Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Тәуелсіздіктің арқасында, санасы құлдық психологиядан тазарған әр бір АЗАМАТ қай партияға дауыс береді екен !?

    Ғаламтордан көшіріп, осында ілген Болат Нәукенұлы

    25 қараша 2011 жыл.


    ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ — ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ !!!

    …в список делегатов на съезд партии “Нур Отан” от Астаны вошли заместитель генерального секретаря ООН Касым-Жомарт Токаев, премьер-министр Карим Масимов, министр обороны Адильбек Джаксыбеков, аким Астаны Имангали Тасмагамбетов, глава минэкономразвития Кайрат Келимбетов, министр связи и информации Аскар Жумагалиев, президент “Казахстан темир жолы” Аскар Мамин и другие……………….

    Қазақстанның болашағына сенетіндер — өз ҰРПАҒЫН қазақ тілді балабақшада тәрбиелеп, қазақ мектебінде оқытуға НИЕТІ бар және оны орындауға МЫЙЫ-ЖІГЕРІ-ҚАЙРАТЫ жететін АЗАМАТТАР.


    «НҰРОТАН» ХДП қатарында осындай, ҚАЗАҚТЫҢ болашағына сенетін, АЗАМАТТАР қаншалықты!?

    Алдағы Парламенттік сайлауда, Тәуелсіздіктің арқасында, санасы құлдық психологиядан тазарған әр бір АЗАМАТ өз Елінің болашағына сеніп, бүкіл іс-әрекетін мемлекеттік — қазақ тілінде жүргізетін ПАРТИЯҒА ғана дауыс беретін шығар.

    Егер біздің нағыз тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқанымыз РАС болса …

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    25 Қараша 2011 at 12:09 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 499 рет қаралған ...

    Дінмұхамет Қонаев атындағы университеттің колледжінде өткен «ТУҒАН ТІЛІМ -ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты мәдени-ағартушылық шара (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 24 қараша 2011 жыл

    Кеше, 2011 жылдың 23 қарашасы күні, Алматы қаласында, Дінмұхамет Қонаев атындағы университеттің колледжінде «ТУҒАН ТІЛІМ -ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты мәдени-ағартушылық шара болып өтті.

    Аталмыш шараға,  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңы жобасын жасауды ұйымдастырған және белсенді қатысқан  қоғамдық ұйым жетекшілері мен өкілдерінен  Совет-Хан Ғаббасов – «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы, Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮЕҰ Біріккен Комитетінің мүшесі , Болат Дүйсенбі– «Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі, Заң жобасын дайындау жұмысшы тобының мүшесі, Болат Бөтеев – «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі,   Заң жобасын дайындау жұмысшы тобының мүшесі,  ҚР ҮЕҰ Біріккен Комитетінің мүшесі  және Рамазан Жашиев — Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз, «Ұлы дала» атты интерактивті компьютерлік әдістемелік бағдарламалар авторы сынды азаматтар қатысып,  өз ой-пікірлерін ортаға салды.


    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҚОНАЕВ университетінің колледжінде өткен шараны,директор Бөлекбаева Райхан ашты
    ҚОНАЕВ университетінің колледжінде өткен ТІЛ МЕРЕКЕСІНДЕГІ концерт

    Профессор Совет Хан Ғаббасов ҚОНАЕВ университетінің колледжінде
    Елге танымал ұстаз Рамазан Жашиев, ҚОНАЕВ университетінің колледжінде
    Болат Дүйсенбі ҚОНАЕВ университетінің колледжінде

    АЛАШ ҮНІ одағының үйлестірушісі Болат Бөтеев, ҚОНАЕВ университетінің колледжінде

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    24 Қараша 2011 at 12:21 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 847 рет қаралған ...

    «SOS! Рейдерлік тартып алу болып жатыр!»

    /

    Ғаламтордан көшіріп , осы сайтқа ілген Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 23 қараша 2011 жыл

    «SOS! Рейдерлік тартып алу болып жатыр!»

    Осындай күтпеген мазмұны бар түрлі түсті үлкен билборд Талдықорған қаласындағы «Деликатесы» кешенінде пайда болды. Кешеннің жұмысшылары осындай батыл қадам жасауға шешім қабылдады.  Олар бірнеше ай бойы «Деликатесы» кешенінің үстінен бақылау орнатуға тырысқан кәсіпкермен тең емес күрес жүргізіп келеді.  Және кәсіпорынды сақтап қалу үшін ең соңғы шараларға баруға дайын.

    «Деликатесы» кешенінің жұмысшылары жергілікті кәсіпкер Валентин Магомедовты рейдерлік жасады деп кінәлауда. Ол аспаздық желінің бұрынғы иесі әйел қайтыс болғаннан кейін ресторандарды оған қалдырған өсиеті бар сияқты тартып алуға тырысуда. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    23 Қараша 2011 at 13:02 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 124 рет қаралған ...

    СУЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ университетінде өткен «ҰРПАҚ ҮШІН, ЕЛ ҮШІН — 20жылға 20 кітап!» атты кеш. (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 22 қараша 2011 жыл

    Кеше, 2011 жылдың 21 қарашасы күні, Алматы қаласында, Сулеймен Демирел атындағы университеттің қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымы докторы, профессор, көп тілді меңгерген ірі аудармашы, ақын, жазушы Мұхтархан Оразбайдың ұлт мәдениетіне қосқан үлесін дәріптеген «ҰРПАҚ ҮШІН, ЕЛ ҮШІН — 20жылға 20 кітап!» атты мәдени-ағартушылық шара болып өтті.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    СУЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ университетінде өткен ҰРПАҚ ҮШІН, ЕЛ ҮШІН 20жылға 20 кітап! атты кеш

    Профессор Совет Хан Ғаббасов СУЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ университетінде

    Мәдени-ағартушылық шарадан фотокөріністер:
    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    22 Қараша 2011 at 09:34 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 440 рет қаралған ...

    «ЗАҢ» газеті редакциясында қоғамдық ұйымдар әзірлеген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңы жобасы талқыланды

    «Заң түзелсе, қоғам да түзеледі»

    («ЗАҢ» газетінен көшіріліп, беріліп отыр)

    Жақында үкіметтік емес ұйымдардан құралған жұмысшы топ «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын дайындап бітірді. Осы жұмысшы топтың мүшелері – «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос КӨШІМДІ, «Алаш үні» қоғамдық бірлестігі одағының үйлестірушісі Болат БӨТЕЕВТІ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат БӨТЕЕВТІ, «Мемлекеттік тіл» қозғалысының жауапты хатшысы Нұржан ОШАНБАЕВТЫ, сондай-ақ, «Ел бірлігі» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, заңгер Шолпан РИЗАБЕКОВАНЫ дөңгелек үстел басына шақырып, қазақ тілі төңірегінде көкейде жүрген сауалдарға жауап алған едік.

    (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    15 Қараша 2011 at 20:15 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 718 рет қаралған ...

    Ұлттық идея адам капиталы дамуының негізі


    Жанұзақ ӘКІМ, биология ғылымының кандидаты,

    Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары

    Академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа

    жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі

    «138-дің хатында» көтерілгендер тәуелсіз мемлекет дамуының стратегиялық мәселелері болып табылады. Себебі қазақ халқының негізі ретіндегі қазақ тілі мен қазақтың жері елдегі жалғыз мәңгі және әрқашан тұрақты атрибут, Республикадағы тұрақтылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттегі билік, заңдар, қазба байлықтары т.б. барлық атрибуттар өзгереді, таусылады, кетіп қалады, яғни – олар уақытша болып есептеледі. Мысалы, 90-шы жылдары елден екі миллионнан астам адам кетті, немесе жоба бойынша елдегі мұнай 50 жылдан кейін таусылады.

    БҰҰ-ның 1992 жылғы классификациясы бойынша Қазақстан авторитарлық биліктегі ұлттық мемлекет деп танылған. Әлемдегі елдердің 95%-дан астамы ұлттық мемлекеттер.

    Рим Папасы Иоан-Павел II-ші Қазақстанда болғанда, “Этникалық, мәдени және діни ұғымдары әртүрлі осы ұлы ел — Қазақстан мен оның тұрғындарының әділеттілік, бірлік және бейбітшілікте дамуын Құдайдан сұраймын.

    Қазақ халқы! Елдің жасампаздық пен нағыз прогресс жолында дамуының құнды міндеті саған жүктелген”, деді.

    Қоғамдағы барлық салалардың (философия, мораль, өнер, экономика т.б.) ішінде ең маңыздысы тіл екенін ғалымдар ХІХ ғасырда дәлелдеді. Себебі, мемлекеттік тіл – ол мемлекеттік институттарды құрайтын негізгі элемент, сонымен қатар ол ұлттық идея ретінде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын негізгі фактор болып саналады. (жалғасы..)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Қараша 2011 at 18:34 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 773 рет қаралған ...