қоғам қайраткері Амалбек Тшан, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының жетекшісі Болат Нәукенұлы және Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелді, тарих ғыл. докторы Есенғазы Қуандық, тарихшы Болатбек Нәсенов, ақын Қуаныш Мұқтай, өнертанушы-ұста Мұрат Нүсіп, гуманист Мақсұт Оразай, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлының өкілі журналист Гүлжанат Шонабай, «Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті Марат Бөтеев, Әділхан Батырбеков, Серік Сапарғали сынды бірқатар, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген, ұлт жанашырлары қатысты.
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 27 қыркүйек 2009 жыл.
Крылов атындағы балалар кітапханасында, Алматы қаласында өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл мерекесі» апталығы аясында, мектеп оқушылары арасында «Біз — мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты тақырыпта конкурстар мен дебаттар өтуде.
Крылов атындагы балалар кітапханасы.
Мемлекеттік тіл жайлы дебаттан көрініс.
Дебатка катысушы топ.
Дебатка катысушы топ.
Дебатка катысушы топ.
Орыс тілді мектеп оқушыларының мемлекеттік-қазақ тілін меңгеру деңгейін өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естігеннен кейін, ойға қалдым. Бұл мерейтойды қай бетімізбен тойлаймыз?
«Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» деп кімді марапаттаймыз?
Өзге тілді Қазақстан азаматтарын 3 жыл мемлекеттік бала-бақшада, 11 жыл мемлекеттік мектепте оқытып, мемлекеттік тілге үйрете алмайтын білім жүйесін бе? Әлде жыл сайын мектептерден мемлекеттік тілді меңгере алмай шығатын 100 мыңдай азаматты, 20 жыл бойы қыруар қаржы шығындап, мемлекеттік тілге үйрете алмай келе жатқан мемлекеттік шенеуніктерді ме? Әлде 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты, Парламент пен Үкіметте жұмыс істеуге, іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымызды ма? Меніңше, мектеп бітіргеннен кейін азаматтарға тілді үйретуге ақша шығындау мүлде теріс жол. Ең дұрысы сенатор Ғарифолла Есім көтерген, бастауыш мектепте тек қана мемлекеттік тілде білім беріп, 5-ші сыныптан бастап өзге тілдерді қоса оқыту жобасына ғана мемлекеттік қаржыны шығындау керек және оны ертеңге қалдырмай бүгіннен бастау абзал.
Құрметті оқырмандар мен көрермендер, Сіздер қалай ойлайсыздар ?
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ:«ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз