Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    1986 жылы 17 желтоқсанда Әлемдік Басым Күштерді басқаратын ұлт өкілінің ҚАЗАҚТАРҒА айтқан ақылы (видео)

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 қараша 2015 жыл

    2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20-жылдығына орай «Аллажар-Қолдау» қоғамдық қоры,  Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссиясына «АЛЛАЖАР» фильмін Республика көлемінде халыққа көрсету керектігі жөнінде хат жазған едік.

    Алайда, бұл Мемлекеттік комиссияның ( төрағасы Оралбай Абдікаримов) күші «фильмнің 16 көшірмесі жасалып, облыс орталықтарына таратылсын» деген тапсырмаға ғана жеткен еді. Ол тапсырманың өзі қалай, қай деңгейде орындалғаны белгісіз. Алматы қаласына фильмнің көшірмесі берілген жоқ.

    «Аллажар-Қолдау» қоғамдық қоры Алматы қаласындағы «Кино Үйі» залын жалға алып, фильмнің режиссері Қалдыбай Әбеновпен байланысып, оның жеке архивіндегі таспаларды қолданып, қала тұрғындарына 24 мәрте көрсетті.

    «АЛЛАЖАР» фильмін түсіру 1988 жылы басталып, 1996 жылы аяқталған. Сол жылы Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында тұсаукесер көрсетілімі болған. Бірақ әр түрлі себептермен кең прокатқа шықпай жатып қалған фильм еді.

    Біздің ұлт үшін бұл фильмде айтылған ОЙЛАР әлі күнге дейін ӨЗЕКТІ болып тұр…

    Мысалы, мына төменде ұсынылып отырған эпизодта,  Кеңес Одағын күйрету жолында мүдделері уақытша тоғысқан Әлемдік Басым Күштерді басқаратын ұлт өкілінің - қазақ ұлтының өкіліне  айтқан ақылы:

    «… БИЛІККЕ ЖЕТУ ҮШІН КҮРЕСПЕУ КЕРЕК,

    БИЛІККЕ ТҰРАҚТЫ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАТЫН

    ОРТА (қоғам) ҚҰРУ  ҮШІН КҮРЕСУ КЕРЕК !!!… «

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    27 Қараша 2015 at 12:07 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 753 рет қаралған ...

    Қазақтар ӨЗІНІҢ зияткер ҒАЛЫМДАРЫН-жазушыларын-тарихшыларын НЕГЕ оқымайды және ТЫҢДАМАЙДЫ…

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 22 қараша 2015 жыл

     

    Жалпы ДІН туралы АҚИҚАТТЫ халыққа КІМ айтуы МҮМКІН ?!

    …қазақтың зияткер ғалым — ғұламалары ма,
    ƏЛДЕ…
    …дінді кəсіп еткен зомби діндарлар ма ?!…

     

     

    ДІН және МЛМ 

    Бүгінгі көп қазақтың «терең» айналысып кеткен, осы екеуінің адамға ӘСЕР ету технологиясы БІРДЕЙ. Бұл екеуі, ДІН (халықты уыста ұстау құралы) және МЛМ ( сетевой маркетинг, сауда құралы) халыққа ең қажетті қызмет ( ат қою — крестины,  жерлеу — похороны т.с.с.) түрлеріне және адамдар тұрақты әрі жиі пайдаланатын сапалы тауар мен қызмет түрлеріне «монополия» орнатып алып, адамзатты өздеріне жіпсіз байлап алған сияқты…
    Біріншісі, адамды ұлттық САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРПЫНАН, яки ұлттық болмысынан айыруға бағытталған.
    Екіншісі, адамды «сатудан» басқаны ұқпайтын етіп, жалпы ойлау жүйесін өзгертіп, бір фирманың (желінің) ҚҰЛ- зомбиіне айналдыруға бағытталған. МЛМ- нің құрығына 2-3 ай ілінген адам, жанашыр жақындарын тыңдаудан қалып »жаттағанын» айтудан жалықпайды. Ал ДІНДІ жылдар бойы »жаттағандармен» пікір таластыру қиынның ҚИЫНЫ.
    ?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…
    ШƏКƏРІМ:
    Бұл кездегі діндердің бəрі нашар,
    Ешбiрi түзу емес көңiл ашар.
    Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi,
    Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар…
    ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ:
    «… Жер бетінде жұмақ орнату туралы ең жақсы сөздердің өзі, жерді тозаққа айналдырып жіберуі мүмкін. Тіпті ол кейбір мемлекеттерді есінен адастыруда. Бұл әсіресе, дінге байланыс­ты. Сондықтан оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Мәселен, Кения мемлекетінің президенті Жомо Кениатта өз мемлекетінің басына түскен ауыр халді былайша түсіндіреді: «Батыстың адамдары Кенияға келгенде қолдарында Інжіл, ал біздің қолымызда жеріміз болатын. Біздің көзімізді байлап, шоқынуды үйретті. Көзімізді ашқанда алақанымызда Інжіл, ал олардың қолында біздің жеріміз қалыпты».

    МІНЕ, ДІННІҢ ҚИРАТУШЫЛЫҚ КҮШІ…»

     

    Ұлы гуманист Махатма Ганди: «…Адамзатқа жойқын залал келтіруі мүмкін жеті әлеуметтік күнәдан сақтандырыпты. Олар: принципсіз саясат, бейнетсіз байлық, арсыз рахат, ақиқатсыз білім, имансыз сауда, ізгіліксіз ғылым, құрбандықсыз құлшылық». Осыдан сабақ алған жазушы (Қалтай Мұхамеджанов) дінге тым бас-көзі жоқ беріліп кетпей, ұлтының ғылымға, өнерге, өркениетке ұмтылу жағына көбірек көңіл бөлуін жақтайды, әрі осы жолдағы ойын халықтың санасына жеткізуге тырысады. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    23 Қараша 2015 at 11:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 582 рет қаралған ...

    «Әділ сөз» халықаралық қоры ұйымдастырған семинар (фото-видео репортаж)

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 15 тамыз 2015 жыл

    Алматы қаласында, 2015 жылдың 13 мен 14 тамыз күндері, Журналистердің құқығын қорғайтын «Әділ сөз» халықаралық қорының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерінің құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған «ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ және МӘДЕНИ ЭТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ» атты 2-күндік семинар қазақ тілінде өтті.

    IMG_1954

    Елімізге танымал құқық қорғаушы Ғалия Хакімқызы, ардагер тележурналист Ұлдай Ділімбетқызы, «Аңыз адам» журналының бас редакторы  Жарылғап Қалыбай және арнайы шақырылған құқық саласының мамандары семинарға қатысушы БАҚ өкілдерімен өздерінің өмірлік кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

    Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, семинарға толық қатысып білімін көтерген БАҚ өкілдеріне сертификаттар беру қарастырылған.


    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    15 Тамыз 2015 at 15:24 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 056 рет қаралған ...

    Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1975 жылы бітірген инженерлердің КЕЗДЕСУІ (фото-видео репортаж)

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 8 шілде 2015 жыл

    ДГМСИ 1970-1975

    2015 жылдың 3-4 шілдесі күндері, бүгінгі Тараз қаласында,   Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1975 жылы бітірген инженерлердің КЕЗДЕСУІ болып өтті.

    Кездесуге Еліміздің түпкір-түпкірінен институттың 47 түлегі жұбайларымен келді.  Баршасы өмірде өз орнын тапқан, бала-шағасы өсіп-өнген бақытты жандар. Алды зейнеткерлікке шығып үлгерген екен.

    Кеңестік заманда көпшілігіміз ауылда орта мектепті бітіріп, институтқа түскенбіз. Сол өткен кезеңнің жақсы тұстары болған, ол — жалпыға бірдей (бірыңғай бағдарлама бойынша) тегін орта және жоғарғы білім беретін мемлекеттік жүйесі еді-ау…

    Ол кездегі ЖОО-дағы білім сапасын өмір өзі дәлелдеп отыр. Мысалы, Құмкөл кен орны, «Теңізшевройл» сияқты кәсіпорындарында және басқа салалаларда да, біздің курстың біраз жігіттерінің білімдері сұранысқа ие болып, проектировщик, конструктор тәрізді позицияларда нақты практикалық қызметтер атқаруда. Осындай техникалық білім берген оқу ордасына барып, сыйлығымызды беріп, көзі тірі ұстаздарымызбен жолығып, ризашылығымызды білдірдік.

    Кедесуге келген баршамыз, жастық шағымыз өткен қаланың көрікті жерлерін (Қарахан ата, Айша бибі, т.с.с.) аралап шығып,  Тектұрмас әулие кесенесіне арнайы барып, әр жылдары қайтыс болған 19 курстасымызға құран бағыштадық.

    Осы кездесуді ұйымдастыруға, өткізуге ат салысқан курстастарымыз Жапар Омаровқа, Сәрсенғали Бисенғалиевке, Болат Куртемеровке және  Қадырқұл Мышбаевқа алғысымыз шексіз…

     

    IMG_0819

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    8 Шілде 2015 at 14:47 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 494 рет қаралған ...

    НАЙМАН: Ұлан батыр (Ергенекті) – Сарыжомарт – Жиенбет ШЕЖІРЕСІН зерттеп, жинақтап кітап шығарған ақсақалдар «Алаш» тарихи-зерттеу орталығына сүйінші сұрап келді.

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 26 маусым 2015 жыл

    IMG_0747

    IMG_0745

    Болат Нәукенұлы:

    «Қадірменді Ел Ағалары ҚҰМАР мен ӘБДІРАХМАН бауырларым,

    көп жылғы еңбектеріңіздің жемісі кітаптарыңыздың жарыққа шығуымен 

    шын жүректен құттықтаймын !!!

     

     

    …КЕТЕРМІЗ БҰЛ ЖАЛҒАННАН, ӘЙТЕУІР БІР КҮН БӘРІМІЗ

    ЕСТЕЛІК БОЛЫП АРТТА ҚАЛАР, ТЕК СӨЗІМІЗ БЕН ІСІМІЗ

    ҰСТАТСАҚ ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНА, АЯЛАП ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ

    КӨМЕСКІ ТАРТПАС ЕШҚАШАН, ҚАЛДЫРҒАН БІЗДІҢ ІЗІМІЗ…

    Кітаптарыңыз, бұл өмірдегі іздеріңіз, ұлтымыздың игілігіне қызмет етсін. Қазақ жастарына ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын өздеріңіздей парасатты ақсақалдардың қатары көбейе берсін !!!»

     

     

    Ата дәстүр-салтынан аттамайтын Х.Ғабжалилов, ақсақалдардың сүйіншісін беріп, оларды жұмыстарының нәтиелі аяқталуымен құттықтады:

    «… Сіздер жинақтаған бұл кітап, Найман тайпасының Ергенекті рулар бірлестігінің Сарыжомарт руының Жиенбет (Құйымшақ) тармағының ата таралым шежіресі осы атадан өскен ұрпақтарының сабақтастық тарихы.

    Біз Найман ру-тайпасының тарихын жазғанда шежіресіне арнайы тоқталып, осы кезге дейін жарық көрген деректерді, жинақтар, шежіредегі басты-басты ру, ата таралымдарын берген болатынбыз.

    Қазірде осы шежіре деректері толықтырылып өз жалғасын тауып жатқаны қуантады. Осы дәстүрімізді жоғалтпай, болашақ ұрпақтарымызға асыл мұра етіп қалдырайық».

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    26 Маусым 2015 at 12:56 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 004 рет қаралған ...

    «Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ» атты еңбегіне, белгілі қазақтанушы ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР бас иген — қазақ ғалымы ЖАНҰЗАҚ ӘКІМ.

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 10 маусым 2015 жыл

     Лауреат премии Президента РК, Заслуженный работник культуры Казахстана.

     Герольд Бельгер: 

    «К автору «Қазақ идеясы» я благодарен за то, что он написал такую книгу, что на пути создания перелопатил Монблан серьезной литературы, что поделился своими рассуждениями об этом архиважной теме и искренне полагаю, что его книгу необходимо перевести на русский язык, дабы большее количество читателей всерьез задумалось об актуальности и основополагающей значимости проблемы национальной идеи в Казахстане».

     

     

    Түркі өркениеті негізіндегі

    ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ

    Екінші басылым

     

    Анам Меңдіқыздың

     аруағына арнаймын

                                          Автор

     

    Так в чем же заключается казахская идея?

     

    Книгу эту я прочел еще в рукописи. Издатель хотел, чтобы я написал к ней предисловие. Я отказался, дескать, не по моим зубам. О ней, мол, писать сподручнее историку, философу, политологу, а не литератору.

    Книга вышла, таким образом, без напутственного слова. Автор, Жанузак Аким, ученый биолог, член-корреспондент и член отечественных и заграничных Академий, награжденный за заслуги в науке медалью Аблай-хана, любезно преподнес мне свой труд, и я, еще раз прочитав его, решился поделиться своими посильными соображениями. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    10 Маусым 2015 at 16:31 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 219 рет қаралған ...