Қазақстан шет елге бала сату жағынан әлемде үшінші орын алғаны үшін Парламент депутаттарын марапаттаймыз ба?(бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 желтоқсан 2009 жыл.

Жетімін де, жесірін де жылатпаған Бабаларымыздын бугінгі урпактары
2009 жылы 1 желтоқсан күні «Жаңғыру» қоғамдық қоры «Қамқорлыққа зәру балалар мен шет ел ата-аналары асырап алған балалардың жағдайын реттейтін заңдық базаны зерделеу. Кешенді шаралар өткізу» жобасы бойынша әлеуметтік зерделеудің қорытындысын талқылауға арналған дөңгелек стол басына аталған тақырыппен айналысып жүрген біраз сарапшы-мамандарды, қоғамдық ұйым өкілдерін шақырып, жүргізген әлеуметтік зерттеумен таныстырып, пікір алмасып, ортақ мәміле қабылдады.
Дөңгелек үстелде пікір айтушылардың түйінді сөздері:
«Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы төрағасы Совет-Хан Ғаббасов — «Ұлттық идеологиясы жоқ мемлекет өз халқына қызмет етпейді!»;
«Халық дабылы» ҚБ төрағасы Кенесары Қаптағай — «Ұлт байлығын сатып болған билік, енді жетімдерді сатуға мүдделі»;
«Жанашыр»ҚҚ төрайымы Жаңыл Әпетова — «Қазақ жетімдерін шетелге сатуға тыйым салуды барша ҮЕҰ болып талап етейік!»;
«Алаш үні» ҚБО билер Кеңесінің мүшесі Молдағали Матқан — «ЖЕРІН сатқан билік, жетімін де, жесірін де, ҰЛТЫН да сатады»;
«Жетімдер» кинофильмінің режиссері Еркін Рақышев - «Біздің билік, шетелдік идеологияның жетегінде кеткен»;
«Ұлт тағдыры» Республикалық қоғамдық қоөзғалыстың төрағасы Дос Көшім — «Біздің биліктің, жетімдерге қатысты сөздеріне күлкің келеді».
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Ұлттық идеологиясы жоқ мемлекет,өз халқына қызмет етпейді С Ғаббасов
Ұлт байлығын сатып болған билік,енді жетімдерді сатуға мүдделі Кенесары Қаптағай
Жетімдерді сатуды тоқтатуды,барша ҮЕҰ бірігіп талап етейік Жаңыл Әпетова
ЖЕРІН сатқан билік,жетімін де,жесірін де,ҰЛТЫН да сатады Молдағали Матқанов
Депутаттардың жетімдерге қатысты сөздеріне күлкің келеді Дос Көшім
Биыл халықаралық қауымдастық БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияның жиырма жылдық мерейтойын атап өтсе, Қазақстан Республикасында аталмыш конвенцияның бекітілгеніне 15 жыл толды. Алайда еліміздегі жетім балалар мен соның ішінде қамқорлыққа зәру балалар мен шет ел ата-аналары асырап алған балалардың жағдайы сын көтермей тұр. (жалғасы..)






[/caption]
[/caption
[/caption]
[/caption]








